Просмотр содержимого документа
«М?хтар ?уезов «Он жетінші ?ара с?з»»
Мерзімі:
Сынып: 8
Тақырыбы: «Он жетінші қара сөз»
Мақсаты: 1. Абайдың қара сөздері туралы қысқаша мәлімет. Қара сөздің мазмұны мен ой түйіні.
2. Оқушылардың тіл байлықтарын дамыту.
3. Жігерлі, сабырлы, қайратты болуғы тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:
Сабақтың тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу, сабаққа дайындалу
2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау
ІІ Қайталау
1 «Оғыз қаған» жырының фабуласын сұрау.
ІІІ Жаңа сабақ
1. Қара сөзді байыппен оқып шығу.
2. Қайрат, ақыл, жүрек не жөнінде таласты? Әрқайсысы өз ісін қалай дәлелдеді?
- Өз өнерлері жайында таласты.
3. Олар неге ғылымға жүгінді? Ғылым оларға қандай төрелік айтты?
- Өзара шеше алмағандықтан.
- Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты – ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіден менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам – сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, Құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы – депті.
4. Абай неге адамның көп қасиеттерінің ішінен тек қайрат, ақыл, жүрек – үшеуін ғана таңдап алған?
- Осы үшеуі бірігіп, бір адам бойында табылса, толық адам бола алады.