Сабақтың басы Қызығушылықты ояту | Топқа бөлу Үй тапсырмасын сұрау Тест тапсырмалары 1. Лексика нені зерттейді? а. Тіл дыбыстарын ә. Сөз мағыналарын, сөздік қор мен сөздік құрамды. б. Сөз тіркестерін в. Тыныс белгілерін 2. Көнерген сөздерді табыңдар? а. Уәзір, болыс, ояз ә. Тұқым, тоқаш, кәсе б. Қырықтық, қой тоғыту в. Құжат, кеден, сынып 3. Диалект сөзді табыңдар? а. Сым, бәдірен ә. Ұлтан, қайыс б. Қорамса, садақ в. Тулақ, шекпен 4. Жаңа сөздерді табыңдар? а. Зейнетақы, келісімшарт ә. Тарих, диірмен б. Ұршық, шошала в. Қойма, атыз 5. Тасымалданбайтын сөзді көрсетіңіз? а. төрт ә. ешкі б. сауысқан в. гүлдер 6. Тұрақты сөз тіркесін анықтаңдар? а. Құлақ аспау ә. Құлақ-дене мүшесі б. Құлағы жаурады в. Өз құлағымен естіді |
Талдау, жинақтау, қорыту |
Сабақтың ортасы | Жаңа сабақ «Қазақ тілі- мәдениеттің бір белгісі ретінде барлық Қазақстандықтарды біріктірудің негізгі факторы болуға тиіс және қазақ тілін одан әрі дамытуға күш-жігер жұмсауымыз керек». Н.Назарбаев Ұлттың тілі – оның жаны, рухы, жүрегін соқтырар қантамыры іспетті: ал сол күретамырдан айырылса, адамның күні не болары белгілі, өз басым жуық арада ұлтымның тілі жойылады деп ойламаймын. М.Әуезов ББҮ әдісі Білемін Білгім келеді Үйрендім Тіл туралы заң қабылданғанын Ана тіліміз-қазақ тілі Ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын таңбалар: Елтаңба Әнұран Ту Тіл туралы заң қай жылы қабылданғанын Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі екендігі жайында заңның нешінші бабында көрсетілгенін 1989 жыл 22 қыркүйек “Тіл туралы” Заң” қабылданды. 1989 жыл “Тіл туралы” заңды жүзеге асыру үшін “Қазақ тілі” қоғамы құрылды. 1993-1995 жылдар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. 1993 жыл Тіл комитеті құрылды. 1996 жыл 4 қарашада Қазақстан республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тіл саясаты» Тұжырымдамасы мақұлданды. 1997 жыл 11 шілде “Тіл туралы” Заң толықтырылып қайта шықты. 1998 жыл “Тіл туралы” Заңды күшіне ендіру туралы Мемлекеттік бағдарлама жасалды. 2007 жыл “Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған” Тұжырымдамасы қабылданды. 2011-2020 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы 1-жаттығу Өлеңді жаттап алдыңдар. Қазақ тілі неліктен баба тілі дейтінін жазбаша түсіндіріңдер. 2-жаттығу Ана тілі жайында айтылған өлең жолдарын талдап,ондағы ойлардың дұрыстығына баға беріңдер. 3-жаттығу. Тіл туралы мақал-мәтел тауып айтыңдар. |
Шығармашылық жұмыс | «Адасқан әріптер» ойыны 1. А, з, қ, қ, а -ҚАЗАҚ 2. І,т, л, і- ТІЛІ 3. О,ғ,қ,ы,м,а -қоғамы 2.Афоризмдер Оқушы пікірі Тіл-елшінің қылышы. Ж.Баласағұни Сөздің ең ұлысы-тарих А.Байтұрсынұлы Әр заманның өзіне лайық сөзі болады. Б.Оңдасынұлы 3. Сөзжұмбақ. 1. Өнер алды ..... тіл. 2. ... көңілінен азады, Тілімен жазады. 3. Тіл қаруы ... , Сөз қаруы ой. 4. ... кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. 5. ... бәле тілден. 6. Тіл қылыштан .... 7. Тіл буынсыз, ой .... 8. Жеті жұрттың ... біл, Жеті түрлі білім біл. 9. Сөз ... білмеген, Өз қадірін білмейді. 4. “Ойлан, тап” ойыны . Сөздерді орнына қойып сөйлемді дұрыс құрастыру. 1. Өмір, әрбір, тіл, адамға, бойы, керек. 2. Өмір, қазіргі, көп, білу, тіл, уақытта, талабы. 3. Полиглот, көп, адамды, білген, тіл, деп, атайды. 4. Ғажайып, қазақ, әлем, тілі. 5. Ақылдың, тіл, бірліктің, көрінісі, кілті. 5 “Диалог-ертегі” Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді.Ал қалған оқушылар басталған әңгіме ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мұғалім: Ертеде бір үлкен қария өмір сүріпті. Ботагөз: Қарияның дүниеден өтерінде баласын шақырып айтып кетеді. Шыңғысхан: Балам сен ержеттің, менің артымда мол байлық қалып бара жатыр. Ақниет: Соның иесі сенсің. Мерей: Сөйтіп әкесі дүниеден өтеді. Нұрдәулет: баласы қандай байлық қалғанын білмей, таба алмайды. Әлмырза: Сөйтіп ол қарияға келеді. Әсима: Қария жігітке былай дейді: Гүлнұр: Қала сайын үй салдыр дегені, әр қалада досың болсын дегені,- дейді. 6. Ассоциация әдісі. Қазақ тілінің маңыздылығы жайында жазу. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді Білу, түсіну, қолдану.
Сөзжұмбақты шешеді
Әр топтың спикері шығып қорғайды
Бір-бірін жалғастырады |