kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстан Республикасының Парламенті және оның құрамы. Тәуелдік жалғауды қайталау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Поурочное планирование 8 класс казахский язык с русским языком обучения.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның құрамы. Тәуелдік жалғауды қайталау»

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Парламенті және оның құрамы. Тәуелдік жалғауды қайталау. 8 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Парламент және оның құрамын, атқаратын рөлі меқызмет тәртібінің жүйесін үйрету, Сенат және Мәжіліс, олардың құрамы, сайлану үдерісі, депутаттар және олардың өкілеттілігі, тәуелсіздігі, топтарда жұмыс істеуі, депутат әдебі, Парламенттің жұмыс тәртібі, Заң жобаларының дайындалуы және қабылдануы туралы айту.

Дамытушылық: Жаңа тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорын дамыту, білімділігін арттыру, ауызша еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ойларын еркін жеткізуге, жүйелі сөйлеуге баули отырып, мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы- адам мен адам өмірінің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР-ның Атазаңы, бейнефильм, слайдтар,

кеспе қағаздар, Венн диаграммасы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, әңгіме-сұхбат құру, талқылау.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Пәнаралық байланыс: құқықтану, тарих, география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

ә) оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалау;

б) назарларын жұмысқа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Үй тапсырмасына берілген өткен тақырып бойынша, «Алматы-еліміздің Оңтүстік астанасы» мәтінінің мазмұнын сұрақ- жауап әдісі арқылы тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Оқушыларға Қазақстан Республикасының Парламенті және оның құрамы туралы мәлімет беру.

1)“Парламент” сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

2) Біздің жерлестерімізден Парламент мәжілісіне сайланған депуттардан кімдерді білесіңдер?(В.Н.Котович-Cтепногорск қаласынан, С.Жалмағанбетова-Ақмола облысынан)

Негізінде, қазіргі "парламент" сөзінің түп-төркіні, француз тілінен аударғанда " раrler" "сөйлеу" деген мағынаны білдіреді.

ІV. Сөздікпен жұмыс.(Тілдесім бойынша)

Президенттік жүйемен басқарылу- президентской формой правления

Тармақтардан тұрады- состоит из таких ветвей

Заң шығарушы билік- законодательная власть

Атқарушы билік- исполнительная власть

Өзіне берілген өкілдіктер шегінде- в пределах своих полномочий

V. «Тірілту» сөздік ойыны. Сөз құрамы мен сөзжасам бойынша оқулықтағы жаңа сөздермен жұмыс.

Сөз - сөз тіркесі – сөйлем

а) Берілген сөздермен сөз тіркестерін жасау

б) Аталған сөз тіркестерімен сөйлем құрау.

Мемлекет(государство), билік(власть), жүйе(система),

басқару(возглавлять), атқарушы(исполнитель), өкілдік(полномочие).

VI.Мәтінмен жұмыс.Оқылым бойынша.

а)Мәтінді оқушыларға оқыту;

ә) Мәтін мазмұнын түсіну;

Қазақстан Республикасының саяси жүйесі.

Қазақстан мемлекеті- бүгінгі таңда Президенттік жүйемен басқарылатын демократиялық мемлекет. Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Республикамызда мемлекеттік билік біртұтас.

Еліміздегі билік жүйесі мынадай тармақтардан тұрады: Президент, Үкімет және Парламент. Парламент- заң шығарушы, ал Президент және Үкімет атқарушы билік болып саналады.

Парламент екі палатадан тұрады: Мәжіліс-төменгі палата, Сенат- жоғары палата.

Республика үкіметі- өзіне берілген өкілдіктері шегіне ғана мемлекет атынан билік жүргізеді.

VII. Мұғалімнің толықтыру сөзі. Тыңдалым бойынша

Сенат (латын тілінен senatus, түбірі senex-қария деген мағынаны білдіреді).

ҚР-сы Парламентінің Сенаты екі жолмен жасақталады. Оның біріншісі-әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан, екіншісі-Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындаған он бес депутаттан тұрады.Сенат депутаттарының өкілеттігі мерзімі-6 жыл.

Мәжілістің қазіргі құрамы партиялық тізім бойынша сайланатын-98 және Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын-9 депутаттан, жиыны-107 депутаттан тұрады. Мәжіліске жасы жиырма беске толған республика азаматы депутат бола алады.

VIII. Айтылым бойынша. Салыстыру . Венн диаграммасы

Мәжіліс-төменгі палата Сенат- жоғары палата

Бұл екеуі жалпы нені қарастырады?


Республикалық бюджетті бекітеді. Оған толықтырулар мен өзгерістерді енгізеді.

Ел құқығын қорғайды.Заң қабылдайды.

Заң

шығарады.










IX. Сұхбаттасу. Тілдесім бойынша. (оқушылар мәтін бойынша сұрақтар құрастырады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді).

Мысалы:

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2.Мемлектіміздің ең қымбат қазынасы не?

3.Елімізде билік жүйесі қандай?

4.Парламент немен айналысады?

5.Парламент неше палатадан тұрады?

6.Еліміздегі билік жүйесі қандай тармақтардан тұрады?

7.Атқарушы билік деген не?

X.Грамматика. Мәтіннен тәуелдік жалғаудағы сөздерді табыңдар:

(еліміздегі, мемлекеті, қазынасы, өмірі, құқықтары, үкіметі, жүйесі, мемлекетіміздің, бостандықтары, Республикамызда, шегінде)

Жақтарын, жекеше, көпше түрлерін анықтау;

XI. Жазбаша(тақтада) жұмыс. Жазылым бойынша

Синтаксистік талдау.

Республика үкіметі- өзіне берілген өкілдіктері шегіне ғана мемлекет атынан билік жүргізеді.

XII. Деңгейлік тапсырмалар. (ІІІ деңгей)№1.4.56-бет.

Мәтінді пайдаланып, берілген ойларды толықтырыңдар.

1.Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекеті .... .

2.Мемлектіміздің ең қымбат қазынасы .... .

3. Республикамыздағы билік жүйесі .... .

4.Бізде атқарушы үкімет болып .... .

(ІІ деңгей)Берілген сөздерге антонимдер жазыңдар

(кеспе қағаздармен жұмыс)

Қымбат- тұңғыш-

Төменгі- бейбітшілік

(І деңгей) Сөйлемдерді күрделендіріңдер (дәптерде орындау, өздік жұмысы).

Үлгі: Мен дамытамын. Мен еліміздің экономикасын дамытамын.

1.Мен дамытамын.

2.Сен келіпсің ғой.

3.Біз өркендетеміз.

Мұғалім сөзі. Тыңдалым бойынша.

Республика Үкiметi қызметiнiң бағдарламасы төмендегідей:

Конституцияның 53-бабының 7-тармағында және 61-бабының

7-тармағында көзделген жағдайларда Парламент үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы Республика Президентiне мәлiмдейдi.

1. Республика Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн бiр ай iшiнде Парламентке Үкiмет бағдарламасы туралы баяндама табыс етедi.

2. Үкiмет Бағдарламасы қабылданбаған жағдайда Премьер-Министр екi ай iшiнде Парламентке Бағдарлама жөнiнде қайталап баяндама табыс етедi. Республика Парламентiнiң Үкiмет Бағдарламасын қайта қабылдамауы әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен жүзеге асырылуы мүмкiн .

4. Республика Президентi белгiлейтiн тәртiппен республикалық бюджеттi әзiрлеу мен оны өзгертуге қатысады, Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi;

Республика Конституциясының 53-бабының 6-тармағында көзделген ретте Үкiмет Республика Парламентiне есеп бередi.

4. Республика Конституциясының 57-бабының 6-тармақшасында көзделген ретте Үкiмет мүшелерi Парламент Палаталарына есеп бередi.

XIII.Сабақты қорыту. Тілдесім бойынша

Балалар, енді, INSERT таблицасын толтырайық, яғни,

V – Сабаққа дейін Парламент туралы не білдің?

+ - Сабақ бойынша Парламент туралы не білдің?

? - Бүгінгі сабақ бойынша кандай сұрақтарыңыз бар?

Үй тапсырмасы:

Берілген сөздердің, сөз тіркестерінің мағынасын басқа сөздермен жазыңдар:

Бүгінгі таңда.

Билік біртұтас.

Мынандай тармақтардан.

Еліміздегі .

Билік жүргізеді.

Оқушылардың білімдерін бағалау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Қазақстан Республикасының Парламенті және оның құрамы. Тәуелдік жалғауды қайталау

Автор: Мащанова Жанна Амантаевна

Дата: 09.01.2017

Номер свидетельства: 377028


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства