Е? алдымен ж?ргізуші бастайды. Ж?рекшені алып, «Мен сізге ж?рекшені беремін, себебі сіз. ?айырымды адамсыз». ?р ?атысушы допты алып, жал?астырады. С?йтіп барлы? ?атысушы ?з ойын айтып шы?уы керек.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока па казахской литературе на тему "?абит М?сірепов "?аза? солдаты" романы"»
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 11 -сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов өмірі, «Қазақ солдаты» 1 сағат Сабақтың мақсаты:
Ғабит өмірінен шолу жасау, шығармашылығын талдау.Оқушы білімдерін кеңейту.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, көркем оқу шеберлігін, тілін, ой-өрісін дамыту. Әдеби - теориялық ұғымдарды тереңдете меңгерту, қорытынды ой түюге үйрету.
Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы допты алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек.
II. Өткен тақырыпты еске түсіру.
«Өрмекші торы» ойыны арқылы өткен тақырыптарға шолу жасау. (5 мин)
Мақсаты: ынтымақтасқанда бір мақсатқа жететіндерін сезіндіру. Әр әрекеттеріне сыни тұрғыдан қарау, кері байланыс жасауға қалыптасу. Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру. Ұстанымды еске түсіруді ескертеді. Жіпті оқушыларға ұсынып:
Бір-біріне сұрақ қояды.
Түрлі түсті қағаздар арқылы сыныпты екі топқа бөлу
І. «Ой шақыру» әдісі.
Бейнаспа арқылы оқушылардың жаңа сабаққа деген түсініктерін қалыптастыру.
2. Топтастыру. «Ғабит Мүсірепов кім» деген сұраққа жауап береді.
3. Топтық жұмыс.
Ақынның өміріне сатылай кешенді талдау жасау.
Анықтама
Туған жылы
Туған жері
Білім алған орындары
Қызметі
Шығармалары:
Өлеңдері
Әңгімелері
Романдары:
Повестері
Баллада
Тақырыбы:
Идеясы:
Тәрбиелік мәні
4. «Семантикалық кестені» толтыру арқылы ақынның шығармашылығына үңілу.
Шығармалары
Поэма
Роман
Әңгіме
Проза
Пьеса
Повесть
Аударма
Баллада
«Ананың анасы»
«Қазақ солдаты»
«Боранды түнде»
«Аманкелді»
«Ақлима»
«Өлімді жеңген ана»
«Ашынған ана»
«Оянған өлке»
«Кездеспей кеткен бір бейне»
«Ақан сері-Ақтоқты»
«Ұлпан»
5. Сергіту сәті. «Табиғат мінезі» жаттығуы. Қане, барлығымыз бір-біріміздің артына тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәмен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз. Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз. Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз. Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз. Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтң ұшымен жоғары төмен сипалаймыз. Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз. Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді.
6.Кім жылдам? «Қазақ солдаты» романына сатылай кешенді талдау жасау.
Авторы:
Шығарманың атауы:
Тақырыбы:
Идеясы:
Жанры:
Тәрбиелік мәні:
Әдеби-теориялық ұғымдар.
7. Қорытынды: Сабақты тест жұмысы арқылы бекіту.
Ғ.Мүсірепов кім?
а) ақын ә) би б) айтыскер в) жазушы
2.Ғ.Мүсірепов қай жылы дүниеге келді?
а) 1802 ж ә) 1942 ж б) 1912 ж в) 1902 ж
3.Ғ.Мүсірепов Қазақстанның қай облысында дүниеге келді?
а) Оңтүстік Қазақстан облысы ә) Солтүстік Қазақстан облысы
б) Шығыс Қазақстан облысы в) Батыс Қазақстан облысы
4.Алғашқы көлемді туындысы
а) Тулаған толқында ә) Қос шалқар б) Қазақ солдаты в) Кездеспей кеткен бір бейне
5.“Қазақ солдаты” қай жылы жарық көрді?
а) 1950 ж ә) 1940 ж б) 1960 ж в) 1970 ж
6. “Қазақ солдаты” бірінші қандай атпен жарыққа шықты?
а) Қазақ жігіті ә) Қазақ батыры б) Қазақ палуаны в) Қазақ ері
7. Ғабиттің әкесінің аты кім?
а) Мұхамед ә) Махат б) Махмұт в) Мұхтар
8. “Қазақ солдаты” романындағы Қайырғалидің прототипі?
а) Қасен ә) Горкий б) Қайрош в) Қайыржан
9. Ғ.Мүсіреповтің повесін ата?
а) Өмір мектебі ә) Кездеспей кеткен бір бейне б) Өмір мектебі в) Қамар сұлу
10. Ғ.Мүсірепов қай жылы қайтыс болды?
а) 1995 ж ә) 1985 ж б) 1965 ж в) 1975 ж
Тест кілті:
1. В 2. В 3. Ә 4. А 5. Ә 6. Ә 7.Б 8.Б 9. Ә 10. Ә
8. Оқушылар, Қайырғали қалаға барғанда балалар үйінде тәрбиеленеді, Сол кездегі балалар үйі мен қазіргі кездегі балалар үйінің айырмашылығы неде?
Жетім балалар үйі
Сол кездегі балалар үйі
Қазіргі кездегі балалар үйі
Жоқшылықтан
Соғыстың салдарынан жетім қалғандар
Тәрбиесіздіктен
Ата-ана құқығынан айырылғандардың балалары
Тастанды балалар
Рефлексия. «Қазақ әдебиеті сабағы бүгін мен үшін»
Үйге тапсырма беру. «Қазақ солдаты» романын оқу, мазмұндау.