Қазтұтынуодағы Қостанай Экономика колледжі
Қазақ тілі пәнінің оқытушысы :
Сарбаева Гулбаршын Абуқызы
Тақырыбы : « Мамандығым мақтанышым»
Пән : қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы : Мамандығым мақтанышым
Білімділік мақсаты : Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып,
болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп,
қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылық мақсаты : оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып,
болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын
тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты : Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру,
мамандық таңдай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: қайталау
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, электрондық оқулық
Әдісі: тест тапсырмалары, карточкалармен жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Үйге берілген тапсырманы тест бойынша тиянақтау.
1. Зат есімді табыңыз.
А) Ұлттық
В) Төрт
С) Қызыл
Д) Немере
Е) Кетті
2. Құрамында жинақтық сан есімі бар мақал-мәтелді көрсетіңіз.
А) Ас – адамның арқауы.
В) Еңбек ер атандырар.
С) Күшіне сенбе, адал ісіне сен.
Д) Туған жердей жер болмас.
Е) Ағайын – алтау, ана – біреу.
3.Омоним бола алатын сөзді көрсетіңіз
А) Сары
В) Бір
С) Ара
Д) Алматы
Е) Су
4.Сын есімді табыңыз
А) Жетеу
В) Айнадай
С) Қолөнер
Д) Қоғам
Е) Көрді
5.Мақал-мәтелдің жалғасын табыңыз
Жақсы сөз - .......
А) Жылан інінен шығады
В) Қызыл тіл
С) Тілден
Д) Жарым ырыс
Е) Жақсы сөз
6. Одағай сөзі бар сөйлемді табыңыз
А) Ісің өнімді болсын, Қуат
В) Сірә, мен ертең сізге барармын.
C) Үлгілі үйдің ұл-қызы ұялмайды
D). О, бәрекелді, мынау қандай ер еді !
E) Алматы-Республикамыздағы ең үлкен қала.
7. Үстеуді табыңыз
А) Жетеу
В) Айнадай
С) Бүгін
Д) Қоғам
Е) Көрді
8. Туынды сын есімді белгілеңіз.
А) Гаухарды
В) Тар
С) Ақ
Д) Атақты
С) Кең
9. Сан есімді табыңыз
А) Бағалау
В) Бесеу
С) Тәрбиелеу
Д) Сұлу
Е) Өшу
10. Өздік есімдікті табыңыз
А) Сендермен
В) Мен
С) Олар
Д) Біз
Е. Өзім
Сабақтың тақырыбымен таныстыру
ІІ. Мамандығым мақтанышым (Суреттер бойынша жұмыс )
Мамандығым мақтанышым (мәтінмен жұмыс)
Тыңдаймыз, оқимыз, сөйлейміз
Мамандық жайында ой- пікірлері:
1- оқушы: Менің ата - анам қарапайым адамдар. Біздің жанұямызда жалғасын тапқан отбасылық кәсіп бар деп айтуға болмайды. Мен заң қызметкері болуды қалаймын. Себебі елімізде болып жатқан көптеген жағдайлар менің де жүрегімді сыздатады. Ашылмай жатқан қылмыстар, сыбайлас жемқорлық, кейбір әділетсіздіктер т.б.
2- оқушы: Менің ойымша, адам өзін белгілі бір мамандыққа дайындауды мына уақыттан бастау керек деп ашып айту қиындау сияқты. Әрине кейбіреулер ес білгеннен бір мамандықты ұнатып осы мамандықтың иесі боламын деуі мүмкін, ал енді біреулер жағдайына қарай ата - анасының немесе бір жанашырының ықпалымен мамандық таңдауы мүмкін немесе ата бабасынан келе жатқан мамандықты таңдауы мүмкін ғой. «Тапқыр болсаң тауып көр» (мамандыққа сәйкес қасиеттерді табу).Төмендегі қасиеттер қай мамандыққа сәйкес келеді, дұрыс жауапты бағыт сызығымен байланыстыр.
Тренер----------- тапқыр
Дәрігер---------- әділ
Мұғалім--------- өте ақылды
Журналист----- шыдамдылық
Механизатор----өз мамандығын жетік білу
Құрылысшы------ой - өрісі жоғары
Заң қызметкері---мейірімді
Өнер иесі----------- білікті
Егер осы маман иесі болсам! (ситуациялық шешу)
Ситуациялық жағдаяттар
ІІІ.Тапсырма:
Сіздің мамандығыңыз психолог сыныпқа келдіңіз.Оқушылардың көңіл күйі әр түрлі қалай ажыратасыз?
Жауабы: 1. Бейжай 2. Өшпенділік 3. Көңілді 4. Өте ашулы. 5. Уайым 6. Жасырын қуаныш 7. Нашар көңіл 8. Ашулы 9. Өте қуанышты 10. Терең қайғы 11. Ұнатпау 12. Қайғы
ІҮ. Тапсырма
Егер мамандық иесі болсаң не істер едің: (ситуациялық шешу)
Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз?
Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты. Не істер едіңіз?
«Білімді мыңды, білікті бірді жығады» (білім сайысы)
І топ.
1. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала
2. Тіліміздегі сөздердің жиынтығы
3. Жеті ата
4. Сөйлемнің құрамына қарай неше түрі бар?
5. Етістікті тіркеске мысал келтір
6. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар?
7. Байланысу тәсілдері қанша?
ІІ топ.
1. Сөз таптарын зерттейтін сала
2. Сөз тіркестері мен сөйлемдерді зерттейтін сала
3. Есімді тіркеске мысал келтір
4. Жай сөйлемнің неше түрі бар?
5. Байланысу түрлері нешеу?
6. Жеті жоқ
7. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай неше түрі бар?
5 жолды өлең құрастыру . Мұғалім, журналист 1-2 топтарға кәсіби мамандық иелері туралы
1.Алатаяқ ұстаған,
Жол тәртiбiн нұсқаған.
Өмiрiңдi күзеткен,
Ысқырығы күштi адам. (Полиция қызметкері) .
2. Жасыл желек көгалда,
Бiрде артқа,
Бiрде алға,
Желаяқ көп бала,
Таласып жүр бiр шарға. (Футболшылар)
3.Жолының көп азабы,
Сондадағы тынбайды.
Жаңалықты жазады,
Көпшiлiктi тыңдайды. (Журналист)
4.Шың басына өрмелеп,
Күнге ұмтылар дөңгелек. (Альпинист)
5.Төл өсiрiп момақан,
Уыз iшкен қоймалжың,
Бiлсең айтшы, балақан,
Еңбегi зейнет кай малшы? (Қойшы)
6.Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)
Бекіту: Кім боламын? шағын эссе жазу
Үйге тапсырма : Мамандыққа байланысты эссе, 10сұрақ тест.