Просмотр содержимого документа
«"Мектеп ?имараты" Синоним.Омоним.Антоним. »
Қоңыршина Ерсін Сериковна – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақ жоспары
Күні : 12.03.15
Сыныбы : 5Б
Пәні : Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Синоним. Антоним. Омоним. Мектеп ғимараты.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
синонимді түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, венн диаграммасы, бес жолды өлең
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер, постер, слайд, флипчарт, үлестірмелі материалдар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: синониді, антонимді, омонимді меңгеру, мектеп ғимараты жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу
Кезекшінің мәліметі
Психологиялық ахуалды қалыптастыру 2 мин
Топқа бөлу. /синоним, антоним, омоним/ 2 мин
Топ қызметшілерін сайлау
Топ ережесін құру 2 мин
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Мектеп,білім» туралы мақалдарды сұрау. 3 мин
ІІІ. Жаңа сабақ
1-топ. Синоним тобы
1-тапсырма. Сөйлесуді толықтыру. Құраған сөйлемдерінен синоним сөздер табу 3 мин
- Сенің мектебіңнің ғимараты қандай?
- ... .
Мектебің қайда орналасқан ?
- ... .
Мектебің кімнің атымен аталады?
....
Мектебіңде қандай кабинеттер бар ?
....
Басқа мектептерден айырмашылығы қандай ?
.....
Мектепте кітапхана, асхана, рәсім залы қайда орналасқан ?
....
2-топ. «Антоним» тобы Берілген сөздердің антонимдерін табу.Семантикалық карта толтыру 3 мин
Сөздер
Соңғы
Кетті
Қысқа
Жас
Мейірімсіз
Төмен
Еңбекқор
Қас
Ескі
Жомарт
Ұзын
Кәрі
Жоғары
Дос
Келді
Жаңа
Мейірімді
Жалқау
Сараң
Алғашқы
3-топ. «Омоним» тобы. Мәтінді оқып, мәтіннен омоним болатын сөздерді табу
Мектеп ғимараты. 3 мин
Біздің мектеп қаланың ортасында орналасқан. Мектепте жүз шақты оқушы бар. Ғимараттың іші де, сырты да жақсы түстермен боялған..
Кіре беріс бөлмеде гүл құмыраларымен әшекейленген гүлзар бар. Ғимараттың бірінші қабатында асхана, кітапхана, рәсім залы бар. Мектеп ғимаратының екінші қабаты жаз мезгілін еске түсіреді.
Сергіту сәті 1 мин
Мағынаны ажырату (постермен жұмыс) 7 мин
1-топ. Синоним тобы Суреттердегі омонимдерді сәйкестендіру. Бас (адамның басы, таудың басы), шаш (қыздың шашы, бөлмені шаш), үй (баспана, құмды үй), сабақ (ашық сабақ, гүлдің сабағы)
2-топ Антоним тобы . Мереке сөзінің синонимдерін тауып
Бес жолды өлең
1. Зат есім – мереке
2. Сын есім – алғашқы, халықаралық
3. Етістік – тойланады, дайындалады, өткізіледі
4. Сөйлем – Білім күні мерекесі 1 қыркүйекте тойланады.
5. Синоним – мейрам, думан, той
3- топ. Омоним тобы . Сөздердің антонимдерін тауып, Мектеп ғимаратына байланысты сөз тіркестерін құрау
Жарық, кең, таза, іші, ашық,
Постерлерді қорғау 3 мин
ІV. Бекіту бөлімі 2 мин
Синоним деген не ?
Антоним деген не?
Омоним деген не?
Ғимарат сөзіне фонетикалық талдау жаса
Мектеп деген не?
Тұңғыш мектеп ашқан ағартушы кім ?
Рефлексия 3 мин
V. Үйге тапсырма
Ережелерді қайталау, мектеп тақырыбына байланысты тақпақтар жаттау
VІ. Бағалау бөлімі 2 мин
Сабаққа қатысуы бойынша бағалау.
Жетондар арқылы бағалау
Қоңыршина Ерсін Сериковна – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сертификатталған ІІІ деңгейлі мұғалім
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
12.03.15
8.30-9.10
Қазақ тілі
5 сынып
Сабақ тақырыбы:
Синоним. Антоним. Омоним. Мектеп ғимараты.
Жалпы мақсат:
а) білімділік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
синонимді түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сілтеме:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы Т.Артықова, Г.Ермекбаева 63--65 б
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
синониді, антонимді, омонимді меңгеру, мектеп ғимараты жөнінде өз пікірін айта білу;
Негізгі идеялар:
Тілді үйренудің жолдарын, сөйлесу мәдениетін қалыптастыру