Күні | Сыныбы: 8 Пәні: қазақ әдебиеті |
Сабақтың тақырыбы | Ә.Кекілбаев «Шыңырау» повесі |
Ресурстар | Оқулық, ғаламтор желісінен. |
Сабақтың мақсаты | Әбіш Кекілбаев өмірі және шығармашылығы туралы мәлімет беру. Жеті модульдің негізінде «Шыңырау» повесінің тақырыбы мен идеясын ашу. Еңсептің прототипін ашу арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтиже | Білімді өзі алуға ұмтылады. Оқушы сөйлеу дағдысын дамытады. 3.Оқушы белсенді іс-әрекет жасауға үйренеді. 4.Өздігінен қосымша материалдармен (ғаламтор ,әдебиеттер) жұмыс жасай алады. 5.Бірін-бірі және өзін-өзі бағалап,қателерін түзей алады. 6.Топта ынтымақтаса жұмыс жасай алады. |
Сабақтың түрі, типі | Жаңа сабақ |
Сабақтың әдіс – тәсілі | Түрткі сұрақ, тапсырма, постер |
Сабақтың көрнекілігі | Интербелсенді тақта, маркер, қағаздар, оқулық |
Пәнаралық байланыс | Тарих, география |
Түйінді идеялар | Топтық, жұптық жұмыс жасау оқушының тілін дамытуға, өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді. |
Жаңа сабақ | Ә.Кекілбаев «Шыңырау» повесі тақырыбын талдау мақсатында, Блум таксономиясын қолдану |
| Ұйымдастыру кезеңі (3 минут) - сәлемдесу - сынып тазалығына көңіл бөлу - Оқушыларды түгелдеу Мұғалімнің сөзі: Тренинг «Жүректен шыққан жылы сөз» Сынып оқушылары жүрек бейнесіндегі стикерге бір- біріне тілек жазып ұсынады. «Кілттік сөздер» арқылы ( бұлақ, құдық, суат, шыңырау ) топтастырамын. I топ «Бұлақ» II топ «Құдық» III топ «Суат» IY топ «Шыңырау» |
Кезең | Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижесі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ескерту |
Білім | Шыңырау сөзі - шың және орау деген екі сөздің бірігуінен жасалған деген болжам жасалған.Қазақ тілінде шың сөзі- биік шың дегенді білдіреді.Маңғыстаулықтар тілінде Көлденең шың, Құба шың, Ала шың болып сан атауды иеленіп, құбылып, түрленіп кететіні бар. Ал орау – етістігі тұйықтап, доға жасап әрекеттену мағынасын береді. | Түрткі: 4 тапсырма Қолымыздағы кімнің суреті? (Ә.Кекілбаев) Келесі сурет ненің суреті? (құдық) 2 суретті байланыстырып көрейік 3-суреттегі тау өлкеміздің қай өңірінде орналасқан деп ойлайсыздар? 4-суретте не бейнеленген? 3,4-суреттерді байланыстырып көрейік? | Топпен жұмыс жасай отырып, берілген сұрақтарға жауап бере алады ақынның шығармашылығын сезіне отырып, алдына қойған мақсатын ашып,ерекшеліктерін айқындайды. | Жеке жұмыс |
Түсіну | Әңгіменің тақырыптық-идеялық мәнін ашу. | Әр топқа конвертке салынған сұрақтар беріледі Құдық қазу кәсібі туралы не білесіңдер? Үзінді идеясы не? Байсал бай Еңсепке қай жерден құдық қазуға өтініш жасады? Шыңырау түбінде Еңсеп қандай жағдайға тап болды? Еңсептің ерен еңбегі елге қандай жақсылық әкелді? | "Ой қозғау" Оқушы ой пайымын туғызу. Оқушылар берілген талдау сұрақтарына жауап берді, өз сезімін, ойтолғау түрінде ауылына жеткізді. | Топтық жұмыс |
Қолдану | Өзгенің орнына өзін қоя білу | Топ. Жоспар құру топ. Еңсепке мінездеме топ . РАФТ топ. Композициялық талдау | Оқушылар әр түрлі көзқарастарымен және мәселелері мен танысып, олардың өз көзқарастарын қалыптастыру. | топта |
"Ойлан,жұптас, топтас, пікірлес" Талдау | Мақал- мәтелдің мәнін ашу | топ Диалект сөздерді табу топ Кәсіби сөздерді табу топ Еңсептің киімдері топ Тас түрлері | Оқушылар тапсырманы мұхият орындады. | топта |
Жинақ тау | Зерттеушілік қабілетін дамыту. | Тапсырма. Эссе. « Еңсептің ерен еңбегі» | Оқушылар алған білімін сәйкестендіру кезінде пайдалана алады. | Жеке жұмыс |
Бағалау | Жағдаяттарды талдай алады. | Есептің тойда ашпақ сыры не еді? Атакәсіп сөзінің мағынасын қалай түсінеміз? Қазақ халқында тағы қандай кәсіп түрлері бар? | Оқушы өз көзқарасын бүгінгі күнмен байланыстырып, жан-жақты жеткізе алады. | Жеке жұмыс |
Үйге тапсырма: | "Менің сүйікті мамандығым" атты тақырыпта ой толғаңдар. |