Сабақтың тақырыбы: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
Сабақтың мақсаты: Мезгіл бағыныңқылы сабақтас туралы түсінік беру,
тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың білімін
кеңейту.
Оқушылардың логикалық ой-өрісін, есте сақтау
қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.
Оқушыларды сауатты жазуға , тиянақтылыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, акроним, RAFT стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: кубик, ертегі кейіпкерлері, көкөніс суреттері
Пәнаралық байланыс: биология, әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі : Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сабаққа
әзірліктерін тексеру, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Куббизм стратегиясы бойынша үй тапсырмасын тексеру. 68-бет «Қайсысы не істейді?»
(Балға, сыпыртқы, шелек, ара, кемпірауыз).
ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау: «Бауырсақ» ойыны.
(Бауырсақты үйіне аман-есен жеткізу үшін, біз ормандағы аңдардың сұрақтарына жауап беруіміз тиіс)
Қоян (құрмалас сөйлем дегеніміз не?)
Аю (салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?)
Қасқыр (сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?)
Түлкі (аралас құрмалас сөйлем дегеніміз не?)
ІV. Мақсат қою: Шатасқан әріптер ойыны.
Е Г М З І Л Б Ғ А Н Ы Ң Ы Қ Ы Л Ы А С А Б Т Қ С А
(Мезгіл бағыныңқылы сабақтас)
V. Жаңа сабақ: 1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас туралы түсінік беру.
-ғанда, -генде, -қанда, -кенде (жұрнақ)
-ғанға+шейін, -ған+сайын, -ғаннан+соң, -ған+ша (моделдер)
1-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жасалуын
түсіндір.
Үлгі: Біз сабаққа келгенде, мектепте әлі ешкім болмады. (кел+генде)
Саған қайталап айтқанша, өзім жаза салсамшы. (айт+қан+ша)
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті есімдерді қойып, сөйлемдерді
толықтырып жазыңдар.
Бізді күтіп тұрғанда сен қорықтың ба? Ол сыныпқа кіргенде, біреу орындықтарды құлатып тастапты.
3-тапсырма. RAFT стратегиясы бойынша жұмыс.
Қарбыз, қауын, қызанақ, қияр, асқабақ.
Үлгі: Мен қиярмын
Мен жасылмын
Мен сопақ пішіндімін
Мен суды жақсы көремін
Қарбыз – жүрек, бүйрек ісік ауруларына пайдалы
Қауын – өкпені тазалайды
Асқабақ - бауыр, көкбауыр, қант диабетін емдеуге пайдалы
Қызанақ – бүйрек, жүрек ауруын емдейді
4- тапсырма. 1) Екеуара рөлге бөліп оқыңдар
2) Акроним әдісі
М-ейірімді
А-қылды
Р-иза
А-шық
Т-әртіпті
VI. Жаңа сабақты бекіту: 1) БББ стратегиясы
2) Қоян мен көжектер ойыны
Қоян мен көжектер сәбіз бақшасына жетуі үшін көкөністермен жемістердің сұрақтарына жауап беруі тиіс.
(Қияр, банан, қияр, алмұрт, алма)
Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не?
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
VIІ. Үйге тапсырма: Ереже жаттау.
VIІІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімдерін
талдап,тексеріп бағалау.