Сабақтың тақырыбы: Абыл Тілеуұлы. »Қырымның қырық батыры» Сабақтың мақсаты: білімділік – Абыл Тілеуұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылар білімін толықтыру; өлеңдерінің мазмұнымен таныстыру. тәрбиелік – ақын мұрасына деген ықылас,құрмет сезіміне тәрбиелеу. дамытушылық – тапсырмалар,сұрақтар,ойындар арқылы оқушылар дүниетанымын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері: баяндау, мәнерлеп оқу,ойын,көрнекілік,сұрақ-жауап,пікірталас.
Сабақ кезеңдері: 1. Қызығушылықты ояту
2. Мағынаны тану
3. Ой толғаныс
Көрнекілік: тірек сызба,суреттер,қосымша материалдар. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарих, қазақ тілі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін еске түсіндіру
ІІІ Жаңа сабақ:
- Оқулық мәтінімен жұмыс «Мән мағына» оқыта үйрету ойыны арқылы жүзеге асырылады.
Ойын шарты: Сынып оқушылары мәтінді өздері мұқият оқып шығады да,мәтіннен өздері негізгі деп санайтын жолдардың астын сызып,мәтіннің негізгі ойын бір сөзбен,кейін бір сөйлеммен сипаттайды.Енді оның бір «құпиясын»,яғни онсыз мәтін мағынасыз болатындай бір ерекшелігін табады.Оқушылар кезек-кезек сөздерін,сөйлемдерін оқиды.Қалғандары жауаптың дұрыстығын,нақтылығын бағалайды.
2.Берілген сөздермен лексикалық жұмыс орындау:
Сөздер | Синонимдер | Антонимдер | Мысалдар |
еңбек |
|
|
|
халық |
|
|
|
бұрын |
|
|
|
шамамен |
|
|
|
өкіл |
|
|
|
батыр |
|
|
|
жеткізді |
|
|
|
аманат |
|
|
|
3.Ақын туралы берілген мәтіннің тірек сызбасын жасау. Оқулықтың 2-тапсырмасын орындау.
4. Тілеу ақын шығармаларының тілін талдау.Хрестоматия материалдарын пайдалану.
Теңеулер | Метафора | Синонимдер | Тұрақты тіркес | Эпитет |
ІV Сабақты бекіту:
«Араның ұясы» техникасын пайдалану.
Шарты: Екі оқушыдан тұратын жұпқа кім не білгендігі жөнінде ойларымен бөлісіп,өздері қойғысы келетін екі сұрақ дайындау жөнінде тапсырма беру. Әрі қарай әр жұп кезекпен сұрақтарын қояды.Бұл сұрақтарға жауапты оқушылар немесе өзім де беремін.Осы техника арқылы берген мәліметтер қорытындыланып,өңделеді.
V сабақты қорытындылау,оқушылар білімін бағалау:
- Пікірталас ұйымдастыру.
Жыр мазмұнына негіз болған батырлар туралы айтып,мәлімет беріңдер.
2.Шығармашылық тапсырма: «Эпостық жанр» әдебиеттік тероиясы туралы шағын эссе жазу. Талаптары: -Даналық ой. -Тіл шеберлігі. –Өлеңдерідегі адам,заман және кейіпкердің өз образы төңірегінде жазу.
VІ Үйге тапсырма:
1. Абыл Тілеуұлы туралы тірек сызбаны пайдаланып,мазмұндап беру. 2.Абыл жырлаған »Қырымның қырық батыры» жырынан эпостық жанрдың белгілерін табыңдар.