kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М.?уезов «К?ксерек» ??гімесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: М.?уезов «К?ксерек» ??гімесі.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: М.?уезовті? «К?ксерек» ??гімесіндегі к?кб?рі туралы толы? биологиялы?, географиялы? сипаттама алып, шы?арма идеясын, та?ырыбын ашу.

Т?рбиелік: ??гіме мазм?ны ар?ылы о?ушылар бойында

адамгершілік, жанашырлы? сия?ты ?асиеттерді ?алыптастыру,

таби?атты, ?орша?ан ортаны аялау?а, оны? за?дылы?ын б?зу?а

жол бермеуге т?рбиелеу.

Дамытушылы?: Шы?арманы талдау ар?ылы ?з ойын ?ор?ай

білуін, на?ты с?йлеу білуін дамыту, с?здік ?орын молайту.

Саба?ты? типі: Жа?а саба?

Саба?ты? т?рі: Кіріктірілген саба?

Саба?ты? ?діс-т?сілдері: тірек-сызба, ?р т?рлі плакаттар,?аза?стан Республикасыны? географиялы? картасы, т.б.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М.?уезов «К?ксерек» ??гімесі»

«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ





Бекітемін:

Мектеп директорының м/а В.С. Омарова

«____»_________2015 жыл













Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің әдістемелік апталығында

өткізілген ашық сабақ әзірлемесі


Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі

7 «Ә» сыныбы







Қазақ тілі және әдебиет

пәнінің мұғалімі: М.А.Такенова












Қалбатау ауылы

2014-2015 оқу жылы

Күні: 21.01.2015ж.

Әдебиет: 7 – сынып

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіндегі көкбөрі туралы толық биологиялық, географиялық сипаттама алып, шығарма идеясын, тақырыбын ашу.

Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында

адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру,

табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға

жол бермеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай

білуін, нақты сөйлеу білуін дамыту, сөздік қорын молайту.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: тірек-сызба, әр түрлі плакаттар,Қазақстан Республикасының географиялық картасы, т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

(сәлемдесу, түгендеу)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы



Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің –

өркендеуіне, оның әлемдік даңқ биігіне

көтерілуіне өлшеушіз үлес қосқан суреткер,

қазақ халқынын мақтаныш етер санаткері.

Тест тапсырмасын орындау

  1. Мұхтар Әуезов кім?

А. Ертекші

В. Жазушы

С. Ақын

Д. Фольклорист

Е. Батыр

  1. М.Әуезов әкесі қайтыс болған соң кімнің тәрбиесінде болды?

А. Қасымбек

В. Омархан

С. Әмірқан

Д. Жүсіп

Е. Шыңғыс

  1. М.Әуезовтың пьесасын табыңдар?

А. «Қилы заман»

В. «Бүркітші»

С. «Еңлік - Кебек»

Д. «Қорғансыздың күні»

Е. «Ревизор»

  1. М.Әуезовтың драмалық шығармалары қандай жанрда жазылған?

А. Комедия

В. Трагикомедия

С. Шағын пьеса

Д. Көлемді әңгіме

Е. Трагедия

  1. М.Әуезов Ленинград университетін қашан бітірді?

А. 1925ж

В. 1926ж

С. 1928ж

Д. 1930ж

Е. 1930ж

  1. М.Әуезовтың жарты ғасырлық оқиғаны қамтитын қай шығармасы?

А. «Қараш-қараш оқиғасы» повесті

В. «Көксерек» повесті

С. «Абай жолы» роман-эпопеясы

Д. «Еңлік - Кебек» пьесасы

Е. «Қыр суреттері»

  1. М.Әуезов қай жылы дүниеге келді?

А. 1897ж.

В. 1898ж.

С. 1896ж.

Д. 1895ж.

Е. 1899ж.

  1. Тұңғыш күрделі драмалық шығармасы?

А. «Қараш-қараш оқиғасы» повесті

В. «Көксерек» повесті

С. «Абай жолы» роман-эпопеясы

Д. «Еңлік - Кебек» пьесасы

Е. «Қилы заман» повесті

9. М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін қандай сыйлық берілді?

А. Лауреат сыйлығы

В. Лениндік сыйлық

С. Батырдың сыйлығы

Д. Новель сыйлығы

Е. Халық сыйлығы

10. Үзінді қай шығармадан алынған?

Қураған-ай, неңді алып ем! Не жазып едім? Бауырына салып өсіргеннен басқа не қылып еді менің құлыным?

А. «Саятшы Ораз»

В. «Көксерек»

С. «Ананың анасы»

Д. «Есіл бойында»

Е. «Боранды түнде»

Жауап кілті

1.

В

6.

С

2.

А

7.

А

3.

С

8.

Д

4.

Е

9.

В

5.

С

10.

В

Жаңа сабақпен байланыстыру:

Балалар, бүгінгі сабаққа мен сиқырлы сандықпен келдім. Ендеше, сиқырлы сандықшаны ашып көрейік!

Сыр сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды...


Сыр сандықтың жасырған жұмбағы:

Сұрғылт тартқан түсi бар.

Ақсиған көп тiсi бар

Тыным таппай жүгiрiп,

Сiлекейi шұбырған,

Қыстау маңын ториды,

Ауылдың өш бар итi.  

Төрт түлiктiң рэкетi,

Түзде жүрер көк серi.    (Қасқыр)


Топтарға бөлу. Ортаға шақырылып, өздеріне ұнайтын ұштағыштарды түстеріне қарай таңдап алып, топ құру.


Балалар, бүгін біз сабақтың мақсаты: М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі бойынша дала тағысы қасқыр туралы толық мағлұмат ала отырып, шығармадағы алатын рөлі мен бейнесін ашамыз.


«Табиғат – екінші үйің» балыққа су, құсқа ауа, жануарға орман, далаға тау керек. (М. М. Пришвин)

Топ тапсырмалары:

«Биологтар» тобы

1. Қасқыр туралы толық мәлімет беріңдер.

2. Арлан деген қандай қасқыр? Бөлтірік деген не?

3. «Қасқыр – дала санитары» деген пікірге көзқарастарыңды білдіріңдер.

4. Дала тағысы мен Көксеректің айырмасы?

«Географтар» тобы

  1. Қасқыр туралы толық географиялық сипаттама беріңдер.

  2. Қазақстан Республикасы бойынша қасқырлардың ең көп шоғырлануы.

  3. Қасқырлардың географиялық мекендеуіне байланысты ерекшеліктері.

  4. «Көксерек» әңгімесінде қандай таулы мекен туралы айтылады? Ол жер жөнінде не білесіңдер?


«Тарихшылар» тобы

  1. Қасқырлар туралы қандай мифтік аңыз-әңгімелер білесіңдер?

  2. Қасқыр бейнесі тарихта қандай ұғымға иеленеді?

  3. Қасқыр аңымен байланысты қандай халық арасында кең тараған ойын түрін білесіңдер?

  4. «Көксерек» әңгімесінің шығу тарихы туралы не білесіңдер?


«Лингвисттер» тобы

1. Қасқыр сөзіне синонимдік қатар құрыңдар.

2. «Тірсек» сөзінің мағынасын ашыңдар.

3. Қасқыр туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

4. «Адам мен қиянат» атты тақырыпта шағын шығарма жазыңдар.


«Әдебиетшілер» тобы

  1. Портрет дегеніміз не? Шығармадан Көксеректің портретін табыңдар.

  2. «Көксерек» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы

  3. Көксерек туралы ауыл адамдарының пікірлерін шағын көрініспен көрсетіңдер.

  4. Құрмаштың Көксерекке деген көзқарасын айтып бер.

«Сарапшылар» тобы

Әр топтың сарапшысы жан - жақты Көксерекке баға берсек. Қорытынды түйіп, пікірлеріңмен бөліссеңдер?

Әр қатысушыны бағалаңдар.





М.Әуезовтың Көксерек әңгімесіндегі басты кейіпкерлерді атаңыз?

Құрмаш бөлтірікті қандай жағдайда кездестірді?

Құрмаш бөлтірігін қалай атады?

Неліктен ауыл адамдары қасқырдың күшіктерін құртты? Олар дұрыс істеді ме?

(үлкендерді сыйпаттап айтыңыздыр)

Көксерек неліктен ауылдан қашып кетті?

Көксерек ауылға қай мезгілде оралып, содан мүлдем кетті? Оның себебі?

Көксеректі қандай иіс тартты? Қасқыр неге ұзақ ұлыды?

Қарарадыр елінің аңыз әңгімесі неде еді?

Қасқырлардың ішінде ең күйлісі кім еді?

Неге Көксерек ауылға шауып өшігіп алды? Неліктен?

Көксеректің тағдыры немен аяқталды?

Адам мен табиғат заңының байланысын қалай түсінесің?

(«Аманат пен қиянат» мультфильмі)

Қасқыр туралы жиі әдебиеттен қатыгез, қанішер, суық кейіпінде танып келеміз, алайда қасқырдан сақтанғанша, қасқыр кейпіндегі адамнан сақтанайық!



Үй тапсырмасы:

«Аманат пен қиянат» тақырыбында шағын шығарма.

«Табиғатты аяла, жас бала!» тақырыбында өлең шығару.



Бағалау. Өздік бағалау, сарапшылардың бағалауы, мұғалімнің бағалауы.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
М.?уезов «К?ксерек» ??гімесі

Автор: Такенова Меруерт Акаевна

Дата: 01.04.2016

Номер свидетельства: 313552


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства