kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ор?аныста?ы жауынгер

Нажмите, чтобы узнать подробности

йцирпркутьавтапткпрлапииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииитьььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььмммммббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббчччбттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттмсрррррррррррррррррррррррррррррррррррррппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппрррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппппррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррррппппппппппппппппппппппппппппппнннннннннннннннннннннннннннннннннннннннввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввввмммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммммффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффффссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссс

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ор?аныста?ы жауынгер »

«Бекітемін» ___________

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Автоматының (қол пулеметінің) оқтауға дейінгі бөлшектері мен

механизмдерінің орналасу қалпы, оқтау және ату кезіндегі автоматтың мехнизмдерінің жұмысы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысын ұғындыру.

3. Уақыты: 45 минут. ________________ 2015жыл

  1. Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі.

  2. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар., автоматтың макеті.

  3. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • Бекітпе не үшін арналған?

  • Қайтармалы механизм не үшін арналған?

  • Соққыш – ағытқыш механизм не үшін арналған?

  • Оқжатарды қалай пайдаланады?

  • Сүңгі-пышақ жайлы айтып беріңдер.

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы. Бөліктер мен механизмдердің оқтауға дейінгі жағдайы. Оқтау кезіндегі бөліктер мен механизмдердің жұмысы.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің оқтауға дейінгі жағдайы туралы айтып беріңдер.

  • автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің оқтау кезіндегі жұмысы жайлы айтыңдар.


АД. Т. 6. с 1. Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен

механизмдерінің жұмысы.

Бөліктер мен механизмдердің оқтауға дейінгі жағдайы.

Газ поршені және бекітпесі бар бекітпе жақтауы қайтармалы механизм әсерінен алдыңғы жағдайда болады, газ поршені - газ камерасының келте түтігінде орналасады, ұңғы арнасы бекітпемен жабылады. Бекітпе бойлық ось бойымен оңға қарай бұрылып, оның ұрыстық шығыңқылары ұңғы қорабы ойықтарында болады – бекітпе жабылады. Қайтармалы серіппеде ең төменгі қысым болады.

Автоағытқыш тұтқасы бекітпе жақтауы шығыңқысының әсерінен алға және төменге бұралады.

Шүріппе босатылып, бекітпеге тіреледі. Соққыш шүріппе күшімен алға бекітіледі. Ұрыстық серіппе ең төмен қысымда болып, өз ілмегімен шүріппені бекітпеге қысады, ал берілген ұштарымен ағытқыш ілмектің тікбұрышты шығыңқыларын ұңғы қорабының түбіне қысады. Бұл кезде ағытқыш ілмек құйрықшасы алдыңғы жағдайда болады.

Шүріппе баяулатқышы өз серіппесінің алдыңғы шығыңқысы әсерінен ұңғы қорабының түбіне қысылады.

Ауыстырғыш ең биік жағдайда болып, ұңғы қорабының қақпағындағы сатылы ойықты жабады. Ауыстырғыш тежегішке қойылады; ауыстырғыш секторы жекелей ату дөңесінің ойығына кіріп, ағытқыш ілмектің оң жақтағы тік бұрышты шығыңқысының үстінде болады (ағытқыш ілмекті жабады).

Оқтау кезіндегі бөліктер мен механизмдердің жұмысы.

Автоматты (пулеметті) оқтау үшін оған жарақталған оқжатарды қосып, ауыстырғышты АВ немсе ОВ-ға келтіріп, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, қайта жіберу керек, сонда автомат (пулемет) оқталады. Егер дереу оқ ату міндеті туса, ауыстырғышты сақтандырғышқа қою керек.

Оқжатарды қосқан кезде жоғарғы оқсауыт астынан бекітпе жақтауына тіреледі. Ауыстырғышты автоматты атысқа қойған кезде ұңғы қорабының қақпағындағы бекітпе жақтауының тұтқасына арналған басқышты ойық босайды, ауыстырғыш секторы жекелей атыс дөңесінің ойықында қалады, бірақ ағытқыш ілмектің бұралуына кедергі жасамайды.

Бекітпе жақтауын еркін жүрістің ұзындығына кейін тартқан кезде ол фигуралық ойығының алдыңғы қиығымен бекітпенің жетекші шығыңқысына әсер етіп, бекітпені солға бұрады, бекітпенің ұрыстық шығыңқылары ұңғы қорабының ойықтарынан шығады да, бекітпенің ашылуы жүзеге асады; бекітпе жақтауының шығыңқысы автоатқыш иінтіпегін босатады да, автоағытқыштың дөңесі серіппенің әсерінен шүріппенің алдыңғы жазықтығына қысылады.

Бекітпе жақтауын одан ары шегерген кезде бекітпе онымен бірге кейін кетіп, ұңғы арнасын ашады, қайтармалы серіппе қысылады; шүріппе бекітпе жақтауы әсерінен өз осьінде бұрылады, ұрыстық серіппе бұралады; шүріппенің ұрыстық қайырмасы ағытқыш ілмектің фигуралық шығыңқысының сыртына шығып, шүріппе баяулатқышының астына келеді де, шүріппе автоағытқыштың дөңесіне тұрады; автоағытқыш иінтірегі бұл реттен жоғары көтеріліп, бекітпе жақтауының шығыңқысы жүретін жолға тұрады.

Бекітпе жақтауының төменгі жазығы оқжатарға арналған терезеден өте салысымен, оқсауыттар оқжатар серіппесі әсерінен жоғарғы оқсауытпен бірге оқжатар қабырғасының йілмесіне тірелгенше жоғары көтеріледі.

Бекітпе жақтауын босатқан кезде ол бекітпемен бірге қайтармалы механизм әсерінен ілгері жылжиды; бекітпе оқжатардан жоғарғы оқсауытты алып шығып оқтыққа кіргізеді де, ұңғы арнасын жабады. Бекітпе ұңғының оқталатын ойығына келгенде, лақтырғыш ілмегі оқсауыттың шығыршық кертпесіне кіреді; бекітпе жақтауының фигуралы ойығының әсерінен бойлық осін айнала оңға бұрады; бекітпенің ұрыстық шығыңқысы ұңғы қорабының ұрыстық тірегіне кіріп, бекітпені жабады.

Бекітпе жақтауы алға қарай қозғалысын жалғастырып, өз шығыңқысымен автоағытқыш иінтірегін алға және төмен бұрады, автоағытқыштың дөңесі шүріппені автоағытқыш қайырмасынан шығарады; шүріппе ұрыстық серіппе әсерімен бұралады да, баяулатқыш ілмегінен шығып, ұрыстық қайырмаға тұрады.

Оқсауыттар оқжатарда серіппенің әсерінен жоғарғы оқсауыт бекітпе жақтауына тірелгенше жоғары көтеріледі.

Ауыстырғышты сақтандырғышқа қойғанда, ол ұңғы қорабы қақпағының сатылы ойығын жабады да, бекітпе жақтауының тұтқасын артқа жылжыту жолында болады; ауыстырғыш секторы алға бұрылып, ағытқыш ілмектің оң жағындағы тік бұрыш шығыңқысының үстіне барып тұрады (ағытқыш ілмекті жауып тастайды).

Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы оқытушысы: __________ А.Жақсыбаев

«Бекітемін» ___________

Сабак жоспары


  1. Сабақтың тақырыбы: Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы. Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің ату кезіндегі жұмысы.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің ату кезіндегі жұмысын ұғындыру.

  3. Уақыты: 45 минут. ____________________ 2010 – 2011 оқы жылы

  4. Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі.

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар., автоматтың макеті.

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің оқтауға дейінгі жағдайы туралы айтып беріңдер.

  • автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің оқтау кезіндегі жұмысы жайлы айтыңдар.

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы. Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің ату кезіндегі жұмысы.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • автоматтан (пулеметтен) автоматты атыс жүргізу үшін не істеу керек?

  • автоматтан (пулеметтен) жекелей атыс пен кезекпен ату қалай жүргізіледі?

АД. Т. 6. с 2. Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы. Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің ату кезіндегі жұмысы. Бөліктер мен механизмдердің автоматты ату кезіндегі жұмысы.

Автоматты атыс жүргізу үшін ауыстырғышты АВ-ға қойып, ағытқыш ілмекті басу керек, егер ол оқталмаған болса, ағытқыш ілмекті де басу керек.

Ауыстырғышты АВ-ға қойғанда – ауыстырғыш секторы ағытқыш ілмектің тік бұрыш шығыңқысын босатады да, жекелей ату дөңесінің ойығында қалады. ағытқыш ілмек өз осьінің айналасында бұрылуға мүмкіндік алады, жекелей ату дөңесі ағытқыш ілмекпен бірге ауыстырғыш сектормен бұрылудан ұстап тұрады. Ағытқыш ілмектің құйрықшасын басқан кезде оның фигуралы шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасымен іліністен шығады. Шүріппе ұрыстық серіппе әсерінен өз осінде айналып, соққышқа қатты соғылады. Соққыш бұзғыш пен оқсауыттың капсюлін қиратады. Оқсауыттың капсюлі тұтанады, дәрілі зарядын жандырады да, атыс жүзеге асады. Оқ дәрілі газдардың әсерінен ұңғы арнасының бойымен қозғалады, ол газ бөлетін тесіктен өтісімен, газдың бір бөлігі осы тесік арқылы газ камерасынан өтеді, газ поршеніне қысым түсіріп, бекітпе жақтауын кері итереді.

Бекітпе жақтауы кері кете отырып, оны тұтқасынан ұстап, кері шегергендегідей фигуралы ойықтың алдыңғы қимасы арқылы ось бойымен айналдырады да, ұңғы қорабының ұрыстық тіреуінен оны ұрыстық шығыңқыға шығарады – бекітпе ашылады, ұңғы арнасы ашылып, ол серіппенің әсерінен баяу жоғары көтеріледі, ал автоағытқыш дөңесі шүріппенің алдыңғы қуысына тақайды. Осы кезде ұңғы арнасынан оқ ұшып шығады.

Автоматтың ұңғы арнасынан шыққан дәрілі газдар ұңғылық тежеуіш компенсатордың артқы камерасына түсіп, кеңейеді де, компенсациялық саңылау арқылы өтіп, реактивті күш жасайды, ол автоматтың ұңғы бөлігін саңылау орналасуына қарсы жаққабұрады. Дәрілік газдардың бір бөлігі алдыңғы және артқы камераның алдыңғы қабырғасына соғыла отырып, кері соғуды азайтады. Артқы камера саңылауынан шыққан газдардың алдыңғы камераның алдыңғы қабырғасына шағылысқан газдармен түйісуі атыс дыбысын бәсеңдетеді.

Бекітпесі бар бекітпе жақтауы екпінмен бірге артқа қарай жылжуды жалғастырады; лақтырғыш ілмегімен ұсталып тұрған оқсауыт ұңғы қорабының шағылыстырғыш шығыңқысына түйісіп, оқсауыт сыртқа лақтырылады.

Бұдан әрі шүріппе автоағытқыш дөңесінің жоғарғы бөлігіне қойылады да, онда бекітпесі бар бекітпелі жақтауы бұрынғы орынға қайтып келгенше ұсталады. Бекітпе оқжатардан жоғарғы оқсауытты оқсауыт салғышқа жібергеннен кейін ұңғы арнасы жабылады және бекітіледі, ал бекітпе жақтауы алға қарай жылжи отырып, автоағытқыш дөңесін шүріппені автоағытқыш қайырмасынан шығарады. Шүріппе ұрыстық шүріппе әсерінен айналады да, шүріппені баяулатқыш саңылауына соғады; баяулатқыш алдыңғы шығыңқыны шүріппе соққысына қалдыра отырып, артқа айнналады; бұл соққылардан соң шүріппенің алға жылжуы сәл бәсеңдейді, бұл ұңғыға бекітпесі бар бекітпе жақтауы соғылуынан соң оның бастапқыға жақын жағдайға келуіне мүмкіндік береді және осы арқылы ұрыс шоғырын арттырады. Баяулатқыш шығыңқысының алдына соғылған соң, шүріппе соққышқа соққы береді. Ату басталады. Автомат (пулемет) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы қайталанады. Ағытқыш ілмек басылып, оқжатарда оқ таусылғанша атыс жүреді.

Атысты тоқтату үшін ағытқыш ілмекті босату керек. Бұл ретте ағытқыш ілмек ұрыстық серіппенің әсерінен бұзылады да, оның фигуралық шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасының жолына тұрады. Шүріппе ұрыстық қайырмада тоқтайды. Атыс тоқтатылады, бірақ автомат (пулемет) одан әрі атыс жүргізуге дайын болып оқталып тұрады.

Бөліктер мен механизмдердің жекелеп ату кезіндегі жұмысы.

Жекелеп атыс жүргізу үшін ауыстырғышты жекелей атысқа (ОВ) қойып ағытқыш ілмекті басу керек.

Ауыстырғышты «ОВ» жағдайына қойған кезде – ауыстырғыш секторы ағытқыш ілмектің тік бұрышты шығыңқысын босатады (ағытқыш ілмек ашылады), ол жекелей атыс септегішінің ойығынан толық шығады да, атыс кезінде соққыш-ағытқыш механизмнің жұмысына қатыспайды.

Ағытқыш ілмектің құйрығын басқан кезде, оның фигуралық шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасымен іліністен шығады. Шүріппе ұрыстық серіппенің әсерінен өзінің осінде айналып соққышқа қатты соғылады. Атыс болады. Бірінші атыстан кейін бөліктер мен механизмдер сол автоматтық атыс кезіндегідей жұмыс істейді, бірақ келесі атыс болмайды, өйткені ағытқыш ілмекпен бірге жекелей атыстың септегіші алға бұрылып, оның бүртігі шүріппенің ұрыстық қайырмасының қозғалыс жолына тұрады. Қосымша шүріппенің ұрыстық қайырмасы жекелеп ату дөңесінен асып түседі, ал шүріппе артқы жағдайда қалады.

Келесі атысты жүргізу үшін ағытқыш ілмекті түсіріп, оны қайта басу керек. Ағытқыш ілмек түскен кезде ұрыстық серіппенің әсерінен жеке ату дөңесі бірге айналады, жекелеп ату дөңесі шүріппенің ұрыстық қайырмасымен бірге ілгіштен шығып, шүріппені босатады. Ұрыстық шүріппенің әсерінен шүріппе айналады, алдымен баяулатқыш ілгешегіне, содан соң оның ортаңғы шығыңқысына соғылады да, ұрыстық қайырмаға тұрады. Ағытқыш ілмекті басу кезінде оның фигуралы шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасымен бірге ілгіштен шығып, бөліктер мен механизмдер жұмысы қайталанады. Кезекті атыс болады.




Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы оқытушысы: _______ М Айтуғанов








«Бекітемін» ___________

Сабак жоспары

  1. Сабақтың тақырыбы: Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау жұмыстарын жүргізуді үйрету.

  3. Уақыты: 45 минут. _____________________ 2015 жыл

  4. Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі.

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • автоматтан (пулеметтен) автоматты атыс жүргізу үшін не істеу керек?

  • автоматтан (пулеметтен) жекелей атыс пен кезекпен ату қалай жүргізіледі?

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • автоматты (пулеметті) тексеріп қарау қай уақытта жүргізіледі?

  • автоматтың (пулеметтің) қалыпты жағдайын бұзатын негізгі ақаулар қандай?

  • жауынгерлердің күнделікті қарау және тазалау кезінде автоматты (пулеметті) тексеру реті қандай?

  • автоматтың (пулеметтің) керек – жарақтарын тексеру қалай жүргізіледі?

  • жауынгерлер оқсауытты қашан және қандай мақсатпен қарайды?

  • автоматты (пулеметті) атысқа дайындау үшін не қажет екенін атаңдар.

АД. Т. 7. Автоматты (пулеметті) тексеріп қарау және оны атысқа дайындау.

Автоматтың (пулеметтің) атуға жарамдылығын, тазалығын, майдың сапасын тексеру және автоматты атысқа дайындау үшін автоматты (пулеметті), керек-жарақтарды және оқжатарды тексеріп қарау жұмыстыры жүргізіледі.

Жауынгерлер мен сержанттар автоматты (пулеметті):

  • күн сайын;

  • сабаққа шығар алдында, күзетке түсер алдында, ұрыс жағдайында – күніне бірнеше рет, жауынгерлік міндетті орындау алдында;

  • тазалау кезінде тексеру керек.

Автоматтың (пулеметтің) оқжатарлары мен керек-жарақтарының ақаулары дер кезінде жойылуы керек.

Автоматтың (пулеметтің) қалыпты жағдайын бұзатын негізгі ақаулары мыналар болып табылады:

  • қарауыл майысқанда немесе соғылғанда, бір жағына төменге немесе жоғарыға қарай орнынан жылжығанда – оқтар қарауыл ұшының орнына қарама-қарсы жаққа ауытқиды;

  • көздеу тақташасы майысқанда немесе қисайғанда – оқтар көздеу тақташасы қырының кесігі ауысуы жағына ауытқиды.

  • ұңғы майысқанда – оқтар ұңғының ауыз жағындағы қайырма жағына ауытқиды.

  • ұңғы арнасының қажалуы, ойық өрістері бұрыштарының дөңгеленуі мен тозуы, көздеу тақташа, қарауыл, дүм тербетілуі – мұның барлығы оқ шашырауын көбейтеді. Жауынгерлер мен сержанттардың автоматты (пулеметті) тексеріп қарау тәртібіКүнделікті қарау кезінде автоматтың (пулеметтің) барлық бөліктерінің болуына көз жеткізіп, сыртқы бөліктерінде таттың, балшықтың, сондай-ақ майысу, сызат түскен және механизмдердің қалыпты жұмысын бұзуы мүмкін басқа да зақымдардың болуын сүмбінің бекітілуінің беріктігін, автоматтың майлану жағдайын, белдігінің, керек-жарақтарының, оқжатардың, олар салынатын сөмкелердің болуы тексеру керек.

Сабаққа шығар, күзетке түсер алдында және тазалау кезінде күнделікті тексеруден басқа көздеуіш пен қарауылдың жарамдылығы және ұңғы арнасы тексеріледі.

Қарауыл көздеуішінің жарамдылығын тексеру кезінде көздеуіш тақташасы қырындағы кесікте шалыстардың болмауына, қамытшаның көздеуіш тақташасында жатық жылжуына және белгіленген жағдайда ілгішпен сенімді бекітілуіне, серіппенің көздеуіш тақташасын сенімді ұстауына, көздеуіштің бүгіліп қалмауына және табанда нық тұруына, табандағы белгілердің негізіндегі белгілермен сәйкес келуіне көз жеткізу керек.

Бөліктер мен механизмдер жұмысының дұрыстығын тексеру кезінде:

а) ауыстырғышты АВ-ға қойып, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, қайта жабу керек; бұл кезде бекітпе жақтауы алдыңғы жағдайға қайта оралып келуі керек; бекітпе жақтауын қайта артқа қарай тартып, ағытқыш ілмекті басып, бекітпе жақтауын сабынан ұстап тұрып, қайта жіберу керек. Бекітпе жақтау алдыңғы жағдайға жақындағанда «СЫРТ» еткен дыбыс естілуі керек - шүріппе соққышқа соғылады.

ә) ауыстырғышты ОВ-ға қойып, ағытқыш ілмекті басып, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, ағытқыш ілмекті жібермей тұрып бекітпе жақтауын жіберу керек; ағытқыш ілмекті босатқанда, шүріппе ұрыстық қайырмаға қойылады, бұдан соң автоматты сақтандырғышқа қояды, ағытқыш ілмекті басады; автоматты сақтандырғыштан алып ағытқыш ілмекті басқанда, шүріппе соққышқа соғылады.

Автоматты (пулеметті) тазалау кезінде оның темір бөліктерінде майысу, ал ағаш бөліктерінде жарылу мен соғылу болмауына көз жеткізу керек. Ұңғы арнасы, газ камерасы, газ түтігі, газ поршені жағдайына аса көп көңіл бөлу керек.

Керек-жарақтарды қарау кезінде олардың болуы мен жарамдылығын тексеру керек.

Сүмбі, сүрткіш және тазалағышты тексеру үшін, алдымен олардың майыспағандықтарына көз жеткізу керек.

Пеналда жарылу, жаншылу, майысу болмауы керек. Оның бүйір тесігінен сүмбінің басы өте алуы тиіс.

Майлағышта жарылулар мен тесіктер болмауы керек.

Бұрауыш жүзі жаншылмаған, шығарғыш майыспаған болуы керек.

Қаққыш бүгілмеген болуы керек. Оқжатар мен бұрама сұқпа жарылған, ұрылған, майысқан болмауы керек. Оқсауыттар оқжатар саңылауында жеңіл қозғалуы керек.

Бұрамасұқпа оқжатардың жоғары бөлігіне еркін киілуі керек; мұнда өткізгіш бүгілмелері оқжатар мойнындағы тиісті саңылауға енуі керек.

Автоматты (пулеметті) қарау кезіндегі табылған ақаулар туралы өз командирлеріне дереу хабарлау керек.

Ұрыстық оқсауыттарды қарау.

Ұрыстық оқсауытты атыс алдында, күзетке түсу кезінде және командир бұйрығы бойынша тексереді.

Оқсауытты қарау кезінде:

  • оқсауыттарда тат басқан және майысқан жерлерінің болмауы, оқтың оқсауыт аузында берік тұруы;

  • капсюльде жасыл қақтың болмауы, капсюльдің оқсауыт түбінің бетінен шығып тұрмауы;

  • ұрыс оқсауыттарының арасында жаттығу оқсауыттарының болмауы тексеріледі.

Барлық бүлінген оқсауыттар қоймаға тапсырылады. Егер оқсауыттарда шаң басқан, ластанған, жасыл қақ немесе тот тұрған болса, оларды құрғақ шүберекпен сүрту керек. Оқсауыттарды майлы шүберекпен сүртуге, сондай-ақ оқжатарда көп майланған оқсауыттармен жарақтауға тиым салынады.

Автоматты (пулеметті) атысқа дайындау.

Автоматты (пулеметті) атысқа дайындау – оның атыс кезінде тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

Автомат (пулемет) атысқа бөлімше командирінің басшылығымен дайындалады.

Автоматты (пулеметті) атуға дайындау кезінде:

  • автоматты (пулеметті) бөлшектенген түрде қарап, тазалап, майлау;

  • автоматты (пулеметті) жиналған түрде қарау;

  • оқжатарды қарау қажет.

Тікелей атыс алдында ұңғы арнасы (ойықта бөлік пен оқтық) құрғатылып, сүртіледі.

Егер автомат (пулемет) ұзақ уақыт аязда болған болса, оны оқтау алдында оқжатарын ағытқан қалпында бекітпе жақтауын қолмен ілгері-кейін қозғап алу керек.

Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ А.Жақсыбаев

«Бекітемін» ___________

Сабак жоспары


  1. Сабақтың тақырыбы: Автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер жою әдістеріне үйрету.

3. Уақыты: 45 минут. ___________________ 2010 – 2011 оқу жылы

4. Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі.

  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.

  2. Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • автоматты (пулеметті) тексеріп қарау қай уақытта жүргізіледі?

  • автоматтың (пулеметтің) қалыпты жағдайын бұзатын негізгі ақаулар қандай?

  • жауынгерлердің күнделікті қарау және тазалау кезінде автоматты (пулеметті) тексеру реті қандай?

  • автоматтың (пулеметтің) керек – жарақтарын тексеру қалай жүргізіледі?

  • жауынгерлер оқсауытты қашан және қандай мақсатпен қарайды?

  • автоматты (пулеметті) атысқа дайындау үшін не қажет екенін атаңдар.

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері.


в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • атыс кезіндегі кідірістер болу себебі және оны жою жолдары қандай?

  • автоматың (пулеметтің) керек-жарағын және оның не үшін қолданылатынын айтыңдар.


АД. Т. 8. Автоматтан (пулеметтен) ату кезіндегі кідірістер және оларды жою әдістері.

Автомат (пулемет) бөліктері мен механизмдерін дұрыс қарап күтсе, ол ұзақ уақыт сенімді де кідіріссіз жұмыс істейді. Алайда механизмдердің ластануы, бөліктердің тозуы және ұқыпсыз ұсталуы, оқсауыттардың жарамсыздық салдарынан атыс кезінде кідірістер болуы мүмкін.

Атыс кезінде болған кідірісті, ең алдымен қайта оқтау арқылы түзеп көру керек. Бұл үшін бекітпе жақтауын тұтқасынан ұстап, тез кейін тартып барып босатып жіберу керек те, атысты жалғастыру керек. Егер кідіріс қайталанса, оның себебін анықтап, кестеде келтірілген әдістердің бірімен жою керек.



Кідіріс және оның сипаты

Кідірістің себебі

Кідірісті жою әдісі

Оқсауыттың берілмеуі.

Бекітпе алдыңғы жағдайда, бірақ атыс болмады-оқтықта оқ жоқ.

  1. Оқжатардың ластануы немесе ақаулығы.


2. Оқжатар ілгішінің ақаулығы.

Автоматты (пулеметті) қайта оқтап, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанғанда оқжатарды алмастыру.

Оқжатардың бекітпесі ақаулы болса, автоматты жөндеу шеберханасына жіберу.

Оқсауыттың кептелуі.

Оқсауыт оғымен ұңғының оқталатын бөлігіне тірелген, жыл- жымалы бөліктер ортаңғы жағдайда тоқтаған.

Оқжатардың ақаулығы.


Бекітпе жақтауының тұтқасынан ұстап тұрып, кептелген оқсауытты алып тастап, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанса, оқжатарды ауыстыру.

Атылмай қалу.

Бекітпе алдыңғы жағдайда, оқсауыт оқтықта, шүріппе босатылған - атыс болмады.

1 Оқсауыттың жарамсыздығы.

2. Соққыштың немесе соққыш-ағытқыш механизмнің ақаулы-ғы; ластануы, майдың қатып қалуы (соққыштың капсюльді соқпауы немесе бәсең соғуы).

3. Соққыштың бекітпеде кептеліп қалуы.

Автоматты (пулеметті) қайта оқтап, атысты жалғастыру. Кідіріс қайталанса, соққыш пен соққыш-ағытқыш механизмді қарап тазалау; бұзылған, тозған болса, автомат жөндеу шеберханасына жіберіледі.


Соққыш бекітпеден ажыратылып, бекітпедегі соққыш астындағы саңылау тазаланады.

Оқсауыттың алынбай қалуы.

Оқсауыт оқтықта, кезекті оқсауыт оған оғымен тірелген, жылжымалы бөліктер ортаңғы жағдайда тоқтаған.

1.Оқсауыт лас немесе оқтық ластанған.







2.Лақтырғыштың немесе оның серіппесінің ластануы не ақаулығы.

Бекітпе жақтауының тұтқасын кері тартып оны артқы жағдайда ұстай тұрып, оқжатарды бөлшектеп, тірелген оқсауыт алынады.

Бекітпе немесе сүмбімен оқсауыт оқтықтан шығарылады. Кідіріс қайталанса, оқсауыт пен оқтық тазалануы керек.

Лақтырғышты қарап, тастан тазартып, атысты жалғастыру. Лақ-тырғыш-ақаулы болғанда, автомат жөндеу шеберханасына жіберіледі.

Оқсауыттың шағылыстыр-ылмауы. Оқсауыт ұңғы қорабынан лақтырылмай, сонда бекітпенің алдында қалған немесе бекітпе арқылы қайтадан оқтыққа жіберілген.

1.Үйкелуші бөліктердің, газ жолдарының немесе оқтықтың ластануы.




2.Лақтырғыштың ластануы немесе ақаулылығы.


Бекітпе жақтауының тұтқасын кері тарту, оқсауытты лақтырып, атысты жалғас-тыру. Кідіріс қайталанса, газ жолдарын, үйкелуші бөліктерді және оқтықты тазалау; үйкелуші бөліктерді иайлау.

Лақтырғыш ақаулы болса, автоматты жөндеу шеберханасына жіберу.

Бекітпе жағдайының алдыңғы жағдайға жетпеуі.

Қайтарма серіппі сынған.

Серіппені алмастыру (урыс жағдайында серіппенің алдыңғы бөлігін жарақталған ұшымен артқа бұрап, атысты жалғастыру).


Автоматтың (пулеметтің) керек-жарағы.

Керек-жарақ автоматты (пулеметті) бөлшектеу, жинау, тазалау үшін және оқжатарларды оқсауыттармен жедел жабдықтау үшін қызмет етеді. Оған жататындар: сүмбі, сүрткіш, тазалағыш, кірпішек, бұрауыш, қаққыш, бұрмасұқпа, пенал, оқтізер және майсауыт.

Сүмбі ұңғы арнасын, автоматтың (пулеметтің) басқа да бөліктерінің аралары мен қуыстарын тазалау үшін қолданылады. Оның қаққышқа арналған саңылауы бар басы, тазалағышты немесе кірпішекті бұрап кіргізетін бұрандасы болады.

Тазалағыш ұңғы арнасын, сондай-ақ автоматтың (пулеметтің) басқа да бөліктерінің арналары мен қуыстарын тазалау және майлау үшін қажет. Оның ішкі бұранданы сүмбіге бұрап кіргізуге арналған бұрандасы және шүберек не кендірге арналған саңылауы болады.

Сүрткіш ұңғы арнасын ұңғы тазалау ерітіндісімен (ҰТЕ) тазалау үшін қолданылады.

Бұрауыш және қаққыш автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинау кезінде қолданылады. Бұрауыштың ұшындағы ойық қарауылды бұрап кіргізу және шығару үшін, ал бүйіріндегі ойығы тазалағышты сүмбіге бекітуге арналған. Бұрауышты пайдалануға ыңғайлы болу үшін, ол пеналдың бүйір саңылауына қойылады. Ұңғы арнасын тазалау кезінде бұрауыш пеналға сүмбі басының үстінен салынады.

Пенал тазалағышты, сүрткішті, бұрауышты, қаққышты сақтау үшін қызмет етеді. Ол қақпақпен жабылады. Пенал ұңғы арнасын тазалау және майлау кезінде сүмбі жалғастырғышы ретінде, қарауылды бұрап енгізу және шығару кезінде бұрауыштың тұтқасы ретінде және газ түтігінің жапқышын бұрау үшін қолданылады.

Бір мойынды майлағыш майдан сақтау үшін қызмет етеді, ол оқжатарға арналған сөмке қалтасында болады.

Оқтізер оқсауыттарды тасуға және оқжатарды оқсауыттармен жедел қамтамасыз етуге арналған. Оқтізерде 15 оқсауыт болады. Оның екі өтпе саңылау серіппесі болады.

Бұрамасұқпа оқжатарды оқсауыттармен жабдықтау кезінде оны оқтізермен жалғастыру үшін қызмет етеді. Оның төменде – оқжатар мойынның тиісті саңылауына кіретін екі бұрамасы; жоғарыда – оқтізер мен тіреу үшін екі өтпе саңылауы болады, олар оқтізердің қозғалысын шектейді.


Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ Ғ. Ақпан

















«Бекітемін» ___________

Сабак жоспары


  1. Сабақтың тақырыбы: Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау.


  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға автоматты майлау және тазалау ретіне үйрету.


3. Уақыты: 45 минут. ___________________2010 – 2011 оқу жылы


4. Өткізілетін орны: 10 сынып, АӘД бөлмесі.


  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.


  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • атыс кезіндегі кідірістер болу себебі және оны жою жолдары қандай?

  • автоматың (пулеметтің) керек-жарағын және оның не үшін қолданылатынын айтыңдар.


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау.


в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • автоматты (пулеметті) тазалау қандай мақсатта, қай уақытта және қандай майлармен жүргізіледі?

  • автоматты (пулеметті) тазалау және майлау реті қандай?

  • бөлімшелердің кзармада және далада орналасуы кезінде автоматты (пулеметті) сақтау жағдайлары туралы айтыңдар.

  • автоматтан (пулеметтен) ату кезінде қандай ақаулықтар болады және оларды ұандай жолдармен жоюға болады?







АД. Т. 9. Автоматқа (пулеметке) күтім жасау, оны сақтау және күтіп ұстау.

Автомат (пулемет) толық жарамды және әрекетке дайын болуы керек. Бұған оны дер кезінде тазалау, майлау және дұрыс сақтау арқылы қол жеткізіледі.

Автоматты (пулеметті) тазалау:

  • атысқа дайындық кезінде;

  • атыс аяқталғаннан соң; (ұңғы қорабы, ұңғы арнасы, газ камерасы, газ поршені, бекітпе жақтау, бекітпе тазартылып, майланады).

  • ұрыстық жағдайда, ұрыс тыншыған кезінде және ұзақ жаттығуларда үзіліс кезінде күн сайын жүргізіледі;

  • егер автомат (пулемет) қолданылмаса тазалау аптасына бір рет жүргізіледі.

Автоматты (пулеметті) тазалау мен майлау бөлім командирінің тікелей басшылығымен жүргізіледі.

Казармада немесе далада автоматты тазалау осы мақсатқа арналған үстелдерде, ал ұрыстық жағдайда - таза төсеніш, тақтай, фанера үстінде жүргізілуі тиіс.

Ату орындарында автоматты (пулеметті) атыс аяқталғаннан соң сұйық қару майымен тазалау офицерлер жетекшілігімен жүргізіледі.

Ату орындарында сұйық қару майымен тазаланған автомат (пулемет) казармаға оралғаннан соң ұңғы тазалау ерітіндісімен (ҰТЕ) қайта тазалануы керек.

Автоматты (пулеметті) тазалау мен майлауға қолданылатын майлар:

- суық қару майы автоматты (пулеметті) тазалау және оның бөлшектері мен механизмдерін +5С-тан +50С-қа дейінгі температурада майлау үшін;

  • қару майы: тазаланған соң +1С-тан +5С-қа дейінгі температурада майлау үшін;

  • ҰТЕ: тазалауға арналған;

  • шүберек немесе КВ-22 қағазы: сүрту мен тазалауға;

  • талшықтан тазартылған кендір: тек қана ұңғы арнасын тазалау үшін;

Автоматты (пулеметті) тазалау төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:

1) Тазалау мен майлау құралдарын дайындау;

  1. Автоматты (пулеметті) бөлшектеу;

  2. Керек жарақтарды тексеріп, оны тазалауға қолдану үшін дайындау;

  3. Ұңғы арнасын тазалау.

Автоматты тазалауды аяқтағаны туралы жауынгер бөлім командиріне баяндайды, содан соң оның рұқсатымен автоматты (пулеметті) майлап, жинауды жүргізеді.

Ұңғы арнасын сұйық қару майымен тазалау үшін сүрткіш ойығына кендір не шүберекті енгізу керек, кендірге (шүберекке) аз ғана сұйық қару майын құйып және оны аздап уқалау керек. Тазалағышты не кендірлі сүмбіні ұңғы арнасына кіргізеді.

Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен сүмбіні ұңғы арнасының бүкіл бойымен бірнеше рет баппен жүргізеді. Сүмбіні суырып алып, сүрткіні ауыстырып, оған мылтық майын сіңіріп, сол ретпен ұңғы арнасын таза, құрғақ сүрткімен мұқият сүртіп, одан кейін таза шүберекпен сүртеді. Шүберекті алып қарайды, егер онда күйенің ізі, тат, немесе ластың ізі болса, ұңғы арнасын шүберек таза болып шыққанға дейін тазалауды жалғастырады. Ұңғы арнасын ауыз жағынан және оқтық жағынан жарыққа мұқият қарайды. Бұл ретте ойықтардың бұрыштарына ерекше назар аударып, оларда күйенің қалмағаны тексеріледі. Осы әдіспен оқтық ұңғы қорабы жағынан тазаланады.

Ұңғы арнасын тазалау ҰТЕ-не батырылған сүрткіш арқылы жүргізіледі; содан соң ұңғы арнасы кендірмен сүртіледі. Бұдан соң ұңғы арнасын құрғақ кендірмен, сосын таза шүберекпен сүртеді.

Автоматты (пулеметті) майлауды былайша жүргізеді:

  1. ұңғы арнасын, оқшантайды, ұңғылық тежеуіш компенсаторды және жалын сөндіргішті тазалағыштың ұшына май сіңірілген шүберек салып майлайды;

  2. автоматтың қалған металл бөліктерінің бәріне май сіңірілген шүберекпен жұқа қабат май жағады. Бұл ретте шамадан артық майлау бөліктерді ластап, атыс кезінде кідіріс туғызуы мүмкін;

  3. майлап болғаннан кейін автомат (пулемет) жиналады, оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысы тексеріледі, оқжатарлар мен керек-жарақтар майланады, содан соң оны бөлімше командиріне көрсетеді.

Жылдың суық мезгілінде автоматты (пулеметті) тек сұйық қару майымен майлау қажет. Келесі майлаудың алдында бұрынғы майды тазалап тастау керек.

Майды кептіру үшін автоматты (пулеметті) толық бөлшектеу керек, сұйық қару майымен барлық металл бөлшектерін жуып, оларды таза шүберекпен сүрту керек.

Ескерту. Ауа райы +5С-тан төмен болған кезде қару майын қолдануға тыйым салынады.

Ұзақ уақыт бойы сақтауға тапсырылатын автоматты (пулеметті) сұйық қару майымен майлап, ингибиттелген, ал сосын парафинделген бір қабат қағазға орау қажет.

Автоматтар (пулеметтер) мен оқсауыттарды сақтау және күтіп ұстау.

Қарудың сақталуы мен күтіп ұсталуына бөлімше командирі жауапты.

Автомат (пулемет) оқтаусыз сақталады, бұл ретте оқжатар ажыратылады, сүңгі-пышақ алынады, шүріппе босатылады, автоматта көздеуіштің қамытшасы «П» бөлігіне, пулеметте «1» бөлінісіне қойылады, пулемет сирақтары жиналып, серіппелі ілгекпен бекітіледі. Автомат (пулемет) оқтау және атыс жүргізу алдында ғана сақтандырғыштан түсіріледі.

Автомат (пулемет) казарма немесе далалық жағдайларда пирамидаларда сақталынады; сол пирамиданың ерекше бір бөлімінде оқжатарлар, оқжатарларға арналған сөмкелер, қынаптағы сүңгі-пышақтар, майлауыштар мен қапшықтар, сондай-ақ жиналмалы дүмді автоматқа арналған пенал сақталынады.

Ғимаратта орналасу жағдайында автоматты (пулеметті) есіктен, пештен және жылытқыш аспаптардан қашық, құрғақ жерде, ал соғыс уақытында - қолда ұстау керек.

Автомат (пулемет) автомобиль мен сауытты транспортерлерде жылжу кезінде тізе арасында тік тұрады, ал танкте қолда болуы керек.

Автоматтарды (пулеметтерді) темір жол немесе су арқылы тасымалдау кезінде арнай пирамидаларда ұстау керек. Пирамидалар жоқ кезінде қолда немесе сөрелерде ұстау керек.

Автоматтың (пулеметтің) ұңғы арнасына су тимеуінен сақтану керек. Егер су тиген болса, онда атыс алдында автоматтың (пулеметтің) жылжымалы бөлшектерін артқа қарай тартып, ұңғы жағын төмен қаратып, бірнеше рет сілку керек; бұл кезде су ұңғы арнасынан ағып кетеді.

Оқсауыттар құрғақ, мүмкіндігінше күн сәулесі түспейтін жерде сақталынуы керек.




Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ Ғ. Ақпан








«Бекітемін» ___________

Сабак жоспары


  1. Сабақтың тақырыбы: Қол гранаттары. РГД-5 жарықшақты қол гранаты.


  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды РГД – 5 қол гранатасымен таныстыру.


3. Уақыты: 45 минут. ___________________ 2012 – 2013 оқу жылы


  1. Өткізілетін орны: 10 «а» «ә» сынып, АӘД бөлмесі.


  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.


  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • автоматты (пулеметті) тазалау қандай мақсатта, қай уақытта және қандай майлармен жүргізіледі?

  • автоматты (пулеметті) тазалау және майлау реті қандай?

  • бөлімшелердің кзармада және далада орналасуы кезінде автоматты (пулеметті) сақтау жағдайлары туралы айтыңдар.

  • автоматтан (пулеметтен) ату кезінде қандай ақаулықтар болады және оларды ұандай жолдармен жоюға болады?


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Қол гранаттары. РГД-5 жарықшақты қол гранаты.


в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • жарықшақты қол гранаттары неге арналған?

  • ҚР ҚК-де және қарулануында қол гранаттарының қандай түрлері бар?

  • РГД-5 жарықшақты қол гранатының ұрыстық қасиеттерін атап беріңдер.










АД. Т. 10. с 1. Қол гранаттары. РГД-5 қол гранаты.

Жарықшақты қол гранаттар жақын ұрыстағы қарсыластың тірі күшін жарықшақтарымен жоюға арналған.

Қазақстан армиясының қарулануында:

  • РГД-5 қол гранаты;

  • РГН және РГО-қол гранаты;

  • Ф-1 қол гранаты бар.

  • Гранаттар жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты: шабуылдағы және қорғаныстағы болып бөлінеді. РГД-5 және РГН-шабуылдағы, Ф-1 және РГО - қорғаныстағы гранаттарға жатады.

Қол гранаттарының арналуы және ұрыстық қасиеті.

РГД-5 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықта әрекет ететін гранат, ол шабуылда және қорғаныста қарсыластың тірі күшін жоюға арналған. Гранат лақтыру таяу ретте қимыл жасауда және сауытты транспортерде әр түрлі жағдайда жүзеге асырылады.

Гранат жарықшақтарының радиусы 25 м-ге жуық. Гранатты лақтырудың орташа қашықтығы – 40-50м. Жабдықталған массасы – 310г. Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты – 3,2 – 4,2с.

Гранаттың құрылысы.

РГД-5 жарықшақты қол гранаты тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпустан, жарылатын зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.

Гранат корпусы жарылатын зарядтан тұтандырғышқа арналған түтікті орналастыру үшін, сондай-ақ гранат жарылуы кезінде жарықшақтар жасалуына қызмет етеді. Ол екі бөліктен (жоғары және төменгі) бөліктен тұрады.

Корпустың жоғарғы бөлігі қалпақша деп аталатын сыртқы қабықтан және қалпақшаның қосымша бетінен тұрады. Жоғарғы манжет арқылы тұтандырғышқа арналған түтікше жалғастырылған. Түтікше гранатқа тұтандырғышты жалғастыру және корпустағы жарылатын зарядты герметизациялау үшін қолданылады.

Корпустың төменгі бөлігі табан деп аталатын сыртқы қабықтан және табанның қосымша бетінен тұрады.

Жарылатын заряд корпусты толтырады және оның жарықшақтар мен жарылуына арналған.

Гранат тұтандырғышы жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол соққы механизмі мен тұтандырғыштан тұрады.

Соққы механизмі тұтандырғыштың капсюль-оталғышының тұтануына қызмет етеді. Ол соққы механизм түтігінен, жалғастырушы тығыннан, бағыттаушы шайбадан, ұрыстық серіппеден, соққыштан, соққыш шайбасынан, ағытқыш иінтірек пен сақиналы сақтандыратын мұрындықтан тұрады. Соққы механизм түтігі тұтандырғыштың барлық бөлшектерін жинауда негіз болып табылады. Жалғастырғыш тығын тұтандырғышты гранат корпусымен жалғастыруға арналған. Ол соққы механизм тетігінің төменгі жағына кигізілген.

Бағыттаушы шайба ұрыстық серіппенің жоғарғы ұшына арналған тіреу болып табылады және ол соққы жылжуын бағыттайды.

Ол соққы механизм түтігінің жоғарғы бөлігінде бекітілген.

Ұрыстық серіппе капсюль-оталғышқа қыстыруға қажетті энергияны соққышқа хабарлау үшін арналған. Ол соққышқа кигізілген және өзінің жоғарғы ұшымен бағыттаушы шайбаға, ал төменгі ұшымен соққыш шайбасына тіреледі.

Соққыш капсюль-оталғышты тұтандырып, қыстыруға арналған. Соққыш шайбасы соққыштың төменгі ұшына кигізіледі де, ұрыстық серіппенің төменгі ұшына тіреу болып табылады.

Ағытқыш иінтірек соққышты қайрылған жағдайда ұстап тұруға арналған. Соққы механизм түтігінде ағытқыш иінтірек сақтандыратын мұрындықпен ұстап тұрылады. Сақтандырылатын мұрындық ағытқыш иінтіректің құлақша саңылауынан және соққы механизм түтігінің қабырғаларынан өтеді. Онда оны жұлып алатын сақина болады.

Өздігінен тұтандырғыш гранаттағы зарядтың жарылуына арналған. Ол баяулатқыш тығынынан, капсюль-оталғыштан, баяулатқыштан және капсюль-детонатордан тұрады.

Баяулатқыш тығынының жоғарғы жағында соққы механизм түтігімен жалғастыратын ойма және капсюль-оталғышқа арналған ұя, ішінде – баяулатқыш орнатылған арна, сыртында - капсюль-детонатор оқсауытын жалғастыруға арналған тесік бар.

Капсюль-оталғыш баяулатқышты тұтандыруға арналған.

Баяулатқыш капсюль-оталғыштан капсюль-детонаторға от сәулесін береді. Ол престелген газы аз құрамнан тұрады.

Капсюль-детонатор гранаттағы жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол оқ баяулатқыш тығынының төменгі бөлігі бекітілген сауытта орналастырылған.

Тұтандырғыштар әрқашан ұрыстық жағдайда болады. Тұтандырғыштарды бөлшектеп, соққы механизмі жұмысын тексеруге қатаң тиым салынады.

Гранатты лақтыру кезіндегі оның бөліктері

мен механизмдерінің жұмысы.

Гранатты лақтыру алдында оны – сөмкеден алып, түтіктен тығынын бұрап шығарып, оның орнына тұтандырғышты соңына дейін бұрап салу керек. Тұтандырғыш соққы механизм бөлшектері мынадай жағдайда орналасады: соққыш қайырылып, соққы механизм түтігі сақтандыратын мұрындықпен жалғасқан ағытқыш иінтірек айырымен жоғарғы жағдайда ұсталынып тұрады. Сақтандырылатын мұрындық ұшы бөлінген және тұтандырғышты мықты ұстап тұрады.

Гранатты лақтыру үшін оның ағытқыш иінтірегін саусақтармен гранат корпусына қыса ұстап тұрып қолға алу керек.

Иінтіректі жібермей сақтандырғыш мұрындықты жұлып алып, гранатты нысанаға лақтырамыз. Мұрындықты жұлып алғаннан соң, тұтандырғыш бөлшек орны өзгермейді, соққыш қайырма жағдайда соққыш механизм түтігі жалғастырудан босатылады, бірақ саусақтармен қыса ұсталынып, ағытқыш иінтірекпен ұсталынып тұрады. Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтірек гранаттан бөлініп, соққышты босатады. Соққыш ұрыстық серіппе әсерінен капсюль-оталғышқа соққы беріп, оны тұтандырады. От жалыны капсюль-оталғыштан баяулатқышты тұтандырады, одан өтіп капсюль-детонаторға беріледі.

Капсюль-детонатор жарылып, гранаттың зарядын жарады. Гранат корпусы жарылады да, корпус және тұтандырғыш жарықшақтары жан-жаққа шашырайды.


Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы оқытушысы: ____________ Ғ. Ақпан











«Бекітемін» ___________

Сабак жоспары


  1. Сабақтың тақырыбы: Қол гранаттары. РГН және РГО жарықшақты қол гранаттары.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды РГН және РГО жарықшақты қол гранаттарымен таныстыру.

3. Уақыты: 45 минут. __________________ 2011 – 2012 оқу жылы

  1. Өткізілетін орны: 10 «а» «ә» сынып, АӘД бөлмесі.

  2. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.

  3. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • жарықшақты қол гранаттары неге арналған?

  • ҚР ҚК-де және қарулануында қол гранаттарының қандай түрлері бар?

  • РГД-5 жарықшақты қол гранаттың ұрыстық қасиеттерін атап беріңдер.

  • РГД-5 жарықшақты қол гранаттың құрылысы қандай?

  • Гранатты лақтыру кезіндегі оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысы жайлы айтып беріңдер.

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Қол гранаттары. РГН және РГО жарықшақты қол гранаттары.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

- РГН, РГО қол гранаттарының ұрыстық қасиеті мен арналуы жайлы айтып беріңдер.

  • РГН, РГО қол гранаттарының құрылысы қандай?

  • Тұтандырғыштың құрылысы қандай?

  • Тұтандырғыштың жұмысы жайлы айтып беріңдер.


АД. Т. 10. с 2. Қол гранаттары. РГН жәнеРГО жарықшақты қол гранаттарының құрылысы, ұрыстық қасиеті мен арналуы.

Гранаттардың ұрыстық қасиеті мен арналуы.

РГН шабуылдағы қол гранаты мен РГО қорғаныстағы қол гранаттры жергілікті жердің түрлі жағдай мен жылдың кез келген мезгілінде қарсыластың тірі күшін жоюға арналған.

Гранаттардың құрылысы.

РГН және РГО қол гранаттары тұтандырғышсыз және тұтандырғышы бар гранаттардан тұрады.

РГН және РГО қол гранаттарының корпусы жарылғыш қоспа, тұтандырғыш құты орналастыруға, сондай-ақ гранат жарылған кезде жарықшақтар түзуге арналған.

РГН қол гранаттарының корпусы алюминий қоспадан жасалынған, екі шардан тұрады.

РГО қол гранаттарының корпусында сыртқы жарты шарлардан басқа екі ішкі жарты шарлар да болады. Барлық төрт жарты шарлар құрыш болаттан жасалынған.

Шабуылдағы гранаттың төменгі жарты шарына қарағанда қорғаныстағы гранаттың төменгі жарты шарында гранаттарды тез айыруға арналған сыртқы жағында кертігі болады.

Корпустардың үстіңгі жағында манжет көмегімен оған тұтандырғышты бұрап кіргізу және жарылғыш қоспаны тұмшалауды қамтамасыз ету үшін кертігі бар стақан пісіріліп бекітілген.

Корпустардың төменгі жарты шарларының жарылғыш қоспасындағы тереңдік түбіне детонаторлық құты қойылған, ол детонацияны тұтандырғыштан жарылғыш қоспаға беруге арналған.

Құты орнынан жылжып кетпеуі үшін төсеніш қойылады.

Тұтандырғыш жарылғыш гранат бөгеуге сығылған кезінде қоспаны жару үшін арналған.

Соққыш әрекетте тоқтап қалған жағдайда тұтандырғыш 3,2 – 4,2секундтан кейін арақашықтық құрылғыдан іске қосылады.

Тұтандырғыш құрылысы.

Тұтандырғыш төмендегідей бөліктерден тұрады:

  • сақтандырғыш-түйрегіш механизмінен;

  • нысана бергішінен;

  • қашықтық құрылғысынан;

  • қашықтықтан шүріппені қайыру механизмінен;

  • детонатор торабынан.

Гранат лақтырылған соң капсюль-тұтандырғыш түйреуіші тұтандырғыштың жұмыс істеуі кезінде қаупсіздігін қамтамасыз етуші сақтандырғыш-түйрегіш: шанышқыдан, механизм-соққыштан, сақиналы шплинттен,серіппеден, иінтіректен, бітеуіштен, тақтайшадан және капсюльден тұрады.

Бөгеттерге гранаттардың соғылуы кезінде тұтандырғыштың жұмыс істеуін қамтамасыз етуші нысана бергіші: оқсауыттан, шанышқыдан, серіппе мен тығыннан тұрады.

Гранатты лақтыру сәтінен бастап 3,2-4,2 секундтан соң детонатордың жұмыс істеуін қамтамасыз етуші қашықтық құрылғысы: құрамды тығыннан және капсюль детонатордан тұрады.

Гранатты лақтыру сәтінен бастап 1-1,8 секундтан соң тұтандырғыш шаппасын қайыру мен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуші қашықтықтан шүріппені қайыру механизмі: құрамды тығыннан, бұрандалардан, қощғаушыдан, капсюльден және серіппеден тұрады.

Детонатор торабы стақанға бекітілген тығын мен капсюль-детонатордан тұрады. Аталған барлық тораптар мен механизмдер корпуста жинақталған.

Тұтандырғыш әрекеті.

Соққыш жұмыс істеу кезінде иінтіректен жылжып кетпеуі үшін соққыш ұштары ажыратылып, шплинт арқылы корпуста бекітілген иінтірекке ұсталынып тұрады. Қозғалтқыш шанышқыға қатысты жылжытылған және орнын аустырмауы үшін тоқтатқыш арқылы ұсталынған. Жүк корпусқа оқсауытпен қысылған, оның орнын ауыстыруы қозғалтқышпен шектелген.

Лақтыру алдында гранаттар түзетіледі және шплинт суырылып алынады, бұл кезде иінтірек бастапқы жағдайда қолмен ұсталынып тұрады.

Ұшу кезінде иінтірек серіппе әсерінен лақтырылады да, шанышқысы бар соққышты босатады, ол серіппе әсерінен капсюльге түйреледі. От сәулесі капсюльден гранат құрамын жандырады.

Құрамдары жанып болған соң (1-1,8тен кейін) тоқтатқыш жылжып, серіппе әсерінен қайрылатын қозғалтқышты босатады.

Бөгеумен кездесу кезінде пайда болатын артық салмақтан жүк жылжйды да, оқсауытты қозғайды, соның нәтижесінде, шанышқы капсюльді түйрейді. От сәулесі капсюльден капсюль-тұтандырғыштың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Бөгеумен кездесу кезінде, нысана бергіші жұмыс істемей қалған жағдайда капсюль-тұтандырғыш құрамдар жанып болған соң (3,2-4,2с-тен кейін) іске қосылып кеткен капсюль-тұтандырғыш импульсі арқылы іске асырылады.


Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы оқытушысы: ____________ Ғ. Ақпан

«Бекітемін» ___________

Сабак жоспары


  1. Сабақтың тақырыбы: Қол гранаттары. Ф–1 жарықшақты қол гранаты.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ф–1 жарықшақты қол гранатасымен таныстыру.

3. Уақыты: 45 минут. ____________________ 2012 – 2013 оқу жылы

  1. Өткізілетін орны: 10 «а» «ә» сынып, АӘД бөлмесі.

  2. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.

  3. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

- РГН, РГО қол гранаттарының ұрыстық қасиеті мен арналуы жайлы айтып беріңдер.

  • РГН, РГО қол гранаттарының құрылысы қандай?

  • Тұтандырғыштың құрылысы қандай?

  • Тұтандырғыштың жұмысы жайлы айтып беріңдер.


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Қол гранаттары. Ф–1 жарықшақты қол гранаты.



в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Ф-1 жарықшақты гранат құрылысының ерекшеліктері қандай?

  • Ф-1 гранатының арналуы мен ұрыстық қасиеті жайлы айтыңдар.

  • Гранаттарды қолдану, күту және сақтау қалай жүзеге асырылады?

  • Ұрыстық гранаттарды лақтыруға үйрену кезінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет?


АД. Т. 10. с 3. Қол гранаттары. Ф -1 жарықшақты қол гранатасының құрылысы, ұрыстық қасиеті мен арналуы.

Гранаттың ұрыстық қасиеті мен арналуы.

Ф-1 жарықшақты қол гранаты – арақашықтықтық әрекетті гранат. Ол көбінесе қорғаныс шайқасында тірі күшті жоюға арналған. Гранатты әр түрлі жағдайлардан және тасадан, сауытты транспортерден немесе танкіден лақтыруға болады. Гранаттың жарылу кезіндегі жарықшақтар ұшу радиусы – 200м-ге жуық. Гранат лақтырудың орташа қашықтығы – 35-45м. Жарақталған гранат массасы–600г. Тұтандырғыш баяулатқышының жану уақыты – 3,2-4,2 с.



Гранаттың құрылысы.

Ф-1 жарықшақты қол гранаты корпустан, жарылғыш зарядтан, тұтандырғыштан тұрады.

Гранат корпусы жарылғыш заряд пен тұтандырғышты орналастыруға, сондай-ақ гранат жарылған кезде жарықшақтар түзуге арналған. Гранат корпусы шойын, бойлық және ендік ойықшалары бар, әдетте, ол жарықшақтарға осылар арқылы бөлшектенеді. Корпустың жоғары бөлігінде тұтандырғышты бұрап енгізуге арналған бұрандалы ойық бар. Сақтағанда, тасығанда және алып жүргенде оған пластмасса тығын бұралады. Ф-1 гранатаның арналу мақсаты мен құрылысы РГД-5 гранаты сияқты.

Гранаттарды қолдану, күту және сақтау.

Гранаттар әскери бөлімдерге ағаш жәшіктерге салынып жеткізледі. Жәшікке-гранаттар; тұтқалар және тұтандырғыштар жеке металл қораптарға салынады. Қораптарды ашу үшін арнайы пышақ болады. Жәшіктің қақпағы мен қабырғаларында таңбалар болады. Онда: жәшіктегі гранаттар саны, олардың массасы, гранаттар мен тұтандырғыштар атауы, зауыт нөмірі, гранаттар кезегінің нөмірі, дайындалған жылы көрсетіледі.

Жауынгерлер гранаттарды гранаттарға арналған сөмкеде тасымалдайды. Тұтандырғыштар гранаттан бөлек орналасады, олар қағазға немесе таза шүберекке оралуы тиіс.

Гранаттар мен тұтандырғыштарды сөмкеге салар алдында және жарақтау алдында корпустарында майысулар мен тоттардың жоқтығын қарап алу керек. алып жүру кезінде гранаттарды соқтығудан, итерілуден, оттан, балшық пен ылғалдан сақтау керек.

Гранатты тек лақтыру алдында ғана жарақтауға рұқсат етіледі.

Ұрыстық гранаттарды лақтыруға үйрену кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

  1. үйренуші болат дулыға киюі қажет;

  2. гранаттар мен тұтандырғыштарды оқтау алдында тесеру керек; ақаулар табылған жағдайда – командирге баяндау қажет;

  3. қорғаныстағы және танкіге қарсы гранаттарды лақтыру офицер жетекшілігімен жарықшақтар тесіп өтпейтіндей тасалардан немесе оқпаналардан жүргізіледі;

  4. бір үйренушімен бірнеше гранатты лақтыру кезінде әр кезекті гранатты алдыңғы гранаттың жарылысынан соң, кемінде 5 секунд өткеннен кейін лақтыру керек;

  5. егер гранат лақтырылмаған болса (сақтандырғыш мұрындығы жұлынбаған), онда оны командирдің тікелей бақылауымен және пәрмен бойынша оқсыздандыруға болады.

  6. жарылмаған гранаттар есебін жүргізіп, олардың түскен орындарын қызыл жалаумен белгілеу керек; лақтыру аяқталғаннан соң жарылмаған гранаттарды әскердегі артиллериялық қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау және күтіп ұстау жетекшілігінде көрсетілген ережелерге сәйкес түскен жерлерінде жару қажет; гранаттарды жаруды бөлімше командирі ұйымдастырады;

  7. қол гранаттарын лақтыру ауданының радиусы кемінде 300м жерді қоршау керек;

  8. гранатты лақтырумен айналыспаған жеке құрамды атыс шебінен қауіпсіз жерге апару керек:

  9. гранатты лақтыруға арналған бастапқы орынды – ақ жалаулармен, атыс шебін қызыл жалаулармен белгілеу керек;

  10. гранаттар мен тұтандырғыштар беру пунктін бастапқы орнынан 25 м қашықтықта жабдықтау керек.

Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы оқытушысы: ____________ Ғ. Ақпан


«Бекітемін» ___________

Сабақ жоспары

  1. Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырға дейінгі әскери өнер тактикасының дамуы.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ХХ ғасырға дейінгі әскери өнер тактикасының дамуымен таныстыру.

  3. Уақыты: 45 минут. 10 «а» «б» сынып ______________________ 2012 жыл

  4. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі.

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, дүние жүзі тарихы.

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • Ф-1 жарықшақты гранат құрылысының ерекшеліктері қандай?

  • Ф-1 гранатының арналуы мен ұрыстық қасиеті жайлы айтыңдар.

  • Гранаттарды қолдану, күту және сақтау қалай жүзеге асырылады?

  • Ұрыстық гранаттарды лақтыруға үйрену кезінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет?

б) Негізгі бөлім – 22 минут.

ХХ ғасырға дейінгі әскери өнер тактикасының дамуы.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • тактика дегеніміз не және оның мақсаты қандай?

  • шетел мемлекеттеріндегі Қарулы Күштердің құрылуы туралы не білесіңдер?

  • тұрақты әскерлер қандай мемлекеттерде бірінші болып құрылды және оның атқаратын қызметтері қандай?

  • әскерлер хандық дәуірдің әр кезеңінде Қазақстанда қалай құрылып, іріктеліп жинақталғанын айтыңдар.

  • әскерлердің ұрыс мүмкіндіктерінің өсу деңгейі неге байланысты?


ТД. Т. 1. ХХ ғасырға дейінгі әскери өнер тактикасының дамуы.

Тактика – ұрысты жүргізу туралы ілім. Ол ҚК-дің, әскер түрлерінің барлық бөлімшелері мен бөлімдерінің соғысты дайындауы, ұйымдастырылуы және жүргізуінің теориясы мен практикасын қамтиды. Тактика бөлімше мен бөлім жауынгерлерінен жоғары ұрыстық дағдыны, жеке қаруды, сондай-ақ бөлімшелер мен бөлімдердің қару – жарағы мен әскери техникасын толық ұрыстық қолдану мүмкіндіктерін, маневрлі ұрыс жүргізуін талап етаді.

Тактикалық дайындық дегеніміз бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын ұрысты дайындау мен жүргізуге үйрету.

Тактиканы терең білу, ұрыста әрекет ете білу мен өз қаруы мен техникасын дұрыс қолдана білу – жауынгерлердің күшті қарсыластарды да жеңуіне мүмкіндік береді.

Тактика дұрыстығының мақсаты – ұрыста жеңіске жету болып саналады. Бөлімшелер мен бөлімдердің жауынгерлерінің игерген тактика өнері неғұрлым жоғары болған сайын, жеңу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады. Кез келген ұрыс тактикалық тәсілдерден басталады, сонымен жүргізіледі және аяқталады.

Шетел мемлекеттерінде, армия соғыс аспабы ретінде құл иеленуші мемлекеттің құрылуымен туындаған. Армия ядросы ретінде ақсүйектер өкілдерінен құрылған тұрақты жасағы болды. Соғыс уақытында әскерлер қосындардан жинақталды. Әскердің негізгі түрі – жаяу, атты әскер, сондай-ақ жауынгерлік дөңгелекті арбалар да болды. Көшпелі халықтарда әскерді, негізінен, атты әскер құрады.

Металлургияның дамуы суық қару өндірісін кеңейтуге, оқатар қарудың алғашқы түрлерін жасауға жол ашты. Сол кездегі армияларда жаяу әскер армиялары мен әскери – теңіз флоттары болды. Армияда әскердің екі түрі болды–жаяу және атты әскер. Әскерді жинақтаудың негізгі тәсілі феодалдық – рыцарлық қосынды шақыру болды.

Батыс Еуропада жаяу әскер саны атты әскерден асып түсті, бірақ олар нашар қаруланған және нашар үйретілген еді.

Феодализмнің соңғы кезеңінде қосынның орнын орталықтандырылған мемлекеттің жалдамалы армиясы басты. Сол кезеңде өндірістің, металл өндіру, балқыту, өңдеу әдістерінің көбеюіне байланысты жақсы қарулар жасалып зеңбіректер мен мылтықтар пайда бола бастады.

ХV1 – ХV11 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде тұрақты армия қалыптасты.

ХV11- ХV111 ғасырлар аралығында жалдамалы армия орнын жалпы әскери міндеттілік негізіндегі армия басты. Бұл кезеңдегі қарулы күштер құрылысы тұрақты армия мен флотқа көшумен сипатталады. Ең алғаш мұндай армия Францияда сосын Пруссия, Австрия және басқа елдерде құрылды.

Х1Х ғасырдың ортасында тегіс ұңғылы қару-жарақтың орнын ойықты қару басты. Бұл зеңбіректер мен мылтықтардың ұрыс мүмкіндіктерін арттырды.

Әскерді ұйымдастыру құрылымдарында ірі өзгерістер болды. Олардың санының өсуі әскерлерді бригада, дивизия, корпусқа бөлді.

Үлкен тұрақты армия мен флотты ұстап тұру мемлекет үшін қиыншылық тудырды. Сондықтан да әскер санының жетіспеушілігін жоғары әскери машықпен жабуға тырысты. Командалық құрамға деген талап шұғыл өсті және оның дайындығы үшін әскери мектептер мен академиялар енгізілді. Барлық армияда жауынгерлік, ату және басқа да жарғылар пайда бола бастады.

ХV1 – ХV11 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде тұрақты армия қалыптасты.

Тұрақты армияның пайда болуымен бірге басқару органы жүйесінде тармақталу қажеттілігі туды. Армиялық штаттың құрылымы мен міндеттері өсті, генералдық штабтар тиянақты қалыптасты. Олардың қызметі – барлауды ұйымдастырудың стратегиялық жоспарын даярлау, жұмылдыру және стратегиялық қанат жаюды жоспарлау мен қамтамасыз ету, стратегиялық резерв даярлау болып табылады.

Қазақстанда басқыншылардан қорғану мақсатында Хvғасырдың екінші жартысында ұлыс сұлтандары басқарған рулар мен тайпалардан құрылған жергілікті әскерлер болды.

Қазақстанда экономикалық әлсіздік үлкен армияны ұстап тұруға мүмкіндік бермеді, сондықтан ХV111ғасырдың 30- шы жылдары Абылай хан рекруттық міндеткерлік негізінде тұрақты армия құрды.

Тұрақты армия қолданудың негізгі нышандары Қазақ хандығында ХV111- Х1Х ғасырлар аралығында қалыптасты. Оның дамуына қазақ халқынан шыққан қолбасшылар Қарасай батыр, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Шақшақ Жәнібек батыр, Наурызбай батыр, Кенесары хандар шешуші үлес қосты. Ұрыс әрекетінің негізгі түрі болып шабуыл танылды. Жылдам маневр жасау қарсыласты табанды түрде жеңіліске ұшырату үшін тиімді топтастыру құруға қызмет етті, маневр жасау тактикасына көшу дұшпанды толық талқандауға мүмкіндік берді.

Әскери техниканың өсуіне байланысты тактикалық дайындық (әскери өнер) саласы да дами бастады.

Әскери өнер - әскери ғылымның негізгі саласы. Ол соғыс пайда болумен туылған өндіріс тәсілдеріне байланысты дамыды және соғыс жүргізудің әдістері мен түрлерін зерделеумен айналысады.

Әскери өнер – тұтастай алғанда, соғыс жүргізу мен дайындаудың теориясы мен практикасы. Бұл жеңіске жету үшін күш пен құралдарды пайдаланудың әскери шеберлігі.



Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы - оқытушысы: _____________ А. Жақсыбаев





«Бекітемін» _________

Сабақ жоспары

  1. Сабақтың тақырыбы: Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуы.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа қару мен жалпы әскери ұрыс жүргізу принциптерін түсіндіру.

  3. Уақыты: 45 минут. ______________ 2014 жыл

  4. Өткізілетін орны: 10 «а» «б» сынып АӘД бөлмесі.

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • шетел мемлекеттеріндегі Қарулы Күштердің құрылуы туралы не білесіңдер?

  • тұрақты әскерлер қандай мемлекеттерде бірінші болып құрылды және оның атқаратын қызметтері қандай?

  • әскерлер хандық дәуірдің әр кезеңінде Қазақстанда қалай құрылып, іріктеліп жинақталғанын айтыңдар.

  • әскерлердің ұрыс мүмкіндіктерінің өсу деңгейі неге байланысты?

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуы.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • ұрыс жүргізу тактикасының дамуына жаңа қарудың әсер етуі туралы айтыңдар.

  • шетел мемлекеттерінде қазіргі қарудың қандай түрлері бар.

  • жаңа қарумен ұрыс жүргізу тактикасының жаңа формаларының артықшылығын түсіндіріңдер.


ТД. Т. 2. с 1. Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуы.

Тактика – бұл әскери өнердің құрамдас бөлігі. Ол адамдарға және қарулануға тығыз байланысты. Сондықтан соғыс жүргізу құралдарының өзгеруіне байланысты тактика да өзгеріп отырады.

Әскер жабдықталатын қару – жарақ неғұрлым жетілдірілген сайын, соғұрлым оның тактикаға ықпал етуі терең және жан - жақты болып келеді. Басқа жағынан алып қарағанда, ұрыс құралдары жаңарған сайын, оған деген тактика–техникалық талаптар да өседі.

Жаңа қарудың пайда болуы ұрыс сипатына өзгерістер енгізілуімен ерекшеленеді. Бірінші дүниежүзілік соғыста тез ататын және алысқа ататын артиллерияны, жаяу әскердің автоматты қаруын, автоматты – пулеметтерді, танк, авиация және басқа да ұрыс құралдарын пайдалану қазіргі жалпы әскери ұрыстың тактика элементтерінің пайда болуы мен дамуының себептері болып табылады. Дүниежүзілік екі соғыстың тәжірибесі ұрыстар мен операцияларды қару мен ұрыс техникасының өсу мүмкіндіктеріне талдау жасау, өмірдің талдау ерекшелігі мен оны жаппай ендіру негізінде тактиканың, әскери өнердің ескі қағидаларын батыл жойып, ұрыс әрекеттерін жүргізудің жаңа тәсілдерін жасаған жақтың табысқа жететіндігіне әбден көз жеткізді. Дүниежүзілік екі соғыс танк әскерлері, әскери әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері тактикасының пайда болуы мен дамуына себепті болды.

Ұрыстың жаңа құралдарының пайда болуына байланысты артиллерия мен авиация әрекетінің тактикасы да өзгерді. Олар дивизия, батареядан атыс жүргізудің дәстүрлі әдісінен басқа тапсырманы взвод және жеке қарудан атыс жүргізе отырып орындайды, ал авиация жаппай және шоғырланған соққылармен қатар жеке ұшақтармен немесе шағын топтармен соққы бере алады.

Ұрыс әрекеттерін орындау кезінде бүркенішке, жеке құрамның жергілікті жердің қорғаныш қасиеттері мен ұрыстық техниканың ебін тауып пайдалануға деген талаптар өсті. Түнде және көрінуі шектеулі жағдайларда ұрыс әрекеттерінің рөлі арта түсті.

Ұрысты ұйымдастыру кзінде бөлімшелерді мүмкін болатын соққылардан дер кезінде шығару, әскер мен басқару пункттерінің ұрысқа қабілеттілігін тез арада қалпына келтіру және беріктігін арттыру, қарсыластың атыс соққысының зардаптарын жою шаралары мұхият ойластыра жасалады. Тактиканың одан ары даму бағытын анықтау үшін жаңа атыс құралдарының алысқа атуының ұлғайуын есепке алу керек.

Бірқатар дамыған мемлекеттер армиясын жабдықтауда жаңа, дәлдігі жоғары өздігінен бағытталатын және басқарылатын ұрыстық жүйелермен толықтырылды. Олардың жою құралдары автоматтандырылған жүйелер базасындағы барлау құралдарымен байланысты. Мысалы, АҚШ және НАТО армияларындағы соққы беру -– барлау кешендерінің, «Ассолт брейкер» және т.б. лазер, инфрақызыл сәулелену немесе радио оқ - дәрілер көмегімен өздігінен бағытталатын кешендердің, лазерлі қашықтық өлшегіштердің «Такфайр» (АҚШ), «Фальке» (ГФР) типті артиллерия атысын автоматты басқару жүйесінің зертеулері нысананы жою дәлдігін 8-10 рет арттыруға, атыс тапсырмасын орындау уақытын 10-15 рет қысқартуға жағдай жасады. Осының нәтижесінде, әскерлер нысананы қысқа мерзімде тауып қана қоймай, оны бірнеше минут ішінде жоғары сенімділікпен жоя алады.

Қазіргі кезде НАТО армияларында түрлі радиоэлектронды, оптика-электронды, инфрақызыл, лазерлі және т.б. жүйелерді даярлауға және оларды ұрыста қолдануға аса зор көңіл бөлінуде. Мысалы, АҚШ армиясында қарсыластың басқару жүйелері жұмысын бұзу жолында радиоэлектронды басымдылықты жеңіп алу жолында, радиоэлектронды күресті тактикалық буында өткізу шаралары жүргізіледі.

Сауытталған ұрыс техникасымен қатар шет мемлекеттер армиясының құрамалары әскерге жерде ғана емес, әуеде де белсенді ұрыс жүргізе алатын әр түрлі мақсаттағы тік ұшақтармен жабдықталған.

Жаңа қарумен ұрыс жүргізу тактикасының артықшылығы – жою күшінің жоғары дәлдігі, олардың шапшаң әрекет етуі, алысқа атумен бірге олардың оқ-дәрілер қуатының ұлғайтылуы.

Егер Екінші дүнйежүзілік соғыс кезеңінде қарсылас дивизиясының екінші эшелонына дүркін-дүркін ғана әсер ете алған болса, ал қазіргі кезде қарсыластың ұрыстық тізілу элементтерін жаппай нақты атыспен үздіксіз ұстап тұруға мүмкіндік бар. Өйткені тікүшақтардың әрекет ету радиусы мол және олар жақсы бүркемеленген нысаналарды тез табуға, жоғары сенімділікпен оларды жоюға қабілетті. Олардың маневр жасауы жинақылықпен, кенеттілікпен, «Әуе-Әуе», «Әуе-Жер» класты басқармалы және басқарылмайтын ракеталарды, зеңбірек-пулемет қару-жарақтарын, бомбалар мен миналарды тиімді қолдануына негізделеді.

Қазіргі жағдайда бір уақытта атыспен әсер ету тереңдігі 300км-ден астам болады. Бұл кезде алысқа ататын артиллерияны – 40км-ге дейін, жорық жасайтын тікұшақтар топтарын 50-60км-ге дейін, оперативтік-тактикалық ракеталарды-200км-ге дейін, тактикалық авиацияны 300км-ге дейін пайдалану жоспарланады. Бұл көрсеткіштер қарсылас атысымен тек қана бірінші эшелон емес, екінші эшелонды, резервтерді, ракеталық әскерлер мен артиллерия топтасуын, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін, басқару пункттері мен тыл объектілерін жою қаупі ұлғаятынын көрсетеді. Осыған байланысты ұрысты дайындауға және оның барысында жауынгерлік күшті сақтауға, әуе шабуылына қарсы қорғанысты ұйымдастыруға мұхият көңіл бөлу талап етіледі.

Жаңа қарудың пайда болумен байланысты командирлер мен штабтардың ұрысқа дайындық және оны жүргізудегі жұмыс мазмұны түбегейлі өзгерді. Олардан қарсыласты талқандаудың, оны атыспен жоюдың, ұрыс тәртібін құрудың, бөлімшелер мен бөлімдерге ұрыс міндеттерін айқындаудың және т. б. ұйымдастырудың неғұрлым тиімді стандартқа сай емес, жаңа тәсілдерін іздестіру талап етіледі.

Мұның бәрі қазіргі кезде өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтары бар жалпыәскери ұрыстың жаңа тактикасы туып, дамып келе жатқанын көрсетеді.

Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ А. Жақсыбаев


«Бекітемін» ___________

Сабақ жоспары

  1. Сабақтың тақырыбы: Бөлімшені ұйымдастыру, штаттық қарулану және ұрыстық техника, бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа қару мен жалпы әскери ұрыс жүргізу принциптерін түсіндіру.

  3. Уақыты: 45 минут. _______________ 2013 жыл

  4. Өткізілетін орны: 10 «а» «б» сынып АӘД бөлмесі.

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • шетел мемлекеттеріндегі Қарулы Күштердің құрылуы туралы не білесіңдер?

  • тұрақты әскерлер қандай мемлекеттерде бірінші болып құрылды және оның атқаратын қызметтері қандай?

  • әскерлер хандық дәуірдің әр кезеңінде Қазақстанда қалай құрылып, іріктеліп жинақталғанын айтыңдар.

  • әскерлердің ұрыс мүмкіндіктерінің өсу деңгейі неге байланысты?

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуы.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • ұрыс жүргізу тактикасының дамуына жаңа қарудың әсер етуі туралы айтыңдар.

  • шетел мемлекеттерінде қазіргі қарудың қандай түрлері бар.

  • жаңа қарумен ұрыс жүргізу тактикасының жаңа формаларының артықшылығын түсіндіріңдер.


ТД. Т. 2. с 2. Жаңа қару және жалпы әскери ұрыс принциптерінің дамуы.

Тактика – бұл әскери өнердің құрамдас бөлігі. Ол адамдарға және қарулануға тығыз байланысты. Сондықтан соғыс жүргізу құралдарының өзгеруіне байланысты тактика да өзгеріп отырады.

Әскер жабдықталатын қару – жарақ неғұрлым жетілдірілген сайын, соғұрлым оның тактикаға ықпал етуі терең және жан - жақты болып келеді. Басқа жағынан алып қарағанда, ұрыс құралдары жаңарған сайын, оған деген тактика–техникалық талаптар да өседі.

Жаңа қарудың пайда болуы ұрыс сипатына өзгерістер енгізілуімен ерекшеленеді. Бірінші дүниежүзілік соғыста тез ататын және алысқа ататын артиллерияны, жаяу әскердің автоматты қаруын, автоматты – пулеметтерді, танк, авиация және басқа да ұрыс құралдарын пайдалану қазіргі жалпы әскери ұрыстың тактика элементтерінің пайда болуы мен дамуының себептері болып табылады. Дүниежүзілік екі соғыстың тәжірибесі ұрыстар мен операцияларды қару мен ұрыс техникасының өсу мүмкіндіктеріне талдау жасау, өмірдің талдау ерекшелігі мен оны жаппай ендіру негізінде тактиканың, әскери өнердің ескі қағидаларын батыл жойып, ұрыс әрекеттерін жүргізудің жаңа тәсілдерін жасаған жақтың табысқа жететіндігіне әбден көз жеткізді. Дүниежүзілік екі соғыс танк әскерлері, әскери әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері тактикасының пайда болуы мен дамуына себепті болды.

Ұрыстың жаңа құралдарының пайда болуына байланысты артиллерия мен авиация әрекетінің тактикасы да өзгерді. Олар дивизия, батареядан атыс жүргізудің дәстүрлі әдісінен басқа тапсырманы взвод және жеке қарудан атыс жүргізе отырып орындайды, ал авиация жаппай және шоғырланған соққылармен қатар жеке ұшақтармен немесе шағын топтармен соққы бере алады.

Ұрыс әрекеттерін орындау кезінде бүркенішке, жеке құрамның жергілікті жердің қорғаныш қасиеттері мен ұрыстық техниканың ебін тауып пайдалануға деген талаптар өсті. Түнде және көрінуі шектеулі жағдайларда ұрыс әрекеттерінің рөлі арта түсті.

Ұрысты ұйымдастыру кзінде бөлімшелерді мүмкін болатын соққылардан дер кезінде шығару, әскер мен басқару пункттерінің ұрысқа қабілеттілігін тез арада қалпына келтіру және беріктігін арттыру, қарсыластың атыс соққысының зардаптарын жою шаралары мұхият ойластыра жасалады. Тактиканың одан ары даму бағытын анықтау үшін жаңа атыс құралдарының алысқа атуының ұлғайуын есепке алу керек.

Бірқатар дамыған мемлекеттер армиясын жабдықтауда жаңа, дәлдігі жоғары өздігінен бағытталатын және басқарылатын ұрыстық жүйелермен толықтырылды. Олардың жою құралдары автоматтандырылған жүйелер базасындағы барлау құралдарымен байланысты. Мысалы, АҚШ және НАТО армияларындағы соққы беру -– барлау кешендерінің, «Ассолт брейкер» және т.б. лазер, инфрақызыл сәулелену немесе радио оқ - дәрілер көмегімен өздігінен бағытталатын кешендердің, лазерлі қашықтық өлшегіштердің «Такфайр» (АҚШ), «Фальке» (ГФР) типті артиллерия атысын автоматты басқару жүйесінің зертеулері нысананы жою дәлдігін 8-10 рет арттыруға, атыс тапсырмасын орындау уақытын 10-15 рет қысқартуға жағдай жасады. Осының нәтижесінде, әскерлер нысананы қысқа мерзімде тауып қана қоймай, оны бірнеше минут ішінде жоғары сенімділікпен жоя алады.

Қазіргі кезде НАТО армияларында түрлі радиоэлектронды, оптика-электронды, инфрақызыл, лазерлі және т.б. жүйелерді даярлауға және оларды ұрыста қолдануға аса зор көңіл бөлінуде. Мысалы, АҚШ армиясында қарсыластың басқару жүйелері жұмысын бұзу жолында радиоэлектронды басымдылықты жеңіп алу жолында, радиоэлектронды күресті тактикалық буында өткізу шаралары жүргізіледі.

Сауытталған ұрыс техникасымен қатар шет мемлекеттер армиясының құрамалары әскерге жерде ғана емес, әуеде де белсенді ұрыс жүргізе алатын әр түрлі мақсаттағы тік ұшақтармен жабдықталған.

Жаңа қарумен ұрыс жүргізу тактикасының артықшылығы – жою күшінің жоғары дәлдігі, олардың шапшаң әрекет етуі, алысқа атумен бірге олардың оқ-дәрілер қуатының ұлғайтылуы.

Егер Екінші дүнйежүзілік соғыс кезеңінде қарсылас дивизиясының екінші эшелонына дүркін-дүркін ғана әсер ете алған болса, ал қазіргі кезде қарсыластың ұрыстық тізілу элементтерін жаппай нақты атыспен үздіксіз ұстап тұруға мүмкіндік бар. Өйткені тікүшақтардың әрекет ету радиусы мол және олар жақсы бүркемеленген нысаналарды тез табуға, жоғары сенімділікпен оларды жоюға қабілетті. Олардың маневр жасауы жинақылықпен, кенеттілікпен, «Әуе-Әуе», «Әуе-Жер» класты басқармалы және басқарылмайтын ракеталарды, зеңбірек-пулемет қару-жарақтарын, бомбалар мен миналарды тиімді қолдануына негізделеді.

Қазіргі жағдайда бір уақытта атыспен әсер ету тереңдігі 300км-ден астам болады. Бұл кезде алысқа ататын артиллерияны – 40км-ге дейін, жорық жасайтын тікұшақтар топтарын 50-60км-ге дейін, оперативтік-тактикалық ракеталарды-200км-ге дейін, тактикалық авиацияны 300км-ге дейін пайдалану жоспарланады. Бұл көрсеткіштер қарсылас атысымен тек қана бірінші эшелон емес, екінші эшелонды, резервтерді, ракеталық әскерлер мен артиллерия топтасуын, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін, басқару пункттері мен тыл объектілерін жою қаупі ұлғаятынын көрсетеді. Осыған байланысты ұрысты дайындауға және оның барысында жауынгерлік күшті сақтауға, әуе шабуылына қарсы қорғанысты ұйымдастыруға мұхият көңіл бөлу талап етіледі.

Жаңа қарудың пайда болумен байланысты командирлер мен штабтардың ұрысқа дайындық және оны жүргізудегі жұмыс мазмұны түбегейлі өзгерді. Олардан қарсыласты талқандаудың, оны атыспен жоюдың, ұрыс тәртібін құрудың, бөлімшелер мен бөлімдерге ұрыс міндеттерін айқындаудың және т. б. ұйымдастырудың неғұрлым тиімді стандартқа сай емес, жаңа тәсілдерін іздестіру талап етіледі.

Мұның бәрі қазіргі кезде өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтары бар жалпыәскери ұрыстың жаңа тактикасы туып, дамып келе жатқанын көрсетеді.

Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ А. Жақсыбаев



«Бекітемін» ___________

Сабақ жоспары

  1. Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы ұрыстың сипаты.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазіргі заманғы ұрыс сипатын түсіндіру.


  1. Уақыты: 45 минут. _______________ 2014 жыл


  1. Өткізілетін орны: 10 «а» «б» сынып АӘД бөлмесі.


  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.


  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • ұрыс жүргізу тактикасының дамуына жаңа қарудың әсер етуі туралы айтыңдар.

  • шетел мемлекеттерінде қазіргі қарудың қандай түрлері бар.

  • жаңа қарумен ұрыс жүргізу тактикасының жаңа формаларының

артықшылығын түсіндіріңдер.


б) Негізгі бөлім – 22 минут.

Қазіргі заманғы ұрыс сипаты.


в) Қорытынды бөлім – 10 минут.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • жалпы әскери ұрыс дегеніміз не?

  • қазіргі жалпы әскери ұрыстың негізгі белгілерін атаңдар.

  • қазіргі ұрыстың түрлерін атап, оларға сипаттама беріңдер.

  • қарсыласқа зақым келтіру құралдары туралы айтыңдар.


ТД. Т. 3. Қазіргі заманғы ұрыс сипаты.

Ұрыс – соғысушы екі жақтың бөлімі мен бөлімшелерінің, әскерлерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден – бір құралы және қарсыласты жою немесе тұтқынға алу мақсатында, сонымен бірге маңызды аудандарды ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.

Қазіргі заманғы ұрыс жалпы әскери болып табылады. Оған әуе қорғаныс күштері, аэроұтқыр әскерлері, құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері, сонымен бірге теңіз жағалау бағыттары қимылдарында – шекара қызметіндегі теңіз дивизия кемелері және әскери - теңіз күштері қатысады.

Қазіргі заманғы ұрыста қарсыластар жағы ядролық қару және жеңіліске ұшыратудың басқа да құралдарын немесе тек әдеттегі қару-жарақтар қолданып жүргізуі мүмкін. Қарсыласты талқандау және ұрыста жеңіске жету, қарудың барлық түрлерінің қуатты соққылары, ұрысқа қатысушы бөлімдер мен бөлімшелердің белсенді және шешуші қимылдары, жауынгердің моральдық және дене күштерінің шектік төзімділігі нәтижесінде мүмкін болады.

Қазіргі заманғы ұрыстың негізгі белгілері: айлалық (маневрлік), жоғары өзгермелік, жағдайдың тез және шұғыл өзгеруі, майдандағы және тереңдіктегі ұрыс дамуының бір қалыпсыздығы, ұрыс жүргізу тәсілдерінің әр түрлілігі, жеке құрамның моральдық - психологиялық және дене күштерінің жоғары болуы.

Қазіргі ұрыс түрлері және олардың сипаттамасы. Ұрыс мақсатына және тактикада қол жеткізу әдістеріне байланысты ұрыстың төмендегідей түрлері болады: шабуыл, қорғаныс және бетпе – бет ұрыс.

Шабуыл ұрыстың негізгі түрі. Шабуылдың мәні: шабуылдаушы әскер барлық қолда бар атыс құралдарын, сондай-ақ ядролық қаруды пайдаланып, қарсыласты талқандап және қол жеткізген нәтижелерді пайдалана отырып, қарсылас орналасқан тереңдікке шапшаң енеді, сөйтіп, оның тірі күшін, қару – жарағын, ұрыс техникасын жояды да қарсылас орналасқан аймақты басып алады.

Шабуыл алдында, әдетте, атыс дайындығын жүргізеді. Ол қарсыластың маңызды объектілерін талқандау мақсатында оның қорғанысына артиллерия мен авиацияның алдын ала жоспарланған және дайындаған соққысын жіберуден тұрады. Осы уақытта ядролық соққылар да жіберілуі мүмкін.

Қорғаныс – қарсыластың басым күшінің шабуылын тойтару, оны едәуір шығынға ұшырату, орналасқан бекіністі ұстап тұру және кейін шешуші шайқасқа шығу үшін тиімді жағдай жасау мақсатында жүргізілетін ұрыс түрі. Қорғаныс қарсыласқа бекінген орыннан барлық қару атысымен зақым келтіру, бекіністер мен тірек пункттерін ұстап тұру үшін табанды күрес жүргізу.

Бетпе – бет ұрыс – шабуылдық ұрыстың бір түрі. Ол екі жақ қойылған мақсатты шабуылмен орындауға ұмтылған кезде жүргізіледі. Ол ұрыс барысында: шабуылда - қарсыластың қарсы шабуылын тойтару кезінде, қорғаныста – шабуылдаушы қарсыласқа қарсы шабуыл жасау кезінде тууы мүмкін. Бетпе – бет ұрыс кезіндегі әскерлердің қимылы негізіне - қолда бар барлық атыс құралдарымен қарсыласқа зақым келтіру, тиімді шептерді басып алу мен ұрыстық ретке жазылуда қарсыластың алдын алу; тыл мен қапталдардан соққы беру, қарсыласты бөлшектеп талқандау жатады.


Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы оқытушысы: ___________ А.Жақсыбаев


















«Бекітемін» ___________

Сабақ жоспары


  1. Сабақтың тақырыбы: Бөлімшенің жорықтық және ұрысқа кіру тәртібі

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаяу әскердің ұрыстық машинасындағы мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуымен таныстыру.


  1. Уақыты: 45 минут. _______________ 2014 жыл

  2. Өткізілетін орны: 10 «а» «б» сынып АӘД бөлмесі.


  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакат.


  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • Жалпы әскери ұрыс дегеніміз не?

  • қазіргі жалпы әскери ұрыстың негізгі белгілерін атаңдар.

  • қазіргі ұрыстың түрлерін атап, оларға сипаттама беріңдер.

  • қарсыласқа зақым келтіру құралдары туралы айтыңдар.


б) Негізгі бөлім – 22 минут.

Ұрыстық әрекет негіздері және мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы.


в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • жаяу әскердің ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамын атаңдар.

  • жаяу әскердің ұрыс машинасының арналуы және жабдықталуы туралы айтыңдар.

  • мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы және оның қарулануы

жайлы айтыңдар.








Мотоатқыш бөлімше – ең төменгі тактикалық бөлімше. Ол жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш взводтың құрамына кіреді.

Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшесінің құрамына кіретіндер:

  • бөлімше командирі;

  • көздеуші – оператор;

  • механик – жүргізуші;

  • пулеметші;

  • гранататқыш;

  • гранататқыштың көмекшісі;

  • аға атқыш;

  • атқыш.


ЖҰМ – бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады (70км/сағ), су бөгеттерінен, жолсыз, батпақ жерлерден және қалың қарлардан жақсы өтеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспабымен жабдықталған.

Мотоатқыш бөлімшенің қаруларында ЖҰМ, қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы гранаттары болады.

Мотоатқыш бөлімшелер қазіргі заманғы қуатты қару – жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез келген мезгілі мен уақытында, ауа райының кез келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе отырып, жоғары қарқынмен шабуылдай алады.




Алғашқы әскери дайындықты

Ұйымдастырушы - оқытушысы: ___________ А.Жақсыбаев














«Бекітемін» _______________

Сабақ жоспары

  1. Сабақтың тақырыбы: Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі.


  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды атыс жүйесімен және атыспен маневр жасауға үйрету.


  1. Уақыты: 45 минут. _______________ 2014 жыл

  2. Өткізілетін орны: 10 «а» «б» сынып Тактикалық алаң.


  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.


  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • жаяу әскердің ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамын атаңдар.

  • жаяу әскердің ұрыс машинасының арналуы және жабдықталуы туралы айтыңдар.

  • мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы және оның қарулануы

жайлы айтыңдар.

б) Негізгі бөлім – 20 минут.

Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі.

в) Қорытынды бөлім – 12 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • ұрыстық атыс түрлері қандай?
  • атыс жүйесі дегеніміз не?
  • атыс жүйесі бөлімшеде қалай ұйымдастырылады?
  • қорғаныста бөлімше командирі қандай графикалық құжат дайындайды?
  • атыспен маневр жасау дегеніміз не?
  • бөлімшелер қандай мақсатта маневр жасайды?
  • шабуылда және қарама-қарсы ұрыста қандай маневр түрлері жүзеге асырылады?
  • ұрыста бастамшылдық не үшін қажет?
  • кенеттілікке қалай қол жеткізуге болады?


ТД. Т. 5. Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі.

Қарудың барлық түрлерінің ішінде ату ұрыста қарсыласты жоюдың негізгі құралы болып табылады.

Мотоатқыш бөлімшелері қарсыласты жекелеген атыс құралдарынан ату арқылы немесе шоғырланған атыс арқылы жоя алады. Шоғырланған атыс – бірнеше атыс құралдарынан қарсыластың бір маңызды нысанасын немесе жергілікті жердің шектеулі аймағындағы нысаналар тобын ату.

Атыс бағытына байланысты ату жаппай, қапталдан және айқастыра ату болып бөлінеді.

Жаппай ату нысананың маңдай шебіне перпендикуляр жүргізіледі. Ол терең эшелонданған анық нысанаға атыс жүргізу кезінде тиімді.

Қапталдан ату – нысана қапталынан ату. Ол көбінесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне автоматтан, пулеметтен ату арқылы жүргізіледі.

Айқастыра ату бір нысанаға екі немесе одан да көп бағыттан жүргізіледі, ол өте тиімді және қарсыласты үлкен шығынға ұшыратады.

Бойлата ату бір нақты бағытта жақын қашықтықтан, кенеттен, пулеметтен және автоматтан жүргізілген атыс.

Бөлімшенің атыс құралдарын, командир жоспарымен, жергілікті жердің сипаты мен мүмкіншілігін ескере отырып пайдаланады. Бұның барлығы атыс жүйесін құрайды, ол бөлімшенің маңдай шебі алдында, қапталдарда және көршілермен аралықта атудың барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ айнала қорғаныс жүргізу мүмкіндігін қамтиды.

Бөлімшенің атыс жүйесін ұйымдастыру кезінде бөлімшеге атыс жолағы, атқылаудың (оңға және солға) қосымша секторы, ал взводқа бұдан басқа шоғырланған атыс аймағы тағайындалады. Атыс құралдарына негізгі және қосымша секторы көрсетіледі. Гранататқыштық атыс бөлімшесінің атыс жолағы да дайындалады. Көрші бөлімшелердің атқылау және атыс құралдарының секторлары мен атыс жолақтары өзара бір-бірін жабуы тиіс.

Атыс жүйесінің дайындығы бекіністе атыс құралдарының орналасуымен, атыс үшін қажетті мәліметтерді дайындаумен, оқ-дәрінің болуымен анықталады.

Атысты басқаруды ыңғайлы ету үшін бөлімше командирі өз бөлімшесінің атыс карточкасын жасайды.

Атыс маневрі дегеніміз өз уақытында барлық бөлімшенің немесе бірнеше атыс құралдарының атысын бір маңызды нысанаға шоғырландыру, атысты бір нысанадан екіншісіне бірінен кейін бірін немесе бір мезгілде жою үшін ауыстыру.

Атыс маневрін әрбір жауынгер қолдана алады. Бұл үшін ол ұрыс алаңын үздіксіз бақылап, нысананы анықтауы керек және маңыздылық деңгейі бойынша бір нысанадан екіншісіне ауыстыра отырып қарсыласты жоюы қажет.

Бөлімшелер маневрі қарсыластың әлсіз тұсына атыс жүргізу үшін тиімді жағдайға ие болу мақсатында немесе қапталдан және тылдан шабуыл жасау үшін, сондай – ақ қарсыластың басым күшінің соққысы астынан шығу үшін жүргізіледі.

Шабуылда және бетпе-бет ұрыста бөлімшелер қамту және айналып өту түрінде маневр жасай алады.

Қамту – қарсыластың тылы мен қапталына жасалатын маневр, ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз атыстық және тактикалық өзара қимыл арқылы үлкен емес тереңдікте жасалады. Айналып өту - қарсыластың тылы мен қапталына барынша терең маневр жасау. Ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз тактикалық өзара қимыл арқылы жүргізіледі.Қорғаныста маневр шығынға ұшыраған бөлімшелерді күшейту, қосалқы бекіністерге, атыстық шепке ие болу, қаптал немесе тылға шыққан қарсыласты тойтару мақсатында және қарсы шабуыл үшін жүргізіледі.

Бастамшылдық дегеніміз кез келген жағдайда тапсырылған міндетті орындаудың ең тиімді тәсілін табу, батыл шешім қабылдап, оны өмірге табанды түрде енгізу.

Тапқыр және талапшыл жауынгер жағдайдың кез келген шартында бастамшылдық көрсете алады. Ұрыста батылдық пен ойлы бастамшылдық көрсете алу қабілеті, қарсыласты жою үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болу - әрбір жауынгер мен командир үшін бағалы қасиет болып табылады.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің

ұйымдастырушы - оқытушысы: ____________ А.Жақсыбаев


«Бекітемін» _______________

Сабақ жоспары


  1. Сабақтың тақырыбы: Жауынгердің ұрыстағы іс-әрекеті.


  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жауынгердің ұрыстағы міндеттерін және ұрыстағы жылжу тәсілдеріне үйрету.


  1. Уақыты: 45 минут. _______________ 2014 жыл


  1. Өткізілетін орны: 10 «а» «б» сыны Тактикалық алаң.


  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, АК макеті, сапер күрегі.


  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • ұрыстық атыс түрлері қандай?
  • атыс жүйесі дегеніміз не?
  • атыс жүйесі бөлімшеде қалай ұйымдастырылады?
  • қорғаныста бөлімше командирі қандай графикалық құжат дайындайды?
  • атыспен маневр жасау дегеніміз не?
  • бөлімшелер қандай мақсатта маневр жасайды?
  • шабуылда және қарама-қарсы ұрыста қандай маневр түрлері жүзеге асырылады?
  • ұрыста бастамшылдық не үшін қажет?
  • кенеттілікке қалай қол жеткізуге болады?


б) Негізгі бөлім – 20 минут.

Жауынгердің ұрыстағы іс-әрекеті. Ұрыстағы жауынгердің міндеттері. Ұрыс даласындағы жауынгердің жылжу тәсілдері.


в) Қорытынды бөлім – 12 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • ұрыстағы жеңіс кімге байланысты?

  • жауынгердің ұрыстағы міндеттері.

  • жауынгерге өз міндетін орындау үшін не қажет?

  • жауынгер жаяу ретпен қимылдау кезінде қандай қозғалыс тәсілдерін қолданады?

ТД. Т. 6. с 1. Жауынгердің ұрыстағы іс-әрекеті. Ұрыстағы жауынгердің міндеттері. Ұрыс даласындағы жауынгердің жылжу тәсілдері.

Ұрысты жеңіске жету жеке жауынгердің, бөлімшелердің танк және машиналар экипаждарының, зеңбіректер мен минаатқыштар есептобының және т.б. табысты қимылына байланысты болады.

Жауды жеңу үшін әрбір жауынгер өз қаруы мен ұрыс техникасын жетік біліп, оларды ұрыста шеберлікпен қолданып, қарсыластың тірі күші мен ұрыс машинасын неғұрлым көп жоюы керек.

Жауынгер ұрыста қатардан шығып қалған жолдасының орнын ауыстыру үшін аралас әскери мамандықты игеріп, взводтың, бөлімшенің жауынгерлік міндетін және өз міндетін, ұрыста бақылау жүргізуді білуге, қарсылас танкілерін, басқа да сауытталған машиналары мен танкіге қарсы құралдарының жауынгерлік мүмкіндіктерін, олардың әлсіз және күшті тұстарын жақсы білуге тиіс.

Жауынгер ұрыста командирді қорғауға және күзетуге, командирдің рұқсатынсыз өз орнын тастап кетпеуге, қарсыласты қолда бар құралдармен жоюға, жолдасына көмек көрсетуге, санитарлық өңдеу жүргізуге, әуе қарсыласын тануға, тапқырлық, батылдық және бастамшылдық көрсетуге, жеке қорғаныс құралдарын қолдана білуге, оқпаналар мен бойтасаларды тез жабдықтай алуға міндетті.

Жауынгер жаяу ретпен қимылдаған уақытта жеделдетілген адым, жүгіре өту немесе жер бауырлай қозғалу әдісімен жылжйды.

Жауынгер, қарсыластың бақылауынан таса және оның атысы жетпейтін жерлерден жедел адымдап немесе жүгіріп өтеді. Бұл кезде ол қаруын ата бастау жағдайында, яғни дүмді бүйірге қысып ұстайды.

Жатып ату жағдайынан жүгіре өту үшін, жауынгер әуелі 20-40м-ге дейінгі аралықтағы қозғалыс жолын және демалатын жерін бағдарлап алады. Одан соң тез тұрып, белгіленген орынға дереу жүгіре отырып жетуі тиіс. Бұндай жүгіре өту кезінде қарсылас дәлдеп оқ ата алмайды. Командир белгілеген шепке жеткеннен кейін, сарбаз атысқа дайындалады да, басқа жауынгерлердің жүгіріп өтуін атыспен қорғайды.

Ұрыс алаңында қарсыласқа жақындап, оған кенеттен шабуылдау қажеттілігі туған кезде жер бауырлай жылжу әдісі қолданылады. Жауынгер ең әуелі алға жылжу жолын және демалу үшін тоқтайтын жасырын таса жерді белгілеп алуы тиіс.

Жер бауырлап жылжу үшін, ең әуелі, жерге жатып, оң қолымен қарудың жоғарғы бауының тұсынан ұстап, оны оң қолдың білегіне қоюы керек. Оң аяқты өзіне тартып және бір мезгілде сол қолды мүмкіндігінше алыс созып, содан кейін бүгілген аяқ серпілісімен денені алға тастап, келесі аяқты өзіне тартып, келесі қолды созып, осылай жылжуды жалғастыру керек.

Жартылай төрт тағандап жылжу үшін жауынгер тізерлей отырып, қол білектеріне салмақ салуы керек, содан кейін бүгілген оң (сол) аяқты өзінің кеудесіне тартып, бір мезгілде сол (оң) қолды алға созу керек, сөйтіп денені алға қарай оң (сол) аяқ толық созылғанша тастау қажет.

Бүйірлей жер бауырлап жүру үшін сол бүйірге жатып, содан кейін тізеден бүгілген сол аяқты алға тартып, сол қолдың білегіне салмақ салып, оң аяқтың табанын жерге тіреп, мүмкіндігінше өзіне жақын ұстау керек; оң аяқты бүге отырып, сол аяқтың қалпын бұзбай, денені алға жылжыту қажет, осылай қозғалысты жалғастыра беру керек.


Алғашқы әскери дайындық пәнінің

Ұйымдастырушы - оқытушысы: _____________ А.Жақсыбаев



«Бекітемін» _______________

Сабақ жоспары


  1. Сабақтың тақырыбы: Жауынгердің ұрыстағы іс-әрекеті.


  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға оқпананы және оны бүркемелеу тәсілдеріне үйрету.


  1. Уақыты: 45 минут. _______________ 2011 жыл


  1. Өткізілетін орны: 10 «а» «ә» сынып Тактикалық алаң.


  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, АК макеті, сапер күрегі.


  1. Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • ұрыстағы жеңіс кімге байланысты?

  • жауынгердің ұрыстағы міндеттері.

  • жауынгерге өз міндетін орындау үшін не қажет?

  • жауынгер жаяу ретпен қимылдау кезінде қандай қозғалыс тәсілдерін қолданады?


б) Негізгі бөлім – 20 минут.

Жауынгердің ұрыстағы іс-әрекеті. Бөгеттерден өту тәсілдері. Атысқа арналған орынды таңдау.


в) Қорытынды бөлім – 12 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • ұрыста жауынгер бөгеттерден өтудің қандай тәсілдерін қолданады?

  • миналардың бүркенішті ашу белгілері туралы айтыңдар.

  • инженерлік бөгеттерден өтудің қандай тәсілдері бар?

  • радиоактивті улағыш заттармен уланған аймақтан қалай өтуге болады?

  • жатып ату үшін жеке оқпана қалай қазылады?






ТД. Т. 6. с 2. Жауынгердің ұрыстағы іс-әрекеті. Бөгеттерден өту тәсілдері. Атысқа арналған орынды таңдау.

Бөгттерден (өзен, жыра, батпақ және т.б.) ұрыс барысында тоқтаусыз шабуыл екпінін немесе қозғалыс жылдамдығын төмендетпей қарсылас күтпеген жерлерден өту аса маңызды. Бұл кезде жоғары қырағылық көрсету қажет, өйткені бөгеттер миналанған немесе қарсыластың оғымен тасалануы мүмкін.

Өзендер мен басқа да су бөгеттерінен тұрақты немесе арнайы жүргізілген көпірлермен, әр түрлі қолда бар құралдармен кешіп немесе жүзіп өтуге тура келеді.

Кешіп өту кезінде жаунгерлер бір немесе екі лек бойынша кешіп өтеді. Кешіп өту үшін ағынның жылдамдығ 1м/сек-ке дейін, тереңдігі 1м болуы керек.

Жүзіп өту өткелі су бөгетінің ені аз болғанда жүзеге асырылады. Бұл кезде жеке өткел құралдары (жүзу киімдері мен құтқарушы жилеттер), және әр түрлі қолда бар құралдар қолданылуы мүмкін.

Миналарды және фугастарды бүркенішті ашу белгілері бойынша немесе қармағыштар мен мина іздеушілер көмегімен табуға болады. Созылмалы әсер ететін миналарда қазықшалар және жер үстінен тартылған бау немесе сым болады. Қойылған миналардың бүркенішін ашу белгілері: бұзылған топырақ; топырақ төгіндісі; тартылған кендір жіп; топырақ үйіндісі (төбешік); жер үстіне шығып тұрған мұртшалар; минаның ашық көрінуі; миналық тралдармен мина бөлігінің көрініп тұруы; мина қондыру көрсеткіштері.

Минаға барлау жүргізген кезде мейлінше ұқыпты болып, әрбір күмәнді жерлерді тексеру қажет, табылған бау немесе сымды тартып қалмау керек.

Қазіргі кезде әр түрлі инженерлік бөгеттер, әсіресе миналанған алаңдар, сымды бөгеттер және т.б. қолданылады. Ұрыста жауынгерлік міндеттерді тез және табысты орындау үшін жауынгер инженерлік бөгеттерді тауып, олардан өтуді шебер меңгеруі тиіс.

Миналы – жарғыш бөгеттердегі өтпелерден өту жарғыш тәсілмен немесе миналық тралмен жабдықталған танктер арқылы жүзеге асады. Сымды бөгеттерден өту тәсілдері: сырт киімін төсеніш ретінде пайдалану; тиімді заттармен сымды көтеру арқылы; сымды қайшымен немесе сүңгі пышақпен қию арқылы. Электрлі бөгеттерден өтуді тек саперлар ғана жүзеге асырады.

Радиоактивті немесе улағыш заттармен зақымданған жергілікті жер аумағынан өту әдістері ұрыс қимылдары сипатына, жер және ауа жағдайларына байланысты болады. Құрғақ ауа райында жаяу ретпен қимылдайтын жауынгерлер радиоактивті немесе улағыш заттармен зақымдалған жер аймақтарынан өту үшін – газтұмылдырық, қорғаныш плащтары, жамылғылыр, шұлықтар мен қолғаптар пайдаланады. Жабық БТР-дағы жауынгерлер тек газтұмылдырық киеді, ал ЖҰМ-дағы жауынгерлер жаппай жою қаруларынан қорғану жүйесін іске қосады. Ылғалды ауа райында радиоактивті заттармен зақымдалған жер аймақтарынан өту үшін теріні қорғау құралдары (қорғаныш плащтары, шұлық, қолғап) қана киіледі. Ашық зақымданған жер аймағынан өту ұзақ және тез жүгіре өту тәсілі арқылы жүзеге асырылады. Тоқтау үшін шөптері аласа жер таңдалып алынады. Зақымдалған аймақтардан өткеннен кейін жауынгерлер командир пәрмені бойынша киім-кешектердің шаңын қаға отырып, қорғаныш құралдарын шешеді.

Шабуыл барысында басып алынған шепті ұстап тұру, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалу, қорғанысқа көшу және ұрыс жағдайының басқа да шарттарына байланысты жауынгерге өз оқпанасын қазуға және жабдықтауға тура келеді. Орлану жауынгердің кіші күрегімен жүзеге асырылады. Ол қарсылас оғының астында жатып ату үшін бір адамдық оқпана қазудан басталады.

Оқпана топырақтан қазылған, ұзындығы – 170см, ені – 60см, тереңдігі – 30см ордан және 30см-ге дейінгі биіктіктегі қалқадан тұрады. Топырақ қалқа мен ор арасынан ені 20 – 40см болатын алаңқай қалдырылады. Атқылау секторында топырақ қалқаның биіктігі 10см-ге дейін азайтылады.

Орлануды бастамас бұрын жауынгер әуелі атыс үшін орын таңдап алады, содан кейін қаруын өзінің оң жағына қоюы тиіс, бұл кез келген уақытта атыс жүргізу үшін ыңғайлы болады. Бұдан кейін жауынгер сол бүйіріне аударылып, күректі сыртқы қабынан шығарып, екі қолымен сапты ұстап, өзіне қарай ұрып, жердің жоғарғы қабатын ашуы тиіс алдынан және екі бүйірден ордың шекараларын белгілеп алуы қажет. содан кейін өзінен ары сыртқа ұра отырып, жердің шым қыртысын алып, оны алға немесе екі жаққа тастап, қазуға кірісуі қажет. Оқпана қазу кезінде жерді күрекпен қиғаш қазу керек, ал топырақты ең алдымен алға, сосын екі жаққа тастау қажет, бұл кезде 1 – 1,5м болатын топырақ қалқа пайда болады, ол жауынгерді қарсылас оғынан сақтауды қамтамасыз етеді.

Оқпана шұңқырдың алдыңғы бөлігінде қажетті тереңдік жасап алғаннан кейін жауынгер артқа жылжып, қажетті ұзындыққа дейін шұңқыр қазуды жалғастыра береді, бұл шұңқыр жауынгердің денесі мен аяқтарын тасалайтындай болуы тиіс. Оқпана жергілікті жердегі шым қыртысымен, шөптермен, ал қыста қарменен бүркемеленеді. Зақымданған жерде орлану жеке қорғаныс құралдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін ең әуелі жердің жоғарғы зақымданған қабаты алынып, жел жаққа жайлап тасталынады. Бұл кезде мүмкіндігінше өзін және жолдастарын шаңдатпау үшін шаң көтермеу керек.












Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ Ғ. Ақпан













2222222222222222222222222

«Бекітемін» ___________

Сабақ жоспары


  1. Сабақтың тақырыбы: Бақылаушы жауынгер.


  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бақылаушы жауынгердің міндеттерімен таныстыру.


  1. Уақыты: 45 минут. _______________ 2011 жыл


  1. Өткізілетін орны: 10 сынып Тактикалық алаң.


  1. Көрнекілік құралдар. АӘД оқулығы, оқпана.


  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • ұрыста жауынгер бөгеттерден өтудің қандай тәсілдерін қолданады?

  • миналардың бүркенішті ашу белгілері туралы айтыңдар.

  • инженерлік бөгеттерден өтудің қандай тәсілдері бар?

  • радиоактивті улағыш заттармен уланған аймақтан қалай өтуге болады?

  • жатып ату үшін жеке оқпана қалай қазылады?

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Бақылаушы жауынгер.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • бақылаушының міндеттері қандай?

  • бақылаушы қайда орналасады?

  • бақылау үшін белгіленетін орын қандай талаптарға сай болуы керек?

  • бақылаушы жергілікті жерді қалай зерделейді?

  • бақылаушы қарсыластың пайда болуын қалай баяндайды?


ТД. Т. 7. с 1. Бақылаушы жауынгер.

Мотоатқыш бөлімшесінде қарсыласқа бақылау жүргізу үшін бақылаушы тағайындалады. Бөлімше командирі бақылаушыға келесі міндеттерді жүктейді: бақылау орнын бүркемелеу және жабдықтау; бақылаудың көрсетілген секторындағы жергілікті жерді және заттарды зерттеу; бағдар мен жергілікті заттарға дейінгі қашықтықты өлшеу және жергілікті жердің сызбасын құрастыру; қарсыласты байқаған сәтте оның жергілікті жердегі орнын анықтап бөлімше командиріне баяндау және оны бақылау журналына жазу.

Бөлімше командирінен тапсырма алған соң, бақылаушы бақылау орнын бүркемелейді және жабдықтайды, бақылаудың көрсетілген секторындағы жергілікті жерді және заттарды зерттейді, бағдар мен жергілікті заттарға дейінгі қашықтықты өлшейді және жергілікті жердәң сызбасын құрастырады. Қарсыласты байқаған сәтте бақылаушы оның жергілікті жердегі орнын анықтайды да, бөлімше командиріне баяндайды. Осыдан кейін ол нысананы сызбаға шартты түрде түсіреді де, бақылау журналына түсіреді.

Бақылаушы бақылау нәтижелерін дауыстап баяндау үшін командирге жақын орналасады. Оның қолында бақылау аспаптары (дүрбі, стереотүтік немесе перископ), жергілікті жердің картасы немесе сызбасы, бақылау журналы, құлабыз (компас) және сағат болуы керек. Бақылау үшін өзі қарсыласқа көрінбейтіндей, бірақ мүмкіндігінше көбірек естіп, көре алатындай болып орналасуы керек.

Бақылау үшін белгіленетін орын - бақылау аймағын жақсы шолу мен сенімді бүркеніш болатындай; авиация, артиллерия атысынан және ядролық қарудың зақымдағыш факторларынан қорғанатындай болуы қажет. Егер жергілікті жердің жекелеген заттары бақылау үшін ыңғайлы болса, онда оның жанына көлеңке тұстан орналасу керек. Бақылаушының негізгі тасаланатын орны – оқпана. Оқпана жергілікті жер заттарымен бүркемеленеді. Жергілікті жерді бақылау тиімді болу үшін бақылаушыға бекітілген сектор қашықтығына қарай 2-3 аймаққа бөлінеді. Аймақ шекаралары бағдар немесе жергілікті жер бойынша белгіленеді. Бақылаушы, ең алдымен өзіне берілген сектордағы жерді асықпай зерттеуі және барлық жергілікті жер заттарының санын, мөлшерін, формасын, өлшемін және өзара орналасуын еске сақтауға міндетті. Бұл дер кезінде қарсыластың пайда болуын байқауға немесе оның қимылы мен орналасуындағы өзгерістерді байқауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін бақылаушы жақын аймақтан бастап, оңға, солға қарсылас жағына қарап жерді және жергілікті заттарды жүйелі бір ізбен тексере отырып, көзбен тағы бір шолып өзін-өзі тексереді. Осы тәртіппен ол орта және алыс аймақты байқайды.

Егер бақылаушы қарсыластың болу белгілерін байқап қалса, бұл аймақты бақылау аспаптары көмегімен қарап, нысана сипатын анықтайды. Қарсыласты байқаған сәтте бақылаушы оның жергілікті жер жағдайындағы орналасуын анықтайды. Бұл үшін ол байқалған нысананың арақашықтығын белгілі жақын бағдарға дейінгі (оң, сол, жақын, алыс), қашықтығын өлшейді. Содан кейін ол бақылауды тоқтатпай, байқалған объект туралы командирге баяндайды.

Бақылаушының баяндауы қысқа әрі нақты болуға тиіс. Бақылаушы қатты айғайламай, командир еститіндей дауыспен бағдар немесе жергілікті жерге қатысты алғанда нысананың жағдайын, оның қимыл - әрекетін баяндайды. Бұл кезде ол бағдардан оңға немесе солға қарай нысананың орналасуын метрдің мыңдық үлесі бойынша, ал сосын нысананың бағдарға жақын немесе алыс орналасуын метрмен көрсетеді. Мысалы: Бағдар – 2, оңға –10, 100-ден алыс, оқпанада – «танк», немесе «Дөңгелек» биіктегі, солға – 20, 200-ге жақын, бұта арасында – «бақылаушы», немесе «Фигуралы» тоғайынан батысқа бронетранспортер жылжып келеді және т. б.


Бақылау журналындағы жазу формасы


Бағдарлау уақыты

Қайда, не байқалды

Кімге, қашан баяндалды.

6сағ 10мин

«Дөңгелек» биіктігі, солға – 20, 200-ге жақын,

бұта арасында – «бақылаушы»

6сағ 10мин

Бөлімше командиріне

7сағ 20мин

Бағдар – 2, оңға –10, 100-ден алыс, оқпанада – «танк»

7сағ 20мин.

Бөлімше командиріне


Егер бақылаушы радиоактивті немесе химиялық зақымдануды байқап қалса, ол дереу қорғаныш құралдарын киеді де, командирге баяндайды және бақылауды жалғастырады.

Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы оқытушысы: ____________ Ғ. Ақпан

«Бекітемін» ___________

Сабақ жоспары


  1. Сабақтың тақырыбы: Бақылаушы жауынгер.


  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бақылаушы жауынгердің міндеттерімен таныстыру.


  1. Уақыты: 45 минут. _______________ 2011 жыл


  1. Өткізілетін орны: 10 сынып Тактикалық алаң.


  1. Көрнекілік құралдар. АӘД оқулығы, оқпана.


  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 31 минут.

  • бақылаушының міндеттері қандай?

  • бақылаушы қайда орналасады?

  • бақылау үшін белгіленетін орын қандай талаптарға сай болуы керек?

  • бақылаушы жергілікті жерді қалай зерделейді?

  • бақылаушы қарсыластың пайда болуын қалай баяндайды?


б) Негізгі бөлім – 7 минут.

Бақылаушы жауынгер.


в) Қорытынды бөлім – 7 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • бақылаушының міндеттері қандай?

  • бақылаушы қайда орналасады?

  • бақылау үшін белгіленетін орын қандай талаптарға сай болуы керек?

  • бақылаушы жергілікті жерді қалай зерделейді?

  • бақылаушы қарсыластың пайда болуын қалай баяндайды?


ТД. Т. 7. с 2. Бақылаушы жауынгер.

Мотоатқыш бөлімшесінде қарсыласқа бақылау жүргізу үшін бақылаушы тағайындалады. Бөлімше командирі бақылаушыға келесі міндеттерді жүктейді: бақылау орнын бүркемелеу және жабдықтау; бақылаудың көрсетілген секторындағы жергілікті жерді және заттарды зерттеу; бағдар мен жергілікті заттарға дейінгі қашықтықты өлшеу және жергілікті жердің сызбасын құрастыру; қарсыласты байқаған сәтте оның жергілікті жердегі орнын анықтап бөлімше командиріне баяндау және оны бақылау журналына жазу.

Бөлімше командирінен тапсырма алған соң, бақылаушы бақылау орнын бүркемелейді және жабдықтайды, бақылаудың көрсетілген секторындағы жергілікті жерді және заттарды зерттейді, бағдар мен жергілікті заттарға дейінгі қашықтықты өлшейді және жергілікті жердәң сызбасын құрастырады. Қарсыласты байқаған сәтте бақылаушы оның жергілікті жердегі орнын анықтайды да, бөлімше командиріне баяндайды. Осыдан кейін ол нысананы сызбаға шартты түрде түсіреді де, бақылау журналына түсіреді.

Бақылаушы бақылау нәтижелерін дауыстап баяндау үшін командирге жақын орналасады. Оның қолында бақылау аспаптары (дүрбі, стереотүтік немесе перископ), жергілікті жердің картасы немесе сызбасы, бақылау журналы, құлабыз (компас) және сағат болуы керек. Бақылау үшін өзі қарсыласқа көрінбейтіндей, бірақ мүмкіндігінше көбірек естіп, көре алатындай болып орналасуы керек.

Бақылау үшін белгіленетін орын - бақылау аймағын жақсы шолу мен сенімді бүркеніш болатындай; авиация, артиллерия атысынан және ядролық қарудың зақымдағыш факторларынан қорғанатындай болуы қажет. Егер жергілікті жердің жекелеген заттары бақылау үшін ыңғайлы болса, онда оның жанына көлеңке тұстан орналасу керек. Бақылаушының негізгі тасаланатын орны – оқпана. Оқпана жергілікті жер заттарымен бүркемеленеді. Жергілікті жерді бақылау тиімді болу үшін бақылаушыға бекітілген сектор қашықтығына қарай 2-3 аймаққа бөлінеді. Аймақ шекаралары бағдар немесе жергілікті жер бойынша белгіленеді. Бақылаушы, ең алдымен өзіне берілген сектордағы жерді асықпай зерттеуі және барлық жергілікті жер заттарының санын, мөлшерін, формасын, өлшемін және өзара орналасуын еске сақтауға міндетті. Бұл дер кезінде қарсыластың пайда болуын байқауға немесе оның қимылы мен орналасуындағы өзгерістерді байқауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін бақылаушы жақын аймақтан бастап, оңға, солға қарсылас жағына қарап жерді және жергілікті заттарды жүйелі бір ізбен тексере отырып, көзбен тағы бір шолып өзін-өзі тексереді. Осы тәртіппен ол орта және алыс аймақты байқайды.

Егер бақылаушы қарсыластың болу белгілерін байқап қалса, бұл аймақты бақылау аспаптары көмегімен қарап, нысана сипатын анықтайды. Қарсыласты байқаған сәтте бақылаушы оның жергілікті жер жағдайындағы орналасуын анықтайды. Бұл үшін ол байқалған нысананың арақашықтығын белгілі жақын бағдарға дейінгі (оң, сол, жақын, алыс), қашықтығын өлшейді. Содан кейін ол бақылауды тоқтатпай, байқалған объект туралы командирге баяндайды.

Бақылаушының баяндауы қысқа әрі нақты болуға тиіс. Бақылаушы қатты айғайламай, командир еститіндей дауыспен бағдар немесе жергілікті жерге қатысты алғанда нысананың жағдайын, оның қимыл - әрекетін баяндайды. Бұл кезде ол бағдардан оңға немесе солға қарай нысананың орналасуын метрдің мыңдық үлесі бойынша, ал сосын нысананың бағдарға жақын немесе алыс орналасуын метрмен көрсетеді. Мысалы: Бағдар – 2, оңға –10, 100-ден алыс, оқпанада – «танк», немесе «Дөңгелек» биіктегі, солға – 20, 200-ге жақын, бұта арасында – «бақылаушы», немесе «Фигуралы» тоғайынан батысқа бронетранспортер жылжып келеді және т. б.


Бақылау журналындағы жазу формасы


Бағдарлау уақыты

Қайда, не байқалды

Кімге, қашан баяндалды.

6сағ 10мин

«Дөңгелек» биіктігі, солға – 20, 200-ге жақын,

бұта арасында – «бақылаушы»

6сағ 10мин

Бөлімше командиріне

7сағ 20мин

Бағдар – 2, оңға –10, 100-ден алыс, оқпанада – «танк»

7сағ 20мин.

Бөлімше командиріне


Егер бақылаушы радиоактивті немесе химиялық зақымдануды байқап қалса, ол дереу қорғаныш құралдарын киеді де, командирге баяндайды және бақылауды жалғастырады.

Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ Ғ. Ақпан







































«Бекітемін» ___________

Сабақ жоспары


  1. Сабақтың тақырыбы: Қорғаныстығы жауынгер.


  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қорғаныстағы жауынгердің міндеттерін түсіндіру.


  1. Уақыты: 45 минут. _______________ 2014 жыл


  1. Өткізілетін орны: 10 «а» «б» сынып Тактикалық алаң.


  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы,оқпана, саперлық күрек.


  1. Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.


ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • шабуылдағы міндеттері қандай?

  • шабуылшы қайда орналасады?

  • шабуылдаушы жергілікті жерді қалай зерделейді?

  • шабуылдаушы қарсыластың пайда болуын қалай баяндайды?


б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Қорғаныстығы жауынгер.


в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • қорғаныстағы жауынгердің негізгі міндеттері қандай?

  • қорғаныстағы жауынгер нені білуі керек?

  • ядролық қаруды қолдану және қарсыластың атыс дайындығы басталуы кезіндегі жауынгердің іс - әрекеті туралы айтыңдар.

  • қарсыластың жаяу әскері мен танкілері қалай жойылады?


ТД. Т. 8. Қорғаныстағы жауынгер.


Жауынгер қорғаныста өз бөлімшесінің құрамында қимыл жасайды. Оның негізгі міндеті - өз қаруын, жергілікті жерді, оқпана мен орларды, сондай – ақ инженерлік бөгеттерді тиімді пайдалана отырып, басқа сарбаздармен бірлесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскері мен танкілерін мүмкіндігінше көбірек жойып, олардың шабуылдарына тойтарыс беріп, бөлімше бекінген бекіністі ұстап тұру. Жауынгер қорғаныста өзінің орнын тек командирдің бұйрығымен ғана тастап кете алады.

Қорғаныстағы жауынгер қарсыластың қайда тұрғанын және қандай қимылға бет бұрғанын, бағдарларды, бөлімшелер мен взводтардың міндеттерін, көршілердің қайда екенін және олардың атысты қай бағытта жүргізіп жатқанын білуі тиіс. Сонымен бірге хабарлау мен нысананы көрсету белгілерін, қай кезде өз бетінше немесе командир пәрменімен атыс бастауы, бөлімше командирінің орнын білуі қажет.

Бөлімше командирінен тапсырма алған соң, жауынгер оны анықтап алып, берілген жерде өз алдындағы жерді көруі және командир нұсқаған бағытта алыс қашықтықтан қарсыласқа қарсы көздеу атыстарын жүргізе алатындай болып орналасуы қажет. Содан кейін жатып ату үшін оқпана қазады. Егер жағдай мүмкіндік берсе тізеден ату үшін оқпананы 60см-ге дейін, ал тұрып ату үшін 110см-ге дейін тереңдетеді.

Оқпана қазу және жабдықтау кезінде, сондай-ақ ұрыс барысында, жауынгер үздіксіз қарсыласқа, жергілікті жерге бақылау жасайды және өз байқағанын командирге баяндап отырады.

Қарсылас шабуылға шығар алдында атыс дайындығын жүргізеді, кейде ядролық соққы жасауы да мүмкін. Ядролық жарылыс жарығын байқаған сәтте оқпананың түбіне бетті жерге қаратып, дереу жатуы қажет, ал ядролық соққы толқыны өткеннен кейін қарсылас шабуылын тойтаруға дайындалу қажет. Қарсыластың атыс дайындығы басталған кезде егер жауынгер бақылаушы болып тағайындалмаса, онда ол командир пәрменімен бөлім мен взвод бекінісінде жабдықталған жертөледе, тесікте немесе оқпана түбінде тасаланып, шабуылға тойтарыс беру үшін тез орнына ие болуға дайын болуы керек.

Қарсылас шабуылға шыққан кезде жауынгер ұрысқа дайындалады. Қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне командирдің пәрмені бойынша, ал қарсылас өз қаруының нақты атыс қашықтығына жақын келгенде өз бетімен оқ атады.

Егер оқпанаға танкілер жақындаса, жауынгер оны 15-20м қашықтыққа келгенше күтеді де, ыңғайлы сәтте танкінің шынжыр табаны астына гранатты лақтырады. Егер танкіге, оқ тимей оқпанаға тақап келсе, сарбаз секіріп шығып, оның неғұрлым осал бөлігіне гранатаны лақтырады. Танкіні зақымдағаннан кейін жауынгер өз қаруынан атып, танк соңынан келе жатқан жаяу әскерді жояды. Зақымдалған танк экипажын шынжыр табанды жөндеуі немесе машинаны тастап кетуі кезінде автоматтан ату арқылы жояды.

Қарсыластың жаяу әскері оқпанаға 30-40м жақындаған кезде, жауынгер оларға қарсы гранаттар лақтырып, оларды өз қаруынан атып жояды. Егер қарсыластың жекелеген жауынгерлері қорғаныстың алдыңғы шебіне шықса, жауынгер оларды атыспен, гранатпен, сондай-ақ сүңгімен және дүмбімен жояды. Көршілер бекінісіне жақындаған қарсыластың жаяу әскерін жауынгер қапталдан және тылдан атыс жүргізу арқылы жояды.

Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы оқытушысы: _________ А.Жақсыбаев















«Бекітемін» ___________

Сабақ жоспары


  1. Сабақтың тақырыбы: Шабуылдағы жауынгер.


  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жауынгерлердің шабуыл кезіндегі іс- әрекеттерімен таныстыру.


  1. Уақыты: 45 минут. _______________ 2011 жыл


  1. Өткізілетін орны: 10 сынып Тактикалық алаң.


  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, АК макеті.


  1. Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 минут.

  • қорғаныстағы жауынгердің негізгі міндеттері қандай?

  • қорғаныстағы жауынгер нені білуі керек?

  • ядролық қаруды қолдану және қарсыластың атыс дайындығы басталуы кезіндегі жауынгердің іс - әрекеті туралы айтыңдар.

  • қарсыластың жаяу әскері мен танкілері қалай жойылады?


б) Негізгі бөлім – 20 минут.

Шабуылдағы жауынгер.

в) Қорытынды бөлім – 12 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • жауынгер командирден тапсырма алған соң нені білуі керек?

  • ұрысқа дайындалар кезінде жауынгер нені тексереді?

  • «Шабуылға дайындал!» пәрмені берілген кездегі жауынгердің іс-әрекетін айтып беріңдер.

  • «Шабуылға алға!» пәрмені бойынша жауынгердің әрекетін айтыңдар.

  • ядролық жарылыс кезіндегі жауынгердің іс-әрекетін айтып беріңдер.

  • төмен биікте ұшатын ұшақтар мен тікұшақтарға жауынгердің қолданатын атыс тәсілдерін атаңдар.


ТД. Т. 9. Шабуылдағы жауынгер.


Бөлімше командирінің тапсырмасы бойынша, жауынгер бөлімше мен взвод шабуылының объектісін және шабуылдағы қарсылас қимылын, шабуыл бағытын, бөгеттерден өту тәртібін және шабуылдағы қозғалысты нақты түрде елестете алуы тиіс.

Осыдан кейін жауынгер мыналарды: қарудың жарамдылығы және оны ұрысқа дайындау, оқ-дәрінің болуы, жеке қорғаныш құралдары мен жабдықтарының болуын және жарамдылығын тексереді. Түнде шабуылға дайындалған кезде жауынгер қозғалыс бағытындағы жерді зерттейді, өзіне түнде бағдар болуы мүмкін жергілікті жер заттарын есте сақтайды және азимут бойынша қозғалыс бағытын зерттейді. Түнгі көздеуішті автоматтары мен пулеметтері бар жауынгерлер өз қаруларын тексереді.

Шабуыл басталғанға дейін қажеттілікке байланысты жауынгер қарсыласқа атыс жүргізеді. «Шабуылға дайындал!» пәрмені бойынша ол қаруды оқтайды. Ол үшін жарақталған оқжатарды біріктіріп, ажыратылып тұрған оқжатарды оқтайды да , сөмкеге салады. Содан соң жауынгер автоматқа сүңгі пышақты қосып «П» не «З» көздеуішін белгілейді, гранатты дайындап, жарақтану заттарын қозғалысқа кедергі келтірмейтіндей етіп бекітеді. Содан кейін аяғын табалдырыққа қойып, оны тастап шығуға дайын болатындай етіп, қолын оқпананың топырақ қалқасына тірейді. Бұл кезде қарсыласқа бақылау жасауын тоқтатпайды.

«Шабуылға алға» пәрмені бойынша ол оқпанадан тез секіріп шығып, жүгіріспен немесе жылдам адыммен алға қозғала бастайды, бұл ретте ол алдыңғыларға теңеле отырып, тізбекте бекітілген аралықты сақтауы тиіс. Қарсыласқа ұрыс алаңында бақылау жасауға және көздеп атыс жүргізуге мүмкіндік бермеу үшін ол өз қозғалысын қарсыласқа оқ атумен үйлестіреді.

Қарсылас иеленген орға 25-30м-ге дейін жақын келген жауынгер өз қаруын сол қолына ұстап, орға қол гранатасын лақтырады. «Ура!» деп айғайлай отырып, тез жылдамдықпен қалған қашықтықтан өтеді. Алғы шептегі аман қалған қарсыласты орға түспей, гранатамен, оқпен, сүңгімен және дүммен жояды да, оның қорғанысының тереңдігіне тоқтаусыз жылжи береді.

Шабуыл барысында жауынгер ұрыс алаңын үнемі бақылап, өз байқағандары туралы командирге дереу баяндайды. Нысананы көрген сәтте ол оны атыспен, ең алдымен, пулемет, гранататқыш, зеңбірек есептобын жояды. Командир бұйрығы бойынша немесе өз бетінше трассаланған оқтар арқылы танкілерді, мотоатқыштардың қозғалысына кедергі келтіретін нысаналарды көрсетеді. Жылжуды күшті атыспен ұстап тұрған қарсыластың атыс құралдарын көршілердің оғын бойтасалау арқылы айналып өтіп, қаптал мен тылда шабуылдай отырып, қарсыластың есептобын атыспен және гранатпен жояды. Қажет жағдайда жауынгер көршілеріне қапталдан атыспен көмек көрсетеді.

Егер жауынгер қарсыластың шегіне бастағанын байқаса, бұл туралы дереу командирге баяндауы керек. Басып алған шепте тұрақталу үшін жауынгер жергілікті жер заттарын бүркемелеп және таса үшін қолданып, өзіне көрсетілген жерге орналасады. Таса жоқ болған кезде жауынгер орланады да, қарсыластың қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайындалады.

Ядролық жарылыс ұшқынын байқаған сәтте, жергілікті жер бедерлері мен жергілікті заттарды пайдалана отырып, жарылысқа қарама-қарсы жаққа басын қойып, бетті жерге қаратып, тез жата қалу қажет. Осы әдіспен соққы толқын мен зақымдалудан сақтануға болады. Бұдан басқа шинельдердің жағасын көтеріп, қол білектерін дененің астына тығып, көру қабілетінен айрылып қалмау үшін бетті мүмкіндігінше тығыз жабу керек. Соққы толқыны өткеннен кейін дереу тұрып, жауынгерлік міндетті атқаруды жалғастыру керек. Шабуыл барысында ядролық жарылыстан зақымданған жер учаскелерін байқаса ол туралы командирге баяндау қажет. Жергілікті жердің зақымданған жер учаскелерін командир нұсқаған тәсілмен кесіп өтіледі.

Жер үсті қарсыласымен ұрыс жүргізе отырып, жауынгер қарсыластың төмен ұшқан ұшақтарына қарсы атыс жүргізуге дайын болуы керек.

Ашық жерде қарсыласқа қарсы атыс жатып, тізерлей немесе тұрған күйде жүргізіледі. Әуе нысаналарын ату «П» не «З» көздеуімен бөгеттік және өрге ату тәсілімен жүргізіледі. Ұшақтар мен тікұшақтарды ату үшін сауытты - өртегіштік және трассаланған оқтар қолданылады.

Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы оқытушысы: __________ Ғ. Ақпан

«Бекітемін» ___________

Сабақ жоспары


  1. Сабақтың тақырыбы: Қорғаныстағы бөлімше.


  1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қорғаныстағы бөлімшенің іс - әрекетімен таныстыру.


  1. Уақыты: 45 минут. _______________ 2011 жыл


  1. Өткізілетін орны: 10 сынып Тактикалық алаң.


  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, гранаттың макеті.


  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • жауынгер командирден тапсырма алған соң нені білуі керек?

  • ұрысқа дайындалар кезінде жауынгер нені тексереді?

  • «Шабуылға дайындал» пәрмені берілген кездегі жауынгердің іс-әрекетін айтып беріңдер.

  • ядролық жарылыс кезіндегі жауынгердің іс-әрекетін айтып беріңдер.

  • төмен биікте ұшатын ұшақтар мен тікұшақтарға жауынгердің қолданатын атыс тәсілдерін атаңдар.

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Қорғаныстағы бөлімше.

В) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • бөлімше командирі қорғанысқа қойылған ұрыс тапсырмасында неге баса назар аударуы керек?

  • қорғаныстағы бөлімше позициясы қалай жабдықталады?

  • қарсылас авиациясының шабуылдауы кезінде және радиациялық, химиялық зақымдану туралы хабарлау белгілері бойынша бөлімше қандай іс-әрекет жасайды?

  • қарсыластың атыс дайындығын бастауы мен оның шабуылға көшуі кезіндегі бөлімшенің іс-әрекеті қандай?

  • қорғаныстың алғы шебі алдында және қарсыластың қорғанысқа еніп кірген кезінде бөлімше оны қалай жояды?


ТД. Т. 10. Қорғаныстағы бөлімше.

Қорғаныстағы бөлімше басқа бөлімшелермен бірлесе отырып, атыспен қарсыласты жоюға мүмкіндік беретін бекіністерге орналасады және оны жабдықтайды.

Бөлімше командирі взвод командирінен тапсырма алған соң, оны нақтылап алып, өз бөлімшесін берілген бекініске шығарады да, бақылауды ұйымдастырады. Осыдан кейін ол ЖҰМ (БТР), пулемет, гранататқыш орнын анықтап, әскери бұйрық береді.

Әскери бұйрықта бөлімше командирі бағдарлар, қарсылас туралы мәліметтер (шабуылының бағыты мен мүмкін уақыты, жағдайы); взвод пен бөлімшенің міндеттері (атқылаудың қосымша секторы мен атыс жолағы, бекініс); көршілердің міндеттері; жеке құрамның міндеттерін дайындайды. Оператор-көздеуші, механик-жүргізуші, пулемет және атқыш-гранататқышқа–(негізгі және қосалқы атыс бекіністерін, атқыштарға-атыс орнын, ұрыс барысында ауысу мен жабдықтау жүйесін), жер үсті және әуе нысаналарына–атыс жүргізу мен бақылау тәртібін; оператор-көздеуші мен пулеметшіге - әрбір атыс бекінісінен атқылаудың негізгі және қосымша секторларын хабарлау, басқару және өзара қимылдау белгілерін, қорғанысқа дайын болу уақытын көрсетеді және өзіне орынбасар тағайындайды. Осыдан кейін бөлімше жауынгерлері оқпана қазуға және оны бүркемелеуге кіріседі. Бұл кезде бөлімше командирі бағдарларға дейінгі қашықтықты анықтайды, күндіз және түнде атыс жүргізу үшін мәліметтер дайындайды, атыс карточкасын жасайды.

Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайында қорғанысқа көшу кезінде бөлімше бекіністі ЖҰМ-ның (БТР-дің) атысы қолдауымен қол күші арқылы жабдықтайды. Бұл кездегі жұмыстың көп бөлігі түнгі уақытта жүргізіледі. Ал қарсылас көрінбейтін аудандарда бүркеніш қатаң сақтала отырып күндіз жүргізіледі.

Бекіністе, ең әуелі гранататқыш, атқыш – пулеметші үшін бір кісілік оқпана қазылады, негізгі атыс бекінісінде ЖҰМ-сы (БТР) үшін оқпана қазылады. Осыдан кейін жауынгерлер бір кісілік оқпаналарды бөлімше оқпанасына біріктіреді, қосалқы атыс бекінісінде ЖҰМ-сы (БТР) үшін оқпаналар және ЖҰМ-ның (БТР) атыс бекіністеріне байланыс жолдары қазылады.

Бекіністе бөлімше жауынгерлері жабық атыс саңылауын жасайды, оқ-дәрілер үшін сөрелер қазылып, атыс ұяларын жасайды. Бөлімше бекінісі өртегіш қарудан сақтану үшін жабдықталып, бүркемеленеді. Қарсылас шабуылдағанға дейін бекіністе жабдықтау жұмыстары жетілдіріле береді.

Қарсылас авиациясының шабуылдауы кезінде «Әуе!» сигналы бойынша бөлімше оқпана түбіне тығылуға, ал кезекші пулеметші әуе нысаналарына атыс жүргізуге дайындалады. Қорғаныс ұрысы барысында қарсыласты жоюға қатысы жоқ барлық жауынгерлер әуе нысаналарына атыс жүргізуге дайындалады және әуе нысаналарына қарсы күрес жүргізеді. Әуе нысаналарын ату командир пәрменімен жүргізіледі.

«Радиациялық қауіп!» сигналы кезінде бөлімшедегі жеке құрам міндетін орындауды тоқтатпастан, тұмылдырық (газтұмылдырық), қорғаныш плащ, шұлық пен қолғап киеді де өз орындарында қалады, ал: «Химиялық дабыл» сигналы кезінде – газтұмылдырық, қорғаныш плащ, шұлық пен қолғап киеді. Бойтасалар мен жабық машиналарда отырған жеке құрам: «Радиациялық қауіп!» сигналы кезінде – тұмылдырық, ал: «Химиялық дабыл» сигналы кезінде – газтұмылдырық киеді де, есіктерді, атыс саңылауын, люктерді, жалюзді жауып, ұжымдық қорғаныш құралдары жүйесін іске қосады.

Қарсыластың атыс дайындығы кезінде бөлімшенің жеке құрамы командир пәрмені бойынша оқпана түбіне, саңылауға, жертөлеге, паналарға немесе ЖҰМ-ға (БТР) тығылып, өз орнына ие болуға дайын болады. Бекіністе қарсыластың шабуылға өтуін дер кезінде анықтау мақсатында бақылау жүргізетін бақылаушы қалады.

Қарсылас шабуылға өткен кезде командирдің: «Бөлімше, ұрысқа!» пәрмені бойынша бөлімше бекіністегі өз орындарына тез орналасады.

Ұрысқа дайындалып алған бөлімше, командир пәрменімен шоғырланған атыс жүргізеді, ал қарсылас жақындаған кезде өз қаруының нақты атыс қашықтығында өз бетінше атыс жүргізеді. Оператор – көздеуші мен атқыш – гранататқыш қарсыластың танкілері мен сауытталған нысыналарын жояды, ал пулеметші мен мотоатқыш жаяу әскерлерін танкілерден бөліп алып, жояды. Қарсылас бөгеттерден өтпе арқылы кесіп өткен кезде, бөлімше барынша күшті атыс жүргізеді. Бөлімшенің бекінісіне шыққан танкілерін танкіге қарсы қол гранаттарымен, ал бекіністен өтіп кеткен танкілерді қорғаныс тереңдігіне орналасқан танкіге қарсы құралдармен жояды. Бекініске 40-30м жақындап келген қарсыластың жаяу әскеріне жарықшақты қол гранаттарын лақтырады да, оны бетпе-бет табанды атыспен жояды.

Қарсыластың қорғанысқа тығыз енуі кезінде бөлімше берік түрде өз бекінісін ұстайды. Күштің бір бөлігімен ол байланыс жолына, қосалқы атыс бекіністеріне ие болады және қапталдай ату арқылы қарсыластың жаяу әскерін жояды. Егер қарсылас тылға шықса, онда бөлімше айнала қорғанысқа көшеді де, көрші бөлімшелермен өзара байланыста қимылдаса отырып, қарудың барлық түрінен атыс жүргізіп қарсыласты жояды. Қарсылас шабуылына тойтарыс берілгеннен кейін, ең әуелі атыс жүргізу үшін бекініс қалпына келтіріледі және оқ-дәрілер толықтырылады.

Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы оқытушысы: _________Ғ. Ақпан


«Бекітемін» ___________

Сабақ жоспары

  1. Сабақтың тақырыбы: Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реті.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттерінде әрекет етуімен таныстыру.

  3. Уақыты: 45 минут. _______________ 2011 жыл

  4. Өткізілетін орны: 10 сынып Тактикалық алаң.

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • бөлімше командирі қорғанысқа қойылған ұрыс тапсырмасында неге баса назар аударуы керек?

  • қорғаныстағы бөлімше позициясы қалай жабдықталады?

  • қарсылас авиациясының шабуылдауы кезінде және радиациялық, химиялық зақымдану туралы хабарлау белгілері бойынша бөлімше қандай іс-әрекет жасайды?

  • қарсыластың атыс дайындығын бастауы мен оның шабуылға көшуі кезіндегі бөлімшенің іс-әрекеті қандай?

  • қорғаныстың алғы шебі алдында және қарсыластың қорғанысқа еніп кірген кезінде бөлімше оны қалай жояды?

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реті.

в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • мотоатқыштар бөлімшесінің, взводының, ротасының жорық реті туралы айтыңдар.

  • бөлімшенің ұрысқа кіру реті дегеніміз не?

  • бөлімшенің жорық реті туралы не білесіңдер?

  • ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні.

  • ұрыста бөлімшені кім басқарады және оны қалай ұйымдастырады?

  • бөлімше командирі бөлімшені және атысты басқарудың қандай тәсілдерін қолданады?

  • түнде ұрыс жүргізу үшін жауынгерге қандай талаптар қойылады?


ТД. Т. 11. Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері.

Орындалатын жауынгерлік міндетке, қарсыластың қимылы мен жергілікті жерге байланысты бөлімшелер: жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттерінде әрекет етуі мүмкін.

Жорық реті - бөлімшелерді қозғалыс үшін лек сабына тұрғызу. Бұл кезде машиналар командир тағайындаған арақашықтықты сақтай отырып, бірінің артынан бірі жүреді. Жаяу ретте жылжыған кезде мотоатқыштар бөлімшесінің реті – 1 немесе 2 лек, ал взводтың жорық реті – 3 немесе 2 лек бойынша жасалады.

К- командир; МВ- механик-жүргізуші;

НО-көздеушіоператор; ПГ-көмекші гранататқыш;

П- пулеметші; СГ- гранататқыш;

С- атқыш; СС- аға атқыш.

Суретте жаяу ретте екі лек бойынша жылжыған мотоатқыштар бөлімшесінің жорық реті.

Ұрысқа кіру реті – маңдайшеп пен тереңдікке бөлінген бөлімшенің белгіленген аралық және арақашықтық бойынша сапқа тұруы. Ол бөлімшені ұрыс алаңына шығару, сонымен бірге ұрыс барысында немесе қарсылас тереңдігінде жылжу кезінде қолданылады. Ұрысқа кіру реті бөлімшенің артиллерия атысы мен авиация соққысына мейлінше аз тәуелді болуын, оларды ұрыс ретінде тез жазылуын, ұрыс барысында қозғалыстың жоғарғы екпініне қол жеткізуді және бөгеттер мен қиратулардан тез кетуді қамтамасыз етуге тиіс.

Мотоатқыштар бөлімшесі үшін ұрысқа кіру реті болып, оның жорық реті – лек саналады.

Ұрыс реті дегеніміз – ұрыс үшін күшейту құралдарымен бірге бөлімшенің сапқа тұруы. Ол орындалатын міндетке, қарсылас қимылына, бөлімшедегі күш пен құралдардың болуына және жергілікті жер сипатына байланысты құрылады.

Жаяу рет қимылындағы шабуылда мотоатқыштар бөлімі, взводы және ротаның ұрыс реті – тізбек болып табылады. ЖҰМ (БТР) бұл кезде тасадан тасаға 400м қашықтықта өз бөлімшесінің соңынан жылжып отырады және оны өз атысымен қолдайды. Мотоатқыштар бөлімі ЖҰМ-нан (БТР) жаяуланудан кейін лектен тізбекке жазылады. Тізбектегі жауынгерлер арасындағы аралық 6–8м, яғни 50м-ге дейін болады.

ЖҰМ (БТР) қимылдайтын мотоатқыштар взводының ұрыс реті – машиналар арасындағы аралық 100м-ге дейін болатын ұрыс желісі. Атқыш – зенитшілер тізбек артынан ЖҰМ (БТР) немесе жаяу ретпен жүріп отырады және әуе нысаналарына атыс жүргізеді. Мотоатқыштар взводының майдан бойынша 400м-ге дейін және тереңдік бойынша 300м-ге дейін тірек пункттері орналасады. Ол бөлімше бекінісінен ЖҰМ (БТР) атыс бекінісінен және күшейту құралдарынан тұрады. Взводтың тірек пункттерінде және оның қапталдарында взвод командиріне бағынбайтын танкілер мен танкіге қарсы құралдар бекініске ие болуы мүмкін.

Мотоатқыштар ротасы тірек пунктін қорғайды. Ол мотоатқыштар взводтарының тірек пункттерінен және танкілер мен танкіге қарсы құралдардың атыс бекінісінен тұрады.

Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні. Қазіргі заманғы ұрыста бір мезгілде және бірлесе отырып, мотоатқыш, танк, ракета, артиллерия, минаатқыш, зенит бөлімшелері мен арнайы әскер бөлімшелері жалпы міндетті шешеді. Өзінің құрамы мен қарулануына байланысты бұл бөлімшелер белгілі бір жауынгерлік мүмкіндікке ие және белгілі бір нақты міндеттерді шешуге қабілетті.

Әскердің әр түрі мен арнайы әскер бөлімшелерінің қимылын, олардың ұрыстағы жауынгерлік мүмкіндіктерін барынша пайдалану мақсатында, сондай-ақ көршілес қимылдайтын бөлімшелер қимылын келістіру үшін өзара әрекет ұйымдастырылады. Оның мәні – міндеттер, шептер және уақыт бойынша келісілген ұрыс қимылдарымен, жауынгерлердің, әскерлердің барлық түрлері, арнайы әскер бөлімдерінің өзара көмегімен, сонымен бірге ұрыстың жалпы мақсатына жету мүддесіндегі көршілердің өзара көмегімен сипатталады. Жауынгерлер мен бөлімшелердің үздіксіз және нақты өзара қимылы ұрыста жеңіске жетудің қажетті шарты болып табылады.

Өзара қимыл бөлімшелер арасында және олардың әрбірінің өз ішінде жүзеге асырылады.

Бөлімшелер мен атыс құралдарының арасындағы өзара қимылды шешуші мәні – жауынгерлік міндеттерді өзара түсіну, қажетті көмек көрсету, әсіресе атыспен үзіліссіз байланысты қолдау.

Бөлімшелер арасындағы өзара қимыл ЖҰМ (БТР), пулеметшілер, гранататқыштар және атқыштар арасында ұйымдастырылады.

Бөлімшелерді және атысты басқару. Бөлімшелердің жауынгерлік міндетті табысты орындауына командир жауап береді. Ұрыстағы командирдің маңызды міндеті – атысты басқару. Атысты басқаруға мыналар жатады: нысана барлау; оның маңыздылығын бақылап, зақымдау кезектілігін анықтау; нысананы мүмкіндігінше тиімді қирата алатын қаруды таңдау; атыспен маневрлеу; оқ – дәрінің жұмсалуына бақылау.

Бөлімшені басқару - бөлімше қимылын ұйымдастыру және ұрыс барысында оған тұрақты жетекшілік жасау. Бөлімше командирі ұрысты жергілікті жерде ұйымдастырады. Ол жауынгерлік міндет алғаннан кейін, қалыптасқан жағдайда оны бағалайды және түсіндіреді, шешім қабылдайды, ауызша әскери бұйрық береді және өзара қимылды ұйымдастырады. Содан кейін ұрысқа жеке құрамды, қару – жарақты, ұрыс машинасын дайындауға жетекшілік етеді.

Ұрыста бөлімше командирі өз бөлімшесімен көршілер қимылы, қарсылас, жергілікті жер жақсы байқалатын жерде тұрады.

Атысты басқарудың тәсілдері. Командир жауынгерлер мен бөлімшелер қимылын белгілер мен пәрмендер бере отырып басқарады. Пәрмендер дауыстап, радио немесе телефон арқылы беріледі. Сигнал беру үшін шартты белгілер қолданылады. Мысалы: «Шабуыл белгісі – 333», «Әуе қарсыласы белгісі – 555». Сондай – ақ, ракеталар, әр түрлі дыбыс құралдары, жалаушалар және қол шаммен беріледі.

Түндегі ұрыс. Түндегі ұрыс бөлімше үшін негізінен күндізгідей жүргізіледі. Түнде ұрысты табысты жүргізу, жауынгерден, жоғары машықты, біліктілікті, батылдықты және моральдық – психологиялық дайындықты талап етеді.Жауынгер түнде жауынгерлік міндетті шешуге тыңғылықты дайындалуы керек, ол жергілікті жерде тез бағдарлай білуге машықтанып, түнгі көру аспаптары мен компастарын қолдана алуы тиіс, жеке қарудан дәлдеп атуды жүргізіп, жергілікті жер кенеттен ракета, жарықтандырғыш авиабомба және прожектор сәулелері арқылы жарықтанған кезде дұрыс қимылдауы керек.

Алғашқы әскери дайындықты

ұйымдастырушы оқытушысы: ___________Ғ. Ақпан



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ор?аныста?ы жауынгер

Автор: Жаксыбаев Айбек Жаксыбаевич

Дата: 16.04.2015

Номер свидетельства: 202217


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства