Просмотр содержимого документа
«" ?ыз жібек" жырыны? к?ркемдік ерекшелігін талдау та?ырыбы бойынша ашы? саба? »
№ 20 орта мектеп
«Қыз Жібек» жырының
композициясы мен көркемдік ерекшеліктері
( ашық сабақ жоспары)
Өткізген Адилханова Жанар Капиятовна
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
2014-2015оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Қыз Жібек» жырының композициясы мен көркемдік ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Жырдың мазмұнын аша отырып, композициялық құрылысына талдау, кейіпкер бейнесін ашу, жырдың көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
Дамыту. Оқушылардың әдеби тілде сөйлеу мәдениетін дамыту, өзіндік пікірлерін ортаға салу, талдай білу дағдыларын жетілдіру, сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Шынайы махаббат пен адал достыққа, адамгершілік пен бауырмалдыққа тәрбиелеу, оқушы бойына әсемдікті дарыту, талғампаздыққа үйрету.
Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Шығармашылық талдау сабағы.
Сабақтың әдісі: Іздену әдісі, әдеби шығарманы талдау.
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, кесте, слайдтар. «Қыз Жібек» жырының толық нұсқасы жазылған аудиодиск.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Слайд №3 . «Ей, перзентім. Адамның табиғи сұлулығы болмаса, ғашық бола алмайды, өйткені махаббат дегеннің өзі табиғи сұлулыққа байланысты екені даусыз» (Қабуснама). (Кей каус – 11 ғ. өмір сүрген Иран ғұламасының педагогикалық еңбегі, өзінің баласы Гильяншахқа арнап жазған.)
Осындай сұлулық жайында қандай әдемі жақсы сөздер білесіңдер және өздерің сұлулық дегенді қалай түсінесіңдер? (Оқушылар өздері білетін қанатты сөздер мен ұғымдарды айтады). Әдемі музыка сұлулыққа жата ма? Музыканың қандай түрлері бар? Күй тыңдауға қалай қарайсыңдар?
Біз танысып отырған Жібектің ару бейнесі осындай көрікті ойларға жетелейді.
Үй тапсырмасы: Өткен сабақта «Қыз Жібек» жырымен танысқан болатынбыз. Үйге жырдың толық мазмұнымен танысу, жыр туралы іздену, зерттеу жұмысы тапсырылған болатын.
Слайд №5. Оқушылардың жыр туралы жинаған мәліметтері бойынша жұмыс.
Жырдың тарихы, зерттелуі туралы айтылады.
«Қыз Жібек» фильмі туралы айтылады.
Жырдың мазмұны туралы білімдерін тексеру мақсатында сарапшы парақтары таратылады.
1-сарапшы парағы. 1) Төлегеннің өскен ортасы, атасы мен анасы туралы не білдіңдер?
2) Жыр мәтініне сүйене отырып, Төлегеннің портретін айтып беріңдер.