Просмотр содержимого документа
«Ма?ал- с?зді? м?йегі »
Тақырыбы: Мақал-сөздің мәйегі
Мақсаты: мақал –мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы, өмірден түйген қорытындысы, тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер жинағы, суреттер
Түрі: сайыс
Жүрісі:
Ұйымдастыру.
Кіріспе.
Сайыстың алдында тіл туралы белгілі адамдардың айтқан сөздерін еске түсірейік.
Шыңғыс Айтматов: «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ.»
Максим Горький: «Тіл аспап сияқты, оны жақсы білу керек, оны меңгеру керек.»
Бауыржан момышұлы: «Тіл дегеніміз –қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.»
Махмұт Қашқари: «Игі істің басы-тіл, тәрбие басы-тіл.»
Нұрсұлтан Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ.»
Негізгі бөлім.
І.Үй тапсырмасын тексеру
Шарты:Топтың атын және ұранын дайындап келу.
І топ «Сұңқар». Ұраны: Сұңқардай қалықтаймыз,
Іздеуден жалықпаймыз!
ІІ топ «Тұлпар». Ұраны: Тұлпардай жүйрік болу арманымыз,
Жетуге соған тырысамыз!
ІІІ топ « Тапқырлар». Ұраны: Тапқырмыз деп ұрандап,
Өмірде біз келеміз жарқылдап!
ІІ.Сұрақ – жауап сайысы.
Шарты: Қойылған сұрақтарға тез жауап беру.
-Мақал – мәтелдер деген не?
-Мақал- мәтелдердің адам тәрбиелеудегі рөлі қандай?
-Мақал – бмәтелдердің тақырыптары қандай?
-Мақал – мәтелдер нені сынайды?
-Мақал - мәтелдердің көлемі қандай?
-Мақал – мәтелдер қалай айтылады?
-Мақал – мәтелдер қалай таралған?
- Мақал – мәтелдерді кім шығарады?
ІІІ.Білгіштер сайысы.
Шарты: Кім қанша мақал айтса, сонша фишка алады.
ІҮ. Мақалдың жалғасын тап
Шарты: берілген мақал – мәтелдердің жалғасын тауып айту
Тазалық – денсаулық кепілі.
Еңбек оздырады
Не ексең, соны орасың
Отан-оттанда ыстық.
Оқу – білім бұлағы, білім өмір шырағы.
Отансыз адам ормансыз бұлбұл
Ү.Берілген мақал – мәтелдерді дұрыс құрастыру.
(Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.)
Бұрысы
1.Құрмет, тілге,құрмет-елге.
2.Жерде,тіл,жоқ ұлт, жоқ.
3.Тас жарады, тас,тіл жармаса, бас
1.Тілін біл,жеті түрлі,жеті жұрттың,білім біл.
2.Ұяда,ұшқанда,соны іледі,не көрсе
3.Мектеп,білім-теңіз кеме.
1.Мыңды жығады,білекті,жығады,бірді,білімді.
2.Ыстық,отанг,оттан да
3.Жау алмайды, досы көпті,ақылы көпті дау алмайды.
Дұрысы
1.Тілге құрмет – елге құрмет.
2.Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ.
3.Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
1.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
2.Ұяда не көрсен, ұшқанда соны іледі.
3.Білім – теңіз,мектеп – кеме.
1.Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады
2.Отан – оттан да ыстық.
3.Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.
ҮІ.Сурет сайысы.
Шарты: 1.Берілген мақал – мәтелдер бойынша сурет салу.