kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілінен саба? жоспары:?аза?стан Республикасы(географиялы? орны, ?алалары, р?міздері, за?дары). С?йлем м?шелері

Нажмите, чтобы узнать подробности

?стаз- ?адірлі де, жауапты маманды?тарды? бірі. ?рбір о?ушыны? ж?регіне жол тауып, ?иялына ?анат бітірген ?стаз ?ана о?ушыны? жадында ?алады. Сонды?тан да ?р м??алімні? басты міндеті ?ызы?ты да, мазм?нды саба? ?ткізу. Саба?та ?р т?рлі ?діс- т?сілдерді, технологияларды ?олдану о?ушыны? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыратынын білеміз. 11 сынып о?ушылары ?БТ тапсырматынды?тан, мен ?р саба?ты же?іл, ?ызы?ты да мазм?нды ?ылып ?ткізуге, тесттерде  кездесетін с?ра?тар?а жауап беруге тырысамын. Мен сіздерді? назарлары?ыз?а бір саба?ымны? жоспарын ?сынып отырмын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілінен саба? жоспары:?аза?стан Республикасы(географиялы? орны, ?алалары, р?міздері, за?дары). С?йлем м?шелері »


Қабылова Айжан Сағатбекқызы

Өскемен қаласы

«Бриг» жеке меншік бизнес мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі








Ұстаз- қадірлі де, жауапты мамандықтардың бірі. Әрбір оқушының жүрегіне жол тауып, қиялына қанат бітірген ұстаз ғана оқушының жадында қалады. Сондықтан да әр мұғалімнің басты міндеті қызықты да, мазмұнды сабақ өткізу. Сабақта әр түрлі әдіс- тәсілдерді, технологияларды қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыратынын білеміз. 11 сынып оқушылары ҰБТ тапсырматындықтан, мен әр сабақты жеңіл, қызықты да мазмұнды қылып өткізуге, тесттерде кездесетін сұрақтарға жауап беруге тырысамын. Мен сіздердің назарларыңызға бір сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан Республикасы(географиялық орны, қалалары, рәміздері, заңдары) 55б.

Сөйлем мүшелері

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезде оның қоғамдық – саяси, әлеуметтік өмірінде болған түбегейлі өзгерістерді берік меңгерту, мәтінді пысықтау, ҰБТ-ге дайындық жүргізу

2. Дамытушылық: Тарихи оқиғаларды, саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс талдап, тұжырымдай білуге үйрету және жүйелі ойлау қабілеттерін жетілдіру.Өз беттерімен жұмыс жасауға баулу

3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, топпен жұмыс

Пән аралық байланыс: тарих

Сабақтың көрнекілігі: мәтін, сызбалар, таблицалар, тапсырмалар

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер!

-Сыныпта кім кезекші?

-Бүгін нешесі?

-Қазір қандай жыл мезгілі?

-Бүгін ауа-райы қандай?

Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1 – тапсырма .Синоним, антонимдер, мақал- мәтелдерді сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру /тыңдалым, ой қорыту/

Бүгін біз сабақта Қазақстанның саяси жүйесі, Заңдары, Рәміздері, қалалары, географиялық орны туралы сөйлесеміз

2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс(сөздерді естеріне түсіріп, қайталау) : қазына, адам, өмір, құқұқ, бостандық,билік біртұтас, мемлекет, тәуелсіз, жер көлемі, шаршы, шақырым, астана, Орынбор, Қызылорда, Алматы, солтүстік, оңтүстік, шығыс, шектеседі, ұлт, ұлыс өкілдері, батыс, ұлттық, мемлекеттік, мәртебе, заң, қыркүйек, шілде, қабылданды, тұңғыш, бөлім, бап, нышандар, ту, елтаңба, әнұран, тамыз, көгілдір, күн, қыран, бейбітшілік, белгі, тыныштық, байлық, еркіндік, пырақ, жұлдыз, жазу, алтын

Қазақстан

Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Республикамызда мемлекеттік билік біртұтас. Қазақстан мемлекеті- демократиялық, тәуелсіз мемлекет. Қазақстанның жер көлемі 2,7 шаршы шақырым. Қазір елдің астанасы - Астана қаласы.Астанаға дейін Орынбор, Қызылорда, Алматы қалалары астана болды. Астана 1997 ж. 10 желтоқсаннан бастап астана болды.Қазақстан бес мемлекетпен солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Түрікменстан , Өзбекстан және Қырғызстан, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Елімізде 14 облыс бар. Ұлттық валютасы - теңге, 1993 жылы 15 қарашада енгiзiлген.Мемлекеттік тіл- қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін 1989 жылы алды.ҚР «Тілдер туралы Заңы» 1989 жылы 22 кыркүйекте, екінші рет 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды.

1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш конституциясы қабылданды. Ал, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституция қабылданды. Қонституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

Мемлекетіміздің тәуелсіздігін білдіретін нышандар: ту, елтаңба, әнұран.1992 жылы 4 маусымда Қ.Р мемлекеттік туы қабылданды.Мемлекеттік тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік ту- көгілдір түсті. Туда ою, күн, қыран бейнеленген. Көгілдір түс- бейбітшіліктің белгісі. Алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Қыран құс- еркіндіктің бейнесі. Ал, Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уалиханов. Елтаңбада шаңырақ, уықтар, пырақтар, жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның түсі- алтын және көгілдір түсті.

2006 жылы 7 қаңтарда Қ.Р жаңа мемлекеттік Әнұраны қабылданды.Әнұранның авторлары: Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқов, Нұрсұлтан Назарбаев.

ІҮ. Жаттығулар

3. тапсырма (фонетиканы, үндестік заңын қайталау мақсатында дұрыс жауабын табу)

1 нұсқа (астын сыз)

Тек жуан сөзді анықтаңыз

билік, мемлекет, тәуелсіз, шаршы, солтүстік

Қазақ тіліне ғана тән дыбыстары бар сөзді анықтаңыз

Қазына, адам, мемлекет, астана, алтын

Ұяң дауыссызға аяқталған сөзді белгілеңіз

ту, елтаңба, әнұран, тамыз, көгілдір

Тек ашық буынды сөзді табыңыз

ұлттық, мемлекеттік, мәртебе, жазу, алтын

Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді табыңыз

тұңғыш, бөлім, әнұран, тамыз,пырақ

2 нұсқа

Тек жіңішке сөзді анықтаңыз

бап, нышандар, тамыз, көгілдір , шығыс

Қазақ тіліне тән дыбыстары жоқ сөзді анықтаңыз

ұлттық, мемлекеттік, ту, елтаңба, әнұран

Қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзді белгілеңіз

әнұран, күн, қыран, бейбітшілік, белгі

Тұйық буынды сөзді табыңыз

байлық, пырақ, жұлдыз, жазу, алтын

Үндестік заңына бағынатын сөзді табыңыз

қыркүйек, елтаңба, әнұран,тыныштық,оңтүстік

4 тапсырма.

1 нұсқа. Ауызша сөйлемдерді аудару

Қазақстан Республикасының географиялық орны, қалалар

  1. Мұсылман мәдениетінің орталығы болып саналатын қала? Түркістан

  2. Астанаға дейінгі Қазақстанның астанасы – Алматы

  3. Астана қаласы Қазақстанның елордасы болған жылы - 1997

  4. Қазақстанның тұңғыш астанасы – Орынбор , 1920-1925

  5. Сақталмаған қала – Отырар

  6. Көне қалаларды ата – Түркістан, Тараз

  7. Қазақстанның оңтүстік шығысында және шығыста шектесетін ел – Қытай

  8. Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауы – Жетісу

  9. Сарыарқаға жататын қалалар -Қарағанды, Жезқазған, Павлодар

  10. Қазақстанның жер көлемі қандай? - 2,7 шаршы шақырым

2 нұсқа. Ауызша сөйлемдерді аудару

Қазақстанның рәміздері, заңдары

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды? – 1992 жылы 4 маусымда, әнұран-2006 жылы 7 қаңтарда

  2. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков

  3. Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов

  4. Әнұранның авторлары – Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев

  5. Қазақстан Республикасының Ата Заңы қашан қабылданды? – 1995 жылы 30 тамызда

  6. Ата Заң неше тараудан, неше баптан тұрады? – 9 тарау, 98 бап

  7. ҚР «Тілдер туралы Заңы» қашан қабылданды? – 1989 жылы, 22 кыркүйекте, екінші рет 1997 жылы, 11 шілдеде

  8. Ұлттық валюта айналымға қай жылы енді? – 1993 жылы, 15 қарашада

  9. Елтаңбаның төменгі жағындағы жазу: «Қазақстан»

  10. Рәміздердегі сары түс ненің белгісі? – байлықтың

5- тапсырма.

Ойын.Сөйлемдерді кім жылдам аяқтайды? (сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін қайталау)

  • Бастауышы мүлде болмайтын жай сөйлем — (жақсыз)…

  • Бастауышы бар сөйлем (жақты)

  • Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысуы арқылы жасалатын жай сөйлем- (жайылма)

  • Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем (жалаң)

  • Айтылуға тиісті мүшелердің бірі түсіп қалған жай сөйлем (толымсыз)

  • Ойға қажетті сөйлемдердің бәрі қатысқан сөйлем(толымды)

  • Құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем. (атаулы)

  • Табыс септігіндегі толықтауыш (тура)

  • Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі толықтауыш (жанама)

  • Кім не сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі (бастауыш)

  • Ілік септігінің сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесі (анықтауыш)

  • Сөйлемнің соңында тұратын сөйлем мүшесі (баяндауыш)

  • Қайда? Қайдан сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі

  • Қандай? Сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесі

  • Құрмалас сөйлемнің түрлері (сабақтас, салалас, аралас)

  • Салалас құрмаластың түрлері (ыңғайлас, қарсылықты, себепсалдар, кезектес, талғаулы, түсіндірмелі)

  • Сабақтас құрмаластың түрлері (шартты, қарсылықты, себеп, мезгіл, қимыл-сын, мақсат)

Сөз мағынасын қайталау (Ауысша сөз мағынасын анықтау)

Қызық кино

Түн салқын

Алтын сағат

Жылы лебіз

Қара жүрек

Қалың жұрт

Суық хабар

Жапырақ сарғаяды

Суық жел

Қалың шөп

Ақ жүрек

Жұмсақ мінез

Қоңыр жел

Қара бояу

Қоңыр сиыр

Жылы су

Қоңыр күз

Қоңыр дауыс

Қоңыр салқын


Жылы сөз

Қызық кітап

Жұмсақ төсек

Ақ көйлек

Жұмсақ мінез

Таудың басы

Ескі дос

Жұмсақ нан

Қара көз

Ақ көйлек

Ашық есік

Қоңыр жіп

Жасыл шөп

Жақсы жолдас

Қара шаш

Жылы күн

Мөлдір су

Жаңа дүкен

Кең көше


Сергіту сәті (компьютерді пайдалану)

6- тапсырма.

2011 тест жинағымен жұмыс. Қазақстан тақырыбына қатысты сөйлемдерді табу. Әр оқушыға 1-2 нұсқа беру

2011 жыл Тест жинағы

1. 8 бет 1н 19 сұрақ Қазақстанның екінші астанасын табыңыз (Қызылорда)

2. 11 бет 2н 8 сұрақ Елтаңбаның екі жағында не бейнеленгенін көрсетіңіз (пырақтар)

3. 12 бет. 2н. 19 сұрақ Семей қаласы Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан (Шығыс Қазақстанда)

4.15 бет 3н. 8 сұрақ Қазақстан Республикасының Конституция күнін атаңыз (30 тамыз)

5.19 бет 4 н. 8 сұрақ «Семей-Невада» қозғалысының президентін табыңыз (О. Сүлейменов)

6.20 бет 4 н. 19 сұрақ Қазқақстанның ежелгі қалаларын белгілеңіз (Түркістан, Тараз, Отырар)

7. 23 бет. 5 н. 8 сұрақ Алғашқы «Алтын Адам» ескерткіші қай жерден табылғанын көрсетіңіз (Алматы қаласының маңы)

8. 24 бет 5 н.19 сұрақ «Қазақстанның Швецариясы» атанған өлкені атаңыз (Көкшетау)

9.27 бет 6 н. 8 сұрақ Бүгінге дейін сақталған қалаларды атаңыз (Түркістан, Тараз)

10.28 бет 6н. 19 сұрақ Наурызда не тойланатынын көрсетіңіз (Жылдың басы)

11. 32 бет 7 н. 19 сұрақ Мемлекеттік тудың авторын атаңыз (Шәкен Ниязбеков)

12. 34 бет 8 н. 7 сұрақ Бұқаралық ақпарат құралдарын көрсетіңіз (газет- журналдар)

13. 35 бет 8 н. 8 сұрақ Қазақтың ұлттық аспаптарын табыңыз (домбыра, жетіген, қобыз)

14. 38 бет 9 н. 7 сұрақ Мемлекеттік туымыздың түсі ненің белгісі екенін көрсетіңіз (аспан)

15. 39 бет. 9 н. 8 сұрақ Түркістан қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқанын белгілеңіз (оңтүстікте)

16. 42 бет 10 н. 7 сұрақ Ұлыстың ұлы күніндегі ең басты тағам не екенін көрсетіңіз (Наурыз көже)

17. 43 бет 10 н. 8 сұрақ Батыс Қазақстанда не өндірілетінін көрсетіңіз (мұнай)

18. 47 бет 11 н. 8 сұрақ Дәулеткерей Шығайұлы кім екенін анықтаңыз (күйші-композитор)

19. 51 бет 12 н. 8 сұрақ Ш. Айманов еңбек еткен саланы көрсетіңіз (кино өнері)

20. 52 бет. 12 н. 19 сұрақ «Барсакелмес» қорығы қайда орналасқанын көрсетіңіз (арал теңізінің қасында)

21. 55бет 13 н. 8 сұрақ Оқжетпес тауы Қазақстанның қай жерінде орналасқанын белгілеңіз (Көкшетау)

22. 58 бет 14 н. 7 сұрақ Қазақстанның тәуелсіздігін білдіретін нышандар қатарын табыңыз (ту, әнұран, елтаңба)

23. 63 бет 15 н. 8 сұрақ Қазақ музыкасын әлемге тұңғыш танытқан әншіні көрсетіңіз (Ә. Қашаубаев)

24. 64 бет 15 н. 19 сұрақ Қазақстан конституциясы екінші рет қабылданған жылын табыңыз (1995)

25. 67 бет 16 н. 8 сұрақ Дина Нүрпейісованың ұстазын белгілеңіз (Құрманғазы)

26. 68 бет. 16 н. 19 сұрақ Қазақстанда неше облыс бар екенін көрсетіңіз (он төрт)

27. 70 бет 17 н. 7 сұрақ Қазақ тілі қай тілдер тобына жататынын көрсетіңіз (түркі)

28. 71 бет 17 н. 8 сұрақ Қазақстан жеміс- жидекке , мақтаға бай өлкесін белгілеңіз (Оңтүстік Қазақстан)

29. 72 бет 17 н. 19 сұрақ Қазақстан оңтүстікте .......... шектеседі. ( Қытаймен)

30. 74 бет 18 нұсқа 7сұрақ Пырақ сөзінің аудармасы ( мифическии конь)

31. 75 бет 18 н. 8 сұрақ Астананың бұрынғы атауын белгілеңіз (Ақмола)

32. 79 бет 19 н. 8 сұрақ Қазақстан бейнелеу өнерінің негізін қалаушы адамды белгілеңіз (Ә. Қастеев)

33. 81 бет 19 н. 25 сұрақ Ұлы Жүздің «Төбе биін» анықтаңыз (Төле би)

34. 82 бет 20 н. 7 сұрақ Бурабай тауы Қазақстанның қай өңірінде орналасқанын белгілеңіз (Көкшетау)

35. 88 бет 21 н. 18 сұрақ Мемлекеттік тудың авторы кім екенін анықтаңыз (Ш. Ниязбеков)

36. 88 бет 21 н. 19 сұрақ Атырау қаласы орналасқан өңірді атаңыз ( Батыс Қазақстан)

37. 92 бет 22 н. 18 сұрақ Тудың көқ түсі ненің белгісі екенін табыңыз ( бейбітшілік)

38. 92 бет 22 н. 19 сұрақ Қазақстанның солтүстігінде орналасқан қалаларды көрсетіңіз (Көкшетау, Қостанай)

39. 95 бет. 23 н. 8 сұрақ Бұқаралық ақпарат құралдарын көрсетіңіз (газет- журналдар)

40. 96 бет 23 н. 19 сұрақ Тұңғыш қазақ ғарышкерін табыңыз (Тоқтар Әубәкіров)

41.99 бет 24 н. 8 сұрақ Қазақ тілі қай тілдер тобына жататынын көрсетіңіз (түркі)

42.100 бет 24 н. 19 сұрақ Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жері (Отырар)

43. 103 бет 25 н. 8 сұрақ Арал теңізі қай өңірде екенін белгілеңіз (Қызылорда)

7 –тапсырма. Тест шығар

1 нұсқа

1.Елтаңбанның бес бұрышты жұлдызы ненің белгісі екенін көрсетініз.

А)Құрмет.

В)Өмір.

c)Байлық.

Д)Еркіндік.

Е)Бес құрлық.

2.Қазақстан тарихындағы екінші астананы табыңыз.

A)Қызылорда.

B)Алматы.

C)Астана.

D)Ақмола.

E)Орынбор.

3.Семей қаласы Қазақстанның қай бөлігінде орналасқанын анықтаңыз.

A)Оңтүстік Қазақстан.

B)Солтүстік Қазақстан.

C)Шығыс Қазақстан.

D)Батыс Қазақстан.

E)Орталық Қазақстан.

4.Қазақстан Республикасының Конституция күнін атаңыз.

A)22 наурыз

B)1 мамыр.

C)30 мамыр.

D)30 тамыз.

E)25 қазан.

5.Қазақстанның ежелгі қалаларын белгіленіз.

A)Түркістан, Тараз, Отырар.

B)Шымкент, Павлодар, Отырар.

C)Павлодар, Қарағанды, Ақтау.

D)Ақтөбе, Түркістан, Атырау.

E)Тараз, Жезқазған, Семей.

6.Мемлекеттік туымыздың түсі ненің белгісі екенін көрсетіңіз.

A)Аспан.

B)Жұлдыз.

C)Су.

D)Жер.

E)Күн.

7.Түркістан қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқаннын белгілеңіз.

A)Солтүстік батыс.

B)Оңтүстік.

C)Шығыс.

D)Солтүстік

E)Батыс.

8.Қазақстанның тәуелсіздігін білдіретін нышандар қатарын табыңыз.

A)Елбасы, әнұраны, керегесі.

B)Туы, әнұраны, елтаңбасы.

C)Әнұраны, туы, жұлдызы.

D)Елбасы, ттеңгесі, туы, төрі.

E)Әнұраны, теңгесі, шаңырағы.

9.Қазақстанның солтүстігінде орналасқан қалаларды көрсетіңіз

А) Атырау, Орал

В) Шымкент, Жамбыл

С) Көкшетау, Қостанай

Д) Алматы, Қызылорда

Е) Маңғыстау, Ақтөбе

10..Қазақстан Конституциясы екінші рет қабылданған жылын табыңыз

А) 1992

В)1993

С) 1994

Д) 1991

Е) 1995

2 нұсқа

1.Елтаңбаның екі жағында не бейнеленгенін көрсетініз.

A)Қыран.

B)Жұлдыз.

C)Пырақтар.

D)Бес бұрыш.

E)Ою.

2.Қазақстан тарихындағы бірінші астананы табыңыз.

A)Қызылорда.

B)Алматы.

C)Астана.

D)Ақмола.

E)Орынбор.

3.Өскемен Қазақстанның қай бөлігінде орналасқанын анықтаңыз.

A)Оңтүстік Қазақстан.

B)Солтүстік Қазақстан.

C)Шығыс Қазақстан.

D)Батыс Қазақстан.

E)Орталық Қазақстан.

4.Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды

A)1994

B)1995

C)1996

D) 1997

E) 1998

5.Қазақстанның ежелгі қалаларына жатпайтын қаланы белгіленіз.

A)Түркістан

B) Баласағұн

C)Павлодар

D) Отырар

E) Суяб

6.Мемлекеттік тудың ені қанша екенін көрсетіңіз.

A) ұзындығының жартысына

B) екі метр

C) бес метр

D)Жер.

E)Күн.

7.Қазақстанның тәуелсіздігін білдіретін нышандар қатарын табыңыз.

A)Елбасы, әнұраны, керегесі.

B)Туы, әнұраны, елтаңбасы.

C)Әнұраны, туы, жұлдызы.

D)Елбасы, ттеңгесі, туы, төрі.

E)Әнұраны, теңгесі, шаңырағы.

8.Қазақстанның оңтүстігіндегі орналасқан қалаларды көрсетіңіз

А) Жезқазған, Орал

В) Шымкент, Жамбыл

С) Көкшетау, Қостанай

Д) Ақмола, Ақтөбе

Е) Маңғыстау, Ақтөбе

9. «Тәуелсіз» сөзінің аудармасын табыңыз.

А)Зависимый

В) Развитый

С) Независимый

Д) Самостоятельный

Е) Суверенный

10.Қазақстан Конституциясы неше бөлімнен, неше баптан тұратынын көрсетіңіз

А) 10, 98

В)8, 98

С) 9, 98

Д) 13, 131

Е) 4, 96

Ү. Бекіту.

Барлық тапсырмаларды тексеру (оқушылар бір- бірлерін дайын жауаппен 3,7-тапсырмаларды тексеріп, балдарын қояды, қалған тапсырмаларға мұғалім балл қояды)

1 нұсқа


1 шаршы

2. қазына

3. тамыз

4. жазу

5. әнұран


Тест. 1 нұсқа

  1. Е

  2. а

  3. с

  4. д

  5. а

  6. а

  7. в

  8. в

  9. с

10. е

2 нұсқа

1. көгілдір

2. ту

3. бейбітшілік

4. алтын

5. тыныштық


Тест. 2 нұсқа

1.с

2. е

3. с

4. в

5. с

6. а

7. в

8. в

9. с

10. с



VІ. Сабақ қорытындысы
Бүгін сабақта біз не білдік? Не үйрендік?

Балалар мына 12 сөздің ішінен өздеріне қатысты 3 сөзді ғана таңдап алады.

  • Абыржуаздражение)

  • Ашуланулость)

  • Қуанышадость)

  • Немқұрайлылықавнодушие)

  • Қанағаттанудовлетворение)

  • Шабыт (Вдохновение)

  • Зерігукука)

  • Үрейленуревога)

  • Тыныштық (покой)

  • Сенімділік веренность)

  • Сенімсіздікеуверенность)

  • Рақаттануаслаждение)


VIІ. Оқушыларды бағалау. Бүгінгі сабақ сендердің ойларыңнан шықты деп ойлаймын .Сабақ қорытындысы бойынша мына оқушыларға баға қоямын.

ҮІІІ. Үй тапсырмасы: сұрақтарға жауап беру

-Сабақты зейін қойып тыңдап, белсене қатысқандарыңа көп рақмет!


























Үлестірмеді карточкалар

Қазақстан (географиялық орны, қалалары, заңдары, рәміздері) 2 нұсқа


Бұл тақырыптарды қайталағаннан кейін оқушыларҚазақстан тақырыбына қатысты елеулі оқиғалардың жылдарын, рәміздердің авторларын,қалалары, географоялық орны туралы сұрақтарды естерінде сақтап, тестте кездесетін сұрақтарды дұрыс аударып, дұрыс жауап бере білу керек;


1-тапсырма. Үй тапсырмасы. Синоним, антоним, мақал-мәтелдер(ауызша) Әр оқушыдан үш сөзден сұрау (3 балл)


2- тапсырма. Сөздікпен жұмыс. әр оқушы 5 сөзден оқып, сөздердің жуан, жіңішке, үндестік заңына бағынбайтынын айтады (1 балл)


қазына,адам, өмір, құқұқ, бостандық, власть,билік біртұтас, мемлекет, тәуелсіз, жер көлемі, шаршы, шақырым, астана, Орынбор, Қызылорда, Алматы, солтүстік, оңтүстік, шығыс, шектеседі, ұлт, ұлыс өкілдері, батыс, ұлттық, мемлекеттік, мәртебе, заң, қыркүйек, шілде, қабылданды, тұңғыш, бөлім, бап, нышандар, ту, елтаңба, әнұран, тамыз, көгілдір, күн, қыран, бейбітшілік, белгі, тыныштық, байлық, еркіндік, пырақ, жұлдыз, жазу, алтын

Қазақстан

Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Республикамызда мемлекеттік билік біртұтас. Қазақстан мемлекеті- демократиялық, тәуелсіз мемлекет. Қазақстанның жер көлемі 2,7 шаршы шақырым. Қазір елдің астанасы - Астана қаласы.Астанаға дейін Орынбор, Қызылорда, Алматы қалалары астана болды. Астана 1997 ж. 10 желтоқсаннан бастап астана болды. Қазақстан бес мемлекетпен солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Түрікменстан , Өзбекстан және Қырғызстан, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Елімізде 14 облыс бар. Ұлттық валютасы - теңге, 1993 жылы 15 қарашада енгiзiлген.Мемлекеттік тіл- қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін 1989 жылы алды.ҚР «Тілдер туралы Заңы» 1989 жылы 22 кыркүйекте, екінші рет 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды.

1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш конституциясы қабылданды. Ал, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституция қабылданды. Қонституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

Мемлекетіміздің тәуелсіздігін білдіретін нышандар: ту, елтаңба, әнұран.1992 жылы 4 тамызда Қ.Р мемлекеттік туы қабылданды. Мемлекеттік тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік ту- көгілдір түсті. Туда ою, күн, қыран бейнеленген. Көгілдір түс- бейбітшіліктің белгісі. Алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Қыран құс- еркіндіктің бейнесі. Ал, Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уалиханов. Елтаңбада шаңырақ, уықтар, пырақтар, жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның түсі- алтын және көгілдір түсті.

2006 жылы 7 қаңтарда Қ.Р жаңа мемлекеттік Әнұраны қабылданды.Әнұранның авторлары: Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқов, Нұрсұлтан Назарбаев.


3- тапсырма (сөздермен жұмыс, фонетиканы, үндестік заңын қайталау мақсатында). Дұрыс жауаптың астын сыз


Тек жіңішке сөзді анықтаңыз

бап, нышандар, тамыз, көгілдір , шығыс

Қазақ тіліне тән дыбыстары жоқ сөзді анықтаңыз

ұлттық, мемлекеттік, ту, елтаңба, әнұран

Қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзді белгілеңіз

әнұран, күн, қыран, бейбітшілік, белгі

Тұйық буынды сөзді табыңыз

байлық, пырақ, жұлдыз, жазу, алтын

Үндестік заңына бағынатын сөзді табыңыз

қыркүйек, елтаңба, әнұран,тыныштық,оңтүстік (0- 5 балл)


4- тапсырма.Сөйлемдерді аудару

Қазақстанның рәміздері, заңдары

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?


  1. Тудың авторы


  1. Елтаңбаның авторлары


  1. Әнұранның авторлары


  1. Қазақстан Республикасының Ата Заңы қашан қабылданды?


  1. Ата Заң неше тараудан, неше баптан тұрады?


  1. ҚР «Тілдер туралы Заңы» қашан қабылданды?


  1. Ұлттық валюта айналымға қай жылы енді?


  1. Елтаңбаның төменгі жағындағы жазу


  1. Рәміздердегі сары түс ненің белгісі?



5- тапсырма. Ойын. Сергіту сәті. «Кім жылдам»Сөйлем мүшелері мен сөйлем түрлерін қайталау (1-2 балл) Сөз мағынасын да қайталау


6- тапсырма. Тест жинағымен жұмыс жүргізу. Тек осы тақырыптарға қатысты сұрақтарды тауып, ауызша шешу (3 нұсқадан әр балаға) (3 балл)


7- тапсырма. Тест шығару (10 балл)


Жұмыстарымен алмасып, бір- бірлерінің жұмыстарын тексеру, балл санын санау. Бағалау.



Белсенді жұмыс істегендеріңе рахмет!





Үлестірмелі карточкалар


Қазақстан (географиялық орны, қалалары, заңдары, рәміздері) 1 нұсқа


Бұл тақырыптарды қайталағаннан кейін оқушылар жылдарды, рәміздердің авторларын,қалалары, географоялық орны туралы сұрақтарды естерінде сақтап, тестте кездесетін сұрақтарды дұрыс аударып, дұрыс жауап бере білу керек;


1-тапсырма. Үй тапсырмасы. Синоним, антоним, мақал-мәтелдер(ауызша) Әр оқушыдан үш сөзден сұрау (3 балл)


2- тапсырма. Сөздікпен жұмыс. әр оқушы 5 сөзден оқып, сөздердің жуан, жіңішке, үндестік заңына бағынбайтынын айтады (1 балл)


Сөздікпен жұмыс : қазына,адам, өмір, құқұқ, бостандық, власть,билік біртұтас, мемлекет, тәуелсіз, жер көлемі, шаршы, шақырым, астана, Орынбор, Қызылорда, Алматы, солтүстік, оңтүстік, шығыс, шектеседі, ұлт, ұлыс өкілдері, батыс, ұлттық, мемлекеттік, мәртебе, заң, қыркүйек, шілде, қабылданды, тұңғыш, бөлім, бап, нышандар, ту, елтаңба, әнұран, тамыз, көгілдір, күн, қыран, бейбітшілік, белгі, тыныштық, байлық, еркіндік, пырақ, жұлдыз, жазу, алтын


Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы- адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Республикамызда мемлекеттік билік біртұтас. Қазақстан мемлекеті- демократиялық, тәуелсіз мемлекет. Қазақстанның жер көлемі 2,7 шаршы шақырым. Қазір елдің астанасы - Астана қаласы.Астанаға дейін Орынбор, Қызылорда, Алматы қалалары астана болды. Астана 1997 ж. 10 желтоқсаннан бастап астана болды.Қазақстан бес мемлекетпен солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Түрікменстан , Өзбекстан және Қырғызстан, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Елімізде 14 облыс бар. Ұлттық валютасы - теңге, 1993 жылы 15 қарашада енгiзiлген.Мемлекеттік тіл- қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін 1989 жылы алды.ҚР «Тілдер туралы Заңы» 1989 жылы 22 кыркүйекте, екінші рет 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды.

1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш конституциясы қабылданды. Ал, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституция қабылданды. Қонституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

Мемлекетіміздің тәуелсіздігін білдіретін нышандар: ту, елтаңба, әнұран.1992 жылы 4 тамызда Қ.Р мемлекеттік туы қабылданды.Мемлекеттік тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік ту- көгілдір түсті. Туда ою, күн, қыран бейнеленген. Көгілдір түс- бейбітшіліктің белгісі. Алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Қыран құс- еркіндіктің бейнесі. Ал, Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уалиханов. Елтаңбада шаңырақ, уықтар, пырақтар, жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның түсі- алтын және көгілдір түсті.

2006 жылы 7 қаңтарда Қ.Р жаңа мемлекеттік Әнұраны қабылданды.Әнұранның авторлары: Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқов, Нұрсұлтан Назарбаев.


3- тапсырма (сөздермен жұмыс, фонетиканы, үндестік заңын қайталау мақсатында). Дұрыс жауаптың астын сыз


Тек жуан сөзді анықтаңыз

билік, мемлекет, тәуелсіз, шаршы, солтүстік

Қазақ тіліне ғана тән дыбыстары бар сөзді анықтаңыз

Қазына, адам, мемлекет, астана, алтын

Ұяң дауыссызға аяқталған сөзді белгілеңіз

ту, елтаңба, әнұран, тамыз, көгілдір

Тек ашық буынды сөзді табыңыз

ұлттық, мемлекеттік, мәртебе, жазу, алтын

Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді табыңыз

тұңғыш, бөлім, әнұран, тамыз,пырақ


4- тапсырма.Сөйлемдерді аудару

Қазақстан Республикасының географиялық орны, қалалар

  1. Мұсылман мәдениетінің орталығы болып саналатын қала?


  1. Астанаға дейінгі Қазақстанның астанасы


  1. Астана қаласы Қазақстанның елордасы болған жылы


  1. Қазақстанның тұңғыш астанасы


  1. Сақталмаған қала


  1. Көне қалаларды ата


  1. Қазақстанның оңтүстік шығысында және шығыста шектесетін ел


  1. Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауы


  1. Сарыарқаға жататын қалалар


  1. Қазақстанның жер көлемі қандай?



5- тапсырма. Ойын. Сергіту сәті. «Кім жылдам»Сөйлем мүшелері мен сөйлем түрлерін қайталау (1-2 балл)


6- тапсырма. Тест жинағымен жұмыс жүргізу. Тек осы тақырыптарға қатысты сұрақтарды тауып, ауызша шешу (3 нұсқадан әр балаға) (3 балл)


7- тапсырма. Тест шығару (10 балл)


Жұмыстарымен алмасып, бір- бірлерінің жұмыстарын тексеру, балл санын санау. Бағалау.



Белсенді жұмыс істегендеріңе рахмет!




Қазақстан

Тапсырмалар

Балл саны

Тексерген адамның

балы

Мұғалімнің

қорытындысы

1.Синоним, антоним, омонимдер

3 б



2- тапсырма. Сөздікпен жұмыс

1 б



3- тапсырма

5 б



4-тапсырма

10 б



5- тапсырма. Ойын (сөйлем мүшелері, сөйлем түрлері, сөз мағынасы)



6-тапсырма. Тест жинағымен жұмыс.

3 балл



7- тапсырма. Тест шығару

10 балл



Барлығы

29-33 балл – «5»

23-29 балл – «4»

14-23 балл – «3»





Қазақстан

Тапсырмалар

Балл саны

Тексерген адамның

балы

Мұғалімнің

қорытындысы

1.Синоним, антоним, омонимдер

3 б



2- тапсырма. Сөздікпен жұмыс

1 б



3- тапсырма

5 б



4-тапсырма

10 б



5- тапсырма. Ойын (сөйлем мүшелері, сөйлем түрлері, сөз мағынасы)



6-тапсырма. Тест жинағымен жұмыс.

3 балл



7- тапсырма. Тест шығару

10 балл



Барлығы

29-33 балл – «5»

21-29 балл – «4»

12-21 балл – «3»









14






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: ?абылова Айжан Са?атбек?ызы

Дата: 05.11.2014

Номер свидетельства: 126730


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства