Қысқа мерзімді сабақ жоспар.
САБАҚ: қазақ тілі | Мектеп:№111 М.Маметова атындағы жалпы орта мектеп | ||||
Күні:2.05.2017 | Мұғалімнің аты-жөні: Ибрагимова Дилдора | ||||
Сынып: 3 «Б» | Қатысқан оқушылар саны:12 Қатыспағандар: - | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Көктемде | ||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Оқушылардың көктем мезгілі туралы білімдерін тереңдету.Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. | ||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: Көктем мезгілі туралы біледі. Мәтінді түсініп оқиды. Оқушылардың басым бөлігі орындай алады: Көктем мезгілі туралы біледі. Мәтін мазмұнын оқып нақты ақпараттарды анықтайды.. Кейбір оқушылар орындай алады: Көктем мезгілі туралы біледі. Нақты ақпараттардың анықталғанын талдай отырып,сыни тұрғыдан ойлана отырып сұрақтар құрастырады. | ||||
Құндылықтар | Құрметтеу: азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру | ||||
Жетістік критерийлер | 1.Көктем мезгілі тақырыбына байланысты эссе жаза алады. 2.Көктем мезгілі тақырыбында диолог құрастыра алады 3. Орфоэпиялық нормаларды сақтап,пікірталас жүргізе алады | ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Оқылым дағдысы бойынша сыни тұрғыдан ойлау нормасын сақтай отырып, оқушылар орфография және орфоэпия нормаларын сақтайды, сөздердің лексикалық мағынасын түсінеді. Пән лексикасы және терминология: Көктем айлары, наурыз, сәуір, мамыр. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; көктем келді, көктем айлары, гүлдер ашылды, мерекелер. | ||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Жыл мезгілдері. | ||||
Жоспар | |||||
Жоспарланатын уақыт 40 мин | Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбер құрылады, оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады. | Дереккөздер | |||
Сабақтың басы 3 мин 5 мин | «Санау » әдісі арқылы оқушыларды топқа біріктіру. Ой қозғау: «Телефон » әдісі арқылы бір-біріне «Жыл мезгілдері» тақырыбына байланысты сұрақтар қояды. ҚБ:«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.
| ||||
Сабақтың ортасы 15 мин 5 мин 5 мин Сабақтың соңы 4 мин 3 мин | 1-тапсырма Топтық жұмыс Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі мәліметтерді жинақтап, негізгі ойды қорытындылап, постер қорғаңыз. Көктем келді. Ағаштар гүлдеді.Құстар жылы жақтан ұшып келе бастады. Алмас қараторғайға ұя жасады. Оны ағашқа орнатты. Ұяға бір қараторғай келіп кірді. Алмас өте қатты қуанды. ҚБ: смайликпен бағалау Дескриптор: Білім алушы - мәтіннен мәліметтерді жинақтайды; - негізгі ойды қорытындылайды; - пікірмен келісу/келіспеу себебін айтады. -постер қорғайды. Сергіту: Қадыр Мырза Әлидің «Санамақ» өлеңін оқу, қимыл арқылы көрсету 2-тапсырма Топтық жұмыс «Жүгіртпе диктант» жаздыру: Тақтаға ілінген «Наурыз», «Сәуір», «Мамыр» тақырыбында берілген өлең жолдарын топ оқушылары келіп оқиды, топ хатшысына айтады, хатшы естігенін жазады. ҚБ:Топтық бағалау Дескриптор: Мәтінді дұрыс оқиды Есте сақтағанын дұрыс жеткізе алады Кері байланыс: Оқушылардың білім деңгейін саралай отырып, кері байланыс «Ұшақ сұрақтар» арқылы жүргізіледі. Рефлексия: «БББ» Оқушылар стикерлерге рефлексия жазып «Білім ағашына» жапсырады. | ||||
| |||||