Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 6 «б»
Уақыты:
Сабақтың тақырыбы: «Қазақ тілі мұғалімі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ тіліндегі сөз таптарын меңгеру
Дамытушылық: Жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың логикасын дамыту
Тәрбиелік: «Әр елдің жаңа жылды қарсы алуы» мәтіні арқылы оқушыларды мәдениетілікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Білім беруді ізгілендіру, СТО
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, Тірек-сызбалар, дидактикалық материалдар
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті,
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасады. Сынып тазалығын қадағалап,оқушыларың сабаққа дайындығын тексереді.
ІІ.Үй жұмысын тексеру
Қазақ тілі туралы не білеміз?
Қазақ тілі әлем тілдерінің ішінде нешінші орында?
Бір сөз тізбектелген сөйлем құраңыз. Мысалы: Астана айбарлы,айбатты адамдарды ажарландырады.
ІІІ.Жаңа материалды меңгерту
Қызығушылықты ояту.
Әрбір адам?
- Туысым,досым,жұрағат
-Әрбір сабақ?
-Үйрену,ұғу,ұлағат
-Әрбір ісің?
- Тірлік,тірек,адамдық
-Әрбір сөзің?
- Шындық,бірлік,адалдық
Бұл сабақта мен жануарлар туралы оқимын. Бұл сабақта біз орысша да, ағылшынша да сөйлемейміз Ал,бұл сабақта біз көп жүгіреміз, секіреміз. Бұл сабақта есепті тез шығарамыз Бұл сабақта біз орыс тілінде диктанттар жазамыз. Сабақ кезінде қазақ ертегілерін оқимыз Оқушылар бұл сабақты жақсы көреді. Себебі біздің сынып ән айтқанды ұнатады. Біз кеше сабаққа бояуларды әкелдік. | Математика Музыка Бейнелеу өнері Қазақ әдебиеті Орыс тілі Жаратылыстану Қазақ тілі Дене шынықтыру |
Берілген сөйлемдерді оқып, пәндер бойынша сәйкестендіріңдер
Жұмбақтың жауабын шеш?
Үйретеді жуан мен жіңішкені.
Талдатып морфология белестерді.
Қазақ тілінде 42 әріп барын,
Үнемі бізге айтып үйретеді.
Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылымды
Фонетика екенін жиі айтады.
Іс- әрекет, мақсатқа жету үшін.
Белсенділік, табандыдылық қажет деді.
Бұл қай пән мұғалімі?
Әрине........... мұғалімі
Керекті жұрнақ, жалғауларды жалға
Мен жазып көрдім, сен оқ... көр...., сіз аудар.... көр...., ол таныс... көр....
Біз орын.... көр..., сендер би... көр..., мен секір.... көр...., біз қар... көр...
Жұмбақты шешіп көр.
Беті көп,
Көзі жоқ
Тілі жоқ
Сөзі дөп! (К....п) Аяғы жоқ,жүреді.
Аузы жоқ, сөйлейді Бірағашта бес тармақ. (х..)
Бес тармақта бес жаңғақ (қ(..)
«Блум таксономиясы»
Білу: Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Түсіну: Зат есім туралы не айтасыз?
Қолдану: Зат есім қандай жағдайда қолданылады?
Талдау: Зат есім мен Сын есімнің айырмашылғы
Жинақтау: Зат есімге мысал
.Бағалау: өзің айтқан сөздерді қалай бағалайсың?
Сөздермен танысып.Ертегіні кезекпен кезек оқу.
Қаңбақ шал, жел, жер, дәу,жүк,аспан,өзен,балық,айран,түлкі.
ҮІ.Қортынды
Қазақ тілі мұғалімі қандай
Қазақ тілі сабағыңда біз нені үйренеміз
Ү.Үйге тапсырма
«Қазақ тілі мұғалімі» туралы пікір жазу.
Мұғалім, қазақ тілі сөздеріне сөйлем құрастыру.