Жо?ары сынып о?ушылары болаша?та ?андай маманды? та?дап,елімізді? сындарлы да сауатты,м?дениетті де тал?ампаз азаматтары болу ма?сатында?ы ?ткізілген саба?.Саба? барысында о?ушылар ?з ойларын орта?а салумен ?атар,мол м?лімет алды деп ойлаймын.?азіргі заман?ы жастар б?секеге ?абілетті ?рпа? екендігі баршамыз?а аян.Сонды?танда болаша? ?адамдарында шалыс баспас ?шін ба?ыт-ба?дар орнымен к?рсетіліп отырылуы керек деп есептеймін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Балалар, біз сіздермен «Оқу еңбек аясы» бөліміндегі «Мен мамандық таңдаймын» атты жаңа модульмен танысамыз. Бүгін біз сабақта мамандықтар әлеміне саяхат жасаймыз.
III. Жаңа білімді меңгерту.
1.Мамандыққа байланысты бейне материал көрсету.
Мамандық таңдау деген өзіңнің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: соның бірі - мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаған.
2. Слайдтармен жұмыс
Сабақтың эпиграфы
Алуан-алуан кәсіп бар
Таңдай біл де талап қыл.
Қазақ халқының жазушы Жүсіпбек Аймауытұлы:
«Мамандықтың жаманы жоқ. Бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, бұл үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»,-дейді. Мамандық таңдау сән емес, ол -өмірге берілетін жолдама.
Мамандық алғың келе ме,
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған мамандық,
Айналаң толған өнеге.
Мамандық дегеніміз не?
Білім алу, үйрену.
Адамды материалдық жағынан қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі.
Адамның сол мамандыққа қабілетінің сай келуі, белгілі бір іскерліктердің болуы.
Мамандық дегеніміз- адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.
Қызығушылық-интерес
Бейімділік-приспособленность
Қабілет-способности
Қызығушылық қалай пайда болады?
Қызығушылық - сол мамандықты ұнату
- ата-ана мамандығына еліктеу
- өмірге көзқарасының болуы
2) Бейімділік дегенді қалай түсінесіңдер?
Бейімділік – ата –ана жолын қууы
- орындау икемділігі
- мамандықты игеруге құштарлық
3) Қабілет деген не?
Қабілет – туа біткен талант
- өзіндік ізденіс
- үйренуге талпыну
Әлемде 40 мыңға жуық әртүрлі мамандықтар бар.
Мамандықтарды негізгі мынадай салаларға бөлуге болады.
1.«Адам –техника»- техникасаласына байланысты мамандықтар;
2. «Адам-адам»- қызмет көрсетусаласына байланысты
мамандықтар;
3. «Адам-қоршаған орта» өсімдіктану, жануартану, орман шаруашылығы, айналаны қоршаған орта салаларына байланысты мамандықтар;
4. «Адам-белгілер жүйесі» есеп-қисап салаларына байланысты мамандықтар;
5. «Адам-көркем образ» өнер саласындағы мамандықтар;
Қазіргі заманғы жоғарғы білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?
Компьютерді білу
Бірнеше тілді , ағылшын тілін білу:
Адамдармен қарым –қатынас жасай білу;
Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау;
Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік.
Білім және гуманитарлық ғылымдар саласындағы қызмет түрлері
Кітапханашы
Тәрбиеші
Тарихшы
Археолог
Мұражай жұмысының әдістемешісі
Психолог
Әлеуметтанушы
Спорт жаттықтырушы
Мұғалім, оқытушы
Денсаулық сақтау және медицина саласындағы қызмет түрлері
Аллерголог-дәрігер
Анестезиолог-реаниматолог-дәрігер
Эпидемиолог –дәрігер
Кардиолог-дәрігер
Онколог-дәрігер
Травматолог-ортопед-дәрігер
Рентгенолог-дәрігер
Токсиколог-дәрігер
Терапевт-дәрігер
Педиатр-дәрігер
Инфекциялық-дәрігер
Өнер саласындағы қызмет түрлері
Сәулетші
Дизайнер
Дирижер
Актер
Биші
Зергер
Суретші, мүсінші
Құқық қорғау және сот органдары, заңгерлік саласындағы қызмет түрлері
Адвокат
Жауап алушы
Сарапшы-криминалист
Жол полициясы инспекторы
Милиционер
Тергеуші
Судья
Прокурор
Заңгер
Нотариус
3. Оқулықпен жұмыс. 123 бет.
“Мамандықтар әлемінде” мәтінін оқимыз, жаңа сөздермен танысамыз.
4. Жаңа сөздермен жұмыс.
Жауапты іс
Тұрақты
Өзекті
Қалауына сүйену
Үлес қосу
Жойылмаған
Кәсіби біліктілік
Кері әсерін тигізеді
ІV. Тексеру кезеңі
5.Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Әлемде қанша мамандықтың түрі бар?
2. Сұранысқа ие мамандықтарға қандай мамандықтар жатады?
3. Қазіргі таңда өзекті мамандықтарға қандай мамандықтар жатады?
4. Қазіргі қоғам маман иелерінен нені талап етеді?
5. Дұрыс таңдалмаған мамандықтың қоғамға қаншалықты әсері бар?
V. Бекіту кезеңі
6. Диалог құрастырыңдар.
7. Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыздар.
1) Халықтың сұранысы, қызығушылығы жойылмаған, кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын жатқызуға болады.
Синтаксистік талдау жасаңыздар.
2) Ең өзекті, қажетті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады.
8.Мәтінді мұқият тыңдаңыздар, сұрақтарға жауап беріңіздер. Сангвиник қандай адам? Оған қандай мамандықтарды таңдау керек?
Флегматик қандай адам және ол қандай мамандықтарды таңдай алады?
Холерик туралы айт. Ол қандай мамандықты таңдауы керек?
Меланхолик қандай адам және ол қандай мамандықтарды таңдай алады?
9. «Кім болғым келеді?» тақырып бойынша оқушылар өздерінің дайындаған презентацияларын қорғайды.(«13 оқушы)
VI. Сабақты қорытындылау.
9. Сөйлемдерді оқып, «Келісемін» не «Келіспеймін» деп жауап
беріңдер.
Мамандық таңдаудың еш қиындығы жоқ.
Жақсы маман болу үшін мамандығыңа деген сүйіспеншілік керек.
Өз мамандығын ұнатпайтын жұмыскерлер бар.
Өзім ұнатпайтын мамандыққа бармаймын.
Маған ата анам қай мамандыққа бар десе, сол мамандықты таңдаймын.
Тек ақшаның күшімен оқып шығуға болады.
Оқушылардың білімін бағалау.Үй тапсырмасы: «Мамандықтар әлемінде» тақырыбына шағын шығарма жазу.