Просмотр содержимого документа
«"Қазақстан экономикасы. Үстеудің сөйлемдегі қызметі. Мақсат, мекен үстеуі"»
Сабақ жоспары №14
Оқытушы: Абельдинова Д.К.
Пән: Қазақ тілі
Мамандық,топ:
Тақырыбы: Қазақстан экономикасы. Үстеудің сөйлемдегі қызметі. Мақсат, мекен үстеуі.
Күні: ______________
Сабақ түрі,өткізу үлгісі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі : Қазақстан экономикасын дамытуға үлес қосатын факторларға тоқталу арқылы білімдерін қалыптастыру. Үстеудің сөйлемдегі қызметі және мақсат, мекен үстеулеріне мысал келтіре отырып, пысықтау.
Дамытушылығы : Білім алушылардың танымдық деңгейлерін қалыптастыра отырып, қызығушылықтарын арттырып, тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Экономиканың дамуына Қазақстанда тұратын әр тұрғынның үлес қосуы міндеттелетін тапсырмалармен тәрбиелеу.
6.С.Қалиева,М.Оразаев,М.Смайылова.Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы:Рауан-1994
Сабақтың барысы және уақытының өлшемі
№
Сабақ кезеңдері
Кезең мазмұны
Уақы-ты
1
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ мақсатымен таныстыру
5
2
Үй тапсырмасын тексеру
Қазақ тілі бойынша білімдерін тексеру.
8
3
Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі
(астын сызу)
Түсіндірілетін сұрақтар тізімі Грамматикалық тақырып бойынша
Лексикалық тақырып бойынша
Ауызша, конспект арқылы, қосымша баяндама арқылы, аудио-дәріс, бейнедәріс, қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өздігінен игеру, рефератифтік
1. Үстеудің сөйлемдегі қызметі. Мақсат, мекен үстеуі.
2. Қазақстан экономикасы.
Жаңа тақырыпты баяндау (АҚ қолдану):
Презентация «Экономика» тақырыбы бойынша әңгімелеу.
20
4
Оқушылардың өздік жұмысы
1тапсырма. Сұрақ-жауап
1.Қазақстанның экономикалық аймақтарын атаңдар? 2.Солтүстігі, Оңтүстігі, Батыс,. Шығысы несімен бай? 3.Қазақстанда қандай тауарлар өндіріледі? 4.Экспортқа шығарылатын қандай өнімдер бар? 5.Қазақстан қалаларын ата, карта бойынша. 7.Қазақстанда ашылған қандай кәсіпорындар бар? 2-тапсырма.Экономика мәселесін көтеріп, үстеу түрлерін қатыстырып сөйлем құрастыру.
Мыс., Биыл Қазақстан нарығы күрт өсімін байқатты.
3-тапсырма.Кел,ойланайық!(пікір-талас)
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына үстеу түрлерін қой.
.... ел экономикасының біршама өскендігін халықтың жағдайынан байқауға болады.
Еуропалық одаққа кіру мақсатында ..... ТМД елдерінің конгресі өтті. Дағдарыс деңгейі .... көрсеткішке жетті. Сауда үйлерінде бәсекелестік тудыру үшін ... тауар бағасын арзандатады.
20
5
Тақырыпты бекіту
5-тапсырма. Сұхбатты жалғастыру.
А) Мәтін бойынша үстеуге қатысты сөздерді түрлеріне ажырату.
1.Қазақстанның экономикалық аймақтарын атаңдар? 2.Солтүстігі, Оңтүстігі, Батыс,. Шығысы несімен бай? 3.Қазақстанда қандай тауарлар өндіріледі? 4.Экспортқа шығарылатын қандай өнімдер бар? 5.Қазақстан қалаларын ата, карта бойынша. 7.Қазақстанда ашылған қандай кәсіпорындар бар?
2-тапсырма.Экономика мәселесін көтеріп, үстеу түрлерін қатыстырып сөйлем құрастыру. Мысалы: Биыл Қазақстан нарығы күрт өсімін байқатты.
2.Қазіргі Қазақстан экономикасы туралы қандай жаңалық білесің?
3.Бизнеспен айналысуды қалай түсінесің?
4.Саған әкең жеке кәсіпорын ашты делік. Сен қандай мақсат қоясың?
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына үстеу түрлерін қой.
.... ел экономикасының біршама өскендігін халықтың жағдайынан байқауға болады.
Еуропалық одаққа кіру мақсатында ..... ТМД елдерінің конгресі өтті. Дағдарыс деңгейі .... көрсеткішке жетті. Сауда үйлерінде бәсекелестік тудыру үшін ... тауар бағасын арзандатады. Керекті сөздер: (биыл, кеше, жоғары, әдейі)
5-тапсырма. Сұхбат құру. «Ел экономикасына менің қосар үлесім»
- Салем,Даша.
Салем, Миша
-Миша, ....?
-Менің туған елім-Қазақстан.
-....?
-Ия,Қазақстан жері бай, экономикалық дамыған мемлекет. Қазақстанда өнеркәсіп ошақтарын білесің бе?
- Әрине білем, Миша .... . ....?
- Даша, біздің мемлекетке қай мемлекеттен инвестициялар құйылады?
-........
-Жақсы , рахмет.
- Миша, еліміздің оңтүстік облыстарында не өсіріледі,ауа райы қандай?
-...
-Республиканың солтүстігінде не өседі,ауа райы қандай?
-.... . ...?
-Иә, дұрыс айтасың.Қазақстан жері пайдалы кендерге өте бай.Бүгінгі сұхбат өте қызықты болды.