kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Халы? даналы?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Д?рыс ?рекет ар?ылы адамзат?а, таби?ат?а ж?не ?орша?ан орта?а байланысты д?рыс ?рекет жасау ??ндылы?ыны? м?нін ашу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Халы? даналы?ы»

Мектеп №24 Күні:7.04.2016ж.

Мұғалім: Сатыбалдиева Рима Болатханқызы

Сыныбы: 4

Оқушылар саны: 27

Тақырыбы: Халық даналығы

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: шындықты айту,ұрлық жасамау,уәдені орындау,ата-ананы, мұғалімдерді, үлкендерді сыйлау.


Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет арқылы адамзатқа,табиғатқа және қоршаған ортаға байланысты дұрыс әрекет жасау құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:1. Балалардың «даналық» ұғымы мен бірлік ұғымының құндылығы, адами қасиеттері туралы түсінігін кеңейту;
2. Балалардың табиғатқа аялы қарым – қатынастарын, басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту;
3. Табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, топтық

Ресурстар: материалдар,

дәйек сөз, слайд, әуен,

А4 және түрлі-түсті қағаз.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.

Тыныштық сәті: «Орманға саяхат» (3 мин) 
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!


  • Орманға саяхат кезінде қандай сезімде болдыңыздар?

  • Қандай көңіл-күйде болдыңыздар?

  • Құстардың сайраған, гүлдердің жұпар иісі, ағаштың саясы қандай көңіл-күй сыйлады?

  • Осы саяхаттан алған әсеріңізді әңгімелеп берсеңіз болады.






Баяу әуен

Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Еңбексүйгіштік мен Еріншектіктің қандай айырмашылығы бар?

  2. «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіздер?

  3. Еңбектену адамға не үшін қажет?

  4. Өзіңізді еңбекқормын деп санайсыз ба? Неліктен?




Жағымды пікір айту. Дәйек сөз

Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді,

өз кезегінде шексіз жанашырлықты білдіреді.

Махатма Ганди

Үндістанның ұлы перзенті - Махатма Ганди.
Мохандас Карамчанд Ганди - үнді халқының оның көзі тірі кезінде - ақ аты аңызға айналған көсемі.
Сөзі мен ісінің арасында алшақтық болып көрмеген Махатма Гандидің өмір жолы бұрын - соңды адамзат баласы басынан кешіп көрмеген теңдесі жоқ үлгі - өнеге! Махатма Ганди өзі құрған Сатьяграха қозғалысының арқасында еш қандай қарсылықсыз, қантөгіссіз, күш көрсетусіз, асқан төзімділікпен Үндістан халқын тәуелсіздікке жеткізуге шындап бел буып, жеңіске жеткен.

Ал, ендігі кезекте осы Махатма Гандидың осы бір әдемі айтылған өсиетіне мән беріп, мағнасын ашсақ.

  • Қиянат деген сөзді қалай түсінеміз?

  • Сүйіспеншілік пен жанашырлық дегенді қалай түсінесіздер?

  • Қиянат жасамау үшін адам бойында қандай қаситеттер болу керек?

  • Қиянат жасаудың себептері неде? (оқушылардың пікірлері тыңдалады)

Қиянат жасаудың себептері:

—  Сүйіспеншіліктің жетіспеуі.

—  Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі.

—  Өзгеріске қарсылық ретіндет қиянат.

—  Әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес келмеу.

Дәйек сөзді 2-3 оқушы оқиды. Сосын дәптерге жазады.

Дәйек сөз

А4 қағазда

Оқулықпен жұмыс:

Жер- ана тұншықса.

     Баяғыда бір үйде жалғыз Асан деген ерке  бала болады. Ол табиғатқа, айналасындағыларға тек жамандық жасап өседі. Бір күні әкесі баласына  37 шеге береді де былай дейді: «Сен әр ағашқа жамандық істеген сайын , есік алдындағы  шарбаққа бір шегеден қағып отыр», дейді. Бала жамандық  істеген сайын, бір шегеден қағып отырады, әсіресе, бірінші шегесін бар ашумен түгел қағады.  33 шеге қаққасын,  4 шегені әкеп әкесіне  береді де,  былай дейді: «Әке, мен  енді  ешкімге   жамандық істемеймін, қиянат жасамаймын, маған енді шегелердің керегі жоқ».

     Сонда әкесі былай дейді: «Балам, енді сол істеген жамандығыңның орнына жақсылық істеген сайын бір шегеден жұлып отыр»,-дейді. Біраз уақыт өткен  соң әкесі мен баласы  ағашқа қараса, ол  тесік-тесік болып қалыпты. Сонда әкесі баласына былай депті: «Балам,осы ағаш сияқты адамдардың  жүрегінде де біреулер жамандық істесе осындай  тесіктер қалады», дейді.

Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.

  • Асанның жаманшылық жасамауына кім себепші болды?

  • Атасы Асанға қандай өсиет айтты?

  • Атасы немересіне қандай жолмен түсіндірді?

  • Егеросы іс-әрекетті жай сөзбен айтқан болса, Асан өз қателігін түсінерме еді?

  • Сіздер осы әңгімеден өздеріңізге қандай ой түйіндедіңіздер?

  • Әңгімеде қандай негізгі ой айтылмақшы болды?

Қиянат жасамау барлық затқа Сүйіспеншілік ретінде көрініс береді. Қиянат жасамау барлық адамгершілік қасиеттерді қамтиды.Табиғатқа қатысты – бұл табиғатты тепе-тендікті сақтау, табиғат заңдылықтарын құрметтеу. Қиянат жасамау зиян келтірмеу дегенді ғана білдірмейді, ол- басқа адамдардың қайғы қасіреттін жеңілдету үшін әрікет жасау. Сондықтанда әрқашан табиғатқа да, айналамызды қоршаған адамдарға да шын жүректен жақсылық ойлап, жақсылық жасайық.    


Оқулықпен жұмыс

Шығармашылық жұмыс: Топпен жұмыс

3 топқа түс арқылы бөлу
I топ. Табиғат 5 - жолды өлең құру
II топ. Қиянат жасамау ұғымына асcоциация құру
III топ. Қоршаған ортаны қорғау туралы жоба

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.


Топпен өлең оқу

Жасамайық қиянат

Арамызда өкпе, реніш болмасын,
Әрқашанда әділдікті қолдасын.
Адамдарға түсінікпен қарасақ,
Сонда ғана,  гүлденеді болашақ.
Жасамайық адамзатқа қиянат,
Осының бәрін санаңызға ұялат.
Ізгіліктің жолында біз жүрейік,
Бәрін  естен шығармайық, білейік.
Қиянат жасамайық адамзатқа,
Қиянат жасамайық табиғатқа.
Қиянат жасамайық ата-анаға,
Қиянат жасамайық туған Отанға.



Үйге тапсырма

118 б. «Атаның өнегесі» әнгімесін сахналау


Қорытындылдау, соңғы тыныштық сәті. (1 мин)
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсылық ойла, жақсылыққа қара, жақсылықты есті, жақсылықты оят, жақсылық істейік! Бақытқа бастар жол осы. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады

Ішің тыныш болса ешкім қиянат жасай алмайды. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. 





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Халы? даналы?ы

Автор: Сатыбалдиева Рима Булатхановна

Дата: 06.06.2016

Номер свидетельства: 332847


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства