Б?л саба? мемлекеттік тілде білім беретін мектептерді? ?аза? тілі п?ні бойынша жоспарлан?ан. Негізгі ?олданыл?ан технологиялар: СТО, АКТ, сатылай кешенді талдау, ?зін ж?не ?зара ба?алау.
Ма?саты: О?ушылар м?тін туралы білгендерін орта?а сала отырып, ой ?орытады, ?зіндік ерекшеліктерін т?сініп, ж?мыс жасау барысында ?олдана алады.
Ойлау, с?йлеу тілі дами т?седі, т?рлі ж?мыс т?рлері ар?ылы есте са?тау, шы?армашылы?пен ж?мыс жасау ?абілеттері жетіледі.
О?ушылар ??ыпты, бай?а?ыш, жылдам, ойын ашы?, еркін жеткізеді, ?з білімдерін на?ты ба?алай біледі.
А. О?ушылар бір-біріне жа?сы тілектер айтады, саба??а с?ттілік тілейді.
Б. С?з, с?з тіркесі, с?йлем, абзац болып т?рт ?й тобына б?лемін. ( Арты? бала болса, нашар ?лгерушіні? ?асына бала ?осып бір н?мермен белгілеуге болады)
ІІ. Ма?ынаны тану.
1. «Проблеманы ай?ындау» кезе?і (15 мин): О?ушылар?а бір м?тін 4 абзац?а б?лініп таратылып беріледі.
- жеке ж?мыс. ?р топты? о?ушылары ?здеріне берілген абзацтарын жеке-жеке о?ып шы?ады.
- ж?пты? ж?мыс. Ж?птасып о?ы?андарын бір-біріне айтады.
( Ескерту: ж?мыс тобы міндетті т?рде 4-4 болуы керек), топ ішінен сан бойынша б?лінген о?ушылар шы?ып, ?здеріні? о?ы?ан абзацтарын бас?а топты? о?ушыларына т?сіндіреді, ойларын толы?тырады, толы? м?тін ??растырады.
А. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады, сабаққа сәттілік тілейді.
Б. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем, абзац болып төрт үй тобына бөлемін. ( Артық бала болса, нашар үлгерушінің қасына бала қосып бір нөмермен белгілеуге болады)
ІІ. Мағынаны тану.
1. «Проблеманы айқындау» кезеңі (15 мин): Оқушыларға бір мәтін 4 абзацқа бөлініп таратылып беріледі.
- жеке жұмыс. Әр топтың оқушылары өздеріне берілген абзацтарын жеке-жеке оқып шығады.
- жұптық жұмыс. Жұптасып оқығандарын бір-біріне айтады.
- топтық жұмыс. Сандар арқылы ( 1, 2, 3, 4) оқушыларды жұмыс тобына бөлемін.
( Ескерту: жұмыс тобы міндетті түрде 4-4 болуы керек), топ ішінен сан бойынша бөлінген оқушылар шығып, өздерінің оқыған абзацтарын басқа топтың оқушыларына түсіндіреді, ойларын толықтырады, толық мәтін құрастырады.
2. «Проблеманы шешу» кезеңі (10 мин) :
- топтық жұмыс. Оқушылар бастапқы үй топтарына қайта оралып, мәтін бойынша түсінгендерін ортаға салып, талқылап, дәлелдер жинақтап, жұмыс нәтижесін түрлі маркерлермен флипчарттарға түсіріп, тақтаға іледі.
3. «Проблеманың шешімін қолдану» кезеңі (15 мин):
- Презентация. Әр топтың баяндамашысы кезекпен келіп, берілген уақыт аралығында плакатта салынған өз тобының тұжырымдарын айтып қорғайды.
- Талқылау.
а. Мәтін дегеніміз не? Мәтіннің тұтастық бірліктері қандай? деген сұрақты барлық сынып болып талқылайды, мұғалім слайд арқылы мәтіннің тұтастық бірліктеріне тоқталып, көрсетіп өтеді.
б. І топ. «Мәтін» сөзіне фонологиялық талдау.
ІІ топ. «Мәтін» сөзіне фонетикалық талдаудың математикалық түрін жасау.
ІІІ топ. Төмендегі дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жасайды.
- Бағалау. Топ басшылары топ мүшелерін бағалау парақтары арқылы бағалап отырса, топтар бірін бірі бағалау критерийлері арқылы бағалайды.
Бағалау парақтары
Оқушының аты-жөні
Проблеманы айқындау кезеңі
Проблеманы шешу кезеңі
Проблеманың шешімін қолдану
Жеке
жұптық
топтық
презентация
талқылау
Бағалау критерийлері
«Құстар үй салады» мәтіні бойынша бағалау
Мәтіннің мазмұнын ашу
Постердің мәтіннің мазмұнына сай салынуы
Эстетикалық талғаммен безендірілуі.
Сөздің толық, дұрыс талдануы.
1-2-3-4 ұпай
0-1-2-3 ұпай
1-2 ұпай
1-2-3 ұпай
Баяндамашының мәтін мазмұнын толық ашып, анық та дәл жеткізуі, сөйлеу мәнеріне назар аударады.
Мәтіндегі айтылған жайттардың бәрі толық салынуын қадағалайды.
Түрлі түсті бояларды толық, қажетті жерінде қолдана білуін ескереді.
Топтардың талдау барысында қате жібермеуі назарда ұсталады.
Мұғалім бағалау шкаласы арқылы оқушыларды бес балдық жүйе бойынша бағалайды.
10-12 ұпай-«5»
7-9 ұпай-«4»
4-6 ұпай-«3»
0-3 ұпай-«2»
ІІІ. Ой толғаныс ( 2 мин): Өз шешімін тапқан проблемаларға, сабақтың тақырыбына, алдыға қойған мақсатқа қысқаша тоқталып, сабақ жайлы оқушылардың пікірін сұрап өтемін.
ІҮ. Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек»
Ү. Үйге тапсырма: 1.«Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбына эссе жазып келу.
2. Жыл, мезгіл сөздеріне сатылай-кешенді талдау жасау.