Просмотр содержимого документа
«Қазақтың сұңғыла сыфншы өнері (1)»
Қобдабай Қабдыразақұлы
Қазақтың сұңғыла сыншы өнері
( Алғашқы әңгіме)
Қарағанды 2020
Көшпенділердің педагогикалық мұрасын зерттеу орталығы Пікір жазғандар: М.Қаусылғазы (доктор.проф.)
Ж.Шекен (филолог.ғ.к.)
редактор: Д.Нұрпейісова (пед,магистрі )
Қобдабай Қабдыразақұлы
Қазақтың сұңғыла сыншы өнері
Әке балаға сыншы.Ұрпақтың өсіп жетіліуін.дамып толысуын үнемі бақылап,ұл-қыздарының көгеріп көктеуіне көз тастап көңіл бөлу ата салтымыз.Ата-анасынан бастап,ағайын туысы,ауыл аймағы.ру тайпасына дейін ұрпақтың жетілу,өсу әр кезеңінде олардың игерген өнер білімінің өресі мен шанағын, рухани дамуынын дәрежесін безбендеп бажайлап бақылап отыратын өзіндік жүйесі де болды.Қоғамдық осы қажет-тілік негізінде өмірде сындарлы сыншылар (адамтанушы) мен сұңғыла жан танушылар (психологтар) атанған дарынды,ерекше қабылетті адамдар аз да болса айқындалып отырды.Бетке тура қарап,көзбен телмірісе тұрып дәл кәзір не ойлағаныңды айтып беретін сұңғылалар кәзірде бар.Жан-жануар,құс пен түз тағыларын тілін түсінетін тілмаштар,керек десеңіз періштемен тіл табысатын,әуелі жын-шайтанмен пікір алмасатын, білгір ,болжам-гер тәуіп,тақулар да жеткілікті болған.Қарасуды теріс ағызатын,сиқырлық өнерінің майталмандары,алпыс жылдан артқы ғұмырды болжайтын,көзіңді бақырайтып қойып,бар ғажапты жасайтын көзбайлаушылар мен көріпкелдер қазақта болған.Осылардың топ ортасында,тіптен басы болып бақсылар жүрді,олардың таңғажайып істтері ел аузында,аңыз әпсана болып,кейбірі хатқа басылып тарихта мәңгі қалды.Бұл еңбек солардың бір қырынан сыр шертеді. (редақтор)
Дереккөз:
1.Адамтану қазақ ілімі Ұланбатыр 2014 2.Адамтану қазақ ілімі Астана 2015 3. Адамтану қазақ ілімі - online presentation en.ppt-online.org›471976 4.Бақсы - бас адамтанушы edulife.kz›sabaq…attachment/basy…adamtanushy.pdf 5.Адамтану қазақ іліміне кіріспе ustazdar.kz›ustazdarga/bayandama/5012-adamtanu… 6.Балатану баспалдақтары edulife.kz›sabaq-kz/attachment/balatanu-… 7.Балатану баспалдақтары - collegy.ucoz.ru›Каталог статей›28-1-0-23703 8. Адамтану қазақ ілімі stud.kz›referat/show/81757 9. Адамтану баспалдақтары | Скачать Материалstud.kz›referat/show/81846 10. Қарттану қазақ білімінен ziatker.kz›docx/qarttany_qazaq_biliminen… 11. Қарттану қазақ білімінен - collegy.ucoz.ru›Наша библиотека›35-1-0-10788 12. Тектану қазақ білімінен — adisteme.kz›tektanu-kazak-biliminen.html Автордың осы еңбектері арқылы толықтырып,баспаға ұсынған Күннұр Қайрат
Адамтану қазақ іліміне кіріспе
Қазақта: «Таңертең төрт аяқпен,түсте екі аяқпен,кешке үш аяқпен жүреді.Ол кім?»-деген жұмбақ бар.Мұнда адам ғұмырының үш кезеңі жасырылған.Осы тәрізді адам жан дүниесінің ішкі сырынан бастап,жас ерекшеліктерінің сипаттамасын өте айқын айтып келген.Әрі сол негізде тәрбие құралдарын таңдап алып,әдіс-амал,тәсілдерін ұсынған. Қазаққа; тәрбиенің нәтижелі болуы үшін адамның жас ерекшелігін жете білу қажет болған. Қазақ ұғымында адамның жасы: балалық,ересектік, қарттық болып үш кезеңге бөлінеді. Қаныш атамыздың сөзімен айтқанда: біздің «академик–әжелеріміз» тұқымның жатырдағы дамуын былай сипаттайды:«Үш күндік жүктілік қазақтарда «тумақи» (әлі туылмаған) деп аталады, яғни бұнда болашақ өмір бола ма, болмай ма деген күдік басым.Жүктіліктің жетінші күні «көбік» деп анықталады. Мұнда адамның көбіктен жаралады деген көзқарас-тың басымдылығы, яғни ол келер қырық күн ішінде ұйығанға айналады деген ұғым бар. Қырық күн бойына болашақ өмірдің қалың материясы қалыптасады, ол «келдік» деп аталады. Он алты күнде ұрықтың шеміршектері пайда болып, тоқсан күнде сүйекке айналады. Төрт айда шарана адам әлпетіне ие болады, ал төрт жарым айда ол қозғала бастайды, яғни балаға жан кіреді(кім,қайдан әкеліп салады?). Жеті айда шақалақ атануға дайын.Сегіз айлық шарана өмір сүрмейді.Тоғыз ай,тоғыз күнде жарық дүние есігін ашады. Адамтану қазақ ілімінде текті жан –толықсыған кісі болып тумайды. Кісі болып қалыптасу үшін дамудың көптеген сатыларын басып,кезеңдерінен өтуі тиіс.Мысалы кіндігі түсе бесікке салынып, мойны беки қырқынан шығарылып, құйрығын басса, құйрық басар жасап, еңбектеуге айналғанда,бауыр аяқ жасап,қадам басарда тұсауын қиған. Бесікке саларда бөлеу әнін орындайды. Бесік жыры үнемі айтылады. Сылап сипауды әнмен өңдеп орын-дайды.Алғаш тілі сөйлеуге келе тілашар жасайды. Бір жас аумағында- шарана, шақалақ, жандыбақа (сөйлеп,аяғын басып тік тұрғанша) немесе нәресте атаулары қоланылады.Бір мен екі аумағында, қыз баланы бөпе, ұл баланы бөбек дейді.Екіден үш аралығын-бүлдіршін деп жалпылай атаумен қатар бірден үш жас арасында өбектеген,еркелеткен атаулар өте көп. Шаранадан аяғын басып тік тұратын халге жетіп,сөйлей алуы-бұл нақтылы Текті жан болғандығы.Текті жан болғанға дейінгі шағы адамтану қазақ ілімінде «жанды бақа» аталады Жанды бақадан текті жанға өту кезеңі психологиядағы алғашқы «дағдарыс»-дамудың ең үлкен белесі. Қазақ танымы бойынша бұл шақта қойылатын негізгі талаптар: «осы кезеңде бала әкесінен гөрі анасына көбірек тәуелді келеді. Қажеттілігі жақсы қамтамасыз етілмеген бала кейін өскенде маңайынан шу кетпейтін бақытсыз бала болып өседі. Бұл кезде ананың ең басты міндеті баланы құшағына қысуы мен емізуі де үлкен мәнге ие. Анасының махаббаты мен мейіріміне қанып өскен бала өзіне сенімі мол, айнала-сындағылармен тез тіл табысып, қоян-қолтық араласып кетуі оңай, сүйкімді болып өседі. Өзіне қажетті ана махаббатынан екі жыл мақұрым қалған бала басқалармен тіл табысып, басы қосылып ойнауы қиын, адамға жұғымсыздау болып өседі». Үштен бес жас аралығында балдырған(ұл), балауса(қыз) атанады. 6-7-8 жас бала (ұл),балақай(қыз), 3-12 жас арасы ойын баласы,7-13 жас жасөспірім,13-15 жас арасы ересек бала,жас жеткіншек,15-19 арасы бозбала, бойжеткен 20-30 арасы жігіт,қыз аталады. Қазақ қызы, қазақ жігіті деген атаулар өте ұлағатты атаулар.
Отау иесі болғаннан,немере (не жиен)сүйгенге дейінгі кезең-отағасы (отанасы) аталып, тіршілік тынысының шеңбері-отбасы делінген.Немерелі-шөберелі болғаннан бақиға аттанғанға дейінгі кезең-ата(әже)делініп-тұрмыс аясы-әулет атанған.Қазақтың кең өлкесінде бұларды құлпыртып әр түрлі атайтыны бар. Мысалы: балалық шақтың бөбектік кезеңін кей аймақтарда: «мың сұрақ жасы»,біреулер: «қарт әже жасы» дейді.Қай-қайсының да,дәлелі, өзіндік ерекшелігі бар.Ал,сәбилік кезеңнің басында,балалар: «мен,мен...»дегенді көп айтатын болса,орта шағында «сен,сен...» деп соңында «ол,ол..»деп сілтей сөйлеуге құмар келеді.Сол себепті бұл кезеңді «үш жақ жасы» атайтындар бар.Ал,баланың еңбекке қатысу,араласуына сай,ата-аналар; «ермегім,қолұшым, атқосшым, қолғанатым, асырау-шым» деп атап, олардың қозы жас жылқы жастағы міндетін атқаратын шаруасын ұқтырып, үйреткен, әрі соған дайындаған.Бөбектің тілі шығысымен қоршаған ортадағы заттар мен денелерді,болмыс-құбылыстарды, өзгерістерді танып білуге талпынады,ол сөзбен өрнек-теледі. Алайда тәжірибесі мен білімі жете бермейтіндіктен басқадан көп нәрсені әртүрлі жолмен сұрай береді.Мұны қазақ:«көп неге жасы,қадалған шеге жасы,жабысқан кене жасы» деген ғой. Ал,өздерінен бір нәрсені басқа біреу сұрай қалса,білсін-білмесін тартым-бай: «мен,мен айтамын» деседі.Осы кезеңде бала,білуге құштар,істеуге әзір,ойынға құмар болады. Уақыттың қалай өтіп кеткенін де білмей қалады Егер сол кезеңдегі баланың еңбегін төлеу қажет болса,есептей алсаңыз,ең көп «іс тындырған адам» сол бала болар еді.Сөйлей берген,істей берген, ақыры шаршап-шалдығып отырған орнында ұйқыға кеткен. Сондықтан осы жастағы бала қимылын, күйбеңдеген әже еңбегіне балап, «қарт әже жасы» дейтіндер бар. Сәбилік жастың орта кезеңінде, оларға (бірнешеуі қатар тұрғанда) қандай бір сұрақ қойсаңыз, оның жауабын айтуды бір-біріне сілтеп,«сен айтшы,сен айтшы» деп сылтауыратуға бейім тұрады, баяғыдағы «мен,мен» дейтін қызбалық қалып қояды. Ал,сәбиліктің соңғы кезеңінде «мен де», «сен де» доғарылып, «ол айтадыға» көшеді. (Үшінші бала қатарларында болмаса да айтылады.) «Үш жақ» жасындапғы балалардың бір ерекшелігі осы болмақ. Қазақ қауымының қай кезеңінің алып қарасаңыз да,еңбектің көбін балалар еңсерген. Олардың тіршілік те алар орыны, әулеттегі қолғабысы орасан зор болған.Қазақ атамыз: «баланың ісі білінбес,тайдың мінісі білінбес» деген ғой.Әсіресе бақташылар мен бағбандардың, балықшылар мен дихандар үшін балалардың көмегі шексіз еді. Әрі өмірге дайындау,осы еңбекке жас өспірімді тікелей қатыстыру жолымен жүргізілетін. Сондықтан, баланың жасына сай, игертуге тиісті еңбек дағдысын уақытты ұтымды пайдаланып үлгерту ата-ана үшін қасиетті борыш,әрі парыз болған.Ал,ата-әже және әке-шеше үшін бала жасы оның еңбекке араласуына сай төмендегідей аталатын. Ермегім, алданышым, қолұшым,қолғанатым, серігім, сүйенішім, асыраушым. Қолқанат бола бастаған шақта олардың жасы атқаратын міндетімен аталатын. Қозы жас;қой жас;жылқы жас;патша жас;аңдушы; қағушы;суқұяр: атқосшы; көрікші; соғушы; аутартар; ескекші. Жыл бойында атқарылатын еңбек науқаны, балаларға олардың жасына сай еңбек мейрамын-(әулет мектебін) сыйлаған-ды.Төл аяқтандыру, қырқын,төл пішу,шөп шабу,егін ору,соғым сою сияқты еңбек науқандары бітісімен,қазақтар, салттық мейрам жасап, оны әулет мектебіне айналдырған.Мысалы:сірге жинар,төстік қаптар, соғым бас,көгентүп жасау, пішен той,сабан той т.б. Қазақ ұғымында ең қызық,ең бақытты,ең жақсы дәурен сүретін жас-30-ға дейінгі жас.Алайда оның бір мүшел кезеңі балалық бал дәуренге тиесілі.Бірінші мүшелдің алғашқы бес жылы уайымсыз,риясыз өмір кешетін,күл шашатын,ойын қуатын,жерден таяқ жеп,мазақтамалар мен санамақтарға тілі әзер келіп, бал тілімен басқаларды мәз ететін жас. «Зыр жүгіріп дедектеп,Күлді әркімдер сөйлетіп,Балалық кезде ешкімнен, Именбедік көред деп,Жалаң аяқ,жалаң бұт, Тілі тәтті бөбек деп..»Бұдабай Қабылов(1848-1911) Ал,Тұрмағанбет Ізтілеуов (1882-1936) былай сипаттайды «Атаның әуелінде белінде еттің,Екінші ана қарны теңінде еттің, Тоғыз ай,тоғыз сағат,тоғыз күндей, Қадірлеп құдыретіңмен шегінде еттің, Бұрыннан қамқоршылық қылып бізге, Ананы ақ сүт беріп желіндеттің. Алты айда отбасына отырғызып, Жан-жаққа күл шашатын төгінді еттің. Жүргізіп жыл толған соң апыл-тапыл, Бойымды бұрыңғыдан жеңілдеттің Сөйлетіп екі жаста оны-мұны, Тірліктің тілін түрлі кебінде еттің! Мәделі Жүсіпқожаұлы(1816-1888) : «Ал,енді тыңда келдік бір жасыңа, Қосылып балалардың іңгәсіна.Бір күні ә, дегенше екі келді,Аяқта әл,шама жоқ бір басуға.Торғайдай ұшып қонған үште келді,Сөйлеткен қызық-қызық тілді ашуға Бір күні төрелердей төртің келді, Күл шашып шарқ ұратын үй қасына.Бір күні бәйге кердей бесің келді,Ойнадық балалармен қыр басында,-деп үш жаста-торғай,төрт жаста-төре,бесте бәйгекер сынды балалардың жас ерекшелігін дөп басып айтқан. Жалпысынан алғанда,адамның жас ерекшелігі туралы пікір білдірмеген қазақта ақын жырау,би шешен сал-сері,ойшыл-ғұлама болған емес Балдырған бал-бөбектер кімге де ермек,әсіресе,ата-әже үшін тіпті орны бөлек.Сондықтан қазақтар: «Өз балаңды өскенше асырайсың,немереңді өлгенше асырайсың» деумен қатар, немерені бауырға басып,қолына алатын ғұрып қалыптастырған. Шөберенің өзің «ата баласы,осы шаңырақтың кенжесі»-деседі. Қарашаңырақты сол «кенжелер» басып қалатын-ды.Бұл өмір қажетінен туындаған ғұрып болғандықтан салтқа айналған.Қарттарға қолұшын беріп,майда-шүйде шаруаға көмектесіп тұратын,әрі оларға ермек,алданыш болатын,көзі өткір,ойы ұшқыр,қозғалысы ширақ жас қажет.Әжесі:Ботам,қайдасың?Көзі құрғыр көрмейді,мына инені сабақтап жібер! Ой,айналайын,сабақтадың ба?Жарығым менің, сен менің көзімсің ғой!Атасы:-Құлыным қайдасың?Тізе құрғыр тұрғызбайды.Демеп тұрғызып жібер,таяғымды алып берші! Ой,рахмет. Айналайын, атасының сүйеніші емес пе?Осылай кезі келгенде бір-біріне демеу болу үшін,ата-әже немере-шөберені бауырына салып, шаңырағына ие болатын ұрпағын тәрбиелеп дайындаған. Қазақта отау иесін,шаңырақ иесін дайындау тым терең ойлас-тырып, зор мән беріліп,жүзеге асырылатын үрдіс. Егер шаңырақ иесі дұрыс таңдалып,оңды дайындалған болса,қартайған шағында қарттар шалқып отырып балалрының бақытына бөленіп, қызығына батып,жасы келгенде бақиға армансыз,уайым-қайғысыз аттанатын болған.Қазақ үшін «бар игілікті жасап-жасап,кәдімгі адам болып өлгеннен» артық бақыт болмаған. Қазақбайдың інісі Зерделіге берген жауабын тыңдап көрелік.Зерделі:-Несиеңіз тие ме?-деп, сұрағанда,Қазақбай қарт:- Жасымда несием,қартайғанда несібем екен.Үй тігіп,қымыз сапырып отырғаным соның арқасы-депті.Бұл сұрақ пен жауаптың табиғи мәнісі мынау екен.Несиең тие ме дегені-балаларың күте ме,жасыңда сіз оларды бағып-қағып өсіріп едіңіз,енді сол еңбегіңізді өтей ме дегені екен.Қария:-Дұрыс тәрбиелеп,жақсы өсірген бала,немере қартайғанда бақыт екен. Балаларымның қызығын көріп отырмын-дегені екен ғой! Міне,қазақтың «балаларыңның қызығын көр» деген ақ тілегі осылай орындатын.
Шаруа отбасында тәрбие,үлгі-өнеге көрсету іс- әрекеті, әулет пен тайпаның, рудың шынайы өмір әрекеттерінен айырмашылығы аз еді.Тәрбие құралдарының аясы атам заман-нан қалыптасқан шаруа отбасының қатынастар жүйесіне,еңбек қимылдарының ауқымында жүзеге асырылатын.Өнегелер міндетті түрде өмір белестерінде өріліп,тәрбие еңбек қимылдарының ауқымында жүзеге асырылатын.Мәселен бала қозы жасында-қозы бағып, бұзау қайыруға тиісті болған.Тезек теріп, шөмшек отын дайындау да,осы жастағылар үлесіне тиген.Мал сауып,төл бөлу,қозы көгендеп, құлын тарту қозы жасындағы балалардың басты еңбегі еді. Қазақ ұлы онға толысымен қозы жасына келді деп есептейді. Қазақ ұғымында,азамат қалыптасу негізі 3-13 жаста қаланады.Қозы жасындағы бала онбеске толысымен отау иесі делініп,қозы бағудан қой бағуға ауысады.Ол,жәй ғана солай ауыстыра салу емес,үлкен оқу,мүқият баулудың нәтижесі.Қозы бағу оңай болмағанымен,қой бағу тіптен қиын. Бүл жастағылар,ата кәсібін-маман иемденуі қажет.Сондықтан,он бес пен жиырма бес арасын қой жасы деген.Он беспен жиырма бестің арасын қой жасы деуі-бір қора қойды ит-құсқа жем қылмай,жоғалтпай бағу,жауын-шашында,боранда аман сақтау, азаннан қас қарайғанша жалықпай жанында болу,жалғыз жүру осы жастағы адамдардың ғана қолынан келеді. Бұл қой жасынан еті тірілер, шыныққандар, сенімділер ғана өтіп,жылқы жасына ауысады.Қашан да болмасын, жиырма бес жас- белдің бекіп, бұғанасы қатайып, өсіп жетілген, тебіннің күшейген кемел шағы. Ат құлағы көрінбейтін боранда, түкірігі жерге түспейтін қаңтардың сары шұнақ аязында. тұмсығына оқтаудай мұз қатқан, кірпігіне ақсүңгі қырау тұрған атпен жүріп үйір-үйір жылқыға ие болу,күртік қарды белуардан ойып тігілген қоста жатып, жылқы отарлату,ұтылап тосатын,ұлып артыңнан қалмайтын қалың қасқырға шалдырмай,екі күннің бірінде тебініп келетін сақадай сай жауға алдырмай жылқы бағатын,жиырма бес пен қырық жас арасындағы жігіттер ғана. Жылқы жасындағы қазақ,ата кәсіптің ең маңдайлысы-жылқышы мамандығына қол жеткізуі тиіс. Бірер дарындылары,осы жаста атбегілік өнерін игерген.Қырық пен алпыс арасын патша жасы деудің өзіндік мәні бар.Қырықты қазақтар әспеттеп, қынынан суырылған қылышқа теңейді. Себебі, осы жастағы өнер иелері өрге жүзіп баршаға танымал болады, таланттылар атағы әйгіленіп, халық алдында көзге түседі, шешендері билік жасап, бағалана бастайды, көсемдері көзге түсіп,хан, сұлтан,болыс болып,ел басқарады. Алпыстан асқан соң пайғам-бар жасы басталады.Бұл шығыс мұсылмандарына ортақ жас.Осы жастағы қазақтар-дың,шындығында құлшылық жасау іс-әрекеті кемелденіп,нағыз мұсылмандық жолында қалтқысыз еңбек етеді.Аллаһ таһалаға жақындау ниеті шын пейілмен,адал көңілмен жүріледі.Ал,жетпіс пен сексен арасы–қазынажасы. Қазақтар бұл жасты әр қырынан қарап, тым құлпыртып айтатыны да бар.Мысалы, ақылгөй, данагөй,ақылман, білгір ғұлама жас.Тоқсаннан асқандарын, қазақтар, «бала жасындағылар»,«маймыл жасындағылар» деп теңей айтады. Бұл теңеудің де орны бар.Ол жастағылардан баланың да,маймылдың да мінезін,қимыл- әрекетін аңғаруға болады. Кей өлкеде–абыз жас дейді. Қазақта мүшел жас ерекше жиі қолданады және оны есептеу үшін жыл қайыру амалы енгізілген.Көптеген халық жылды мүшелмен есептейді. Он екі жыл уақыт мүшел деп аталады. Мүшелдегі жылдар он екі түрлі жануардың атымен аталады. Бұлардың алтауы-үй жануары, алтауы түз тағысы.Осы кезде,кәзіргі жыл санау мен ескі жыл қайыруды кестелеп пайдалану жиі қолданылуда. Мүшелдегі жылдардың ретін еске сақтаудың оңай әдісі бар.Ол үшін мына бір шумақ тақпақты жаттау керек. Түйе сеніп бойына, Қалған ұмыт жылдардан, Жатпа қарап,мойыма, Тайма именіп ділмәрдан./С.Мұқанов/ Осы шумақтағы әрбір сөз жыл санауда қолданылып жүрген жануарлар атының алғашқы әрпінен басталады.Түйе-тышқан, сеніп-сиыр,бойына-барыс, қалған-қоян, ұмыт-ұлу, жылдардан-жылан, жатпа-жылқы,қарап-қой, мойыма–мешін, тайма-тауық, именіп-ит,ділмардан-доңыз. Бірінші мүшел-13 жас (балалық шақ, азамат қалыптасудың ірге тасы қаланады Қазақ атамыз,сәбилік , балалық шақтан соң жастық шақты атайды.Ол-онбестен жиырма бес жасқа дейін Екінші мүшел-25 жас.(Ұлтжандылықтың ұшқыны қоздайды.) Бозбалалықтан өтіп, (бойжеткен, қалыңдық атанудан өтіп жар болған жас) жігіттік жетілу,азаматтық нығаю, адамгершілік толысу жасы.Қазақтың бәрінің шаттықпен еске алатын қайрат-күштің,талап жігердің алаулау жасы. Есею шақ жиырма бестен отыз үш жасқа дейін. Кемелдену шақ-отыз үш жастан, жетпіс төрт жасқа дейін. Үшінші мүшел-37жас. Алды-артына көз тастап,ой жүгіртетін, ақыл тоқтатқан, азамат атанған,«орда бұзуға да»- қайрат-күші жеткілікті,нағыз жас қазақ. Төртінші мүшел-49 жас. Елағасы болуға жараған,өнердің асқарына шыққан, орта жастағы толысқан қазақ Бесінші мүшел-61 жас. Дәулет ырысы молайған,адамдық барлық қасиет толық қалыптасқан,ақыл-ойы кемелденген, «алпысқа келгеннен ақыл сұра» деуге тұрарлық асыл қазына жасы.Алда пайғампар жасы тұр. Дән -дәулет,ырыс-береке,мал-мүлкі молайған,тамыры тереңге кетіп, бұтағы төрт құбылаға тең тараған ата қазақ.Алтыншы мүшел-73 жас.Үрім бұтағының келешегіне үнемі көңіл бөліп, қайғы уайым ойлайтын,күш қуатына шек келтіре бастаған, қарттық жасы таянған,ақсақал қазақ Жетінші мүшел-85 жас. Қарттық жас. Қазақ дұрыс қартая білген.Бұл жаста қазақ ақ өңді киімдерді тұтынатын,қол-аяғын,үсті –басын мұнтазадай таза ұстайтын, бала-шағасы жас баладай мәпелеп, асырап-сақтап, күтіп-бағатын ақуыз балапан жас.Қосағымен қоса қартайған нағыз бақыттылар жасы.Өткен шақта, қазақтардың орта жасы осы 75 жас сияқты.Себебі, қазақ азаматы үш ат қартайтуы тиіс екен,Нағыз сайгүлік 25 жасайды десек он жасынан ат мінген қазақ осы жетпіс беске келуге тиіс.Қазақтар арасында, ат қана емес, ер азаматқа әйел қартайтуы тиіс деген ұғым бар.Осыны еске алып есептесең де 75 қазақтың орта жасы болған. Кәрілік жетпіс төрт жастан басталады. Қарттар-тарих, қазына,ел қазығы.«Есік алды төбе болса,ерттеп қойған атпен тең. Ақылды қартың болса, жазып қойған хатпен тең»,«Ақылды қария-ағып жатқан дария», «Қариясы бар үй-құты бар үй» екені ақиқат. Аталарымыз:«Жас кезімде бейнет бер,қартайғанда дәулет бер» деп тілей. жүріп,қарттық келмей қоймайтын табиғи құбылыс екендігін түсінген.Асыл қарттарымыз-ұлы байтерек болса, біз соның бүршігіміз.Қыңырды жөнге,қисықты тезге салған,осы қарттардың жолымен талай ұрпақ тәрбие алып,өнер-білімнің жолын тауып,шыңдалып жетілді,тасты тесіп өскен шынардай заңғар да,айбынды қазақтар- бабалар сынығы, асылдар тұяғы.Халық өз ұрпағына қайрым-дылықты ес біле бастағаннан үйретіп тиісті талап қою,дағдыландыру арқылы,оның тұрмыстық салтына,адамгершілік дәстүріне енгізе білген.Адам өміріндегі ең ізгі істердің бірі-қарттарға қамқорлық көрсету болмақ. Отбасындағы үлкеннің кішіге көрсеткен қамқорлығы, кішінің үлкенге көрсеткен ізеті,бір-бірімен үйлесіп, баланың ата-анаға, әке-шешеге,өз кезе-гінде,оның бала-шағасына мейір-шапағаты ұласып,ер азаматтың еліне қызмет ету қайрымдылығының қайнар көзіне айналады.Абыз ақсақалды, шежіре кеуделі анасы бар шаңыраққа бас сұқсаң,ашулы кітап, шашулы қазынаға тап боласың. Мұндай отбасылар саны азайғанмен,Аллаһқа тәубә, жұрнағы үзіле қоймаған,жалғасы жапырақ жайып келеді. Ал,100-120 жасқа келген қазақтар бұрын да болған,кәзір де бар.Сегізінші,тоғызыншы,оныншы мүшелер 97,109,121 жасқа сәйкес келеді.Олар адамның ұрпақ сүю,немере шөбересінің қызығын көру,бақытқа кенелу жас,абыз жас.Абыз жасына жеткен кез-келген қазақ –адамтанушы.Ол жасты келешекте кім болатынын жазбай танып,батасын бере алатын болған. Қазақ танымында әр жылдың құт берекесі,игілік несі-бесі бар. Тышқан жылы-тірлікті жыл.Құштарлықты-бірлікті біл.Сиыр жылы-еңбекті жыл. Сыйлы жыл боп еңбек қыл.Барыс жылы сәтті құтты.Баян етер сәттілікті.Қоян жылы құт қонады.Кейде малға жұт болады.Ұлу жылы әрекетті.Ұлғайтады берекетті.Жылан жылы құрғақ болар,жылға дымы құрғап қалар.Жылқы жылы-мархаббатты.Жырғап өтер әр талапты.Қой жылы мол өнім болар,қораларың төлге толар.Мешін жылы бақ жарасым. Мереймен іс атқарасың.Тауық жылы –арманды жыл.Тауып істі шаруаңды біл.Ит жылы тым мазасыздау.игермесең азасың-ау! Доңыз жылы-байсалдылық,Дос табады жайсаң құлық.Аталарымыз жыл қайыруды ауызша өте жылдам жүргізетін. Олар жасын сұрағанға: жылы не екенін ғана айтатын. Басқаның туған жылын анықтағанда қай жылғы екенін білсе жеткілікті болатын,қалғанын өзі есептеп алатын. Қазақ адамтанушылары жұлдыздама ашып,балалардың бейімділігін,икемін анықтап,оның келешегіне болжам жасайтын. «Жұлдыздама» атты адамтану қазақ ілімі ұлт өкілінің өсіп жетілу,нығайып кемелдену,жан дүниесінің өзгешелігін, мінез бітісінің ерекшелігін тамаша талдап, этнопсихологиялық мәселелерді әжептәуір шешкен.Осы күндері қарттарымыз жыл қайыру үшін,әрқайсысының қолында қол телефон болғандықтан.өздері жасап алған кестені көбірек керектенуде. Аталған жыл цифрін он екіге бөледі де,қалдығына қарап қандай жыл .екенін біле қояды. Мысалы;2016:12=168,қалдық- 0.мешін,қалдық-1-тауық,2-болса ит, 3-болса доңыз,4- болса тышқан,5-болса сиыр,6-болса барыс,7-қоян,8-болса ұлу,9-болса жылан,10-болса жылқы, 11-болса қой.Бүгінгі қарттарымыз,бүкіл халық болып,ел болып дінімізге бет бұрғандықтан күн тізбегін Хижра жылы бойынша есептеуге де жаттығып алды.Тіпті ауыз ашу,сәре ішу,намаз уақытын да болжай алатын,дәл білетін дәрежеге жетеқабыл болған.Бұл істе, мұсылман мәдениетін тарату,қолдау орталықтарының көмегі шексіз.Біздің заман-ымыздың 622 жылы арабша бірінші жыл болып есептеледі.Бұл жыл яғни 622 жылы шілденің 16 жұлдызында қараған түні Мұхаммед(с.ғ.с)Меккеден Мәдине қаласына көшті.Хижра күнтізбесі осы күннен басталады. Хижра (хижрат)араб сөзі, туған жерінен көшу,елінен ауу деген мағынаны білдіреді. Хижра мен Григорий күнтізбе аралығындағы айырма-шылығы мына амалмен есептеледі. Мысалы хижраға - 1434жыл,біздің 2013:Ал,біздің 2014 жыл хижраша 1435, 2015 жыл-1436,2016-1437.Есептеу амалы;1437-ні 33-ке бөл.1 437:33=43 бүтін 28 қалдық 1437 ден 43 –ні шегер.1437-43=1394, оған 622-і қос. 1394+622=2016 шығады. Григориянша 2015 жыл хижраша нешенші жыл? 2015 тен 622-ні шегер 2015-622. =1393.Айырманы 32-ге бөл. 1393:32=43(17)оны1393-ке қос.1393+43=1436. Демек 2015 жыл хижраша 1436 жыл екен.«Адам өмірі» деген деген ертегіге зер салсақ, жаратушы адамға 30 жас беріп,былай деген екен: «Сен адам,жаралғандар ортасында түр-сипатың артық.Басқа мақұлықтар бәрі сенен төмен болып,сенің әміріңде болады, олардың баршасына сен үкім қыларсың.Саған сөйлеуге сөз,ойлауға ақыл бердім.Тепсең темір үзетін күш-қуатың бар,жұмыс жасарлық аяқ-қолың бар.Жарық дүниенің патшасы өзің боларсың! Алайда,адам азырқанып,алмай кеткен басқа жануарлардан жас қосып алған екен. Мәселен, есектің жиырма жасын,иттің 20 жылын,маймылдың 30 жасын жалынып сұрап алған адам 100 жасайтын болған.Адам 30-50 жас аралығында есектей ауыр жұмыс жасап көп мехнатпен ғұмыр кешеді.50-70 жасқа дейін адам,өзінің үй маңындағы оны-мұныларын қарап күзетуге,бас-көз болуға құмар. Кейде не болса соны кәдік көргіш келеді.Сол кезде кім болса соған айқайлап,сүйекке таласудан таймайды.Бұл адамның иттен алған жасы болмақ.70-тен асқан соң адам аз-аздап ақылынан айрылады.Бала тәрізді болады.Ол уақытта белі бүкірейіп, денесі иіліп те кетеді.Балаларға әңгіме,ойын болады,бұл маймыл жасы екен. Адамның жас ерекшелігі мен оның сипаттамалары туралы ұғымдар тым мол.Бір ақын қыз: «5 күшік, 10 ит,20 бөрі,30 арыстан, 40 қабылан,50 өгіз,60 арқан,70 тұсау,80 шідер,90 торғай, 100 жұмыртқа» деп адамның жас ерекшелігін,күш-қуатын жасырып жұмбақтаған.Сонда қарсылас ақын: «5 жаста адам мысалы күшік мінезді,10-да иттей,20-да бөрідей,30-да арыстандай,40-та қабыландай,50-де күші мол өгіздей,60-та аттай арқандалады,70-те оның үстіне тұсауланады,80-де арқан,тұсау үстіне шідер салынады.90-да торғайдай халі болады,100-де шертіп қалсаң жарылатын жұмыртқадай қауқары қалады» деп шешкен. Шалақын(1748-1819) толғауларында нәресте,бөбек, сәби, бозбала жан дүниесінің қалып-тасу, даму ерекшеліктері хақында да салиқалы ой түйіндері кездеседі.Үш-төртте талап еттім асық жинап, Жүгірдім жалаң аяқ жанды қинап. Бір жаста ,екі жаста бесіктемін, Бес жаста тәңір берген несіптемін. Алты жаста қайыңның тозындаймын, Он жаста сүт емген қозыдайым,Он бесте жарға ойнаған лақтаймын,-деген өлең жолдарынан бала сана-сезімінің даму дәрежесі,ішкі сыртқы әсердің оған ықпалы жалпы түрде болса да аңғарылып тұр.Шернияз Жарылғасұлы(1807-1867) жігіттік кезеңді былай сипаттаған: «Шабатұғын қылыштай жылтың еткен 25,орда бұзған 35,қынсыз қылыш 45,емен шоқпар 55.»Адамның жас ерекшелігі туралы Әйгілі Жетес бидің сөзін мағыналы тұжырым деуге тұрарлық. «Онға келдім ойнадым, қызығына тоймадым.Жиырмаға жеттім-бойладым,онда да балалықты қоймадым.Есейе келе жақсы сөзге сүйсіндім, жаман сөзге күйіндім,барымды бойға киіндім,сұлу-қыз келіншектерге шүйілдім,жауларыма түйілдім. Отызға келдім-алтайы қызыл түлкі болдым;қыран бүркітке алдырмадым,құмай тазыға шалдыр-мадым,қатар құрбының көңілін қалдырмадым.Қырыққа келдім арғымақтай аңқыл-дадым,тау тасындай саңқылдадым,ақ алмастай жарқылдадым,құз қыранындай шаңқыл-дадым ,барымды жоқ деп сарқылмадым.Елуге келдім биік қырға шықтым,арғы жағының алыс-жақынын байқамадым, дәулетімді шайқамадым.Алпысқа келдім-алты тарау жолға түстім; қайсысының алыс-жақынын білмедім.Жетпіске келдім жеңілгенімді білдім, бала мен келінге билігімді бердім, айтқанына көндім,айдауына жүрдім.Сексенге келдім-оң жағым от,сол жағым су ,алдым жар,артым құз қалай қозғалсам да тірлік деп біле алмадым,-деген екен.Осы және басқа дәйектерді ескерсек,әрбір он жасты адам ғұмырының бір белесіне балаған,қазақ адамтанушы-ларының сипаттамаларының негізгі мазмұны бір екенін аңғаруға болады. Олар ортақ ойды, әртүрлі теңеу, көркемдік әдіспен құлпыртып ұсынған.Адамзатқа ортақ,оның жандүниесін,ерекшелігін танып білетін әдіс-тәсілдердің,қағида-ережелердің бар екені белгілі. Ал,қазақ халқында оған қоса тарихи-жағарафиялық ерекшелігіне және тіршілік тынысына сай келетін ережелер мен қағидалар, амал-тәсілдер бар екендігі айқын.Қазақ адамтанушылары-қауым ортасында сыншы (сынақшы дейді кей аймақтарда) деген атпен белгілі.Жалпы қазақ қауымында адам сыншысы,ат сыншысы,құс сыншысы,түс сыншысы (түс жорығыштар),жан танушы,тілмаш,жұлдыздамашы, жауырыншы, құмалақ-шы, санақшы,оташы,бақсы-бәлгер, тәуіп-көріпкел,көзбайлаушы, емші-домшы,сәуегей, әулие сияқты ерекше дарынды адамдар аз да болса болған еді, бар еді. Адамтану қазақ ілімін өмірге келтіріп,өсіріп дамытқан осылар еді.Бұл асыл мұра қордалана келе қомақты білім қорына айналған.Оларды жинақтап теріп, бірі-біріне үйретіп ұқтыратын,айла-амалдары да болған. Мысалы,түрік заманында,кәзіргі Саян-түркілерінде сақталған аңызға қарағанда екі жұма ғана оқытатын «бақсылар мектебі» болған. Д.Банзаров,Ш.Уәлиханов,Ә.Дибаев еңбектерінде,қазақ бақсыларын көзімен көріп,өнеріне тамсанған Г.Н.Потанин, П.П.Семен-ов-Тяньшанский сипаттамаларына сүйенсек,бақсы-талантты адамдардың ұзақ уақыт оқып жаттығу нәтижесінде игеріп меңгеретін,тым күрделі мамандық,асқақ өнер, тұқым қуалайтын,оқып үйренуден гөрі тоқып дағдылануы басым болған,Жаратушыдан арнайы жіберілген, аруақ аян беріп,жын қонғандар игеретін ерекше өнер,арнайы кәсіп. Ш.Уәлихановтың сүреттеуінше,«...бақсы тылсым дарыған білгіш,оның ой-санасы өзгелерден ерекше тұрады,өзі ақын,өзі музыкант,өзі болашақты болжайды, әрі дәрігер болады. Қазақ арасында әрбір кісі бақсы бола бермейді.Бірақ,үш атасынан жалғасқан бақсылар қазақ рулары арасында аз да болса болған.» Қ.Жұбанов:«Ноғайларда бақсы музыкант,көркемөнерші мағынасында қолданылатын белгілеген.Түркімендерде бақсы аталатын музыкант жәй өнерші, жәй музыкант қана болып қоймайды.Осы күнгі түркімендер музыкантты, «бақшы» дейді.Осы күнгі сібір елдерінің көпшілігі-алтай, ойрат елінде музыканы көрінген кісі ұстамайды,ол елдерде музыкант тек шамандар ғана болады Қария сөз айтушысы, тарихи оқиғаларды жырлап беретін жыраулар оларда тұқым қуалап отырады.Бірден-бірге үйрену, белгілі школа болу, профессионализм күштірек. «(Қ.Жұбанов. Шығ., А.,1970 19-б)-деп белгілеген.Тәңірімен,аталар рухымен «тілдесе» білетіні адамның жан күйін өзіне болжайтыны бағындырып,шешен толғай-тыны, болашақты оларды ел басқарушылар алдында қадірлі көрсеткен.Сондай ұлы бақсылардың бірі-керейлердің (урианқай) атақты жырауы Төбе тәңірі (шын аты Көкше тәңірі) Шыңғыс ханға кеңесші болған. Атақты бақсы жасырын сырды айыра білетін керемет иесі саналған,өзін «Мен тәңірінің өзімен тілдесемін, көкке шығып жүремін» деп дәріп-теген.«Бақсы» болушыларды арнайы орындарда, яғни мектептерде дайындайтын болған деген тарихи деректер кездеседі.Бақсылық шәкірттерге, дәуперім бақсы өнерін жетік меңгерген ғұлама бақсылар сабақ беретін болған.Оған кейбір деректердегі: «Кезінде күллі көшпенділер әулетінің бақсыларын дайындайтын орыны, яғни оқу орыны-мекені Байкөл (Байкал) көлі маңайында, Амар (Жайсаң Тынық) өзені жағасындағы ну орман ортасында болғаны жайлы да жазба деректер баршылық.Бұл бақсыларды арнайы қажетті адамдар деп көрушіліктен туындаған қажеттілік болмақ. Орта ғасырдағы күллі көшпелілерге аты әйгілі Көкеші бақсыны осы мектептің түлегі деген де болжам айтылады» (Биқұмар Кәмалашұлы). Ол Шыңғыс ханның ордасында отырып, «сен дүние жүзін билейсің» деп сәуегейлік жасаған делінеді. Төбетәңірі қыстың суық айларында көтеріліп, Керулен өзенінің мұзына жап-жалаңаш жатқанда оның денесінің жылуына мұз еріп, буы бұрқырап аспанға көтеріліп жататын болған. Ханның өзіне қарсы келіп айтатынын айтып салатын, арынды, тура. бақсы болыпты Бір соғыста ол, жайдың көк тасын өз әскерінің төбесіне түсіргендіктен,хан оны өлімге бұйырады. Төбе тәңірімен қатар шыққан ұлы бақсының бірі Есей Бұқа Оқтай заман-ына дейін жасады. Бұл ұлысқа тәрбие беруші-өзі ғалым, өзі ұстаз, жырау. ХІІІ ғасырдың отызыншы жылдары ол әбден қартайып,әржерге күймеге отырып барып жүрді.Оның туып өскен жері осы күнгі Алакөлдің төңірегі. (Ә.Марғұлан . Ежелгі жыр аңыздар,А., 1985 . 212-б.) Бақсылар өз кереметтерінде өз қарнын өзі жарған. Басып жатқан албастысын қуып, қобызының үні арқылы босана алмай жатқан әйелдерді аман босандырған. Болжамдарды дәл айтқан. Қобызын тарта отырып, қылышын аузына кіргізген, қып-қызыл боп отта қызған темірді жалаған, қызыл шоқтың үстінде жалаңаяқ жүретіндер де болған. Сондай-ақ бақсылар өздеріне ғайыптан келетін алып күш иесі екенін жұртқа таныту үшін үлкен ағаштарды, темірді бармағымен, қолымен иген әрі сындырған.Жұдырығымен тасты ұрып күл-талқанын шығарған. Қобызда ойнап отырып немесе кітабы бойынша дұға оқығанда киіз үйді тік көтерген.Өздері киіз үй төбесіне жәй ағаштың көмегімен шығып кеткен.Неше түрлі ғаламат үн, алапат жарқыл шығарып үй ішінде ойнақ салғанда, жұрт арасында осындай жойқын сиқырлық күш иелерінен сескену де пайда болған.Әйтсе де бақсылар халықтың ғаламат ғажайып өнер көрсететін ең құрметті адамы болды.Бақсы адамдар үшін табиғаттың тылсым күшін пайдаланып,ауыр сырқатына дауа іздеген сенімді дәрігері әрі құтқарушысы болды.Бұл ғылым дамымаған кезде халық денсаулығының сақшысы болған бақсылардың халқына көмегі еді.Тәңірге табынушылардың сәуегейі, бақсылардың пірі Қорқыт ата болды. Қорқыт ата бақсылық өнерінің атасы әрі негізін қалаушы да.Өз заманында Қорқыт ата басына төнген қауіптен қорықпады.Ол өлмейтін, мәңгі жасайтын өмірді іздеп, өлімнен қашумен болды. Бұл бір адамдарға адасу тән болған, қоғамды надандық жайлаған жаһилет заманында Құдай заңына қарсы шығудың көрінісі іспетті еді. Ешкімнің де батылы бармас, көзсіз қайсарлықтың Қорқыт ата бойынан табылуы оның шынымен-ақ табиғаттың тылсым сиқырлы күшіне сенгендігі ме деген ойға қаласың.Қорқыт ата өзінің қобызының үнін зарлата, мұңдата, жер бетін тебіренте және адамдарды артынан ертіп жылата жүріп, өмірін өте ауыр тағдырмен өткізді.Ол уайымсыз, ұрыссыз, қайғысыз, тыныш, еркін өмірді іздеді. Соны аңсап жержаһанды шарлады.Ол өлімді бір зұлымдықтың басы деп түсінді. Қысқасы,Қорқыт ата адамдарға өз қолынан мәңгілік өмір сыйлай алмаса да артына, дертке дауа іздеп адамның тұла бойын шымырлататын зарлы күйі мен қобызын қалдырды. Осы мұрасын пайдаланған бақсылар ауру алдында Қорқыт күйін қобызы арқылы тартып, көмекші "рухтары" арқылы дертке дауа іздеді. Бақсылар емшілікпен қатар, балгерлікпен де шұғылданған. Олардың келешекті болжайтынына,адамның тағдырын шешіп, оның ойын сезіп тұратынына, өткен өмірін де ашық айтып бере алатынына, табиғи құбылыстар тудыра алатынына, жын-шайтандарды қуатынына халықтың белгілі бір бөліктері бұрын да, кейін де сенді. Оған негіз де жоқ емес еді. Адамның өз табиғатындағы ғылым ашпаған жұмбақтар әлі толып жатыр.V ғасырдағы ғұн патшасы Еділдің айна-ласында көптеген даңқты бақсылар болған. Олар әрбір күрделі оқиғаларды күні бұрын болжап, патшаға жеткізіп отырады екен. 451 жылғы Каталаун шайқасының тағдырын Бақсылар құмалақ ашып, бірнеше күн бұрын айтып берген. Болжам дәл келген. Бақсылық тұқым қуалайды, ол адал, жаны таза, иманды адамдарға қонады, өз жолын дұрыс ұстай алмаса “қасиеті таяды” немесе“бақсылық буып” кемтар болып қалуы да мүмкін. Шынайы бақсылардың алдамшы, көзбояушы емес, психикалық жаратылысы ерекше жандар екендігі-ғылыми тұрғыда дәлелденген. Адамға бақсылық қонғаннан кейін тазалық сақтап, бойына қонған жындармен көмекші рухтарын үнемі риза қылып, «ренжітпеуі» талап етіледі. Олай істемеген жағдайда ол адамды «жын буып», ауруға душар етеді. Неғұрлым күшті бақсының жындары да көп әрі әлеуетті деп саналады. Ел ішінде жауырыншы, тамыршы, есепші, алақан-саусаққа қараушы секілді бал ашушылар кездеседі. Осыған қарамастан қарапайым жұрт көбінесе құмалақшы көмегіне жүгінеді. Қысқасы, қырық бір құмалаққа сенетіндер саны аз емес. Бұл көріпкелдік түрі тек бізге тән емес көрінеді.Құмалақ салу ісімен Орта Азия мен Кавказ, Үндістан мен Иран, Тибет пен Корея, Жапония мен Америкада болғандығын тарих беттерінен жақсы білеміз. (Қазіргі таңда оған елімізде мән беріліп келеді. Дегенмен, кейбір жағдайда оны тек пайда табудың көзіне айналдырып алғандар аз емес.) Қысқасы, құмалақшы деген ұғымның пайда болғанына қаншама ғасырлардың жүзі болды.Ол ерекше қабілеттің бірі болғандықтан халқымыз бен бірге жасасып, келеді. Ғалымдар бал ашуды негізінен астрономиялық және астрологиялық деген екі үлкен топқа бөліп қарастырады. Бал ашу іштей түр-түрге бөлінеді. Атап айтқанда, геомантия жердегі өзгеріс әрекетті, қимыл-қозғалыстарды бақылайды.Ал,хиромантия-алақан, саусақтарына қарап, болашақты болжайды деген ұғым бар. Сондай-ақ, . арифмантия-нақты есепті болжам жасайды.Он сегіз мың ғаламды толық танып, біле алмай келеміз. Адамның ақыл-ойы қанша жерден дамып кетті десек те, аспан әлемінің қыр-сырына қанығу қолымыздан келер емес. Зеңгір көкте әзірге зердеміз жетпей жүрген жайлар баршылық. Бәлкім, ғылым мен технология қарыштап дамыған бір заманда бәрінің кілті табылып қалар.
Қазақ халқында осы айтылған, балгерлік, көріпкелдік, адамтанушылық талпыныстың бәрі болған.Оның бір түрі бір дәуірде өршелене дамып кетсе,бір дәуірде құлдырап келіп жойылып та кеткен. Қазақ халқының даналығы табиғаттанудағы, адамтанудағы, өнер табудағы, ағартушылықты жетілдірудегі ойшылдықтан, талпыныстан құралды, тірлік пен рухқа сүйенерлік сенімде жалғасын тапты.Қазақ адамтану ілімінің кейбір өзгешеліктерін атайық. Бірінші.Тәнтану мен жантану арасындағы айырмашылық тым айқын емес, ауырудың негізгі белгілерін танып білу жорамалға жақын.Емдеу амалы дәрілік негізден гөрі жансезімдік әсерді басымдырақ таңдаған.Алайда,табиғи ем дәрілерді өздері жасап,әрі табиғаттан тікелей алып керектенгендіктен өте тиімді болған. Екінші.Адамтануда,әсіресе,ұландар мен бүлдіршіндердің келешегін,олардың ықшам-ыңғайын,бейім-бағытын, жан-жақты бақылап,ұзақ сынау ,терең талдау негізінде толық анықтай алған. Үшіншіден. Қазақтың адамтану ілімі табиғаттанумен астарласып жатады.Анығырақ айтқанда малтану қазақ білімі күнделікті тіршілік жағдайында үнемі айқындалып отыратындықтан,жүйрік-жорға сайгүліктерді айырып білгіштер,қыран-құс алғыр тазыларды сынаушылар,емдік дәрілік шөп өсімдіктерді танушылар,аң-құс,жан-жануарлардың ағзалары мен мүшелерінін,коректік-тағамдық артықшылығын,емдік қасиетін танығыштардың жинақтаған білімі-адамтанығыштарға, емшілерге үнемі көмек болып отырған. Төртіншіден.Қазақтың сал-серілері,би-шешендері,абыз-қариялары-өздері шынайы адамтанушылар болумен қатар,билік-кесімдерінде,еңбек-шығармаларында,іс-әректтерінде бақсы-балгер,көріпкел-диуана,емші-сынақшылардың адамтану жөніндегі білімдерін өте орынды пайдаланып отырған.Бесінші. Адамтану қазақ ілімі екшеліп іріктеліп,бір жүйеге келтіріліп,толық танылып,қажет етуші адамдарға қолғабыс болар-лық,көмегі тиерлік дәрежеге жетпей отыр.Ғылыми айналымға толық түсу үшін байсалды зерттеулерді қажет ететіні түсінікті. Бұлай жасаудың өзі көпжақты қиындықтар мен бөгеттің, әлсіздіктер мен пәрменсіздіктің ,шылауынан шыға қою оңай болмас. Біз осы кітапшаны жазуда,азды –көпті пайымдау жасауда,алға қойған негізгі мақсатымыз:адамтану қазақ іліміндегі жас ұрпақтың өмірлік жолын,мінез бітісін,жас ерекшелігін, икем-ыңғайын, тума-талантын бажайлау, бейімділігін пайымдаудағы ұлттық тәсілдер мен мінез-құлық,әдеп әдеттерін игертудегі сана-сезімдік бағдарларын бағамдау болып табылады .Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 1879 жылы Орынбордан шыққан, «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығында «Қазақ халқы азбаған, табиғи таза халық. Оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сия алмайды: ой-пікірі еркін; оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр»деп жазған.«Бұрынғы уақытта-деп жазды Ж. Аймауытов пен М.Әуезов «Қазақтың өзгеше мінездері» деген мақаласында;-қазақ елі ұйымшыл, ері жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы ірі, бітімді, қайратты, сауықшыл ел болған екен. Досымен достасып, жаумен жауласуға табанды, қайғыра да, қуана да білетін халық екен »-дейді.Ал, М.Қашғари,өзінің сөздігінде: "Түркілер көрікті, өңдері ұнамды, жүздері мейірімді, әдепті, үлкендерді құрметтей білетін кішіпейіл,уәделеріне берік тұратын мәрт жөне сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашык-жарқын жандар"-деп белгілеген.Арабтың атақты жазушысы әл-Жаһиз:«түріктер-жалтақтауды, жалынуды,жылтыр сөзді,опасыздық, -сатқындықты,өтірік айтуды, сенген адамдарына тәкәппарлық көрсету мен жамандық жасауды, арам ойлауды білмейді» деген.Поляк жорналшысы А,Янушкеевич: « Қазақтардың ақыл-ой қабылетінің зорлығына барған сайын менің көзім жетуде.Сөздері қандай жеңіл! Әрқайсысы айтайын деген ісін түсіндіруге де,қарсыласының дәлеліне тойтарыс беруге де шебер, тіпті, балаларының ақыл-есі де тез жетіледі»-деп жазды.Осы қасиеттер ген арқылы бүгінгі қазақ халқының бойына беріліп отырғандығы сөзсіз.Тектен дарыған қазынамызды тәрбиелеп, келер ұрпаққа қалдыра алсақ игі.Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне грек философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше.Анығырақ айтқанда,адамтану қазақ ілімінің түп-тамыры өте тереңде, әрі тым тұғырлы да, негізді.Айталық.Фараби бабабымыз: «Адамның кемелдігі неде?» деген сұраққа жауап іздейді. «Балық су үшін жаралған, құс ұшу үшін, ал, адам бақыт үшін жаралған» дейді. « Бақытқа қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа «Білім мен дін , мінез- құлық арқылы» дейді. « Ол білімнің мәні қандай? Бақытқа апаратын мінез- құлық қандай?» деген сұраққа «ізгілікті мінез-құлық, рухани білім» дейді. «Оған қалай қол жеткізуге болады?» деген сұраққа « Оған: ізденіс, тәрбиелеу өнері және оқу арқылы жетуге болады.» деп түйіндейді.Ол: «"Біз жақсы мінез-құлық пен ақыл-парасатқа ие болған кезде солардың арқасында міндетті түрде бақытқа жетеміз...Бұл екеуі бар кезде біздің өзіміз және іс-әрекеттеріміз үстем де кемел болады, осылардың арқасында біз шын мәнінде қастерлі, қайырымды, инабатты боламыз"-деп ашық көрсеткен.Олай болса, адамтану қазақ ілімінің ғылыми негізін салып, тұжырымдарын пайымдау,сол арқылы тәрбиелеу амал-тәсілдерін дұрыс таңдап алу қазақ педагогикасында ертеден тиянақталған байырғы әдіс-айла еді.Оны елеп-екшеп, замандық талап тілек, мүдде-мұратқа икемдеп игілікке жарату бүгінгі ұрпақ өсіріп тәрбие жүргізуші барлық адамдардың оларға қол ұшын беріп,көмек көрсететін м амандар мен зиялы қауымның басты міндеті болып отыр.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі– Алматы: Б.Қалиев.-2014 *-адамтану зат. ғыл. Адамның мінез-құлқын, психологиясын зерттейтін ғылым. – Бұлар сендерге а д а м т а н у сабағын үйретіп, өмірдің тереңіне бойлатады, оқыңдар, айналайындар (М. Айымбетов, Құмөзек., 132). – Кейде, Баеке, бәріміз де а д а м т а н у жөнінде қателесе береміз. Меніңше, Дүйсеновты әлі де жөнге салуға болады (Жалын, 1974, 2, 55). Психология ғылымының кез келген мәселесі адамның жан дүниесінің сырымен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан салаларымен тығыз байланысты. Бұл табиғи заңдылық болашақ ұрпақтың да өмір жолы мен тағдырының әрқилы қырларымен өзара ұштасты. Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен социолог мамандар, ұстаздар мен басқару қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің бірі-адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, олардың өзара тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде? деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы.Осындай мәселенің байыбын барлап оның себеп-салдарын анықтау,тиімді жолын табу, әлеуметтік өмірде адамның мінез-құлқының қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмау,оған зиянды әсер етері даусыз. Мұндай жәйт қоғам өмірінің шиеленіскен дағдарысты жағдайында қазіргі заман адамдарына ғана емес, болашақ ұрпақтың бойында да жағымсыз мінез-қылықтардың туындауына теріс ықпал етуі мүмкін. Қазіргі кезде сондай-жағымсыз қылықтар адамдар арасындағы қарым-қатынаста да жиі байқалып отыр. Қарым-қатынас жасау адамға ғана тән табиғи қасиет. Және ол адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Ойын мен оқу және еңбек адам әрекетінің негізі түрлері осы қарым-қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілігімен бірдей. («Кәзіргі психология және оның адамтану ғылымдары жүйесіндегі алатын орны»-мақаладан үзінді.Stud. kz)