Просмотр содержимого документа
«К?шейтпелі шырай »
Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Айымкөз Қуатқызы Шакирова
Сыныбы: 7«А»
Сабақтың тақырыбы: Күшейтпелі шырай
Сабақтың мақсаты: оқушылардың грамматикалық білімдерін тереңдету, жаңа білімді меңгеру, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білу; шығармашылық қабілеттерін, ойларын дамыту, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру; сөйлеу мәдениетін арттыру, өзін-өзі бағалай білуге, басқалардың көзқарасын тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: АКТ, сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: слайд, бейнебаян, үнтаспа, электронды оқулық
Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзін-өзі тану
І. Ұйымдастыру кезеңі Балаларды түгендеп, бүгінгі күн ерекше күн екенін хабарлау, психологиялық жағынан балаларды дайындап алу, олардың білімдері жоғары екендіктерін айтып көңілдерін көтеру.
Шаттық шеңбері
Оқушылар гүл беру арқылы бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтады
Топқа бөлу
Пішіндер арқылы екі топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
54, 58-жаттығулар
Электронды оқулық арқылы ережені қайталау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің өте артық не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі күшейтпелі шырай деп аталады Мысалы: үп-үлкен, тым үлкен
Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың үстелуі арқылы жасалады. Мысалы: биік-біп-биік,ұзын-ұп-ұзын.
Күшейтпелі шырай сапалық негізгі сын есімдерге өте,тым, аса, ең, тіпті, нағыз, нақ, шымқай, орасан,кілең күшейткіш үстеулердің тіркесуі арқылы жасалады.
Топпен жұмыс:
1-тапсырма
60-жаттығу
І топ
Күшейткіш буындар арқылы күшейтпелі шырай жасайды
ІІ топ
Күшейткіш үстеулер арқылы күшейтпелі шырай жасайды
2-тапсырма
61-жаттығу
І топ
Күшейтпелі шырайды теріп жазу
1- сөйлемге синтаксистік талдау жасау
ІІ топ
Салыстырмалы шырай жасау.
Сын есімдерге морфологиялық талдау жасау (5 сөз)
3-тапсырма
Сөздердің І топ - антоним, ІІ топ - синонимдерін тауып, оларды түрлендіру.
Көне – ескі (ескілеу, өте ескі, еп-ескі)
Кір – лас (ластау, өте лас, лап-лас)
Момын – жуас (жуастау, өте жуас, жып-жуас)
Толық - семіз (семіздеу, өте семіз, сеп-семіз)
Сұлу – әдемі (әдемірек, өте әдемі, әп-әдемі)
Тыныштық сәті
Түн. Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Жұлдыздар арасында ай. Дала сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады. Жым-жырт тыныштық. Мен ояу жатырмын. Ұйқым келер емес. Қандай сүйкімді көрініс. Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай. Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын. Тіпті суретшілер де дәл осындай көріністі көз алдыңа келтіре алмас. Тек табиғаттың ғана қолынан келетіндей.
4-тапсырма
Шығармашылық жұмыс
Көрсетілген бейнебаян арқылы мәтін құру
І топ
Сапалық, қатыстық сын есімдерді пайдаланып
ІІ топ
Күшейтпелі шырайды пайдаланып
5-тапсырма
64-жаттығу
Мәтінді аудиожазбадан тыңдау, сын есімдерді теріп жазу
І топ
Күшейтпелі шырай
ІІ топ
Салыстырмалы шырай жасау
ҮШІНШІ СӨЗ
Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.
(Абай туралы, Абайдың қара сөздері туралы айтып кету)
6-тапсырма
Мақал-мәтелдерден сын есімдерді табу, морфологиялық талдау жасау, күшейтпелі шырай жасау
І топ
Білекті адам бірді жығады,
Білімді адам мыңды жығады.
Көз – қорқақ,
Қол – батыр
Талапты ерге нұр жауар
ІІ топ
Әлсіз адам сүріншек,
Ақылсыз адам еріншек.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Айлалы батыр алдырмас
Бекіту
Венн диаграмма
Салыстырмалы шырай мен күшейтпелі шырайды салыстыру
Грамматикалық диктант
Заттың, құбылыстың сынын, сапасын, дәмін, түсін, көлемін білдіріп, қандай? деген сұраққа жауап беретін сөз табы.
Сын есім
Сын есімнің мағыналық түрлері
Қатыстық, сапалық
Біртектес түр мен түстің, сапа мен белгінің, иіс пен дәмнің әр қилы реңдерін не дейміз
Шырай
–рақ, рек, ырақ, ірек қандай шырайдың жұрнақтары
Салыстырмалы шырай
Күшейткіш буындар мен күшейткіш үстеулер арқылы жасалатын шырай түрі
Күшейтпелі шырай
Күшейткіш буын қосарланғанда бірге жазылатын сын есімдер
Ақ, көк
Сулы жер – нулы жер. Мақалда қандай сын есімдер қатысып тұр
Қатыстық сын есімдер
Шырайдың неше түрі бар
2
Күшейткіш буындар сын есімдермен бірге жазыла ма?
Жоқ
Әп-әдемі, өте жасыл, тап-таза сын есімдері мағынасына қарай қандай сын есімдер және қандай шырайлы сын есімдер?