?олмен до?алы д?некерлеу мен ?р т?рлі жа?дайда тігіс салу
?олмен до?алы д?некерлеу мен ?р т?рлі жа?дайда тігіс салу
До?алы? пісіру т?сіліні? топтастырылуы. 1802 жылы Санкт – Петербург ?аласында?ы ?скери – хирургия академиясыны? прфессоры В. В. Петров ?уатты гальваникалы? элементті пайдаланып екі к?мір электродтар аралы?ында ауада т?ра?ты электр жалындауы ?алыптасатынын ашты. М?нда?ы электрлік жалындауыны? пішіні до?а т?різдес иіліп келген екен. Осы?ан орай В. : Петров б?л жа?а ашыл?ан электр жалындауды электрдо?асы деп атады. Электрдо?асын ?з бетімен а?ылшын физигі Г. Девиде 1809 жылы ашты
1882 жылы орыс ?нертап?ышы Н.Н. Бенардос электр до?асын металдарды пісіруде ?олдануды іске асырады. Ол б?л ма?сатта бал?ымайтын графит электрод ?олданды. Пісіру жігін д?рыс ?алыптастыру ?шін Н.Н.Бенардос электр до?асында бал?ытылатын ?осымша металл талшы? ?олданады. Ал, 1888 жылы орыс инженері Н.Г. Славянов металл электродымен до?алы? пісіру т?сілін ?сынды. Пісіру тізбегіне б?йым ж?не электродты? жал?ануына ?арай электрдо?алы? пісіруді? мынадай негізгі т?рлері болады: бал?ымайтын к?мір /графит/ электродымен пісіру немесе Бенардос т?сілі, бал?итын металл электродымен пісіру немесе Славянов т?сілі ж?не бал?итын металл электродымен ?ш фазалы до?аны пайдаланып пісіру.
2. Бенардос т?сілі бойынша /1-сурет «а»/ т?ра?ты ток до?асы о? полярлы ба?ытта /электродта минус, б?йымда плюс/ к?мір немесе графит элетроды 2 ж?не пісірілетін б?йым 1 арасында жанады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Көмірлі электродпен пісіру барысындағы пісіру қосылыстардың негізгі түрлері: а - жұқа металдарды пісіргенде; б – біршама қалың металды пісіргенде, 1 – қоспалықты сым, 2 – қоспалықты жолақ, 3 – жіптің астындағы төсем.
Электродтардың ұшымен ерекше жағдайлар қозғалыстары: а – екі пісірілетін жиектерді күшейтілген қыздыру жағдайында, б - бір пісірілетін жиекті қатты қыздыру жағдайларында, в - жіктердің ортасын қыздыру жағдайында
1. 2. 1. Доғалық пісірудің негізгі түрлері.
Доғалық пісіру тәсілінің топтастырылуы. 1802 жылы Санкт – Петербург қаласындағы әскери – хирургия академиясының прфессоры В. В. Петров қуатты гальваникалық элементті пайдаланып екі көмір электродтар аралығында ауада тұрақты электр жалындауы қалыптасатынын ашты. Мұндағы электрлік жалындауының пішіні доға тәріздес иіліп келген екен. Осыған орай В. : Петров бұл жаңа ашылған электр жалындауды электрдоғасы деп атады. Электрдоғасын өз бетімен ағылшын физигі Г. Девиде 1809 жылы ашты
1882 жылы орыс өнертапқышы Н.Н. Бенардос электр доғасын металдарды пісіруде қолдануды іске асырады. Ол бұл мақсатта балқымайтын графит электрод қолданды. Пісіру жігін дұрыс қалыптастыру үшін Н.Н.Бенардос электр доғасында балқытылатын қосымша металл талшық қолданады. Ал, 1888 жылы орыс инженері Н.Г. Славянов металл электродымен доғалық пісіру тәсілін ұсынды. Пісіру тізбегіне бұйым және электродтың жалғануына қарай электрдоғалық пісірудің мынадай негізгі түрлері болады: балқымайтын көмір /графит/ электродымен пісіру немесе Бенардос тәсілі, балқитын металл электродымен пісіру немесе Славянов тәсілі және балқитын металл электродымен үш фазалы доғаны пайдаланып пісіру.
2. Бенардос тәсілі бойынша /1-сурет «а»/ тұрақты ток доғасы оң полярлы бағытта /электродта минус, бұйымда плюс/ көмір немесе графит элетроды 2 және пісірілетін бұйым 1 арасында жанады.
1 – сурет. Пісіру доғалары
Қосымша металл 3 пісіру тізбегіне жалғанбаған, сондықтан доға негізгі металға тікелей, ал қосымша материалға жанама әсер етеді. Сол полярлы бағытта электрод анод болып /электродта плюс/, ал бұйым катод-болса/бұйымда минус/ көмір доға тұрақсызданып, металл көміртегімен қанықтанады. Бенардос тісілімен пісіруді негізінен шойын және қола құймаларының ақауларын түзетуге және тез тозатын детальдарды қатты қорытпалар ұнтағымен қаптауда пайдаланады.
3. Славянов әдісі бойынша /1-сурет «б»/ тұрақты ток/оң немесе сол полярлы бағытта/немесе ауыспалы ток доғасы балқитын металл электроды 2 мен пісіру тізбегін жалғанып оған тура әсер ететін пісірілетін бұйымның 1 аралығында жанады. Пісіру тізбегіне жалғанған электродтың қызуы күшейе түсіп тез балқиды. Өйткені оның шеткі беттері электр зарядталған бөлшектермен қоршалған. Доғамен балқытылған электрод қосымша материал ретінде пісірілген ваннаны толықтырады.
4. Үш фазалы доғамен пісіргенде /1-сурет «в»/. Пісіру тізбегінің үш фазасына бөлек-бөлек екі электрод 2 және пісірілетін бұйым 1 жалғанған. Әр электрод пен бұйым арасында және электродтар арасында бірден үш доғаға пайда болады. Әрбір электродқа және негізгі металға екі доға тіке, ал бір доға жанама әсер етеді.
Үш фазалы доғалық-пісіру өндіріс өнімділігі жағынан Славянов әдісімен доғалық пісіруден 2-3 есе жоғары. Бұл әдісті көбінесе қалың металдарды автоматты түрде пісіруде қолданады.
1.2.2. Пісіру доғасы және оның қасиеттері
Пісіру доғасы дөп көп жылу мен жарық шығаратын газдағы қуатты элетрлік жалындауды айтады. Физикалық тұрғыдан қарағанда электрлік жалындау ионданған ауа арқылы өткізілетін электр тогінің нәтижесі доғаның қасиетін сипаттайтын негізгі параметрлерге кернеу, ток және доғаның ұзындығы жатады. Кернеу мен ток арасындағы тәуелділікті доғаның тұрақты жағдайындағы статикалық вольт-амперлі сипаттамасы көрсетеді. /2 «а» сурет/ Ол бірде ылдыйлаған 1, бірде тұрақты 2 және өрлеуі 3 болып келуі мүмкін.
Пісіру доғасы /2-сурет «б»/ үш бөліктен тұрады: катод аумағы, анод аумағы және доға дінгегі. Барлық аумақты доға дінгегі 1 алады, онда ионизациялау процесі мен катод аумағындағы тегіс бөлшектер анодқа қарай ауысады. Доға дінгегінің температурасы 6000-7000 С-ға жетеді. Ол қатты қызған элктрод пен пісірілетін металдардың бу қоспаларынан және сол булардың қоршалған газдармен реакция нәтижесіндегі өнімдерден тұратын ортамен 2 қоршалған.