?аза? тілі саба?ында АКТ – ны ?олдану ар?ылы о?ушыларды? білім сапасын арттыру
?аза? тілі саба?ында АКТ – ны ?олдану ар?ылы о?ушыларды? білім сапасын арттыру
1. АКТ - ?а ?ыс?аша сипаттама
?азіргі та?да жеткіншек ?рпа? - мектеп о?ушыларына білім беруге ерекше к??іл б?лініп келетіні белгілі. «Халы?ты? кемеліне келіп ?ркендеуі ?шін, е? алдымен азатты? пен білім керек» деп к?регендікпен Шо?ан У?лиханов айт?андай, хал?ымызды кемеліне келтіру ?шін жастарымызды білімді, м?дениетті, Отанын, тілін шексіз с?йетіндей етіп дайындау?а - ?рбір ?стаз міндетті.
Кез - келген п?нді о?ытуда ?стаздар?а ?ойылатын басты талап - жа?а технологиялы? ?дістерді ?олдана отырып, о?ушылар?а сапалы білім беру.
«Жа?а а?паратты? – коммуникациялы? технологиялар» ??ымыны? пайда болуы білім беру саласында компьютерді? ?олданыла бастауымен ты?ыз байланысты. К?птеген электронды о?улы?тар мен о?у ба?дарламалары, мультимедиалы? о?у ба?дарламалары жасалады ж?не жасалып та жатыр. Сонды?тан, б?гінгі та?да ?аза? тілі п?ні м??алімдеріні? к?сіби ??зырлылы?ы ??рылымынан о?ытуды? а?паратты? – коммуникациялы? технологиялары ерекше орын алады.
Жа?а а?паратты? технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде а?параттарды даярлап, оны білім алушы?а беру ?рдісі. Б?л ?рдісті іске асыруды? негізі компьютер болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі саба?ында АКТ – ны ?олдану ар?ылы о?ушыларды? білім сапасын арттыру»
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ
«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚБАИ
«Мектепке дейін тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасы
ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
Қазақ тілі сабағында АКТ – ны қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру
Орындаған: Кулболдина Г.Р.
«Чехов орта мектебі» КММ
Тексерген: Ильясова А.Ш.
Жұмыс бағасы:_________
Тексерушінің қолы:_________
Петропавл
2015
Мазмұны:
І. Кіріспе 1. АКТ - ға қысқаша сипаттама. 1. 1. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
ІІ. Негізгі бөлім
2. Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық және коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктері 2. 1. Интерактивті тақтаны пайдалану. 2. 2. Электронды оқулық құралдар. 2. 3 2 сыныптағы «Зат есім» тақырыбына сабақ үлгісі
ІІІ. Қорытынды
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген.
Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында: «Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының негізі болуы тиіс» деп атап көрсетілгендей қазіргі кездегі білім беру жүйесі әлемдік өркениет көшіне сай, жан-жақты ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен қамтамасыз етілуі керек. Ақпараттық-коммуникациялық технология білім беру жүйесін ақпараттандыруға, білім сапасын арттыруға, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге, электрондық есептеуіш техникамен жұмыс істеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивтік құралдарды қолдануға, интернет желісін пайдалануға, телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан білім беру – Елбасымыздың жолдауында айтылып кеткендей елімізде оқыту теледидарын құруға негізделген міндет. Қоғамның ақпарттандырылуы білім беруге қойылатын талаптарды да өзгертеді. Білім беру саласының қызметкерлерінің міндеті ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, баланың рухани мүмкіндігін дамыту, білім беру, тәрбиелеу, олардың өзіндік жұмыс жасау қабілетінің дамуына мүмкіншілік жасау. Сонымен бірге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру саласының қызметкерлерінің шығармашылық ізденіс қабілетін дамытуға, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгеруге, мамандық шеберлігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің мүмкіндігін жоғарылататын құрал. Компьютердің мүмкіндіктерін психологиялық және дидактикалық тұрғыда талдап, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолдану, ішкі тиімділігіне көңіл бөлу мұғалімнің шеберлігі болып табылады. Компьютердің графикалық мүмкіндігі жаңа сабақты бояулы суреттермен, тірек сызбалармен, кестелермен меңгертуге жол ашады. Компьютерді мұғалім әртүрлі мағлұматтар, қосымша ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Электрондық оқулықтарды енгізу уақыт үнемдейді, мұғалім араласпай-ақ оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге мүмкіншілік туғызады. Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуы керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек.
1. АКТ - ға қысқаша сипаттама Қазіргі таңда жеткіншек ұрпақ - мектеп оқушыларына білім беруге ерекше көңіл бөлініп келетіні белгілі. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті. Кез - келген пәнді оқытуда ұстаздарға қойылатын басты талап - жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, оқушыларға сапалы білім беру.
«Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады.
Оқытудың АКТ және олардың қолданудың мүмкіндіктері В. С. Герушинский, В. М. Левина, Е.И.Машбиц, Г. Н. Нұрғалиева т. б. ғалымдарының еңбектерінде зерттелген. Аталған еңбектер білім беру процесінде АКТ - ны қолданудың психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетеді.
1.2 Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында АКТ пайдалану жолдары Қазақ тілі сабағында ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге, қазақша тілдік қатынасты игеруге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында оқытудың мультимедиялық құралдарын қолдану оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырып, өздіктерінен жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді.
АКТ жиі қолданылатын элементтерін атар болсам:
компьютер мен мультимедиялық проектор көмегімен көрсетілетін электронды оқулықтар мен құралдар;
интербелсенді тақталар;
электронды энциклопедиялар мен анықтамалар;
тест бағдарламалары;
Интернет ресурстары;
DVD және CD дисклары;
видео және аудиотехника;
қашықтықтан оқыту материалдары;
ғылыми зерттеу жұмыстары мен жобалар;
қашықтықтан оқыту.
Мұндай шығармашылық жұмыстарды оқушылар интернет ресурстың көмегімен орындайды. Мұндай тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері, эстетикалық талғамдары, АКТ қолдану қабілеттері дамиды. (оқушылардың шығармашылық жұмыстары жүргізіледі)
ІІ. Негізгі бөлім
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің, мемлекеттік тілді оқытудың басым бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.
Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс.
Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.
Елбасы бекіткен Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақпараттық технологиялар саласындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің және білім деңгейін арттырудың шешуші тұтқасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.[2, 15б]
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.
Орыс мектептерінде Қазақ тілін, мемлекеттік тілді оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге асыра отырып, қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынасты игерту мақсатын көздейді. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланған орынды.
Қазақ тілі сабағында оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында меңгерумен байланысты оқу әрекетінің түрлері;
1) монитор экранындағы фонына назар аудару;
- фондағы жекеленген жаттығуларға зейін аудару;
- нақты жаттығуды және айрықшаланған сөздерді суреттеу;
- нақты сөйлемдерді кешенді бейнелеу;
2)жаттығуды танытуға бағытталған эвристикалық әрекет ретінде;
- жаттығуды абстрактілі ойлау;
- жаттығуды түрлендіру жолдарын іздеу;
3)жаттығуды түрлендіру мен жаңа білім алуға бағытталған репродуктивтік әрекет ретінде;
- таңдалған жаттығу бойынша сөйлемді түрлендіру;
- таныс жаттығу түрлерін жасау;
- берілген жаттығуды бағалау;
4) дағдыны қалыптастыруға арналған практикалық әрекет;
- дағдыны таныс жағдайда қолдану;
- таныс емес жағдайда дағды қалыптастыру [3]
Сабақ барысында ақпараттық-қатынастық технологияны қолданудың жақсы жақтары:
1.Түрлі – түсті иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау
процесі үшін тиімді.
2. Әр сабақта сөйлеу әрекетінің бес түрі де қолданылады: тыңдалым,
сөйлесім, оқылым, жазылым, айтылым.
3.Әр сабақ төмендегілерді қамтиды:
а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым – қатынас;
ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі.
4. Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады.
5. Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін
табысты байланыстырады.
6. Компьютерлік желілермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың тілдік сауаттылығы, шығармашылық потенциалының, тілдік құзіреттілігінің дамуына мүмкіндік туады.
Осы кезеңдер бойынша сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында оқу әрекеті қалыптасып, белсенді қызмет етуге ұмтылады. Бұл әр оқушының дербес компьютердің және мұғалімнің көмегімен өзара түсінісу ортасында қазақ тілі сабағында жаңа білімдерді алуына, танымдық іс-әрекетін дамытуына айтарлықтай септігін тигізеді және оқушының танымын, тілдік құзіреттілігін қалыптастыруда бірігіп жұмыс жасаудың жоғары түрлеріне көтереді. [3, 32б]
Компьютерлер мен интерактивті тақтаны оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге, қазақша тілдік қатынасты игеруге мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологияны қолдануда, әдетте шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, бірігіп шешу мәселелері ұсынылады, рольдік ойындар пайдаланылады, білгірлігінің қалыптасуы барысында жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады, қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Демек, ақпаратты технологияны пайдалану оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде тиімді.
Тыңдап – түсіну, көріп – байқау құралдарының концепциясында оқыту былайша орналасады: тыңдау – сөйлеу – оқу – жазу. Оның ішінде ауызша қабылдау (тыңдау мен сөйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады. [1]
Тыңдап – түсіну , көріп – байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі – аудио құралдар, радио мен теледидардың хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б.
Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады: біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; екіншіден, оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді, үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оқушының тілін дамытады. Тіл үйренудегі тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады.
Мысалы, оқушылардың аудиомәтіннің жалпы мазмұнын түсінгендіктерін тексеру үшін мынадай жұмыстар жүргіземін:
а) Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақ беремін, әр сұраққа екі жауап ұсынамын;
ә) Бірнеше сөйлем беремін, солардың біреуі ғана аудиомәтіннің мазмұнына сәйкес келеді. [4]
Орыс сыныптарында оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Оның бірі– түсінгенін дұрыс айта білу, яғни сөйлемді дұрыс құрастыру, жеке дыбыстарды, сөз тіркестерін дұрыс оқуы. Екіншіден, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды ( ы, і, ә, ө, ү, ұ, ң ) меңгермейінше, қазақша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерту барысында компьютерлік ойындардың да тигізер пайдасы зор. Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор.
Оқушының коммуникативтік қарым-қатынасын, тілдік құзіреттілігін, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жұптық, топтық тапсырмалар беріледі. Мысалы, берілген сөздерді орыс тіліне аударып, сөйлем құрайды немесе сурет салады. Жұпта жасаған жұмыстарын ортаға салады. Мұнан оқушылардың айтылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттерін байқауға болады.
Қазақ тілі сабағында мынадай тапсырмаларды да орындатуға болады: компьютер экранына бір сөйлем жазылады. Ол сөйлем белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда қандай сөйлем жазылғанын есте сақтап, қатесіз компьютерге енгізсе, онда ойлану уақыты екі есеге азайтылады. Егер дұрыс жауап берілмесе, ойлану уақыты ұзартылады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың сөйлем мағынасын түсіну, есте сақтау дағдыларын қалыптастырады. Нәтижесінде, тапсырманы қандай дәрежеде орындағандығында байланысты ұпай санын көрсету оқушының өз білім дәрежесін сезінуге мүмкіндік береді.
Қазақ тілі мұғалімінің негізгі міндеті – қазақ тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді өткізу. Қазақ тілі сабақтары тиімді өту мақсатында тәжірибемде коммуникативтік оқытудың элементтерін қолданамын. Тәжірибеде интерактивті тақтамен жұмыс жүргізуді жиі қолдану қажет. Интерактивті тақтаны орыс топтарында қазақ тілі сабақтарында көру, есте сақтау диктанттары, мазмұндама, шығарма жұмыстарының жоспарын құруда, сондай-ақ сөйлемдерді талдау жұмыстарында қолдану сабақтың тиімділігін арттырады.
Ақпараттар түрлі жолмен беріледі: 5-сыныпта «Менің мектебім. Мектеп ғимараты» аясын өткенде оқушыларға сабақтың мақсатына сай оқулықтағы материалдан басқа қосымша тапсырмалар, жаттығулар беруге болады. Нақтырақ айтсам «Мектеп кітапханасы» деген тақырыпқа өткізген сабағымда АКТ- ны флипчарт арқылы пайдаландым:
І. Сабақтың тақырыбына шығу(АКТ-ны қолдану уақыты – 3 минут). Жаңа сабақ тақырыбына шығу үшін сөзжұмбақты пайдаландым (жасырын сөздер сурет арқылы берілген);
ІІ. Жаңа сөздермен танысу кезеңі (АКТ-ны қолдану уақыты – 1 минут)
Балалар оқыған мәтіндерінен теріп жазған жаңа сөздерді салыстырып, танысты;
С Е Р Г І Т У С Ә Т І үшін тақтаны қолданбаймын. Көздеріне көп жүктеме болып кетеді деп есептеймін.
III. Интерактивтік тақтамен жұмыс: Тақтадағы сөздерді көптік жалғауларымен сәйкестендіріп жазды. Әр түрлі тапсырмаларды интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып тиімді орындады(АКТ-ны қолдану уақыты -5 минут);
IV. «Біздің кітапхана» суретін тамашалай отырып, алған әсерлері бойынша кітапхана тақырыбы бойынша өздерінің өй- пікірлерін айтып, сабақты қорытындылай алды.
Орыс мектептерінде жаңа сөздердің көбі баланың есінде қалмайды, оның себебі, сөзді түсінбеуде, түсінбеген сөз қабылданбайды, баланың ойында сақталмайды. Бірыңғай түсіндіру, сөз әдісін қолдану оқушы іскерлігін дамытпайтындығын тәжірибе көрсетті. Сондықтан иктерактивті тақтаны сабақта дидактикалық оқыту құралы ретінде пайдалану керек. Әсіресе, жаңа сөзбен таныстырып, қолданысқа түсіруде ақпараттық – коммуникациялық технологияның атқаратын рөлі зор екендігіне көзіміз жетті. Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық және коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдануда төмендегідей нәтиже беруде:
¨ Ілімділік оқу материалын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізінде ең жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және ілімдік білімін іс жүзінде тиянақты, саналы түрде қолдана білуі;
¨ Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін толықтыруға дағдылануы;
¨ Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы;
¨ Ілімді жаңалық ашуға немесе ілімді іс жүзінде қолданудың жаңа жолдарын іздеуге ұмтылуы тиіс.
Соңында, қорыта айтатын болсақ, АКТ — ның ғылыми тұрғыда артықшылығы жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті, танымдық белсенділігі, өзіне сенімі артады, қосымша материалдарды молынан алады.
«Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей, сөзімді қорыта келе, сабақтарымда жаңа ақпараттықтехнологияның әдіс – тәсілдерін қолданудың мынадай тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім:
¨ Оқушының оқуға деген ынтасы артады;
¨ Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады;
¨ Үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады;
¨ Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
¨ Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
¨ Оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: Интерактивті тақта; Мультимедия; Интернет кеңістігі; Электронды оқулық.
2.1 Интерактивті тақтаны пайдалану.
«Ауызша айтсаң – тез ұмыттым, Көрсетсең – есте сақтаймын, Іске кіріссең – үйренем» деген екен қытай даналығында.
Ендеше оқушылар интербелсенді тақтаға назар аудара отырып, өтіліп отырған сабақтарын ұтымды түсінуге мүмкіндік алады. Интерактивті тақта — топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл оқытушы жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін құнды құрал. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы танысуға мүмкіндігі зор. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалдарды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор. Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады. Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді. Соңғы жылдары жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі жиі көтеріліп жүр. Ол тек жаңа техникалық құралдар ғана емес, оқытудың жаңа формалары мен әдіс тәсілдері, оқу үрдісіне жаңаша көзқарас. Қазақ тілін оқытудың басты мақсаты оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру және дамыту.
2.2 Электронды оқулық құралдар
Қазақ тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларға сөздердің дұрыс дыбысталуларын меңгерту мақсатында электронды оқулықтарды қолданамын. Электронды оқулықтардың көмегімен оқушылар суреттерді көреді, олардың дыбысталуын естіп, хормен айта алады.(электронды оқулық қосылады)
Өз сабақтарымда үйге шығармашылық тапсырмалар беремін. Мысалы: реферат жазу, ашық хат жасау, тілек жазу, ас мәзірін жасау т.б.
— тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
— сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
— өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр кезеңін бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды. Қорыта келе айтарым, оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Тiл үйренушi электронды оқулықпен сабақ бойы үздiксiз байланыста болғандықтан тiлдi меңгеруiне үлкен мүмкiндiктерi бар. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.
2. 3 2 сыныптағы «Зат есім» тақырыбына сабақ үлгісін ұсынамын
Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету.
Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.
Ресурстар: интерактивті тақта, компьютер, Microsoft PowerPoint презентациясы, бағалауға арналған көрнекіліктер
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
Cабақтың ұраны:
Қазақ тілім - өз тілім дара тілім.
Абай ,Мұқтар сөйлеген данатілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым ,бақытым қазақ тілім
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Психологиялық дайындық орындау.
Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз, Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз. Мақсатымыз- білім алу, Міндетіміз- еңбектену Еңбектену арқылы “5 “- ке қолды жеткізу!
ІІ. Ой қозғау: Біздің еліміз – ҚазақстанРеспубликасы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Ел болашағы- білімді ұрпақ»- деп сіздерге үлкен сенім білдіруде .Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан жер көлемі үлкен, экономикасы мен мәдениеті дамыған ел.
Елбасымыз еліміздің әлі де қарыштап дамып, алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуына жұмыстануда. Қазір сендер кішкентай болғанмен, ертең еліміздің кемелденуіне , гүлденуіне үлес қосатын маман болып, еліміздің түкпір- түкпірінде еңбек ететіндеріңе менің де сенімім мол. Сондықтан «біз әлі кішкентаймызә демей, осы күннен мамандық таңдауды армандауымыз керек екен. Біздің бүгінгі сабағымыз да мамандық таңдауға байланысты..Іштеріңде қандай да болмасын мамандықты таңдап жүрген оқушылар бар ма?
Нағыз адам боламын!
Бүгін титтей баламын,
Әлі-ақ жігіт боламын.
Сонда, мүмкін, мен ғалым,
Әлде шофер болармын.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Топтарға бөлініп сөз таптарын қайталау.
1-топ зат есім
2-топ сын есім
3-топ сан есім
4-топ етістік карточкалар беру
1. Мамандықтың бәрі жақсы. Сол маман иелерінің барлығы ұстаздан білім алған.
Олай болса,мұғалім мамандығының тапсырмасына назар аударайық.
Мұғалімнің тапсырмасы: «Кім тапқыр?»
Сөз таптары
Зат есім
Сан есім
Сын есім
Етістік
оқыды
+
қоңыр
+
он
+
Лимузин сөзіне дыбыстық талдау жасау
Балықшыға қонаққа барамыз
ІV. Жаңа сабақ.
2. Балықшы тапсырмасы: «Сөзжұмбақты шешіп көр».
Ерекше жолдағы сөзге түсіндірме жұмыс жүргізу.
Ережені түсіндіру жұмысы.
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу сәті:
V. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Дәрігер мамандығының тапсырмасы:Көркем жазу Мұғалім,дәрігер ,балықшы
Мақалды көшіріп жаз. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.1-жаттығу
VI.Сергіту сәті:
«Сөз ойла, көп ойла» ЕКПІНДІЛЕР сөзінен бірнеше зат есім құрастыр
VІ.Шығармашылық жұмыс.
Тігіншінің тапсырмасы: Өз бетінше жұмыс. Сөйлем құрастыру. Суреттегі не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді жазу.
VІІ .Дәлелдеу.
Сазгердің тапсырмасы:. Сөздерді оқып, зат есім екенін дәлелдеу
VІІІ.Ойын «баспалдақ».
Суретшінің тапсырмасы:
И
И
И
И
И
2,3,4,5,6,7әріптен тұратын заттың атын білдіретін сөздерлі тауып жазу.
ІХ.Қорытындылау:
Құпия кестедегі сұрақтарға жауап беру.
1.Зат есім дегеніміз не?
2.Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?
3.Зат есімге мысал келтіру.
Х. Үйге тапсырма:
Күнделікті енді ашайық Үй тапсырмасын жазайық. Бүгінгі алған білімді, Ұмытпай есте сақтап алайық.
2-жаттығу 82-бет
Жалқы есімдерді теріп жаз.
ХІ. Бағалау.
ІІІ. Қорытынды
Қорыта келгенде: «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте қажет» [5, 23б] деп, ел Президенті атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды мемлекеттік тілді оқытуда тиімді қолдану – жаңа білім берудің бірден – бір шарты.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.
Демек, жаңа ақпараттық технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден – бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.
Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
2. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
3. Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі».
4. Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4 «Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері».
5. Қазақстан мектебі. 2008 ж. №11 «Электрондық оқулықтарды пайдаланудың педагогикалық ұстанымдары».
6. Қазақстан мектебі. 2009 ж. № 8 «Электрондық оқытудың әдістемелік аспектілері».
7. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2008. – 23-б.