kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М. Ма?атаев ?ле?дері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бая?ы ш?кірт, бала?мын- деп ?анша есейіп кетсек те біз сіздерді еш?ашан ?мытпаймыз.
?Н: «?стазым» «Математика м??алімі» маманды?ыны? студенттеріні? орындауында
М?хтар: ?ылым иесі ?алым да, ел ?ор?а?ан батыр да, тілінен бал там?ан а?ын да, тегеуріні темір бал?ыт?ан ж?мысшы да, егін сал?ан дихан да, мал ба?ып терін т?ккен шопан да, к?к к?мбезінен ?рі ?ткен ?арышкер де б?рі – б?рі ?стаздан білім, т?лім ал?ан. Сонды?тан ?ла?атты ?стаздар сіздерге арнал?ан колледж студенттері атынан сый ??рметтерін ?абыл алы?ыздар. Сіздерге б?кіл адам баласы ??рметпен бас иеді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М. Ма?атаев ?ле?дері»

АҚИЫҚ АҚЫН МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

ADMIN · ИЮН 11TH, 2014 · 0 COMMENT

Сабақтың тақырыбы:  Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев
Сабақтың мақсаты:
1.            Білімділік:
Оқушыларға қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақататаевтың өмірі мен шығармашылық жолымен  таныстыру.
2.            Дамытушылық:
Мұқағали туралы мәлімет бере отырып, ақынның шығармашылығын оқушыларға терең меңгерту,мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.
3.            Тәрбиелік:
Ақын өлеңдері арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту
Әдістері: баяндау,түсіндіру,мәнерлеп оқу,талдау,сұрақ-жауап,пікірлесу.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық,  ақын  портреті,журналдар,кітаптар,буклет,сызба кестелер,суреттер.
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі:
а)Сынып тазалығына көңіл бөлу.
ә)Сәлемдесу. Түгендеу.
б)Назарларын сабаққа аударту.
II Жаңа сабақ
Сабақтың мақсатын баяндау.
Сабақтың эпиграфымен таныстыру.
Егін салдым,
Мал бақтым,
Тас қаладым.
Сағынам да,
Жұртты да басқарамын.
Жылағам да,
Жабырқап,пәс қаламын,
Жырды бірақ,
Жырды мен тастамадым,
Жырдан бөлек,
Қалмады менің басқа амалым.
а)Электронды оқулықты пайдаланып,үнтаспаны тыңдату.
ә)  Презентацияны көрсету.
б)  Оқушылардың дайындап келген баяндамасын оқыту.
III «Поэзия сәті» Мұқағали өлеңдерінен  үнтаспаға жазылған үзінділерді тыңдату.
Өлеңдерін жатқа білетін оқушыларды ортаға шақырамыз.
«Туған жерге», «Үш бақытым», «Қара өлең», «Хат», «Поэзия» т.б.
IV «Туған жерге» атты өлеңін мәнерлеп оқыту.
Таныс өлке,
Таныс аймақ,
Таныс маң.
Анау жерде-құрбылармен алысқам,
Анау жерде-құрбы жанмен табысқам.
Алба-жұлба ақша бұлттар жарысқан.
Таулар әне,ұйықтап кеткен данышпан.
Жолдар анау шұбатылып шаңы ұшқан.
Таныс өлке,таныс аймақ,таныс маң.
Шабындықтар,
Егістіктер,
Тоғайлар.
Төбелердің төбесінде- көк айдар.
Ақ сағыммен араласып,аулаққа,
Сағым болып бара жатыр көп ойлар.
Өлеңді талдау сұрақтары:
-Өлең тақырыбы?
-Өлеңде не суреттеледі?
-Қандай сөздер жиі қолданылады?
-Ақын туған жерінің табиғатын қалай суреттеген?
-Өлең жолдарынан сын есімдерді табыңдар?
V «Менің туған жерім» тақырыбына шағын шығарма жазу.
VI  Мұқағали Мақатаев өлеңдерінен ән шашу. Ақын өлеңдеріне жазылған әндерді талдай отырып,шолу жасау.
VII Сабақты бекіту
Дидактикалық материалдармен жұмыс жүргізу.
№1 қима қағаз
1.Өлеңді мәнерлеп оқы. Сын есімді тап.
Естелік
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді деп өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы
Қулары таудың қызыл түлкісі дер
Момындар біздің үйдің кірпіші дер
Мәңгілікке өзіммен ала кетем,
Менің нәзік жанымды кім түсінер!
Сұрақ-жауап арқылы білімдерін пысықтау
-М.Мақатаев кім?
-Қашан,қай жерде дүниеге келген?
-Әкесінің аты?
-Анасының аты?
-Атақты жайлаудың аты?
-Ақынның балалық шағы жайлы әңгімеле?
-Ақын өлеңдерін ата?
-Ақын поэмаларын ата?
-Қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
Қорытынды
З.Серікқалиев:
«Мұқағали мұрасы,маржан поэзиясы-болашақ ұрпақтардың да еншісі,қастерлеп-қадірлейтін қазынасы»
Ә.Кекілбаев:
«М.Мақатаев-адамдар арасындағы, өмірдегі,
табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы.
Оның өлеңдері туған ауылының табиғатына,достарына,әжесіне,жарына,балаларына,махаббатына арналған»
Оқушылардың білімін бағалау
Үй тапсырмасы
«Туған жерге» өлеңін жаттау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
М. Ма?атаев ?ле?дері

Автор: Султанакынова Саюзхан

Дата: 17.03.2016

Номер свидетельства: 306745


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства