Эпиграф: «?аза?ты? тілін білген адам М??а?али поэзиясын с?ймеуі м?мкін емес, М??а?али поэзиясын с?йген адам еліне адал, жеріне ие, таби?ат?а жанашыр бола алады». К?л?ш Ахметова
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Білімділік:ақын өмірімен тереңірек таныса отырып, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу, оқушылардың мәнерлеп оқу, жаттау дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік: тіл,сөз өнерін қастерлеп, қадірлей білуге,Отансүйгіштікке баулу, поэзияны сүюге, туған жерді қадірлеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: оқушының сөйлеу тілін, шығармашылық ізденсітерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сатылай кешенді талдау, мәнерлеп оқу,венн диаграммасы, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер:слайд, «Мұқағали мұрасы - мәңгілік» көрме, шығармалары мен кітаптары, өз даусымен жазылған өлеңдері, бағалау парағы,плакат,маркер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка,бейнелеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу.
Психологиялық дайындық.
Шаттық шеңбері.Оқушыларды ортаға шақырып,шеңбер құрғызып:
Оқушылар мына менің қолымдағы Мұқағали атамыздың кітабын бір-бірімізге ұсынып, бүгінгі сабаққа жақсы тілек айтайық.Мен бастайын.Гүлнұр, мен саған сәттілік тілеймін...,
Топқа бөлу. Ақынның «Қара өлең» өлеңінің шумақтары арқылы топқа бөлу.
Бағалау парағын үлестіру.
2.Үй тапсырмасы. «Серпімді сауал» әдісі бойынша сұрау.Қолымдағы кішкене допты топқа бағыттап лақтырамын, кім ұтып алса, сол оқушы үй тапсырмасын айтады.Осылай жалғасады.
Ақынның «Қара өлең», «Қайырлы түн» өлеңдерінің бірін жатқа сұрау.
3. Бекіту.
1.Мұқағали қай жылдары өмір сүрді?
2.«Қайырлы түн» өлеңінің тақырыбы, идеясы қандай?
3. Ақын халқына қандай тілек айтады?
4.Жаңа тақырыпты меңгерту.
Эпиграф: «Қазақтың тілін білген адам Мұқағали поэзиясын сүймеуі мүмкін емес, Мұқағали поэзиясын сүйген адам еліне адал, жеріне ие, табиғатқа жанашыр бола алады» . Күләш Ахметова
Мұғалім:М. Мақатаев – ғажайып, сыршыл ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат, бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Оның артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендеп айқындала түседі. Мұқағалидай перзенті бар қазақ елі шынымен де бақытты!
Балалар, өткен сабақта М. Мақатаевтың «Қайырлы түн», «Қара өлең» өлеңдерімен таныс болдық. Бүгін сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз. Сабағымыздың бүгінгі мақсаты – ақын өмірінен неғұрлым көп мәлімет алып, «Елім бар да», «Анау – аспан, мынау – бақ» өлеңдерімен танысу.
Мұқағали Мақатаев .
Ол 1931 ж. 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 13-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз». Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали.Ата-анасы пайғамбардың аты балаға ауыр болады деп, әрі еркелетіп Мұқағали деп атап кеткен.Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғыншы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Анасын Нақа деп атап кеткен.Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калининград майданында қаза табады.Анасына мәліметінше Мұқағали 14-15 жасында өлең жаза бастаған.Орыс классиктерінен Есенин, Пушкин, шетелден Гейне,Гете, Байронның еңбектерін жоғары бағалап, солардың кітаптарын оқиды.
1948 - 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;
1948 - оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;
1949 - көктемде жары Лашынмен отау құрады;
1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;
1950 - Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастайды;
1954 - Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі "Әдебиет және искусство" журналында жарияланды;
1957 - Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;
1960-62 - "Советтік шекара" газетінің бөлім меңгерушісі;
1963-1965 - "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді;
Ол өлеңімен мені өлтірмейді деп, 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.Оны аяқтамай елге қайта оралады.Үлкен қалада үйсіздік пен күйсіздіктің қиыншылығының тартуына,жұмысының жиі ауысуына қарамастан, өлең жазуын тоқтатқан емес.Үлкен қызы Майгул алматыда 11 жасындайф мотоцикл қағып жазатайым жазым болады.Осы оқиғадан кейін ақын қатты күйзеледі.Ақынның Жұлдыз,Айбар деген екі баласы мен Алмагүл,Шолпан деген екі қызық болған.Ол көзінің тірісінде байлық пен мансаптың дәмін тата алмады. Оның аяғынан шалушылар көп болған.Тұрмыстағы жайсыздық, жұмыссыздық,ортаның шетттетуі оның денсаулығына сызат түсірмей қоймайды.Өзінен төмен біреулердің кітабы том-том боп жарық көргенде, ақынның кітабының тамшы секілді таралыммен шығуы әділетсіздік болатын.
Жары Лашын Әзімжановның айтуынша: «Мұқағали өлеңді жеке бөлмесінде отырып жазатын. Көк шапанын жамылып, үстелге кеудесін тіреп отыратын еді. Жазып болған соң күлімдеп, анам екеуімізге оқып беретін. Ол күз мезгілін жақсы көретін. Жапырақ түсіп, жауын құйып тұрғанда қолынан қалам түспейтін. Көктемде сайрандадық, жасардық, күз – енді жазатын мезгіл деп әзілдейтін.» «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.
Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар.
Ақынның досы, сыр айтатын әрі қарындасы Фариза Оңғарсынова еді.Ол өлерінің алдында «Фариза,Фариза қыз,Фариза ақын!» деген өлеңін жазып кетеді.
1976 жылы 27 наурызда 45 жасында бауыр циррозы аурынан қайтыс болады.
Мұқағалидың өз дауысына жазылған өлеңдерін тыңдату.Оқушыларға өлеңдерінен алған әсерлерін айтқызу.
Ақынның ең бірінші бақытына балаған халқы, туған жері, елі туралы жазылған көптеген өлеңдері бар.Соның бірі «Елім барда» , «Анау-аспан, мынау-бақ» өлеңдерінің мәнерлеп оқыту. Сұрақтар қою.
Өлең не жайында?
Топтық жұмыс. Сатылай кешенді талдау.
1-топ:«Елім барда»
2-топ: «Анау-аспан, мынау-бақ»
1.Авторы:М.Мақатаев. 1931 жылы,9 ақпанда Алмаы облысының,Райымбек ауданы,Қарасаз ауылында дүниеге келген. 650-ден аса өлеңдері, аударма мен поэмалары бар.
2.Тақырыбы: «Елім барда».Ақынның туған елі, туған жері туралы.
3.Идеясы: Туған еліне арқа сүйеу, соның болашағына сеніммен қарау.
4.Жанр: Поэзия,себебі өлең.Өлең дегеніміз-
5.Шумақ: 3. Шумақ деген тармақ,бунақ,буыннан тұрады.
6.Бунақ:3 кейде 2. Бунақ дегеніміз –өлеңнің дауыс ырғағымен айтылуы.
7.Буын: 11.Буын деген бөлшектеуге келмейтін фонетикалық бөлшек.
8.Ұйқас: 1 –шумақ -аабб егіз,2-3-шумақтар ааба қара өлең.
9.Әдеби теориялық ұғымдар: метафора- ырысым, бақытым. Желідігі құлыны, көгендегі қозысы. Метафора – ауыстыру дегенді білдіреді.
10.Түсіндірме сөздік: Желі – құлын, боталарды мойнынан байлап қоятын, екі қазықтың арасына керілетін жіп. Көген – қой, қозы- лақтарды мойнынан байлау үшін қысқа жіптер тағылған, ұшы түйілген, ұзын арқан.
11.Өлең түйіні,тәрбиелік мәні: Туған елді сүю, ел үшін жанын пида ету. «Анау –аспан,мынау-бақ» өлеңінде осылай талдайды.
Жеке жұмыс.
Венн диаграммасы.
Қай ақын қыс туралы өлең жазған? (Оқушының ең бірінші ойына келетіні,әрине Абай атамыздың өлеңі)
Қуат алып Абайдың тіл - күшінен, Жыр жазамын Абайдың үлгісімен, Абай болып табынсам бір кісіге, Абай болып түңілем бір кісіден,- деп Абайды үлгі етіп өлең жазған екен.
Ендеше Абайдың «Қыс» өлеңі мен Мұқағалидың «Анау –аспан,мынау-бақ» өлеңін салыстырып көрейік.Табиғатты жансыз затты адам кейпінде суреттеу қалай аталады? (Кейіптеу)
Ұқсастығы мен Айырмашылығы
Кейіптеу Авторларынды.
Екі өлеңде де қыс мезгілі суреттеледі. Ұйқастарында
Рефлексия. Алдарыңыздағы қағаздарға сол қолдарыңыздың суретін салып, әр саусаққа өз ойларыңызды жазыңыздар.
1-саусақ: Үлкен:мен үшін маңызды және қызықты болды ....
2-саусақ:мен бүгін түсіндім.....
3-саусақ:мен үшін қиын болды......
4-саусақ:менің бағам ......
5-саусақ:менің білгім келеді.......
Қорытынды:
Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам соған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім - деп ақын жырлағандай, расында да, Мұқағали өлеңдері де, өзі де ешқашан өлмек емес. д “Мұқағалидай ақыны бар халық – бақытты халық” (Фариза Оңғарсынова) еп ақын жырлағандай, расында да, Мұқағали өлеңдері де, өзі де ешқашан өлмек емес.