Олар таби?ат са?шылары.Егістікті?,бау-ба?шаны?,а?аштарды? сенімді
достары.Т?ле би ша?ыра?ына ?арлы?аш ?я сал?ан жылы к?шпей отырып ?ал?ан екен.Б?ны к?рген к?ршілер Т?ле биді «?арлы?аш би» деп ата?ан.
?азір Ташкентте Т?ле би к?мбезі «?арлы?аш биді? к?мбезі» деп аталады.
Сонды?тан ата-бабамыз ??старды ?адірлеп,??рметтеген.Оны біз батыр ?лдарын с???ар?а,?нші ?ыздарын б?лб?л?а,с?лу ?ыздарын а??у?а те?еген-нен білуге болады.
Просмотр содержимого документа
«Мемлекеттік ?оры?тар »
М.Әуезов атындағы № 42 мектебінің 9 «Б» сыныбында
жүргізілген ашық сабақ жоспары
2014-2015 оқу жылы
Қазақ тілі пән мұғалімі : Гүлмира Хасенқызы Қайырбекова
Тақырып :Мемлекеттік қорықтар
Мақсаты:1.Білімділік: Табиғат туралы білімдерін жетілдіру.Табиғатты қорғау туралы мәліметтер беру.
2.Дамытушылық: Тақырыптың негізгі идеясын ашу,тақырыпқа байланысты сөйлесу дағдыларын дамыту.Табиғатты қорғау туралы мәлімет беріп.меңгерту,танымдық қабілеттерін дамыту.Шығармашылыққа жетелеу.
3.Тәрбиелік:Табиғатты бақылауға,қорғауға,қамқор болуға тәрбиелеу.
1.Табиғат –біздің байлығымыз.Құстар біздің қанатты достарымыз.
Олар табиғат сақшылары.Егістіктің,бау-бақшаның,ағаштардың сенімді
достары.Төле би шаңырағына қарлығаш ұя салған жылы көшпей отырып қалған екен.Бұны көрген көршілер Төле биді «Қарлығаш би» деп атаған.
Қазір Ташкентте Төле би күмбезі «Қарлығаш бидің күмбезі» деп аталады.
Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп,құрметтеген.Оны біз батыр ұлдарын сұңқарға,әнші қыздарын бұлбұлға,сұлу қыздарын аққуға теңеген-нен білуге болады.
2.Табиғат-халық қазынасы.Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отыр-ып, қорғай білуіміз қажет.Соған байланысты 1966 жылы біздің елімізде
«Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылды.Оның басты мақсаты сиреп,
құрып бара жатқан аң-құстарды,өсімдіктерді қамқорлыққа алып арнайы кі-тапқа тіркеу.Мұндай кітапты «Қызыл кітап»деп атаған.
Сөздік:
Қазына-сокровище сиреп-редкий
Қоғам- обшество құрып- исчезают
ІІІтоп
3.Кең-байтақ қазақ жерін алуан түрлі өсімдіктерге бай.Бір өсімдіктер-тауларда,екіншісі-өзен,көл жағасында,үшіншісі-орман,тоғай арасында,төр-тіншісі кең жазық далада өседі.Қазақ халқы өсімдіктерді күнделікті тұрмыста
азық-түлік,түсті бояу, ыдыс, дәрі –дәрмек ретінде пайдаланған.
Өсімдік әлемін қорғау,сақтау-әрбір азаматтың міндеті.
Сөздік
Тұрмыста- в быту өсімдік –растение
Міндеті-обязанность өсімдік әлемі-растительный мир
-Мәтіннің мазмұнын айтады.
-Әр топтың басшылары «Дөңгелек үстел» ойынын жүргізеді
«Табиғатты қорғау» үшін не істеу керек?
-Пікірлерін ортаға салады.
Ү.Грамматикалық тапсырмалар орындау.«Сынап көр»
І топ: 1.Синтаксистік талдау.
Біз табиғат байлығын пайдаланып жатырмыз ,сондықтан табиғатқа қамқорлық жасауды ұмытпауымыз керек.
2.Сөз құрамына талдау.
қамқорлық
ІІ топ: 1.Синтаксистік талдау.
Қазақстанның жерінде алуан түрлі өсімдіктер өседі.
2.Сөз құрамына талдау.
Жерінде
ІІІ топ: 1.Синтаксистік талдау.
Біздің Республикамызда табиғатты қорғау бағытында көптеген шаралар
жүргізіліп жатыр.
2.Сөз құрамына талдау.
Республикамызда
ҮІ.Қорытынды,бекіту. Рефлексия
-Не білдік?
-Балалар сонымен табиғатқа нелер зиян келтіреді екен?
-Дұрыс, экология
-Ендеше,біздің елімізде қандай экологиялық апатты аймақты білесіңдер?
- «Арал теңізі», «Балқаш көлі» «Семей полигоны»
-Бүгінгі сабақтабәрін қамту мүмкін емес ,сондықтан осы аймақтар туралы үйде мәлімет жинақтап келесіңдер.
-Әр топ өздеріне аймақты бөліп алады.
ҮІІ. Рефлексия
-Балалар әр нәрсенің тобықтай түйіні болады,сондықтан сабағымыздың
Қорытындысын шығару үшін,әр топқа мынадай тапсырма