Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында студенттердің сөздік қорын молайту тиімділігі»
Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында студенттердің сөздік қорын молайту тиімділігі
Қазіргі білім – азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі де жан-жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесі. Кез келген кәсіптегі маманды қалыптастыруда мамандыққа сай білім алу қаншалықты өткір мәселе болса, сонымен қатар “жеке маман тұлғаны” өзіндік дамытуда оны шығармашылықпен терең іргетасын дайындау соншалықты алғышарт . Білім жүйесінің мазмұны өмірдің түрлі жағдайларында әрекет ете алатын «тұлғаны» дайындау. Осы мақсатта оқу жоспарын оқушыларға азаматтық білім беруге бағыттау керек. Бірінші кезекте әлемдегі болып жатқан өзгерістерге байланысты жүйесін ұлттық модульде құру және үшін өркениетті берілетін біліммен ортақ көзқарастарын табуға ұмтылу қажет. Қазіргі қоғамдық сұраныс – өз ісіне мығым, жұртшылықпен араласуда жеке басындағы барлық шынайы жағымды қасиеттерін байқата алатын бүгінгі студент, ертеңгі маманды тәрбиелеуді талап етеді. Студенттердің сөздік қорын нақтылау.
Бұл міндеттің негізгі мақасты – бала тілінің стиліне, мәнерлілікке, сөз мағынасын қаншалықты түсінетіндігіне көңіл бөліп, анықтау. Бұл міндетті жүзеге асыруда төмендегідей жұмыстарға көңіл бөлу керек:
а) біріңғай заттардың, нәрселердің атауын балаларға меңгерту. Мысалы, жеміс дегенде алма, алмұрт, шие, өрік т.б. бәріне ортақ жалпы бір атау, өйткені бұл ұғымға бас киім, аяқ киім, басқа да киім түрлері (тіпті жыл мезгілдеріне байланысты киілетін киім түрлерін) еніп отыр.
ә) балалаларға жаңа сөздердің мағынасын тереңдетіп түсіндіру. Мысалы, жаңадан оқитын тобындағы балалар мереке деген сөзді жай көңілді оқиға деп ұғынса, жалғастырушы тобындағы балалар ол сөздің бүкіл халықтық мәнін (республика күні т.б.) түсінеді.
б) Жаңа сөздерді қайталау. Оқушыларға үйретілген жаңа сөздерді оқытушы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен күннің екінші жартысында қайталатып, естеріне түсіріп отыруы тиіс. Сонда оқушының сөздік қоры молайып, актив сөздерінің саны артады.
Сөздік қорды жандандыру.
Бұл қай топта болмасын жүргізілетін негізгі күрделі жұмыс. Өйткені, оқушылар сөйлегенде сөздің мағынасын түсініп, орынды қолданулары қажет. Ал, оқытушы түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларды сөйлегенде, сөздерді таңдай білулеріне, сөйлемдерді қатесіз құруларына бағыт сілтейді. Сонымен оқушылардың сөздік қорын жандандыру дегеніміз – олардың сөздік қорын мағынасын толық түсінетін сөздермен молайту және ол сөздерді күнделікті сөйлегенде пайдалануларын қамтамасыз ету.
Студенттер тілінің тазалығын сақтау.
Бұл міндетті жүзеге асыру үшін алдымен оқытушы өзі мәдениетті сөйлеуі керек. Сонда ғана оқытушы өз тобындағы балалар тілінің таза да түсінікті болуына жете көңіл бөледі.
Әр топтағы оқушылармен жүргізілетін сөздік жұмысының да өзіндік ерекшеліктері бар:
1. заттар мен құбылыстарды біртұтас қабылдау арқылы жаңа сөздерді меңгерту.
2.заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, сапасын, бөлшектерін білдіретін сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорды молайту.
3.заттар мен құбылыстардың табиғи ерекшеліктерін сипаттайтын ұғымдарды меңгерту.
Бұл жұмыстар оқушының ақыл – ойы мен тілі қатар дамығанда нәтижелі болады.
І. Студенттерге берілетін тапсырма:
Оқушылардың сөздік қорын дамытудың міндеттері:
сөздік қорды толықтыру.
сөздік қорды жандандыру.
сөздік қорды нақтылау
оқушы тілінің тазалығын сақтау
ІІ. Студенттер мен оқытушылардың бірлесіп атқаратын жұмыстары.
Баланың сөздік қорын дамытудың міндеттерін бірлесе талдай отырып,
кестені толтырады.
Әр міндеттің мазмұны туралы ауызша пікір аласады.
Әр топтағы балалармен жүргізілетін сөздік жұмыстың ерекшеліктері.
ІІІ. Студенттердің сөздік қорды дамытудың өзіндік тәсілдері:
Жаңа сөздің айтылу үлгісін беру – ең негізгі тәсіл. Оқытушы сол сөзді оқушылардың назарын аударатындай етіп, жәйлап түсінікті етіп, морфологиялық жағынан қатесіз айтуы тиіс. Жаңа сөзді мүмкіндігіне қарай сол затты көрсету арқылы түсіндірсе, бала есінде жақсы сақталады. Мысалы, оқытушы құмыра деген сөзді көтеріңкі екпінмен айтып және қолындағы құмыраны көрсетіп, «Балалар мынау сүт құйылған құмыра»,- дейді.
Кей жағдайда таныстырылатын жаңа сөзді оларға бұрыннан таныс синоним, антоним сөздері арқылы түсіндірген тиімді. Немесе жаңа сөзді сөйлем ішінде келтіріп, оның басқа сөздермен байланысын байқауға болады. Мысалы, оқытушы бесік сөзін түсіндіруде «бесікте бала ұйықтап жатыр» деген сөзді келтіреді.
Жаңа сөз балалар есінде жақсы сақталуы үшін оқытушы оқу іс-әрекетінің соңына дейін балаларға жеке-жеке және хормен айтқызады.
Оқушылардың назарын жаңа сөзге аударуда ол сөздің шығу тегін де айтқан жөн. Онсыз да бұл неге осылай аталады, не себепті деген сұрақ қойғыш балаларға сөздің түп – төркіні туралы түсінік беру артық болмайды. Қайта баланың тілге деген қызығушылығы, сезінуі күшейе түседі. Мысалы, жұмыс-жұмысшы, құрылыс –құрылысшы т.б.
Оқушылардың сөздік қорын жандандыруда сұрақтарды кеңінен қолдануға болады. Сұрақ қою тәсілімен әсіресе көп сөйлемейтін, тұйық балаларды сөзге тарту жеңіл.
Оқыту тек дамудың алдында жүрсе ғана, жоғарғы жетістіктің нышаны». Осыдан ол тақаудағы даму өрісіндегі пісіп жетіле бастаған бірқатар функцияларды оятып, өмірге келтіреді. Оқыту тақау даму өрісін анықтайтын кезеңде жүзеге асырылғанда ғана неғұрлым жемісті болмақ. Студент мәселені шешуге ынталанып, нақты, бірақ өзінің әлі жететін қиындықтарды қайткенмен де жеңуге құштарлана түседі. Сондықтан жалпы оқу процесін өзін ықтиярсыз мәжбүрлеу емес, еліктеу, сабақ білмеуден білуге жетелейтін жеңіс жолы ретінде басынан кешіреді. Қорытындылай келгенде, еліміздің болашақ мамандары қоғам талабына сай жан-жақты қарулануы үшін төмендегі міндеттерді әрбір оқытушы орындауы қажет:
1. Әрбір оқытушының өз пәнінің білікті, шебер маманы екенін көрсете білу. 2. Студенттің актуальды және іргелес даму деңгейін дәл анықтауға бағыт беріп, келешекпен байланысты сенімді қалыптастыру. 3. Студенттің әрбір пәннің мамандыққа қатысты мәселелерін ынтымақтастықпен шешу қабілеттерін дамыту. 4. Студенттің кәсіби білікті, білімді шебер тұлға қасиеттерін санасына құйып дүниетанымын кеңейту.