қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіреді; тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану;
Бағалау критерийі қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіреді тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады;
Құндылықтарға
Баулу «Мәңгілік Ел» идеясының негізінде әрбір оқушының бойына ұлтжандылықты сіңіру
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Маралтай Ыбыраев "Елбасыма"»
Мысалүлгілері жәнебаллқоюкестеcі
«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым
Отбасы – сыйластық, түсіністік орнаған орта, кішкентай Отан, табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Отбасы – мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі, бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөзді дәлел ретінде алсақ болады. Отбасында құндылықтар мол болуы керек. Сонда ғана әр отбасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата- ана мейіріміне бөленіп, болашақта Отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын азамат болып шығады. Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпауымыз керек. Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір сүріп жатқан жастар осы құндылықты бағалай алмайтын сияқты. Себебі отбасындағы бала тәрбиесін түрлі гаджеттер мен планшеттер алмастыруда. Осы кезде дана Әл-Фарабидің мына сөзі ойға келеді: «Білім алмас бұрын, мықты тәрбиені қалыптастыру керек, тәрбиесіз алған білім қоғамға өте қауіпті». Кез келген адамның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның санасында көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.
Отан, отбасы, бала, тәрбие,
Отан, бала, мақал-мәтелдер
Отан, ұлттық дәстүр, ұя
Отан, әке, тәрбие, Әл-Фараби
[1]
«Отан отбасынан басталады» мәтеліне сәйкес келетін ойды анықтаңыз.
Барлық адамдар отбасынан шыққан.
Отбасы берекесі ата-анаға байланысты.
Отбасы шағын мемлекет, сондықтан барлығы тату болу қажет.
Отанның келешегі отбасында қаланады.
Тыңдалым мәтінінің мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.
[1]
Мәтіндегі ақпараттар
Шын
Жалған
А)
Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ
В)
Отбасындағы бала тәрбиесін гаджеттер ауыстыруда
C)
Әл-Фараби барлығы сыйластықтан басталады деген
Бос орынға қажетті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.
Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл – қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны сол ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді.
Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш болады.
Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ көбіне өзімшіл болып келеді.
1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.
Тұжырым
Шын
Жалған
А
Ауылда ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып сақталмаған.
В
Қалада халық көп, көшелері у да шу.
С
Ауылдың ауасы таза, даласы тып-тыныш болады.
[1]
2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
Бүгіннен (антоним) - Қолы ашық (синоним) -
[1]
[1]
Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).
Мәтіндегі ақпараттар
Реті
Ауыл - қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы.
Қала өмірінде тынымсыз тірлік көп.
«Ауыл түбі - бірлік, қауым түбі – тірлік».
[1]
Сұраққа толық жауап жазыңыз. Ауыл адамдары қандай?
[1]
Жазылым
Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда реттік, жинақтық сан есімдерді, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.
Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі
Жазғы демалыс кезінде ауылдағы туыстарыңыз қалаға қыдырып келді. Қонақтармен қаланы аралауға шықтыңыз. Қай жерлерге апарасыз? Неге? Қала өмірінің ерекшелігін және барған жерлеріңіз туралы сипаттап жазыңыз.
Отан отбасынан басталады
Әр адамның өз отбасы бар. Сол отбасында туысқандар, бауырлар өмір сүреді. Сіздің де отбасыңыз бар. Барлығы сізді жақсы көреді, сіз де оларды жақсы көресіз. Отбасыңыздың бір мүшесін сипаттап жазыңыз.
Таулар сыры
Біздің еліміз жазық жерде орналасқан. Тек кейбір облыстарда ғана таулар бар. Егер еліміз тек таулы жерде орналасса, қандай мүмкіндіктер мен ерекшеліктер болар еді? Өз ойыңызды жазыңыз.
[10]
Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (6-8 сөйлем). Диалогке қатысуда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз.
[10]
Ұсынылатын тақырыптар
Сіз үшін отбасының маңызы қандай?
Отбасыңызда қандай мерекелер тойланады?
Сізге қала өмірі ұнайды ма, әлде ауыл өмірі ұнайды ма? Неліктен?
Қала мен ауыл өмірінің ерекшеліктерін сипаттап айтыңыз.
Өзіңіз тұратын мекеннің қандай артықшылығы бар?
Қазақстанда қандай таулар бар? Олар туралы не білесіз?
Тауға саяхат жасаған дұрыс па? Сіз ұнатасыз ба?
Балл қою кестесі Тыңдалым
Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.
Сұрақ
Жауап
Балл
Жалпы
балл
1
А
1
5
2
Д
1
3
В
1
4
отбасынан
1
5
Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын,
адамгершілігін, мәдениетін тәрбиелейді
1
Оқылым
Әр дұрыс жауап үшін 1 балл беріледі.
Сұрақ
Жауап
Балл
Жалпы балл
1
А
1
5
2
Бүгіннен - ежелден (антоним)
1
3
Жомарт - қолы ашық (синоним)
1
4
Ауыл - қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы.
«Ауыл түбі - бірлік, қауым түбі – тірлік» Қала өмірінде тынымсыз тірлік көп.
Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
7-8
Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді.
Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.
Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
5-6
Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.
Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер
жібереді.
Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
3-4
Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі.
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.
1-2
Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес.
Ойын жеткізе алмаған.
Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар өте көп кездеседі.
Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп болғандықтан, ойды түсіну өте қиын.
Айтылым
Балл
Негізгі ойды ашуы мен сөз қолданысы
9-10
Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
7-8
Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс.
Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.
5-6
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.
3-4
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.
Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.
1-2
Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруде қолдауды үнемі қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел көп ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі болғандықтан, сөз қайталаулар өте көп.
Орфоэпиялық нормаларды қолдануда түсінуге қиындық келтіретін қателер жиі кездеседі.