kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі п?нінен ашы? саба?ы "Мені? ?уес ісім-сурет салу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тема урока- мое любимое хобби-рисовать.Этот урок разработан по технологии критического мышления и предназначен для учеников 7 класса,который развивает связанную речь учащихся,творческие способности учеников,умение мыслить,работать в паре. Урок начинается с психологического настроя,который полезен для эффективности урока. Используя элемент технологии Джиксо учащиеся сами знакомятся с новой темой и в процессе работы в группах закрепляют материал.  По окончанию урока ученики сами друг -друга оценивают.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?нінен ашы? саба?ы "Мені? ?уес ісім-сурет салу" »


Сабақтың тақырыбы: Менің әуес ісім – сурет салу. 

Сабақтың мақсаты: Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып «Менің әуес ісім» тақырыбы бойынша жаңа білімдерін қалыптастыру. 

Міндеттері: 
1) оқытушылық: 
-Топтарды қалыптастыру, бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасауға үйрету; 
- Диалогтық оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға төселдіру; 
- қалай оқу керектігіне және өзін-өзі бағалай алуға үйрету; 
2) дамытушылық: 
- Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету; оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау; термин сөздер, ырықсыз етіс, еріндік дауыстылар туралы білімдерін бекіту. 
3) тәрбиелік: 
- Серіктестік қарым – қатынас орнату; Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу; өнерді қастерлеуге тәрбиелеу . 
Көрнекілігі: Сурет, тірек сызба, кесте, таратпалар, тапсырма сұрақтары,ватман, оқушылардың суреттер көрмесі, слайдттар, бағалау парақшалары, альбом парағы, түрлі түсті қарындаштар, маркерлер. 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ 

Әдіс - тәсілдері: Баяндау, түсіндіру, сұрақ –жауап, ДЖИКСО, көрнекілік әдісі, тренинг «25- кадр», «миға шабуыл», клоуз – тест, интерактивтік, «Білім бұтағы» әдісі, шығармашылық, «Иә-Жоқ» әдісі. 

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
1) Сәлемдесу; 
2) Сыныптың сабаққа әзірлігін тексеру; 
3) Психологиялық жағымды ахуал туғызу: балалар бір -бірімен құшақтасып амандасады. 
4) Топқа бөліну: 1,2,3,4 нөмірлі қима қағадары бар қобдишадан балалар 1 қиманы алып, сол қимадағы нөмірге сай топтасады. 
5) Топ капитаны тағайындалады. Капитандарға бағалау парағы тапсырылады. Олар өз топ мүшелерінің жұмысын бағалап отырады. 
6) Сабақтың құрылымымен танысады. 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Білім бұтағы» әдісі. Ағаштың әр бұрағы бір сұрақ. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беру керек. 
1) Ырықсыз етіс дегеніміз не? 
2) Ырықсыз етіс жұрнақтарын ата? 
3) Ырықсыз етіске мысалдар келтір. 
4) Термин сөздер дегеніміз не? 
5) Еріндік дауыстыларды ата. Еріндік дауыстылар бар сөздерден мысал келтір. 

6) Мақал – мәтелдерді жатқа айту

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту 
І. Қызығушылықты ояту. Тақырыпқа шолу («миға шабуыл» , слайдтар) 
- Мынау нелер? 
- Бұл кімнің суреттері деп ойлайсыңдар? 
- Осы суреттерді салған бала неге әуес деп айта аламыз? 
- Осындай сурет сала алатын бала қандай бала деуге болады? 
- Қалай ойлайсындар, осылай сурет салу кез келген адамның қолынан келе ме? 
- Сурет салуға қандай құралдар қажет? 
- Ал мектепте біз қай кезде сурет саламыз? 

ІІ. Мағынаны тану 
1. Мектептегі сурет салуға дарынды оқушылардың және сыныптағы сурет салуға әуес баланың әңгімесін тыңдау. (Абильдина Ариана-4 сынып,). Олардың жұмыстары слайдттар арқылы көрсетіледі. 
2. Джиксо– ұжымдық оқыту әдісі арқылы ұйымдастырамын. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертемін. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіремін. 

І топ:
Оқырмандар тобы. Мәтінді мәнерлеп оқиды және аударады. 
ІІ топ: Сөздіктер тобы. Мәтін ішінен жаңа сөздерді тауып аудармасын табады. Ол сөздерді суреттер арқылы көрсетіп, олардан жаңа сөз тіркестерін құрайды. Ватманға суреттерді жабыстырады және түрлі фломастермен жазады. 
ІІІ топ: Сөз шеберлері тобы. 2-топ ұсынған жаңа сөзерді қатыстырып сөйлемдер құрастырады. Сөйлемдер тақырыбы жағынан бір бірімен байланысты болу керек. 
IV топ: Тілшілер тобы. Мәтін бойынша сұрақ- жауап дайындайды. 

ІІІ.
Тренинг «25- кадр». Тақтада кезекпен сөздер бейнеленеді. Оқушылар жалпы қанша сөз көрсетілгенін және соның ішіндегі ырықсыз етістерді атау керек. 
Сурет, Салынды, ілінді, кітап, оқылды, киім, тігілді. 
Жауабы: 7 сөз, 4 ырықсыз етіс. 

ІV. Дәптермен жұмыс.

Бұл жұмыс 3 тапсырмадан тұрады. Әр топ мүшесі бір тапсырманы алып орындайды. Топ ішінде 1 оқушыдан тайм спикер тағайындалады. Ол тапсырмаларды топ ішінде үлестіріп береді және орындауға берілген уақыттың сақталуын қадағалайды. 
Мақсаты: лексикалық және грамматикалық білімдерін бекіту, уақытты үнемдеу, жауапкершілікке тәрбиелеу. 
1-тапсырма: Көрсетілген сала бойынша термин сөздерді жазу. 
Оқу – 
Киім тігу – 
Сурет салу – 

2-тапсырма: Клоуз – тест. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, еріндік дауысталы бар сөздерді теріп жазыңдар. 
Сурет салу ... ... ... қолынан келе бермейді. Ол да ... бір түрі. Сурет салу кезінде ... ... қажет болады. Оларға ..., ..., ...., ..., ... жатқызуға болады. Кәсіби суретшілер суретті ... ... салады. 
Сурет салуға әуес болу көбіне ... ... ... ... басталады. Суретшілер көбінесе ..., ..., ... сомдауға әуес болады. 

3-тапсырма: Болмасаң да ұқсап бақ ... «Мен суретші болсам...» эссе жазу. 

V. Шығармашылық жұмыс: Берілген атаулар бойынша қалаған суреттеріңді салыңдар. Салынған суретті сөйлеммен сипаттап беріңдер. 
Табиғат суреті 
Натюрморт 
Үйдің суреті 
Портрет 
VІ. Қорытынды.

«Дұрыс-бұрыс» әдісі. Оқушылар жауап парақтарына белгілейді. Топ командирлері жауаптарын тексереді, баға қояды. 
Сұрақтар :
1 Менің әуес ісім – сурет салу 
2 Сурет салу кез келген адамның қолынан келеді. 
3 Сурет салу өнер емес. 
4 Сурет салуда қайшы, мата, жіп керек. 
5 Мен қылқаламмен сурет саламын. 
6 Кәсіби суретшілер суретті арнайы альбомға салады. 
7 Мен сурет салуды сурет сабағында үйрендім. 
8 Суретшілер табиғатты салуды жақсы көрмейді. 
Бағалау шкаласы: 
«5»- 8-7 
«4» - 6-5 
«3» - 4-3 

VIІ. Рефлексия. 
- «Смайлики». Оқушылар алдарында жатқан қызыл, сары, жасыл түсті стикерлерге сабақтан алған әсерлерін білдіретін смайликтерді салып тақтаға іледі. Қызыл – көңілді, сары - әсер еткен жоқ, жасыл – көңілсіз. 

VІІІ. Үйге тапсырма. 
ІІІ деңгей: мәтінді оқу.
ІІ деңгей: мәтіннің мазмұнын айту. «Менің әуес ісім» сурет салу. 
І деңгей: «Қазақстан суретшілері» хабарлама дайындау. 

IХ.Бағалау парағы


- Үй тапсырмасы

-Мәтінмен жұмыс

-Дәптермен жұмыс

-Шығармашылық жұмыс

-«Дұрыс-бұрыс» 

Бағалау шкаласы: 
«5» - 25-20 
«4» - 19-15 
«3» - 14-10




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
?аза? тілі п?нінен ашы? саба?ы "Мені? ?уес ісім-сурет салу"

Автор: Кыстаубаева Гульжан Нурсагитовна

Дата: 16.04.2015

Номер свидетельства: 201948


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства