kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кешіре білу.Өзіңді және басқаларды құрметтеудің маңызы сүйіспеншілікке байланысты екенін түсіндіре отырып дұрыс әрекеттің құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кешірімнің ең жақсы қасиет екенін түсінеді.Кешіре білу мен кешірім сұрай білу жақсы азамат болуға жетелейтін қасиет екеніне көзі жетеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кешіре білу.Өзіңді және басқаларды құрметтеудің маңызы сүйіспеншілікке байланысты екенін түсіндіре отырып дұрыс әрекеттің құндылық ретіндегі мәнін ашу.»

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп:К.Омаров атындағыЖОМ Мерзімі: 23.01.2018ж19

Cабақ тақырыбы: «Кешіре білуді үйренеміз» .

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:уәдені орындау, денсаулық пен тазалық сақтау, ата-ананы сыйлау, ұрыспау.

Мұғалім: Нурбек . С Сынып: 2 «А» Оқушылар саны:----------------------


Сабақтың мазмұны:

Ресурс

Сабақтың мақсаты:Өзіңді және басқаларды құрметтеудің маңызы сүйіспеншілікке байланысты екенін түсіндіре отырып дұрыс әрекеттің құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Өзіңді және басқаларды құрметтеудің маңызы үйрету;

Дамытушылық: - Өзіңді және басқаларды сыйлауға, отбасы мүшелерінің ынтымағын сақтауға ықпал ететін қасиеттерді оқушы бойында дамыту;

Тәрбиелік : - Уәдеде тұруға, ешкіммен ұрыспауға тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер,

стикер,маркер-лер,суреттер.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті:

«Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басының түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”.
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындайәсемқалыптасақтаңыз.
Жайменкөзіңіздіашуғаболады.

Үнтаспа

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Келесі сабақтан: «Шіріген картоп»атты өсиет әңгімені оқып келу.62-63 бет.

«Менің әкем» тақырыбында әңгіме жазу.

Пысықтау сұрақтары:

1.Әкесі балаларына неліктен мұндай тапсырма берді деп ойлайсыңдар?

2.Балалар әкесінің тапсырмасынан қандай сабақ алды?

3.Өкпе-реніш неліктен сасыған картопқа ұқсайды?

4.Өздеріңнің басқаларға өкпе-реніштеріңнің себебіне үңіліп көрдіңдер ме?

5.Сендер өкпе-ренішті қалай жеңесіңдер?Әңгімелеп беріңдер.


А4 қағазы

3. Дәйексөз. «Кешіре білген адам-күшті адам».

Нақыл сөз

1.Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

2.Кешіре білу оңай ма?Неліктен?

3.Кешірім қалай сұралу керек?

4.Бәрін бірдей құрметтеп,сыйлай білудің маңызы қандай?


4. Әңгімелесу. «Мақтаншақ жолбарыс» Ертегі

Ертеде бір жолбарыс болыпты.Ол әрқашан : «Мен күштімін,ештеңеден қорықпаймын»,деп мақтанады екен.Ол бір күні кетіп бара жатып,гүлге қонып сайрап отырған бұлбұлды көреді.

-Кет қазір ,менің бағымнан!-дейді жолбарыс қаhарланып.

-Біраз сайрасам қайтеді?-депті бұлбұл жалынып.

Жолбарыс:

-Мен саған сайрағанды көрсетейін!-деп ұмтыла бергенде ,бұлбұл пыр етіп ұша жөнеліпті.Сол мезетте жолбарыстың қолына гүлдің тікені кіріп кетеді.Ол зар қағып,басын тауға да ,тасқа да ұрыпты.Бір-екі күннен кейін қолы ісіп кетеді.Жанын қоярға жер таба алмай,көзінің жасын көл қылып отырады.Оны көрген қарға :

-Жолбарыс аға ,неге жылап отырсың?-деп сұрайды.

-Қолыма тікен кіріп кетті.Суыра алмадым.Ой,жаным-ай!-деп жолбарыс безілдейді.Қарғаның жаны ашып:

-Жүріңіз,мен сізді досымның үйіне алып барайын.Тікеніңізді мүйізімен оп-оңай суырып тастайды,-деп оны жайраның үйіне бастап келеді.Жайраға болған оқиғаны айтады.

-Менің мүйізім тікен шұқылау үшін емес,жауымнан қорғану үшін керек.Жүріңіздерші,мен сіздерді бір тангысымның үйіне алып барайын.Ол тікен тұрмақ,етіне бойлаған найзаны да алып береді,- деп , аюдың үйіне алып барады.Аю мән-жайға қаныққан соң:

-Е,Мен мұндай майда нәрсе менің тісіме де,қолыма да ілікпейді.Енді не істесек екен?Айтпақшы,тікен де ағаш қой,солай емес пе?Ендеше,мен сіздерді сондай іспен шұғылданатын танысыма алып барайын.

Аю екі қонағын піл палуанның үйіне бастап барыпты.Болған оқиғаны айтып беріпті.

-Жолбарыс батыр,қолыңа қада кіріп кетсе,суырып –ақ тастар едім.Тікенді алу үшін аса ептілік керек,-депті піл.

Піл бастап,барлығы тістері пышақтай қолтырауынға келеді.Оған мән-жайды түсіндіреді.

Қолтырауын:

-Менің тісіме тіккен ілікпейді.Анау бақта бұлбұл бар.Ол-өте мейірімді құс.Барып өтін,оп-оңай алып тастайды,-депті.Бәрі жиналып,бұлбұлдың үйіне барыпты.Ол жолбарысқа ләм-лим демей,тұмсығымен тікенді алып тастапты.

Жолбарыс өзінің өткендегі өрескел ісіне қатты ұялып,бұлбұлдан кешірім сұрайды.Бірге келген достарының бәріне ризалығын білдіреді.олармен бірге ойын –сауық жасады.Бұлбұл болса,өз жәрдеміне риза болып,,ұзақ уақыт құйқылжыта сайрап ән салады.

Пысықтау сұрақтары:

1.Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

2.Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

3.Жолбарыстың айналасындағылар қандай екен?

4.Бұлбұлдың орнында болсаңдар сендер не істер едіңдер?

5.Сендер де де осындай жағдайлар болды ма?Естеріңе түсіріп айтып беріңдер?


5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Берілген ролдер бойынша жаңалықтар бағдарламасын дұрыс әрекетке негіздеп жасаңдар.

А) Зерттеуші тілші.

Тәулік бойы кешірімділік жайлы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды..

Ә)Теледидар жүргізуші.

Кешірімділік жайлы оқиға орнынан жиынтық ақпараттар ұсынады.

Б)Сұхбат алушы тілші.

Әлемдегі барлық адамдар кешірімді болса,онда...

2-тапсырма. Кешіре білудің жолдарын жасап,дәптерге жасайды.

Дәптер

6. Топпен өлең айту.Ата-әже

ҚалмасындепқатарданОйлайтынымкөпменіңАйналайынатамнанАйналайынәжемненМақтанбаймынбекер менӨшпейсіңдерсанамнанАйналайынәкемненАйналайынанамнанКүнсияқтыасыларҚамқоршым да осылар

Қайырмасы:Ата-әже мен сендердісүйіпөсемінАна-әкесыйлаймын мен бәріңдіМен сіздергеқарапөсемінҚаншакөрдімдегенменКөрмегенімкөпменіңҚаншабілдімдегенменБілмегенімкөпменіңМен дегендеештеңеАямайтыносыларТаңертеңдекештедеАялайтыносыларҚалайжаманболамын

Үнтаспа

7. Үй тапсырмасы.

Иван Василеньконың «Өткел» атты әңгімесін оқып келу.64-66 бет..

Оқулық.

8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

Бүгінгі сабақта игерген жақсы қасиеттерімізді еске түсіріп,жүрегімізде сақтайық.

Үнтаспа




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Автор: Нурбек Салтанат Жуманазаровна

Дата: 18.12.2018

Номер свидетельства: 491519


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства