Просмотр содержимого документа
«Махамбет ?теміс?лы «М?нар к?н»»
Мергалиева Няйля Хамзиевна
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы
№20 ОЖББМ-ның жоғары санатты
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қазақ әдебиеті 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Мұнар күн»
Сабақтың мақсаты: Махамбеттің өмір мен ерлік рухты өлеңдерінің мазмұнын тереңірек түсіндіру;
Негізгі мақсаттар:
Оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау;
Топтық жұмысқа жұмылдыру;
Өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандыру
Топтық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың шығармашылық ізденісін дамыту.
Диалогтік оқу әдісі арқылы оқушылардың оқуына, танымдық дамуына әсер ету.
Оқыту нәтижелері:
Шығарманың негізгі тақырыбы мен идеясын түсінеді;
Топтық жұмыс жүргізе отырып, өз бетімен ой қорытуға үйренеді;
Өз беттерімен бірін-бірі бағалауды үйренеді.
Түйінді идеялары:
Шығармадағы түйінді ойды анықтайды;
Шығармашылық, танымдық белсенділігі артады;
Топпен бірлесе жұмыс жасауды меңгереді.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:Визуалды оқыту, жеке жұмыс, топтық жұмыс, Сыни тұрғысынан ойлау стратегиялары, бағалау.
Сабақ жоспары
Ұйымдастыру: топқа бөлу (жұптастыру арқылы)
Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша
Сабақта қолданылатын ресурстар: АҚТ,маркер, қағаздар, оқулық.
Жайлы психологиялық ахуал қалыптастыру.
Топқа бөлу.
«Өзіңізге тілегенді, басқаларға да тілеңіз» тренингі арқылы жұп құрып, жылы лебіздерін білдіреді.
Жұп құрап, топқа бөліну
Оқушыларды топқа бөлу : Дулат, Махамбет, Еспембет, Шортанбай суреттері арқылы жұп құрап, топқа бөліну.
Білу
Үй тапсырмасын сұрау. «Кубизм»
Д.Бабатайұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
Д.Бабатайұлының өлеңдерінің тақырыбы мен идеясы
«Дулат-қазақтың ұлы ақыны» деген кімнің сөзі?
Еспенбетке мінездеме бер.
Ер Қосайдың арманы қандай еді?
Мінездеу, суреттеу дегеніміз не?
Еспенбет дастанының тақырыбы мен идеясы
Поэманың мазмұнын ашатын мақал- мәтелдер айт.
Түсіну
Махамбеттің өмірбаяны туралы фильм жүреді.
«Абайдан кейінгі өлеңшілерді былай қойғанда, Абайға дейінгі қазақ
поэзиясында бұдан асқан ақын жоқ» З.Қабдолов.
Махамбет Өтемісұлы кім?
жалынды жыршы дауылпаз ақын
Махамбет
күйші
компазитор көтеріліс ұйымдастырушысы
Жаңа сөздер :
Мұнар-мгло,марево
Дәулет- богатство
Арлан-самец хищных животных
Лашын-сапсан
Хас-настоящий
Буыршын- молодой верблюд
Әдебиет теориясы
Аллитерация- Бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталануы.
Мысалы:
Түніменен түйіндік,
Таң атқанша тарандық.
Таң ағарып атқан соң,
Төңірек жаққа қарандық
(М.Өтемісұлы)
Ассонанс- Бірыңғай дауысты дыбыстардың қайталануы.
Мысалы:
Ашу деген-ағын су,
Алдын ашсаң,ақырар.
Ақыл деген- дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
(Қазыбек би)
Параллелизм- (грек. parallelismos- parallelos- «қатар жүруші», «симметрия»)- бір-біріне ұқсас құрылымды сөйлемдер мен сөз тіркестерінің, формалас сөйлем мүшелерінің қабаттаса қатар қолданылуы. Екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу.
Мысалы:
Ереуіл атқа ер салмай.
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай.
(М.Өтемісұлы)
Өлеңді аудиотаспадан тыңдау.
Талдау
І топ- «Махамбет- өлеңдеріндегі қайталанбас құдірет» /флипчарт қорғау/
ІІ топ- Өлеңдегі Исатай өлімін ақын суреттеуі /өлең құрылысына талдау/
ІІІ топ- Исатай сында ағасы өлген Махамбетті қалай жұбатар едіңдер?
Формативті бағалау / бағдаршам арқылы/
Жинақтау
Деңгейлік тапсырма
І деңгей – Махамбет жырларының тақырыптары туралы айтып беріңдер
ІІ деңгей –Махамбет өлеңдерінің көркемдік тәсілдерін анықтап, анықтамасын беріңдер.
Әдебиет теориясы
Анықтама
Өлеңнен үзінді
Абайламай айырылдым,
Ар жақтағы елімнен-
Анау Нарын деген жерімнен
Бойың жетпес биікпін
Бұлтқа жетпей шарт сынбан...
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?
ІІІ деңгей- Махамбет өлеңдерінен Исатай бейнесі суреттелген жолдарды табыңдар.