kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қалталы телефонның маңызы және зияны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Поурочное планирование 8 класс казахский язык / в русских классах/.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қалталы телефонның маңызы және зияны»

Сабақтың тақырыбы: Қалта телефонының маңызы және зияны.

8 сынып

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Телефон туралы әңгіме айтқанда сауатты сөйлемдер құрғанда сауатты жазуға, айтуға үйрету.

2. Дамыту: Қалта телефонының әдебіне үйрету.

3.Тәрбиелік: Қалта телефонының денсаулыққа әсерін түсіндіру.

4.Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ.

5.Пәнаралық байланыс: Денсаулық сақтау технологиясы, физика пәнінен білімдерін бақылау.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1.Сен ұялы телефонды пайдаланасыңба?

2.Саған ұялы телефонның қандай пайдасы бар?

3.Ұялы телефонды қай кездерде пайдаланасың?

4.Ұялы телефонның қызмет құны қанша?

5.Ұялы телефонға бірлікті қалай саласың?

6.Ұялы телефонның қандай зияны бар?

Үй жұмысын тексеру.

Берілген сөздерден сөйлем құра.

Ұялы телефонды, жиі, пайдаланбаймын, сабақ уақытында, сөндіріп қоямын, мен, арқылы, хабарласамын, достарымен, пайдаланбаймын.

Диалогты қажетті сөздермен толықтырып жалғастыр.

Сен ... байланыс түрін пайдаланасың?

Мен актив/билайн байланыс түрін ...

Оқылым. Мәтін.

Ұялы телефонның зияны

Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың өзінде» соткасыз» үй жоқ. Ал енді екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы «сотка» дегеніңіз адамға қаншалықты зиянды? Америкалық мамандар ашқан жаңалыққа бұл күнде ешкім таңғалмайтын болды. Осыдан екі жыл бұрын «екіқабат әйелдер мен жас балалардың ұялы телефонды пайдалануы олардың денсаулығына орасан зиянын тигізеді» деп иондық емес сәулелерден қорғану жөніндегі Ресей ұлттық комитеті де дабыл қаққан болатын. «Сотка» -балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық,жүйкесі тез құриды. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді. Адамдар пойызда,лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады екен. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе,жастар күндіз-түні «соткаға» жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды,бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. екен. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен. (қысқартып алуға болады)

1.Мәтін бойынша тапсырма.

а) Әр оқушыға мәтінді ішінен 1 рет оқуға ұсынылады.

ә)Оқушылардың мәтінді түсінгендерін тексеретін жұмыстар орындалады.

Тақтаға сөйлемдер жазылады. Оқушы осы сұрақтарға нақты жауап берсе, мәтінді дұрыс түсінгені.

2.Лексикалық және грамматикалық бірліктерді игеруге бағытталған жұмыстар.

а) Мәтіннен қарама-қарсы сөздерді тап.

ә) Мәтінен неологизм сөздерді тап.

3. Тапсырма

1-карточка: Берілген сөздерден сөйлем құра: ұялы телефонды, жиі, мен, пайдаланамын; хабарласамын, арқылы, ұялы телефон, достарыммен.

2-карточка: Берілген сөздерден сөйлем құра: сабақ уақытында, пайдаланбаймын, ұялы телефонды; сөндіріп қоямын, сабақ уақытында, ұялы телефонды.

3-карточка: Дұрыс сөйлемді тап: Саламын ұялы телефонға бірлік. Ұялы телефонға бірлік саламын. Тұрады 500 теңге 500 бірлік. 500 бірлік 500 теңге тұрады.

4-карточка: Дұрыс сөйлемді тап: 1000 теңге 1000 бірлік тұрады. 1000 бірлік 1000 теңге тұрады.

Сергіту сәті (сөзжұмбақ шешу)

Жұмбақ әңгіме. Не туралы айтылған?

1.Мәтіндік хабарламаны жазуда жеңілдік тудыратын интуитивті мәтін енгізу жүйесі. Телефондардың кейбір модельдерінде дәстүрлі теру жолдарының баламасы ретінде қолданылады. (Т9)

2.Қағазды қолданбай-ақ, электронды құжаттарды жіберіп, электронды хабарлама алмасуға болатын Интернет-қызмет. (электрондық пошта)

3. Бірнеше метр қашықтықтағы электронды құралдардың арасында байланыс орнатуға арналған сымсыз байланыс үлгісі. Мысалы, мобильді телефон мен компьютерді байланыстыруға қолданылады. ИҚ-портпен байланыстырудан артықшылығы – құралдарды жақындатудың қажеті жоқ.(Bluetooth)

4. қысқа хабарламалар қызметі. Мобильді телефонның көмегімен қысқа мәтінді хабарламаларды жіберіп, қабылдау технологиясы. Ұялы желі абоненттеріне нақты уақытта хабарлама алмасуға мүмкіндік береді. Егер алушы дәл сол уақытта қызмет аясынан тыс жерде болса, ол хабарлама өрісте сақталып, кейінірек жіберіледі. (sms)

5. Мобильді телефоннан ғаламтордағы веб-сайтты қарауға арналған ақпараттық ресурстарды құруға болатын протокол.( WAP)

Топқа бөлу.Ұжымдық жұмыс.

1 топ: Ертең досыңның туған күніне sms арқылы құттықтау жазып қолда.(қазақ тілінде құттықтау сөздер жазу, сауатты жазу дағдысы дамиды)

2 топ: Ұялы телефондағы агент арқылы ертең неше сабақ және қандай сабақтар бар, олардан не берілгенін сұрап, жауап жазындар. (оқушылардың қазақ тілінде өзара сауатты жазу әрі жазбаша түрде тілдесу біліктері қалыптасады)

3 топ: Теміржол анықтамасына қоңырау шалып, ертең Қарағандыға қандай поезд бар және қашан жүретінін, Қарағандыда сағат нешеде болатынын сұра.(өмірде осыған ұқсас жағдаяттарда қазақ тілінде тілдесімге түсу біліктері қалыптасады)

Телефонмен сөйлесу этикетінің ережелерін шығару.

Қорытынды жасау.(Миға шабуыл)

Ұялы телефонның зияны мен пайдасы.(екі топқа бөлініп пікірлерін ортаға салады).

Үйге тапсырма. Монолог

Оқушыларға өз ұялы телефондарының маркасы туралы жарнама дайындауға тапсырма беріледі

Бағалау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Қалталы телефонның маңызы және зияны

Автор: Мащанова Жанна Амантаевна

Дата: 09.01.2017

Номер свидетельства: 377021


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства