Сәлемдесу. Шаттық шеңбері Орнымыздан тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық, Жаңа шыққан бұл күнге Иіліп сәлем қылайық. -Қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде табиғат қандай болады? -Балалар сендер қандай ертегілер білесіңдер? Ол ертегіні сендерге кім айтып береді? Балалар ертегіні бүгін сендерге мен айтып беремін. Ертегі «Көжектің үйшігі» деп аталады. Экраннан ертегі кейіпкерлер суреттері көрсетіледі. Ертеде түлкі мен көжек болыпты. Түлкі үйшігін мұздан жасаса,көжек үйшігін ағаш қабығынан жасапты. Күн жылып, түлкінің мұз үйшігі еріп кетеді.Ал көжектікі сол қалпында тұра береді.Түлкі көжектің үйіне бір түнеп шығуға рұқсат сұрайды.Кіріп алған соң көжекті қуып шығады. Көжек жылап бара жатып, бір күшікті кездестіреді. -Әуп-әуп-әуп! Неге жылайсың, көжегім? -Қалай жыламайын.Мен үйшігімді ағаш қабығынан жасаған едім, ал түлкінікі мұз үйшік болатын.Бір түнеуге рұқсат сұрап, үйіме кіріп алды да, өзімді қуып шықты. -Жүр, жылама бірге барайық қу түлкіге. Екеуі үйшікке бірге барады. -Әуп-әуп-әуп! Шық үйден, қу түлкі,-дейді ит. Түлкі болса қулығын асырып, пештің ішіне кіріп алды да: -Осыдан секіріп шығамын да, бәріңді быт-шыт етемін,-деп айқайлайды. Қорқып кеткен ит тұра қашты. Көжек жылаған күйі жол бойымен әрі қарай кетіп бара жатты. Алдынан аю шығады: -Неге жылайсың көжек? Көжек түлкінің алдап үйшігін тартып алып, өзін қуып шыққанын айтады. -Жүр саған бір көмегім тиер,-дейді Екеуі үйшікке келді. Аю бар даусымен ақырды: -Шық үйден қу түлкі. Түлкі болса: - Осыдан секіріп шығамын да, бәріңді быт-шыт етемін,-дейді. Аю қорқып қаша жөнеледі. Көжек одан бетер жылауға көшті. Алдынан әтеш кездесіп қалады. -Көжек неге жылап отырсың? Көжек әтешке болған жайды айтып береді. Әтеш: -Жүр мен оның жазасын беремін, дейді. Көжек: -Жоқ әтеш ит пен аюдың шамасы келмеді, сен не істей аласың? -Қуып шығамын оны! Жүр! Екеуі үйшікке таяп келді. -Ку-ка-ре-ку! Бар күшімді жиып, арқамдағы шалғымен түлкіні шабайын деп дайындалып келем.Әй,қу түлкі көзіңді жоғалт. Оны естіген түлкі қорыққанынан былай дейді: -Киініп жатырмын дейді. Әтеш тағы да қайталайды. Түлкі қорыққанынан терезенің алдына қарғып шықты да, орманға қарай қаша жөнеледі.Сөйтіп көжек пен әтеш тату тәтті өмір сүріпті. -Балалар ертегі сендерге ұнады ма? Олай болса, осы ертегіні рөлге бөліп сахналап көрейікші. -Жарайсыңдар балалар. Осы ертегі кейіпкерлеріне байланысты мен сендерге жұмбақ жасырамын. Далада жүр шапқылап, Керемет бір саққұлақ.(Қоян) Өзі айлакер,өзі қу Жүрген жері айқай шу.(Түлкі) Сергіту сәті Балалар біз қандай ертегімен таныс болдық? -Өте жақсы осымен біздің оқу іс-әрекетіміз аяқталды. |