kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі ж?не ?дебиет. Сын есімні? ма?ыналы? т?рлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: Сын есімдерді? ма?ыналы? ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді ме?герту. О?ушыларды? ой ?абілетіне ?сер ету ар?ылы ?здігінен ж?мыс ?рекеттерін дамыту, тап?ырлы? ізденімпазды?, ал?ан білімдерін пайдалана білу ?абілетін арттыр. С?зді? ма?ынасына м?н беруге т?рбиелеу, білім алу?а, о?у?а ??штарлы? сезіміні? артуына ы?пал ету. ?йымшылды??а, ??ыптылы??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі ж?не ?дебиет. Сын есімні? ма?ыналы? т?рлері »

Сабақтың тақырыбы

Сын есімнің мағыналық түрлері

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы, 6- сынып оқулығы

Жалпы мақсаты

Сын есімдердің мағыналық ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту. Оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен жұмыс әрекеттерін дамыту, тапқырлық ізденімпаздық, алған білімдерін пайдалана білу қабілетін арттыр. Сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу, білім алуға, оқуға құштарлық сезімінің артуына ықпал ету. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

Сын есімдерді құрамына қарай талдай алады. Сапалық және қатыстық сын есімдерді ажырата алады

Оқыту формасы

Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу

Оқуда қолданылатын модульдер мен әдістер

Топпен белсенді әрекет, (сыни тұрғыдан ойлау), қадағалау, (оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау), түсіндіру, (ақпараттық -коммуникациялық технологияны қолдану).

Құрал – жабдықтар

Тірек сызба, оқулық, көрнекі құралдар, плакаттар, түрлі түсті қағаздар, стиктер.

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1 кезең

Ұйымдастыру 2 мин

Үй тапсырмасын тексеру 4мин

Қызығушылықты ояту

Әр топқа әр түрлі әріптер таратылып беріледі. «Бүгінгі көңіл-күйіміз қандай?» деген сұрақтарға жауап арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру

ІІ. «Кім тез табады?» жұптық ойын.

Өткен тақырып бойынша оқушылар жұп болып бір-біріне сұрақтар қояды.

Топтастыру

Сын есімнің жасалуы

127-жаттығу. Көркем әдебиеттен мысалдар келтіріп көріңдер, мысалдарыңды кестеге жазыңдар.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілеу арқылы амандасады.

Үй жұмысын орындау. Қосымша сұрақтарға жауап береді

2 кезең

Қызығушылықты ояту

3 мин


Мағынаны тану 15 мин (жаңа сабақ бойынша тапсырмалар, сергіту сәті 2 мин)

І. Блум таксономиясы бойынша.

1.Мағынаны ашу. Түсіну.

Сын есімдерді тұлғасы мен құрамына қарай талдаңдар.

І топ. Әдемі қыз ----------- Өнерлі жігіт
Аласа үстел --------- Желсіз күн
ІІ топ. Қызыл көйлек ------ Өткір пышақ
Ащы су -------------- Жазғы демалыс
ІІІ топ. Ауыр жүк ----------- Тәртіпті оқушы

Суық жел ----------- Білімді адам
Ережені шығару.

Мағынасына қарай сын есімдер сапалық сын есімдер және қатыстық сын есімдер деп екіге бөлінеді.
Заттың түр - түсін, сын - сапасын тікелей анықтайтын сын есімді сапалық сын есім дейміз. Мысалы: жақсы сөз, жуан ағаш, суық жел, жүйрік ат т. б
Ал заттың сын - сипатын, әртүрлі белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есімді қатыстық сын есім дейміз. Мысалы: Ақылды бала, көршілес уй, сәулетті ғимарат, айнадай таза т. б
2.Қолдану.

І топ. Мақалдардың құрамындағы сапалық сын есімдерді тауып жазыңдар.

ІІ топ. Мақалдардың құрамындағы қатыстық сын есімдерді тауып жазыңдар.
ІІІ топ. Өлеңнің құрамындағы қатыстық сын есімдерді тауып жазыңдар.

IІ. Сергіту сәті

Бір сөзбен айтқанда.

Қиыстырып, тауып сөйлейтін сөзге ұста адам (шешен)

Айтқанға сене салатын, еш нәрсені байқамайтын адам (аңқау)

Тез ашуланатын адам (ашушаң)

Көрінгенге соқтыға беретін адам (ұрыншақ)

Керексіз көп сөйлейтін адам (мылжың)

Бойы ұзын адам (бойшаң)

Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адам (өсекші)

Бір сыныпта оқитын балаларды бір сөзбен айтқанда (сыныптас)

Оқушылар жұптасып, топқа бөлінеді. Бір- біріне сұрақтар қою арқылы және әр түрлі тапсырмалар арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады.



3 кезең

Сабақты бекіту 10 мин

3.Талдау.

І деңгей. «Семантикалық карта»


Мысалдар

дара

күрделі

сапалық

қатыстық

1

Биік





2

Таулы





3

Ірілі- ұсақты





4

Кішірек





5

Қара торы





ІІ деңгей. Сын есімнің астына қатарлап сын есім жазыңдар. Тігінен оқығанда бірінші сөз шығатын болсын.

Үлгі:

Асқақ-----     тәтті-----     жақсы-----     аласа

сезім-----      ә----------       а-----------      л------

қасқа-------   т---------       қ-----------      а------

ақылды----   т---------       с-----------      с-------

қоңыр------   і----------      ы-----------     а-------

ІІІ деңгей. Терме диктант

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сын есім жаса

қаңтар---лы, шы---амды, айла---ер, т---йінді, то---ғақ, ас---л, көкпе----бек, кү---гірт, қы---қыл, бай---улы

Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану

4 кезең

Сабақты қорыту 2 мин

Ой толғаныс Не білдік?

  1. Сын есім дегеніміз не?

  2. Сын есімнің мағыналық түрлері?

  3. Сапалық сын есім?

  4. Қатыстық сын есім


Бағалау 2 мин

Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Бақылаушылар формативтік баға қояды.

Үйге тапсырма 2 мин

130-жаттығу. Білім жолы-нұрлы жол тақырыбында сын есімдерді қатыстыра отырып, шағын мәтін құрап жазыңдар.


Рефлексия 3 мин














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
?аза? тілі ж?не ?дебиет. Сын есімні? ма?ыналы? т?рлері

Автор: Шамшиева Айжан Кажыгалиевна

Дата: 27.02.2015

Номер свидетельства: 179736


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства