kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма?жан Ж?мабаев "Батыр Баян" поэмасы бойынша ?ткізілген дебат-пікірталас саба?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дебат технологиясы – сапалы білім мен саналы т?рбие ??ралы?азіргі та?да ?о?амда демократиялы? ??былыстар айшы?талып, еліміз экономикалы?, ?леуметтік ж?не саяси даму жолына ?адам бас?аны белгілі. ?скеле? заман талабына сай білім беруді демократияландыру?а, ізгілендіруге м?н беріліп, ал?аш?ы ны? ?адамдар жасалынуда.  Б?рын мектепті? негізгі міндеті жалпы?а бірдей міндетті білім беру стандартына с?йкес  білім мен да?дыларын ?алыптастыру болды. Ал ?азіргі міндет ?згеше, себебі о?ушылар?а білім мен білік да?дыларын ме?гертумен ?атар оны ?ш?ыр ойлы, шы?армашылы? ?абілеті жо?ары, ?згермелі ?мірге икемді, жан-жа?ты дамы?ан жеке т?л?а ретінде ?алыптастыру, дамыту біздерге, ХХІ ?асыр м??алімдеріне зор жауапкершілік ж?ктейді.Баланы жеке т?л?а ретінде ?алыптастыру ?леуметтік жа?дайда, оны? таби?и ?абілеттеріне ?орша?ан ортаны? игі ?сер еткенінде ж?зеге асатынын ескерсе, сапалы білім мен саналы т?рбие беруде о?ытуды? инновациялы? технологияларын игеру мен іс-т?жірибеге енгізуді? ма?ызы да арта т?седі. Баланы? ?леуметтік ж?не шы?армашылы? ?абілеттерін ашу?а, дамыту?а елеулі ы?пал ететін инновациялы? о?ыту технологиясыны? бірі – дебат ба?дарламасы.

Ендеше мектеп м??алімдеріні? иы?ында?ы ж?к те біршама ауырлай т?спек. ?азір «жа?аша о?ыту», «о?ытуда?ы жа?а бетб?рыс» деген с?здер жиі айтылып ж?р. Ал оны? барлы?ы б?рын?ыны м?лде жо??а шы?ару емес, б?рын?ы?а жа?аша к?з?арас, жа?аша ба?а беру деп т?сінемін.  Осы т?р?ыдан ал?анда «дебат» - ?аза? ?дебиеті п?ні ?шін ?те тиімді ?діс. ?рине, м?нан ?дебиетті? кез келген саба?ында осы ?дісті пайдалану?а болады деген ой тумауы керек.

К. Попперді? «Дебат ба?дарламасы», - жа?а о?ыту технологиясы. Ол мына ?арым-?атынас?а негізделеді: м??алім – о?ушы ба?ыты ж?не ?те ?ажеттісі  о?ушы – о?ушы. Б?л о?у ?дісінде ?р о?ушыны? іс-?рекеті, білімі топты? бас?а м?шелеріне біліміне ты?ыз байланысты. О?ытуды? б?л т?рі шы?армашылы? ойды, о?ушы мен  ?стаз арасында?ы ?арым – ?атынасты ?алыптастырады.

К?ркем шы?арманы екі жа??а (бірінші – жа?таушы, екінші - даттаушы) б?лініп талдау ар?ылы м??алім т?мендегідей н?тижелерге ?ол жеткізеді:

 М?тінді о?ушыны? толы? о?ып шы?уы ж?не ?з пікіріне на?ты  мысалдармен д?лел іздеуі;

Сол д?лел мен д?йектемелерге с?йене отырып ?з к?з?арасын жа?тап шы?уы;

Ж?йелі с?йлеуі, сайып келгенде м?дениетті с?йлеуі;

Айтыл?ан н?рселерден ?з ?ажетін ала білуі;

Шы?арма?а сын айта білуі;

О?ушыны ой еркіндігіне жетелеу.

Дебат технологиясыны? білім сапасына ?серін айтса?:

 1. Дебат сайысына даярлы? ?лкен к?лемді а?паратты игеруді талап етеді, ?рі ол о?у ба?дарламасынан ?лде?айда к?лемді.

2. Дебат?а ?атысушыны? білімі к?лемді а?парат ар?ылы ?л?аяды,зерделейтін материалды? к?рделілігі  мен тере?дігін т?сінеді.

3. Дебат?а дайынды? кезе?інде о?ушылар ?з бетінше ізденіп ?ана  ?оймай, табыл?ан ?осымша а?паратпен топта б?лісіп, ?зара о?ыту ?дісі ж?зеге асырылады.

4. О?ытуды? дамытушылы? ма?саты о?ушыларды? танымды?  белсенділігіні? артуында, ?ызы?ушылы?ты?       дамуында, ойлауды?  зерттеулік ?дістерін игеруінде к?рініс табады.

 Дебат технологиясыны? т?рбие ісіне ?сері:

1.  Дайынды? кезінде о?ушылар?а адамгершілік, этика нормалары т?сіндіріліп, ?зге пікірді сыйлау, сабыр са?тап с?йлеу, ?арсыласын сыйлау сия?ты ?асиеттер бойларына сі?ірілу ?ажет.

2.  Дебат ?рыс-керіске, ерегіске, т?сінбеушілікке ?ласпауы ?ажет.

  1. Дебат ?арама-?айшы к?з?арастарды? ?а?ты?ысын ?амтамасыз ететін ?ата? ережелерге ба?ынып ?ткізіледі.
  1. Талдау ж?мыстарына о?ушыларды  да ?атыстырып, оларды? сыни-  талдау ойларын ?алыптастыру ар?ылы дебатты? дамытушылы? ма?сатына ?ол жеткізу.
  2. ?зіні? ж?не жолдастарыны? ?ызметін ж?йелі т?рде талдау?а
  3. ?атыс?ан о?ушыны? бойында турашылды?, батылды?, сын т?р?ысында ж?не логикалы? ойлау, адамгершілік  ?асиеттер ?алыптасады.

Саба?ты? та?ырыбы:  М. Ж?мабаев «Батыр Баян» поэмасы

Саба?ты? ма?саты:

1. Поэманы т?сініп о?ып, Баян бейнесін екі топ ?з   к?з?арастарында д?лелдеу. (ай?а? пен д?лелдеме ар?ылы)

2. С?з астарына ??іліп, ма?ынасын т?сіну, ?зекті ойды б?ліп  ала білу, сыни т?р?ыда ой ?орытындысын жасау, ?з пікірін ?ор?ай білу, с?йлеу м?нерін  ?алыптастыру, да?дыларын  дамыту.

3. Поэманы? басты кейіпкері Баянны? іс-?рекетіне екі т?рлі  к?з?араста ба?а беру, ?ызу  пікірталас?а ?атыса отырып, ?р топ ?з пікірлерін ?з д?лелдемелеріне с?йене отырып,б?лтартпас ай?а?тар келтіру ар?ылы ма?ал-м?тел,  афоризм с?здерді тірек етіп ?оолдана білуге ?йрету.

Саба?ты? т?рі:  дебат – пікірсайыс саба?ы

Саба?ты? жоспары:

І кезе?.

Жа?таушы топты? ?арар та?ырыбы:  «Інісін ?лтірген Баянны? ісі ?ылмыс?а жатпайды»

Кілт с?здер, аргументтер:

1. ?ылмыс - кісіні ?дейі ?аса?ана дайындалып ?лтіру.

2. Ар намысын, ел намысын ?ор?ау ?шін жасал?ан.

3. Кек – жау?а, д?шпан?а, сат?ын?а деген ?шпенділік, ?асты?.

 Д?лелдемелер:

1. «Батыр – ел ?ор?аны»

2. «Жау?а жаны?ды берсе? де, жолдасы?ды ??т?ар»

3. Хал?ыны? намысын, ер азаматты? азуына, д?шпан?а к?лкі   болмау ?шін жасал?ан ?ылмыс  – ?ылмыс   емес.

Ай?а?тар:

* «Би, ?анай! Аттанбайды хан Абылай, келмесе ?андыбала?  батыр Баян»

* Жо?, ?лде, жо?, жо?, ?лде ?лтірдім бе, Інімді алты алашты? намыс ?шін?!

* – Апырым-ай, алаш арын жо?тамастан, ж??кіліп б?л кетуді? м?ні  ?алай?

  Жігіттерімді жинайын, олар кетсе де, мен кетпеспін.

ІІ кезе?.

Даттаушы топты? ?арар та?ырыбы: «Інісін ?лтірген Баянны? ісі ?ылмыс?а жатады»

Кілт с?здер, аргументтер:

1. ?ыз?аныш сезімі жайла?аннан кейін ?лтірді.

2. Халы? кегін, намысын ал?а тартып ?ш алды.

3. Ту?анын, бауырын, жалпы кісі ?лтіру ?ылмыс?а жатады.

Д?лелдемелер:

1. «Ашу-ызамен  жасал?ан істі іске асырушы - Баян»

2. «Кін?сін жуу ?шін со?ыс?а аттанып, ?алма?пен со?ысады»

3. «С?лу?а деген махаббаты, айырылып ?алу к?йініші ?ылмыс?а  итермелейді»

Ай?а?тар:

* Ер Баян бір жоры?та еліме ойран салып, ата-анамны? бауырынан  

  шыр?ыратып алып кетті.

* Екі ?ыршын жасты? ажалы: «Жан к?ке, а?а!», «- Баян а?а!»

* Баян монологы: «Жейт??ын ?з к?шігін болдым б?рі,

                              Ісімді мынау а?ат немен жабам?»

Даттаушы топ м?шелеріні?  жа?таушы топ м?шелеріне ?арсы с?ра?тары:

1. Ноян с?йгені ?шін айыпты ма?

2. Кісі ?лтірмей ер, ел  намысын ?ор?ау?а болмай   ма?

3. ?йел ?шін інісін ?лтіру  батыр?а лайы? іс пе?

4. Баян ?шін с?м с?луды?  сай?алды?ынан неге  алмады?

Жа?таушы топ м?шелеріні?  даттаушы топ м?шелеріне ?арсы с?ра?тары:

1. Елін, жерін, ту?анын ?йел ?шін  тастай ?аш?ан Ноян ісі ерді? ісі ме?

2. А?айын арасына от сал?ан, ерді  аздыр?ан с?м с?луды? ісін ?алай  т?сіндіресі??

3. ?аза?та: «Ер жігітті? бірінші ба?ыты- Отаны, - дейді». Сонда Ноян с?лу ?шін ?з ба?ытынан бас тартып,

    ?ара басыны? ба?ытыны? ал?а   ?ой?ан ба?

4. «Жаманды?ты жазалама?ан адам – оны? дем берушісі» - деген Леонардо  да Винчи. Егер Ноянны?  

     сат?ынды?, опасыз ісі жазаланбаса д?рыс деп ойлайсы? ба? Ерте?дері сол Ноянны?  ?арсы жа?тан жау

    болып шы?пасына кепіл бола аласы? ба?

ІІІ кезе?.

Жа?таушы топты? пайымдаулары:

1. Адамгершілікті? негізі – ?р адамны? ?лтын, жерін с?юінде.

2. ?зі? ?шін ?ана е?бек етсе?, ?зі? ?шін отта?ан хайуанны? бірі боларсы?,  - деген Абай атамыз.

3. Батыр болып ту?ан жігітті? сада?ыны? о?ы да, ?ылыштай кесіп   т?седі, - деген ?ор?ыт ата.

4. Атаны? атын был?а?ан а?ылсыз баланы? ?ке омырт?асынан жаралып,  ана ??рса?ында шырланып

   тума?аны жа?сы, - деген ?ор?ыт ата.

5. Отаны?ны? перзенті бол, ту?ан жер топыра?ымен байланысы?ды  тере? сезін, о?ан перзентше ?ара,

   одан ал?аны?ды ?ш еселеп ?айтар.  6. Д?ние ж?зінде бізді? елімізден бас?а да алуан т?рлі мемлекеттер   

   к?п, біра? адамны? ту?ан анасы сия?тыОтаны да біреу ?ана, - деген  К.Д. Ушинский.

7. ?телмейтін ?ылмыс бар, ол – Отан?а опасызды? жасау. Опасызда Отан жо?, - деген Бауыржан Момыш?лы.

8. Жа?сыменен дос болса?, алды?нан шы?ар елбектеп, - деген халы?  ма?алында.

9. От басына ?рт салма, ?зегіне дерт салма, - дегендей барлы? кін? с?м с?луда.

10. Мейірімді болу о?ай, ?діл болу ?иын, - деген В. Гюго.

11. ?ор?у, сескену дегеніміз ?ор?а?ты? емес. ?ор?а?ты? – ол ?иын жерден  бас сау?алай шегіну,

    ?аш?а?тау, алда т?р?анасыл міндеттерден ?ара басын жо?ары ?стау, - деген ?. Рыс??лбеков.

Даттаушы топты? пайымдаулары:

1. Махаббатсыз ?ан сал?ын. Махаббат ??штарлы? атаулыны?  е? ??діреттісі. Ол жасты да, ж?ректі де, т?нді де   т?гел  баурайды. Вольтер.

2. С?йген ?йелге ??штарлы? етуден еркекті? басы т?мендемейді, ?айта биіктей т?седі. ?йелге ?ызмет  етуді? бір б?лшегі . А. Толстой.

3. Жас жа?ылады, ?лкен кешіреді. Ма?ал.

4. Жаугершілік заманда бір батыр ?зіні? баласын тастап, бауырын ?оршаудан алып шы??ан . Сонда?ы  ойы: ?зім аман болсам бала болады, ал ту?ан бауырды ?айдан табам? –   деген.

5. ?ашы?ты? тілі – тілсіз тіл, к?збен к?р де, ішпен біл, - деген  Абай.

6. Адас?анны? алды ж?н, арты со?па?. Абай.

7. Алтын жы?а? болса да, жа?а мен же? керек. Ас?ан батыр болса? да, а?айын мен ел керек.  Ма?ал.

8. Ж?рекке ?мір ж?рмейді.

9. Бей?амды? с?тсіздікке бастайды, оны? ая?ы ?олайсызды??а ?рындырады.

І? кезе?.

Сыншылар пікірі:  Жа?таушы топ сыншысыны? ?орытынды с?зі:

Ісі? жа?сы ерікті бол?анымен,

Батырлы?ы? естелік боп ?ал?анымен.

А?ылсызды? ?лтіргені? іні?ді,

Деді? ?алай кін?мен кешем к?ні?ді.

Асы?ыс т?бі – ?кініш, и?, батыр Баян інісін ?лтіргеніне ?ай?ыруда. «Ашу - д?шпан» екенін осы т?ста а??арамыз.

Біра?: Хандар да бір мін бар:

?арашасын бірдей к?рмейді.

Байларда да бір мін бар:

Есігіне келген кемтар?а,

?зі т?рып орнынан

?олынан ?айыр бермейді.

Ж?йрікте де бір мін бар:

Жор?аменен табандасып ж?рмейді.

Жор?ада да бір мін бар:

Жол ??йры?ын с?зіп салса? да,

Б?йгеден озып келмейді.

?йелде де бір мін бар:

Ажары с?лу болса да,

А?ылы сай келмейді, - дегендей батыр Баянны? да бір міні – оны? а??алды?ы болар. Халы?та: «А??ал батыр алдырады, ая?ынан шалдырады», - дейді. Ноян ?лімінен кейінгі батыр Баянны? да жа?дайы м?з бол?ан жо?. К?з жасын ж?тып, ж?регі ?ан жыла?ан батыр «бауырымды ?алай ?лтірдім» деп іштей арпалысып, ар алдында жауап беруде. Егер ол ?ыз?аныштан ?лтірген болса, ол хан алдына сол бетімен бармас еді. Сонымен ?оймай ол інісіні? ?ліміне ?алма? ?ызы кін?лі деп, сол ар?ылы ?алма??а деген кегі ?сіп, інісі ?шін ж?не еріксіз жаса?ан  ісі ?шін со?ыс?а аттанып кек алды. Ол ?з кін?сін ?анмен жуып, алашты? намысы ?шін жанын ?иды. Алашты? намысы ?шін а?ты? демі біткенше к?рескен батырды? бірі – Баян. Мен адам баласыны? б?рінде кемшілік болады деп ойлаймын. Ажары с?лу болса да, а?ылы сай келмеген ?алма? ?ызы ?зі ??р?ан тор?а ?зі т?сті. Б?л ?лімге кін?лі ?з?зіл ?алма? ?ызы деп ойымды  ая?таймын.

Даттаушы топ сыншысыны? ?орытынды с?зі:

«Алтау ала болса, ауызда?ы кетеді», - деген рас екен. Алауызды?тан ?рбіген даудан ел ішіні? тынышты?ы б?зылды, берекесі кетті.  Баян Ноянды ?лтіріп кін??а батты. Сіздер Ноянны? ?лімі ?зіні? шалалы?ынан болды дейсіздер. Ат ж?йрігі айырады, тіл ж?йрігі ?айырады деген. Аны?ын ашып,  а? с?йлей алмасам ма?ан серт. Махаббат атты айдында ?ол ?стасып ?теміз деген Ноян сезімін, п?к махаббатын ?алма? ?ызы ?з ма?сатына, бас пайдасына ж?мсады. Ту?ан еліне жетуді к?здеген с?р?ия ?ыз бейк?н? сезімді сауда?а салды. «Кімні? ?андай болса пи?ылы, о?ан ?арай ??дайды? да сыйлы?ы», - деген с?з т?п-тура екен. Пи?ылына ?арай сыйлы?ын алды.  Біра?, Нояндай еркені? ?анын т?ктіріп, Баянда айбатты ерді? арын дау?а салып кетті.

Спикер:

Сонымен т?йін шешілді. Баян, Ноян кін?лі емес.

?ар?ысымыз ел тынышты?ын б?з?ан ?алма? пен ?ытай ж?не орыс империясына  болсын.

 Алтыба?ан алауыз ?ыл?ан сол заман келмеске кетсін.

Біра? осыдан жастарымыз саба? алсын. Т?уелсіздігіміз ас?а?атап, бейбіт елді? ??ша?ында тыныш ?мір с?рейік.

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ма?жан Ж?мабаев "Батыр Баян" поэмасы бойынша ?ткізілген дебат-пікірталас саба?ы »

Дебат технологиясы – сапалы білім мен саналы тәрбие құралы

Қазіргі таңда қоғамда демократиялық құбылыстар айшықталып, еліміз экономикалық, әлеуметтік және саяси даму жолына қадам басқаны белгілі. Өскелең заман талабына сай білім беруді демократияландыруға, ізгілендіруге мән беріліп, алғашқы нық қадамдар жасалынуда. Бұрын мектептің негізгі міндеті жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартына сәйкес білім мен дағдыларын қалыптастыру болды. Ал қазіргі міндет өзгеше, себебі оқушыларға білім мен білік дағдыларын меңгертумен қатар оны ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті жоғары, өзгермелі өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастыру, дамыту біздерге, ХХІ ғасыр мұғалімдеріне зор жауапкершілік жүктейді.

Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру әлеуметтік жағдайда, оның табиғи қабілеттеріне қоршаған ортаның игі әсер еткенінде жүзеге асатынын ескерсе, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде оқытудың инновациялық технологияларын игеру мен іс-тәжірибеге енгізудің маңызы да арта түседі. Баланың әлеуметтік және шығармашылық қабілеттерін ашуға, дамытуға елеулі ықпал ететін инновациялық оқыту технологиясының бірі – дебат бағдарламасы.

Ендеше мектеп мұғалімдерінің иығындағы жүк те біршама ауырлай түспек. Қазір «жаңаша оқыту», «оқытудағы жаңа бетбұрыс» деген сөздер жиі айтылып жүр. Ал оның барлығы бұрынғыны мүлде жоққа шығару емес, бұрынғыға жаңаша көзқарас, жаңаша баға беру деп түсінемін. Осы тұрғыдан алғанда «дебат» - қазақ әдебиеті пәні үшін өте тиімді әдіс. Әрине, мұнан әдебиеттің кез келген сабағында осы әдісті пайдалануға болады деген ой тумауы керек.

К. Поппердің «Дебат бағдарламасы», - жаңа оқыту технологиясы. Ол мына қарым-қатынасқа негізделеді: мұғалім – оқушы бағыты және өте қажеттісі оқушы – оқушы. Бұл оқу әдісінде әр оқушының іс-әрекеті, білімі топтың басқа мүшелеріне біліміне тығыз байланысты. Оқытудың бұл түрі шығармашылық ойды, оқушы мен ұстаз арасындағы қарым – қатынасты қалыптастырады.

Көркем шығарманы екі жаққа (бірінші – жақтаушы, екінші - даттаушы) бөлініп талдау арқылы мұғалім төмендегідей нәтижелерге қол жеткізеді:

  • Мәтінді оқушының толық оқып шығуы және өз пікіріне нақты

мысалдармен дәлел іздеуі;

  • Сол дәлел мен дәйектемелерге сүйене отырып өз көзқарасын жақтап шығуы;

  • Жүйелі сөйлеуі, сайып келгенде мәдениетті сөйлеуі;

  • Айтылған нәрселерден өз қажетін ала білуі;

  • Шығармаға сын айта білуі;

  • Оқушыны ой еркіндігіне жетелеу.

Дебат технологиясының білім сапасына әсерін айтсақ:

1. Дебат сайысына даярлық үлкен көлемді ақпаратты игеруді талап етеді, әрі ол оқу бағдарламасынан әлдеқайда көлемді.

2. Дебатқа қатысушының білімі көлемді ақпарат арқылы ұлғаяды,

зерделейтін материалдың күрделілігі мен тереңдігін түсінеді.

3. Дебатқа дайындық кезеңінде оқушылар өз бетінше ізденіп қана

қоймай, табылған қосымша ақпаратпен топта бөлісіп, өзара оқыту

әдісі жүзеге асырылады.

4. Оқытудың дамытушылық мақсаты оқушылардың танымдық

белсенділігінің артуында, қызығушылықтың дамуында, ойлаудың

зерттеулік әдістерін игеруінде көрініс табады.

Дебат технологиясының тәрбие ісіне әсері:

1. Дайындық кезінде оқушыларға адамгершілік, этика нормалары түсіндіріліп, өзге пікірді сыйлау, сабыр сақтап сөйлеу, қарсыласын сыйлау сияқты қасиеттер бойларына сіңірілу қажет.

2. Дебат ұрыс-керіске, ерегіске, түсінбеушілікке ұласпауы қажет.

  1. Дебат қарама-қайшы көзқарастардың қақтығысын қамтамасыз ететін қатаң ережелерге бағынып өткізіледі.

  1. Талдау жұмыстарына оқушыларды да қатыстырып, олардың сыни- талдау ойларын қалыптастыру арқылы дебаттың дамытушылық мақсатына қол жеткізу.

  1. Өзінің және жолдастарының өызметін жүйелі түрде талдауға

  2. қатысқан оқушының бойында турашылдық, батылдық, сын тұрғысында және логикалық ойлау, адамгершілік қасиеттер қалыптасады.








Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

1. Поэманы түсініп оқып, Баян бейнесін екі топ өз көзқарастарында дәлелдеу.

(айғақ пен дәлелдеме арқылы)

2. Сөз астарына үңіліп, мағынасын түсіну, өзекті ойды бөліп ала білу, сыни тұрғыда ой

қорытындысын жасау, өз пікірін қорғай білу, сөйлеу мәнерін қалыптастыру, дағдыларын

дамыту.

3. Поэманың басты кейіпкері Баянның іс-әрекетіне екі түрлі көзқараста баға беру, қызу

пікірталасқа қатыса отырып, әр топ өз пікірлерін өз дәлелдемелеріне сүйене отырып,

бұлтартпас айғақтар келтіру арқылы мақал-мәтел, афоризм сөздерді тірек етіп қоолдана білуге

үйрету.

Сабақтың түрі: дебат – пікірсайыс сабағы

Сабақтың жоспары:

І кезең.

Жақтаушы топтың қарар тақырыбы: «Інісін өлтірген Баянның ісі қылмысқа жатпайды»

Кілт сөздер, аргументтер:

1. Қылмыс - кісіні әдейі қасақана дайындалып өлтіру.

2. Ар намысын, ел намысын қорғау үшін жасалған.

3. Кек – жауға, дұшпанға, сатқынға деген өшпенділік, қастық.

Дәлелдемелер:

1. «Батыр – ел қорғаны»

2. «Жауға жаныңды берсең де, жолдасыңды құтқар»

3. Халқының намысын, ер азаматтың азуына, дұшпанға күлкі болмау үшін жасалған қылмыс – қылмыс

емес.

Айғақтар:

* «Би, Қанай! Аттанбайды хан Абылай, келмесе қандыбалақ батыр Баян»

* Жоқ, әлде, жоқ, жоқ, әлде өлтірдім бе, Інімді алты алаштың намыс үшін?!

* – Апырым-ай, алаш арын жоқтамастан, жөңкіліп бұл кетудің мәні қалай?

Жігіттерімді жинайын, олар кетсе де, мен кетпеспін.

ІІ кезең.

Даттаушы топтың қарар тақырыбы: «Інісін өлтірген Баянның ісі қылмысқа жатады»

Кілт сөздер, аргументтер:

1. Қызғаныш сезімі жайлағаннан кейін өлтірді.

2. Халық кегін, намысын алға тартып өш алды.

3. Туғанын, бауырын, жалпы кісі өлтіру қылмысқа жатады.

Дәлелдемелер:

1. «Ашу-ызамен жасалған істі іске асырушы - Баян»

2. «Кінәсін жуу үшін соғысқа аттанып, қалмақпен соғысады»

3. «Сұлуға деген махаббаты, айырылып қалу күйініші қылмысқа итермелейді»

Айғақтар:

* Ер Баян бір жорықта еліме ойран салып, ата-анамның бауырынан

шырқыратып алып кетті.

* Екі қыршын жастың ажалы: «Жан көке, аға!», «- Баян аға!»

* Баян монологы: «Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі,

Ісімді мынау ағат немен жабам?»

Даттаушы топ мүшелерінің жақтаушы топ мүшелеріне қарсы сұрақтары:

1. Ноян сүйгені үшін айыпты ма?

2. Кісі өлтірмей ер, ел намысын қорғауға болмай ма?

3. Әйел үшін інісін өлтіру батырға лайық іс пе?

4. Баян өшін сұм сұлудың сайқалдығынан неге алмады?

Жақтаушы топ мүшелерінің даттаушы топ мүшелеріне қарсы сұрақтары:

1. Елін, жерін, туғанын әйел үшін тастай қашқан Ноян ісі ердің ісі ме?

2. Ағайын арасына от салған, ерді аздырған сұм сұлудың ісін қалай түсіндіресің?

3. Қазақта: «Ер жігіттің бірінші бақыты- Отаны, - дейді». Сонда Ноян сұлу үшін өз бақытынан бас тартып,

қара басының бақытының алға қойған ба?

4. «Жамандықты жазаламаған адам – оның дем берушісі» - деген Леонардо да Винчи. Егер Ноянның

сатқындық, опасыз ісі жазаланбаса дұрыс деп ойлайсың ба? Ертеңдері сол Ноянның қарсы жақтан жау

болып шықпасына кепіл бола аласың ба?




ІІІ кезең.

Жақтаушы топтың пайымдаулары:

1. Адамгершіліктің негізі – әр адамның ұлтын, жерін сүюінде.

2. Өзің үшін ғана еңбек етсең, өзің үшін оттаған хайуанның бірі боларсың, - деген Абай атамыз.

3. Батыр болып туған жігіттің садағының оғы да, қылыштай кесіп түседі, - деген Қорқыт ата.

4. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып

тумағаны жақсы, - деген Қорқыт ата.

5. Отаныңның перзенті бол, туған жер топырағымен байланысыңды терең сезін, оған перзентше қара,

одан алғаныңды үш еселеп қайтар. 6. Дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер

көп, бірақ адамның туған анасы сияқтыОтаны да біреу ғана, - деген К.Д. Ушинский.

7. Өтелмейтін қылмыс бар, ол – Отанға опасыздық жасау. Опасызда Отан жоқ, - деген Бауыржан

Момышұлы.

8. Жақсыменен дос болсаң, алдыңнан шығар елбектеп, - деген халық мақалында.

9. От басына өрт салма, өзегіне дерт салма, - дегендей барлық кінә сұм сұлуда.

10. Мейірімді болу оңай, әділ болу қиын, - деген В. Гюго.

11. Қорқу, сескену дегеніміз қорқақтық емес. Қорқақтық – ол қиын жерден бас сауғалай шегіну,

қашқақтау, алда тұрғанасыл міндеттерден қара басын жоғары ұстау, - деген Қ. Рысқұлбеков.

Даттаушы топтың пайымдаулары:

1. Махаббатсыз қан салқын. Махаббат құштарлық атаулының ең құдіреттісі. Ол жасты да, жүректі де,

тәнді де түгел баурайды. Вольтер.

2. Сүйген әйелге құштарлық етуден еркектің басы төмендемейді, қайта биіктей түседі. Әйелге қызмет

етудің бір бөлшегі . А. Толстой.

3. Жас жаңылады, үлкен кешіреді. Мақал.

4. Жаугершілік заманда бір батыр өзінің баласын тастап, бауырын қоршаудан алып шыққан . Сондағы

ойы: Өзім аман болсам бала болады, ал туған бауырды қайдан табам? – деген.

5. Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көр де, ішпен біл, - деген Абай.

6. Адасқанның алды жөн, арты соқпақ. Абай.

7. Алтын жығаң болса да, жаға мен жең керек. Асқан батыр болсаң да, ағайын мен ел керек. Мақал.

8. Жүрекке әмір жүрмейді.

9. Бейқамдық сәтсіздікке бастайды, оның аяғы қолайсыздыққа ұрындырады.

ІҮ кезең.

Сыншылар пікірі: Жақтаушы топ сыншысының қорытынды сөзі:

Ісің жақсы ерікті болғанымен,

Батырлығың естелік боп қалғанымен.

Ақылсыздық өлтіргенің ініңді,

Дедің қалай кінәмен кешем күніңді.

Асығыс түбі – өкініш, иә, батыр Баян інісін өлтіргеніне қайғыруда. «Ашу - дұшпан» екенін осы тұста аңғарамыз.

Бірақ: Хандар да бір мін бар:

Қарашасын бірдей көрмейді.

Байларда да бір мін бар:

Есігіне келген кемтарға,

Өзі тұрып орнынан

Қолынан қайыр бермейді.

Жүйрікте де бір мін бар:

Жорғаменен табандасып жүрмейді.

Жорғада да бір мін бар:

Жол құйрығын сүзіп салсаң да,

Бәйгеден озып келмейді.

Әйелде де бір мін бар:

Ажары сұлу болса да,

Ақылы сай келмейді, - дегендей батыр Баянның да бір міні – оның аңғалдығы болар. Халықта: «Аңғал батыр алдырады, аяғынан шалдырады», - дейді. Ноян өлімінен кейінгі батыр Баянның да жағдайы мәз болған жоқ. Көз жасын жұтып, жүрегі қан жылаған батыр «бауырымды қалай өлтірдім» деп іштей арпалысып, ар алдында жауап беруде. Егер ол қызғаныштан өлтірген болса, ол хан алдына сол бетімен бармас еді. Сонымен қоймай ол інісінің өліміне қалмақ қызы кінәлі деп, сол арқылы қалмаққа деген кегі өсіп, інісі үшін және еріксіз жасаған ісі үшін соғысқа аттанып кек алды. Ол өз кінәсін қанмен жуып, алаштың намысы үшін жанын қиды. Алаштың намысы үшін ақтық демі біткенше күрескен батырдың бірі – Баян. Мен адам баласының бәрінде кемшілік болады деп ойлаймын. Ажары сұлу болса да, ақылы сай келмеген қалмақ қызы өзі құрған торға өзі түсті. Бұл өлімге кінәлі әзәзіл қалмақ қызы деп ойымды аяқтаймын.

Даттаушы топ сыншысының қорытынды сөзі:

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді», - деген рас екен. Алауыздықтан өрбіген даудан ел ішінің тыныштығы бұзылды, берекесі кетті. Баян Ноянды өлтіріп кінәға батты. Сіздер Ноянның өлімі өзінің шалалығынан болды дейсіздер. Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады деген. Анығын ашып, ақ сөйлей алмасам маған серт. Махаббат атты айдында қол үстасып өтеміз деген Ноян сезімін, пәк махаббатын қалмақ қызы өз мақсатына, бас пайдасына жұмсады. Туған еліне жетуді көздеген сұрқия қыз бейкүнә сезімді саудаға салды. «Кімнің қандай болса пиғылы, оған қарай құдайдың да сыйлығы», - деген сөз тұп-тура екен.

Пиғылына қарай сыйлығын алды.

Бірақ, Нояндай еркенің қанын төктіріп, Баянда айбатты ердің арын дауға салып кетті.

Спикер:

Сонымен түйін шешілді. Баян, Ноян кінәлі емес.

Қарғысымыз ел тыныштығын бұзған қалмақ пен қытай және орыс империясына болсын.

Алтыбақан алауыз қылған сол заман келмеске кетсін.

Бірақ осыдан жастарымыз сабақ алсын. Тәуелсіздігіміз асқақатап, бейбіт елдің құшағында тыныш өмір сүрейік.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Ма?жан Ж?мабаев "Батыр Баян" поэмасы бойынша ?ткізілген дебат-пікірталас саба?ы

Автор: Бегалина Райхан Токсанбаевна

Дата: 29.01.2015

Номер свидетельства: 163964


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства