kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі – к?п стильді тіл. ?аза? тіліні? ??рамында?ы стильдер.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: о?ушылар?а ?аза? тіліндегі стильдер жайлы т?сінік беру, м?тіндерді? стильдік белгілерін таныту;

Дамытушылы?: о?ушыларды? теориялы? білімдерін практикалы? ж?мыстармен ?штастыру, лексикалы? білімдерін молайту, сауатты жазу?а ?йрету;

Т?рбиелік:  ана тіліні? ?те оралымды, бейнелі, бай тіл екендігін т?сіндіру, патриоттылы??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі – к?п стильді тіл. ?аза? тіліні? ??рамында?ы стильдер. »

Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған

мектептің қазақ тілі, әдебиеті пәндері мұғалімі А. Бекқасымов

Семей қаласы


Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 9

Тақырып: Қазақ тілі – көп стильді тіл. Қазақ тілінің құрамындағы стильдер.

Ауызекі сөйлеу стилі

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: оқушыларға қазақ тіліндегі стильдер жайлы түсінік беру, мәтіндердің стильдік белгілерін таныту;

Дамытушылық: оқушылардың теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен ұштастыру, лексикалық білімдерін молайту, сауатты жазуға үйрету;

Тәрбиелік: ана тілінің өте оралымды, бейнелі, бай тіл екендігін түсіндіру, патриоттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау

Көрнекіліктер: мәтіндер, карточкалар, сызбалар, интербелсенді тақта арқылы көрсетілетін сызба-нұсқалар

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

Тіл сөйлеу арқылы қалыптасады және сөйлеу арқылы көрінеді, танылады. Сөйлеудің материалдық көрінісі – лебіз. Кісі пікір айтуды – лебізді тіршілік мақсатына, соған бағынышты коммуникативтік мақсатына сай құрайды. Тілдің коммуникативтік мақсатқа сай құрылған көріністері стиль деп сараланады.

Қазақ тілі көп стильден құралады. Әр стильдің лексикалық құрамында, морфологиялық, синтаксистік құрылымында өз ерекшеліктері болады. Әр стильде норма ұстанымы ретінде көрінетін ерекшеліктері бар. Тілді меңгеру, сауатты, жетік жұмсау лебізді стильдік бағытқа сай құрып сөйлеуге байланысты. Тілдесу үстінде қойылатын талаптар коммуникативтік талаптар деп аталады.

Стиль дегеніміз лебіздің тілдесу үстінде сөйлеуші қойған коммуникативтік мақсатқа лайық құрылған түрі.

Ауызекі сөйлеу стилі

Мағлұмат беру.

Стильдің бір тармағы. Адам өз ортасымен күнделікті түрлі қарым-қатынаста болады. Сол арқылы тіршілік жасайды, білім, тәжірибе жинайды, жетіледі. Ал қарым-қатынас тілдесу арқылы жүзеге асады. Ауызекі сөз ерекше сипатта құрылады. Ол ауызекі сөйлеу стилі деп аталады.

1. Ауызекі сөйлеу қалай іске асады?

---Бетпе-бет кездескенде

2. Ауызекі сөйлеу неге қызмет етеді?

---Пікірлесуге, ой бөлісу әрекеттеріне.

3. Сөз қалай құрылады?

---Ықшам құрылады.

---Эмоциялы болып келеді.

---Арнайы мәнермен айтылады.

4. Ауызекі тілге ерекшелік беретін лексикалық тұлғалар. Олар?

---Жергілікті сөздер (кәсіби, диалект).

---Қарапайым сөздер (күнделікті).

---Көркем сөздер (теңеу, алмастыру,т.б.)

5. Сөйлемдер қалай құрылады?

---Сұраулы сөйлемдер көп болады.

---Толымсыз болып келеді.

--- «Келмегенде ше!», «Көргенде қандай!» сияқты үлгіде құрылуы қайталанады.

--- Қысқарып құрылған (ап-алып, барғам-барғанмын) сөздер көп кездеседі.

Ауызекі сөйлеу стилі

Дидарластық сөз (әңгімелесу, сұхбат)

Полемикалық (дауласу) сөз





Көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция)



ІV. Жаттығулар

14-жаттығу. Мәтінді оқу, диалог стилін анықтау.

Толымсыз сөйлемдерді табу, толымсыз болу себебін түсіндіру.

* Ауызекі стиль.

! Жетелеу сұрақтары: 1. «Тұңғышбаевскиймін де» деген сөзне үшін қолданылған деп ойлайсың?

/сөз иесінің лебізіне қуақылық сарын беру/ ; ары қарайғылар да...


15-жаттығу.

әйдәй - одағай, эмоцияны білдіріп тұр

қызды-қызды болып жатыр екен - ауызекі сөйлеуге бейім құрылған баяндауыш

тілім байланды - ауызекі сөйлеуге тән қолданыс әрі эмоцияны білдіріп тұр

Тани кеттім.

- Әбдірахман ғой, - дедім.

- Әбдірахманың кім?

***

- Иә, әлгі учитель баласы ма?

- Иә.

Бұлар - толымсыз, әр тарап сөздер.


16-жаттығу.

1. Стилін талдау.

2. Қарамен берілген сөйлемдерден а/і с. с/не тән белгіні табу

3. Күлзипа бейнесін өз сөздерімен жазу.


V. Бекіту

Тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қою.

VІ. Бағалау

Сабаққа қатысуларын есепке ала отырып білімді бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма беру.

§3, §4; 17 - жаттығу

Қосымша /өздік ізденіс/ тапсырма: Көркем шығармалардан /М.Әуезов. «Абай жолы» р-э. ауызекі стиль түріне мысалдар теріп жазу.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза? тілі – к?п стильді тіл. ?аза? тіліні? ??рамында?ы стильдер.

Автор: Беккасымов Ас?ар Конысбекович

Дата: 05.05.2015

Номер свидетельства: 208576


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства