3.Дамытушылы?: Сауатты о?у ж?не жазу да?дыларын дамыта отырып, есте са?тау, логикалы? ойлау ?абілеттерін арттырып, с?з, с?йлем ойлау да?дыларын дамыту.
Просмотр содержимого документа
«Казахский язык 3 класс " ?аза?стан мерекелері "»
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы:3 «А»
Сабақтың тақырыбы:Қазақстан мерекелері.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың мәдениет аралық коммуникативтік әрекеттерін арттыру.
Сабақтың міндеттері:
1.Білімділігі: Отан туралы оқушылардың білімдерін кеңейте отырып, Қазақстан жерімен таныстырып, буын,буын түрлерін қайталау.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, іздемпаздылыққа, мәдени ұлттық құндылықтарды сақтауға ,Отанын сүюге, қазақ тіліне, пәнге, деген сүйіспеншілік, сыйластық, достық сезімдеріне тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыта отырып, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін арттырып, сөз, сөйлем ойлау дағдыларын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта ,сызба, тапсырмалар, киіз үй суреті,оқулық
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Оқушылардың сөзі:
Сәлем бердік апайға,
Сәлем бердік қонаққа.
Сәлемдесу кіреді,
Ата-дәстүр салтына.
Мұғалімнің сөзі:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
-Рахмет сендерге балалар, орнымызға отырайық.
Тіл дамыту кезеңі:
-Балалар сыныпта кезекші кім?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс айларын ата.
-Бүгін нешесі?
-Аптаның қай күні?
-Сыныпта кімдер жоқ?
-Үй жұмысына не берілді?
-Үй жұмысына барлығымыз дайынбыз ба?
Алдымен бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырайын.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы « Қазақстанның мерекелері » мақсаты тапсырмаларды орындау барысында киіз үй жасап шығарамыз. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыға жұлдызша беріледі. Жұлдызша кім көп жинаса сабақ соңында тиісті бағасын алады.Олай болса сендерге сәттілік тілеймін!
Үй жұмысын тексеру кезеңі:
Тест жұмысы
1.Біздің Отанымыз қай ел?
А) Өзбекстан
Б) Ресей
В) Қазақстан
2. Қазақстанның астанасы қай қала?
А) Қарағанды
Б ) Астана
В) Өскемен
3. Қазақстанның елбасы кім?
А) Нұрсұлтан Назарбаев
Б) Абай Құнанбаев
В) Нүркен Әбдіров
4. Қазақстанның рәміздерін ата.
А) мектеп,шаңырақ,ту
Б) Елтаңба,Ту,Әнұран
В) Әнұран,Бәйтерек, киіз үй
5.Тудың түсі қандай? А) көгілдір Б) қызыл В) сары 6.Әнұранның сөзін кім жазды? А) Абай Құнанбаев, Шәкен Ниязбеков Б) Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев В) Жандарбек Мәлібеков және Шотаман Уәлиханов. 7. Тудың авторы кім? А) Шәкен Ниязбеков Б) Нұрсұлтан Назарбаев В) Тоқтар Әубәкіров 8. Қазақстанның мемлекеттік тілі? А) орыс тілі Б) ағылшын тілі В) қазақ тілі 9. Елтаңбада нелер бейнеленген? А) бесбұрышты жұлдыз,қанатты тұлпар,шаңырақ Б) ою-өрнек, ай, карта В) күн, жұлдыз, қала 10. «Елтаңба» сөзінің аудармасы? А) Родина Б) Гимн В) Герб
Тест жауаптары Бағалау парағы
1. В « 5 » - 9,10 дұрыс жауап 2. Б 3. А « 4 » - 8,7 дұрыс жауап 4. Б 5. А « 3 » - 6, 5 дұрыс жауап 6. Б 7. А « 2 » - 3, 4 дұрыс жауап 8. В 9. А 10. В
Ой қозғау стратегиясы
« Қазақстан мерекелері »
Тақтаға назар аударайық: мынау біздің киелі шаңырағымыз. Шаңырақ астында уық іспеттес сұрақтар берілген. Сол сұрақтар арқылы мерекелерді айтып өтемін.
- 1- қаңтар?
- Жаңа жыл мерекесі.
- 8-НАУРЫЗ ?
- Аналар мерекесі.
- 22- НАУРЫЗ?
- Ұлыстың ұлы күні. Наурыз мейрамы.
- 1 – МАМЫР ?
- Қазақстан халықтарының Бірлігі күні.
- 7 – МАМЫР?
- Қарулы күштер күні.
- 9 – МАМЫР ?
- Жеңіс күні.
- 30 – ТАМЫЗ ?
- Конститутция күні.
- 1 – ЖЕЛТОҚСАН?
- Тұңғыш Президент күні.
- 16 – ЖЕЛТОҚСАН ?
- Тәуелсіздік күні.
- Айтылым әрекеті:
Жаңа сабақтағы сөздікпен жұмыс:
сөздікпен жұмыс: а) мұғалім оқиды; ә) қазақшасын хормен қайталайды.б) жаңа сөздерден ауызша сөз тіркесі және сөйлемдер құрайды.
(сабаққа қатысты сөздерді көрнекілі арқылы көрсету.)
мереке – праздник
тойлайды - празднуют
әр түрлі – разный (-ая, -ое)
тату – дружно, дружный (-ая, -ое)
тәуелсіз – независимый (-ая, -ое)
мақтан етемін - горжусь
Тыңдалым әрекеті:
Аудио таспадан тыңдау
Қазақстан туралы мәлімет беру.
Қазақстан
Біздің Отанымыз- Қазақстан. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз республика деп жариялады. 16 желтоқсан – бүкілхалықтық мереке.Бұл күнді барлық жерде тойлайды. Республиканың халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.
Қазақстан Республикасында әр түрлі ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан Республикасының Елбасы– Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Республикамыздың бас қаласы - Астана қаласы. Қазақстан тәуелсіз, үлкен мемлекет. Мен Қазақстан Республикасын мақтан етемін!
Тыңдап болған соң, мәтін бойынша балалар сұрақ дайындайды.
1. Біздің Отанымыз қай ел?
2. Қай жылы тәуелсіздігімізді алдық?
3. Қазақстан Республикасының Елбасы кім?
4. Біздің астанамыз қай қала?
5. Қазақстан қандай ел?
-Балалар, қазақ халқы ертеде көшіп-қонып жүргенде үй орнына ыңғайлы, жиналмалы нені пайдаланған екен.
-Иә, балалар, киіз үйді қолданған екен. Мынау киіз үйге керекті жабдықтар.
-Осы жабдықтармен әдемі киіз үй жасағыларың келеді ме?
-Олай болса, алтын уақытымызды дұрыс пайдалана отырып, алдымен кереге орнатуымыз керек.
1.Кереге орнату үшін мынадай тапсырма орындаймыз.
Оқылым әрекеті:
1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс:
А) мәтінді мұғалім мәнерлеп оқиды;
Ә) оқушылар тізбектей оқи отыра мәтінді аударады.
Б) әрбір сөйлемді буын жігіне талдау.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болды. Бұл күн – Қазақстан Республикасының туған күні. Тәуелсіздік еркіндік, бостандық әкелді.
2.Шаңырақ орнатуымыз керек.
Ол үшін мынадай тапсырма орындаймыз.
Жазылым әрекеті: 2- тапсырма. Мереке деген сөзді пайдаланып үш жолды сөйлем құрйық.
Алдымен қолға қалам алайық,
Дәптерді біз ашайық,
Дәптерді біз ашқан соң,
Әдемі етіп жазайық.
Ендеше бүгінгі күнді жазғанша тақтаға кім шығып сөйлем құрайды.
Мереке.
Бүгін мереке.
Бүгін көңілді мереке.
3-тапсырма. Уық қадауымыз керек.
“Қай дыбысты жоғалттым?” Сөзжұмбақ шешу
Е
Л
Т
А
Б
А
А
З
А
С
Т
А
Н
Н
Р
А
Н
Қ
А
Р
А
А
Н
Д
Ы
4. Есік орнату. Ол үшін мынадай тапсырма беріледі.
Қисынды ойлау.
4-тапсырма. Сөздерді сәйкестендіру.
әр түрлі праздник
мереке праздновать
тойлау разный
мақтан етеміннезависимый
тәуелсіздружный
татугоржусь
Киіз үйіміздің құрылымын жасадық, енді сыртына киіз жауып безендірейік. Ол үшін мынадай тапсырма беріледі. (тақтаға бір-бірден оқушылар шығару)
5.Киізбен жабдықтау 5-тапсырма
Семантикалық карта
ел
тұрғын
мереке
тойлау
ұлт
әдемі
Ашық буын
+
+
Тұйық буын
+
+
Бітеу буын
+
+
Киіз үйіміздің түндігін жаппас бұрын бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті
Сазды әуен ырғағымен «Жұмбақ өлеңдер »
Мұнда мерекелерге қатысты өлеңдер беріледі,қай өлеңді қандай мерекеде айтатынымызды анықтау. Жауабы мерекелердің суреттерімен көрсетіледі.
1
. Кел, балалар, ойнайық,
Ұлыс тойын тойлайық.
Жаңа күн келді тамаша,
Ән айтайық таласа.
( 22- НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ)
2. Айналайын, анашым,
Мереке күніңмен!
Сыйлайыншы сізге
Раушан гүлін мен.
(АНАЛАР МЕРЕКЕСІ)
3. Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар,наласы бар.
Отан үшін,от кешкен қайран бабам,
Ардагерлер азайып барасындар.
Жеңіс күні
4. Қаланыңда, ауылдың,
Думандатып әр отбасын.
Жылда бізге келеді,
Қағып 12де уақыт қақпасын.
ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ
Еліне арнап даналық сөз жолдаған, Мерейіңіз үстем болсын Елағам. Келешегін Сізге сеніп тапсырды, Халық әркез өзіңізді қолдаған.
ТҰҢҒЫШ ЕЛБАСЫ КҮНІ
6- тапсырма. Түндік жабу.
Ел сөзін үш жақта тәуелдеп жазыңдар.
І жақ. Менің ел- ім
ІІжақ. Сенің ел - ің
Сіздің ел - іңіз
ІІІ жақ. Оның ел - і
«Ел» сөзіне фонетикалық талдау жасату.
2 әріп , 2 дыбыс, 1 буын.
Е – жіңішке, дауысты дыбыс.
л – үнді, дауыссыз дыбыс.
Киіз үйімізді жасап болдық, бірақ бір әдемілік жетіспей тұрған секілді. Ол не?
-Әрине ою.
Тілдесім әрекеті: 7- тапсырмамыз ою жабыстырып безендіру. Жұбыңмен сөйлесу. (тақтаға екі оқушы шығып, слайдтағы диалогті кезектесіп оқиды, оқып болған соң киіз үйге ою жабыстырады).
- Сәлем, Диана! -Сәлем, Валерия! -Біз бүгін қандай тақырыпты өттік? -Біз бүгін “Қазақстаның мерекелері” тақырыбын өттік. -Мерекелер туралы сөз еттік. - Осы айда қандай мереке болады? - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні. - Ол қашан? - 16 –желтоқсанда. -Жарайды, сау бол! - Сау бол!
Сабақты бекіту.
-Балалар, біз бүгін қандай тақырыпты өттік?
-Тапсырмалар арқылы не жасадық?
-Киіз үйіміз әдемі болды ма, балалар?
-Сендерге сабақ ұнады ма?
-Ендеше, мына ақ қағазға өз көңіл- күйлеріңді жабыстырыңдар.
Бүгін барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Сендерге үлкен алғысымды білдіремін.
Ендеше бүгінгі сабақта кім қанша жұлдызша жинады екен?