kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош келді?, ?з-Наурыз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?ош келді?, ?з Наурыз!                                                        Саба?ты? ма?саты: 
Білімділік: О?ушылар?а ?лысты? ?лы к?ні Наурыз мерекесін тойлауы  туралы толы? ма?л?мат беру.                                                                    Дамытушылы?: ?ле?, ма?ал-м?телдер ар?ылы тілдік ?орларын дамыту. ?з ?лтына деген с?йіспеншілігін арттыру.  О?ушыларды? ?аза?стан халы?тарыны? салт- д?ст?рлеріне ?ызы?ушылы?тарын дамыту, Отанына с?йіспеншілік сезімдерін ояту.                                                                                                                                                                                              Т?рбиелік: ?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рін, тілін, дінін, ?дет-??рпын са?тау?а, ?астерлеуге т?рбиелеу.                                                                                                                                                                                                                                     Саба?ты? к?рнекілігі: На?ыл, ?анатты с?здер, киіз ?й, дастархан, суреттер к?рмесі, шарлар.

Саба?ты? барысы: Кіріспе. М??алім: - Армысыздар, ?стаздар, ата – аналар, ?она?тар! Б?рімізді? асы?а к?ткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойлары?ыз ??тты болсын! 22 наурызда к?н мен т?н те?еледi. Таби?ат г?лге, ?ріс т?лге тол?анда, адам жаны да жа?арып, жасарып, ж?регі ?сем ?нді, ?уезді жырды а?сайды. Наурыз – «жа?а к?н» деген с?з. Б?л к?н – бізді? ата – бабаларымыз, ар?ы тегіміз мы?да?ан жылдардан бері тойлап келе жат?ан жыл басы мерекесі. ?лысты? ?лы к?ні деп атал?ан Наурызда денсаулы?тары?ыз мы?ты болсын, тілектері?із ?абыл болсын!                                                                                                                                1 -

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош келді?, ?з-Наурыз! »

Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз! Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру. Дамытушылық: Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың Қазақстан халықтарының салт- дәстүрлеріне қызығушылықтарын дамыту, Отанына сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі, шарлар.

Сабақтың барысы: Кіріспе. Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! 22 наурызда күн мен түн теңеледi. Табиғат гүлге, өріс төлге толғанда, адам жаны да жаңарып, жасарып, жүрегі әсем әнді, әуезді жырды аңсайды. Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын! 1 - жүргізуші: Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды, Қашанда құт – береке орнасын деп, Тойларда шашу шашу - салты елімнің. Уа, халайық! Теріп ал несібіңді, Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

Қыдыр ата . Бата беру салты.

Асқа толсын табағың,

Ашық болсын қабағың!

Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң, жол болсын!..
2 - жүргізуші: Армысыңдар халайық, 
Бармысыңдар халайық! 
Келді наурыз сағынтып, 
Қыздарға алқа тағынтып. 
Наурыз келсе құт келгені халайық, 
Ұлысты қарсы алайық! 


1 - жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық.

Өнерпаз өрендерге тамсанайық,

Қатысушыларды қарсы алайық!
Катя: 
Добрый день! Мы здесь сегодня собрались 
Чтоб встретить праздник Наурыз! 
Улыбки, шутки, звонкий смех 
Пусть радуют сегодня всех! 
Андрей:
Табиғат көркін келтіріп, Жан-жануар серпіліп Күттірген көктем келдің бе, Жайқалған гүлмен желпініп.

Олег: Наурыз көктем, наурыз жыр, Ана мейірім, шуақ нұр. Жан иесін жаңартқан, Аққан бұлақ, нәзік сыр.

Эльмира: Наурызым - тойлы нұрлы күн, Мерейің асып тұр бүгін. Жерімнің жүзін жылыттың, Елімнің сақта бірлігін!

2 - жүргізуші:Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда. Өнерлінің ырысы , Жарқырап жатыр жолында. Сайыста ән салайық, би билейік, Өнермен өрге басып кідірмейік.

Би «Қамажай». Мың бұрала билейтін бишілеріміз Даша мен Эльмира .

Айдана: Ғасырды етіп сұңқар сезім,

Қазағым тік көтеріп уақыт туын

Ғашығына арнаған ғашық сезім

Өзіңнің тойыңды айтса –бақыттымын.

Настя: Көк майса келбеті

Өзгеріп өңір, жер беті

Адамзат, бейне көрінер

Кеткендей қыспен бар дерті.

Байғазы салты.

Алина: Сен бүгін арнасысың дара күйдің,

Сан пейілдің төрінен күлімдейсің.

Сен менің ұлы бабам Фарабидің,

Кешігіп келе жатқан үніндейсің.

Аида: Әнім де саған, биім де, Құт қонақ өзің үйімде. Қуаныш сыйлар еліме, Күлімде, Наурыз, күлімде.



Күй «Өрнек». Орындайтын Сабина Касенова.



1 - жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық, Әндетейік жырлайық! Ортамызды ашайық, Ырыс тілеп бұл жылға, Жырдан шашу шашайық!

Ән « Атамекен». Араратян Николь.

Аида: Әнім де саған, биім де, Құт қонақ өзің үйімде. Қуаныш сыйлар еліме, Күлімде, Наурыз, күлімде.

Жүргізуші: Салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ. Тәрбие дәстүрі.Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.

1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.

2.Кіндік кесер(салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс.

^ 3.Бесікке салу(салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

4. Қырқынан шығару(салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

^ 5.Тұсау кесер(салт). Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.

Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:

1)Ат қою(ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.

2)Айдар(ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды.

Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

^ 3)Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.

 Дәстүр-халықтың атадан балаға көшіп,жалғасын және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып,мінез-құлық,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.

Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек.

1)Тыштырма (дәстүр)Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт,ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма,тыштыма»деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала-шағаларына үлестіріп береді.

^ 2) Базарлық (дәстүр) -алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес, көрші-көлем, жас балалар, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

3) Байғазы (дәстүр)-балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай, заттай сый.

4)Тілашар (дәстүр).Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу жабдықтарын дайындап,шағын той өткізеді.Мұны «тілашар»тойы деп атайды.

5) Жеті ата (дәстүр). Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді міндеттеген.Олай болса жеті ата:Бала,Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.

6) Асату (дәстүр). Ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

Асқа толсын табағың,

Ашық болсын қабағың.

Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!



5.Тұсау кесер(салт). Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Қазір кішкентай Аяулым қызымыздың тұсауын кесеміз, тамашалаңыздар.


Аружан:Наурызым - тойлы нұрлы күн, Мерейің асып тұр бүгін. Жерімнің жүзін жылыттың, Елімнің сақта бірлігін!

«Би батыры». Кузнецова Регина 4 «А» сынып.

Арина:Күн менен түн теңелді, Жер шуаққа кенелді, Қуанышта ел енді. Көгерсін деп халқымыз Көшеге тал егеді.

«Арқан тартыс» ойыны.

Скрипкада ойнайтын Зунин Акерке.

2 - жүргізуші:Бәйшешектен білеміз,

Көктем келіп қалғанын,

Мәз боламыз күлеміз

Көрсек бүршік жарғанын,- деп бәйшешекті шақырамыз.

Бәйшешек: Гүлге орап, жасандырып жусан белін,

Ақтарған арындатып думан селін,

Сіңірген халық салтын қанымызға

Мейрамың құтты болсын, туған елім! –деп отырған қонақтарға бәйшешек гүлін таратады.

Қой жылы:

Келдім, міне, қой жылы ортаңызға,

Құт –береке әкелем баршаңызға,

Аңсаған арманыңыз орындалсын

Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.



1 - жүргізуші: «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.



Мұғалім: Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніңе!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылсын ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман - есен жетейік,
Келер Наурыз тойына!

Сабақты қорыту, бекіту:

Құттықтау сөз мектеп басшысына, оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына, ата – аналарға беріледі. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!









































85 жалпы білім беретін мектеп













Ашық тәрбие сағаты



«Қош келдің, әз Наурыз!»









Мұғалімдер:Мырзагелді Г.М.

Ажибаева Б.С.









2014-2015 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ош келді?, ?з-Наурыз!

Автор: Мырзагелді Г?лзана Мырзагелді?ызы

Дата: 28.03.2015

Номер свидетельства: 192839


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства