kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"К?семше" ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

6-сыныпта "К?семше"та?ырыбында саба? ?ткіздім.Саба?ты? ма?саты о?ушылар?а к?семшені? жасалуы мен т?рлерін ме?герту, есімшемен ??састы?, айырмашылы?тарын т?сіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"К?семше" ашы? саба?»

Күні: Пәні қазақ тілі Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Көсемшенің жасалуы мен түрлері

Сабақтың мақсаты:Оқущылардың есімше және көсемше туралы білімдерін пысықтау,көсемшенің жасалуы мен түрлерін,жұрнақтарын меңгерту; Жұрнақтардың жалғану тәртібін ажырата алу.

Сөйлем құрауда қолдану.Етістіктерге тұлғалық талдау,сөздерге морфологиялық талдау жасау дағдыларын дамыту. Оқушыларды терең білімді алуға,ұжымдастыққа,жауапкершілікке,нақтылыққа,жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:проблемалық сабақ

Сабақтың типі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, смайликтер, «бағдаршам» бағалау қағаздары, қима қағаздар, мәтін, рефлексия парағы, «дұрыс, дұрыс емес» парақшалары, тапсырмалар.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру: Сабақтың ұраны :

  1. Психологиялық дайындық:

Алыстан сермеп,

Жүректі тербеп,

Шымырлап бойға жайылған.

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырған.

Толғау тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл,- дей келе көркем де, сұлу қазақ тілімізге арналған сабағымызды ұлы Абай Құнанбаевтың өлеңімен бастаймыз.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай?

ІІ.Оқушыларды тренинг арқылы 2 топқа бөлу. Әр оқушыға қима қағазадар таратылады. Әр қағазда «-ыл, іл, -л», «-ын, -ін, -н», «-ғыз, -гіз, -қыз, -кіз», «-ыс, -іс, -с» деген жазулар бар. Есімшенің жұрнақтары ,етістің жұрнақтары. Оқушылар етістің жұрнақтарын еске түсіру арқылы 2топқа бөлінулері қажет.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

- Көсемше дегенміз не? Ережені жаттау

Пысықтау сұрақтары. «Олжалы бестік» ойыны. 5 сөз дайындап, олардың артына сұрақ жасыру және бір сөздің артына тек қана «5» бағасын қою.
«Мықты болсаң, тауып көр» - Есімше дегеніміз не?
«Жүйрік болсаң, шауып көр» - Етіс дегенміз не?Етістің неше түрі бар?Оларды атап бер.

«Алғыр болсаң, алып көр» - Етістік мағынасына қарай қалай бөлінеді?Олардың ережесін айт.

«Тапқыр болсаң, тауып көр» - Есімшенің жұрнақтарын ата.

«Ойлы болсаң, озып көр» - Етістің жұрнақтарын ата.

«Зерек болсаң, айтып көр» - Абай Құнанбаевтвң бір өлеңін жатқа оқы.

Оқушылар күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазып болған соң, сабақтың мақсатын шығару қажеттігі айтылады. Көсемшенің есімшеге өте ұқсас екендігі және етістіктің ерекше түрі екендігі айтылады. Осыдан-ақ, білім алушылар көсемшенің мақсатын дұрыс қоюлары керек.

Сынып сабақтың мақсатын былай белгілейді:

«Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез»

1. Көсемшенің жұрнақтарын білу.

2. Оның етістіктің ерекше түрі болу себебін анықтау.

3. Көсемшенің есімшеге ұқсас болуына қарамастан, айырмашылықтарын айқындау.

Оқушыларға интербелсенді тақтадан мынадай кестелер беріледі.

1-слайд

Жаза

Айта

Бара

Тұра

Күле

Жүзе

Бере

Келе

Сөйлей

Қарай

Тарай

Сұрай


2-слайд

Жазып

Айтып

Барып

Тұрып

Күліп

Жүзіп

Беріп

Келіп

Сөйлеп

Қарап

Тарап

Сұрап


3-слайд

Жазғалы

Барғалы

Келгелі

Сөйлегелі

Айтқалы

Кеткелі

Төккелі

Жатқалы

Көсемшенің түрлену жолы да айтылатын болады.

І топ –а,-е,-й түрін жіктеу ІІ топ.-ып,іп,-п жіктеу

«Талдау - табыс кілті»

«Білгенге маржан,

Білмеске арзан».

Абай

Тақтаман жұмыс. 255-жаттығу.

Тақтаға мақал-мәтелдер көшіріліп жазылады. Оқушылар құрамындағы етістіктерге талдау жасайды.

Оқушылар тақтаға кезекпен шығып, мақалдардағы көсемшелерге көшіреді. Етістіктерге тұлғалық талдау жасайды. Мүмкін болса, мақал-мәтелдердің мағынасы түсіндіріледі.

Топтық шығармашылық жұмыс. Эпиграф:

«Мақсатым тіл ұстартып

Өнер шашпақ».

Абай


Оқушыларға сурет беріледі. Топ болып 2-3 сөйлем жазу керек. Құрамында көсемшелер мен есімшелердің болуы шарт.


Интербелсенді тақтадан көрсетілген сюжетті суреттермен жұмыс жасайды. Ақылдасып, бір шешімге келіп, сөйлем құрайды.

«Кемді күн қызық дәурен тату өткіз

Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз». Абай

Сөздерге морфологиялық талдау жасау.Фонетикалық талдау жасау.

Өзің үшін үйренсең

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмес,сен білсең,

Білгеніңнің бәрі-тұл

Тез үйреніп,тез жойма,

Жасуақытта көңіл-гүл


Сергіту сәті.

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

Мәтіннен көсемшелерді теріп жазу.

Сен қалмақ болсаң, біз-қазақ, қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, біз-көмір, балқытқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желіммін, жабысқалы келгенбіз. Берсең, жөндеп бітіміңді айт, бермесең, дірілдемей жөніңді айт, не тұрысатын жеріңді айт.

ІІ деңгей

Төмендегі көсемшелерге морфологиялық талдау жасау.

Түседі, барады, сөйлеппін, бұрылғалы, тартып, салынғалы

ІІІ деңгей

Төменде берілген сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастыру.Мәтін құру.

Тізе қосып,көре алмайды,ауырып отырған,таба білген,барып келейін,шашқалы отыр,тілек тілеп.

Жұмбақ сұрақтар:

1)Бекіту: Тест тапсырмалары.

1. Берілген сөздерден көсемше жұрнағы бар сөзді табыңыз.

а) барған         б) келіп           с) бармақ

2. Есімше қатысқан сөйлемді табыңыз.

а) Асан бүгін сабаққа барған жоқ.

б) Асан бүгін сабаққа барады.

с) Асан бүгін сабаққа барды.

3. Дос … айтады, Дұшпан … айтады. Мақалға керекті сөздерді табыңыз.

а) жылатып, күлдіріп б) айтады, дос, дұшпан с) дос, дұшпан, күлдіріп

4. Ол жүгіріп келе жатыр. Сөйлемдегі көсемше жұрнағын табыңыз.

а) -іп, -е          б) -іп, -ыр       с) -е, -кел

5. Көсемше жұрнағы бар сөз тіркесін табыңыз.

а) ән салдым б) жаяулатып жүр с) ән айтты















Қортынды.



Айтылған сөзді ұмытпаудың төрт түрлі себептері


Көкірегі байлаулы берік болу


Ойлы,

сезімді








Үлгі алу, көңілденіп,

тұщынып,ынтасымен ұғу


Үлгілі,ынталы








Қайтарып, ойланып, көңілге бекіту


Ұғымтал,білімді,

зерек








Кеселді нәрселерден қашық болу


Жаман қылықтардан

аулақ болу








Оқушының аты-жөні

өзін-өзі бағалау

Топ басшысы-ның бағасы

Мұғалім бағасы

Қорытын-ды баға








Үйге тапсырма: 258- жаттығу.

Пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

Рефлексия:

1. Бүгінгі сабақта маған____________________

_______________ қызықты болды.

2.Маған________________________________________________қиындық туғызды.

3. Менің көңіл-күйім___________________















«-ыл, іл, -л


«-ын, -ін, -н»,

«-ғыз, -гіз, -қыз, -кіз»,


«-ыс, -іс, -с»


«-ған,-ген,-қан,-кен»


«-ар,-ер,-р,-с»


«-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек»


«-йтын,-йтін,-атын,-етін»


«Мықты болсаң, тауып көр» - Есімше дегеніміз не?


«Жүйрік болсаң, шауып көр» - Етіс дегенміз не?Етістің неше түрі бар?Оларды атап бер.

«Алғыр болсаң, алып көр» - Етістік мағынасына қарай қалай бөлінеді?Олардың ережесін айт.



«Тапқыр болсаң, тауып көр» - Есімшенің жұрнақтарын ата.



«Ойлы болсаң, озып көр» - Етістің жұрнақтарын ата.



«Зерек болсаң, айтып көр» - Абай Құнанбаевтың бір өлеңін жатқа оқы

























Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

Мәтіннен көсемшелерді теріп жазу.

Сен қалмақ болсаң, біз-қазақ, қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, біз-көмір, балқытқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желіммін, жабысқалы келгенбіз. Берсең, жөндеп бітіміңді айт, бермесең, дірілдемей жөніңді айт, не тұрысатын жеріңді айт.




ІІ деңгей

Төмендегі көсемшелерге морфологиялық талдау жасау.

Түседі, барады, сөйлеппін, бұрылғалы, тартып, салынғалы





ІІІ деңгей

Төменде берілген сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастыру.Мәтін құру.

Тізе қосып,көре алмайды,ауырып отырған,таба білген,барып келейін,шашқалы отыр,тілек тілеп.





Тест тапсырмалары.

1. Берілген сөздерден көсемше жұрнағы бар сөзді табыңыз.

а) барған         б) келіп           с) бармақ

2. Есімше қатысқан сөйлемді табыңыз.

а) Асан бүгін сабаққа барған жоқ.

б) Асан бүгін сабаққа барады.

с) Асан бүгін сабаққа барды.

3. Дос … айтады, Дұшпан … айтады. Мақалға керекті сөздерді табыңыз.

а) жылатып, күлдіріп б) айтады, дос, дұшпан с) дос, дұшпан, күлдіріп

4. Ол жүгіріп келе жатыр. Сөйлемдегі көсемше жұрнағын табыңыз.

а) -іп, -е          б) -іп, -ыр       с) -е, -кел

5. Көсемше жұрнағы бар сөз тіркесін табыңыз.

а) ән салдым б) жаяулатып жүр с) ән айтты





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"К?семше" ашы? саба?

Автор: Мукатаева Жадыра Базарбаевна

Дата: 20.08.2016

Номер свидетельства: 340082


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства