Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі 8-сынып "Аны?тауыш"»
Күні: 16.11.15 Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 6
Тақырыбы: Сын есімнің жасалуы Сабақтың мақсаты, міндеттері: білімділік – оқушылардың сын есімнен өткен тақырыптарды меңгеру деңгейін айқындау, білімін толықтыру; дамытушылық – әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып балалардың тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлесу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыландыру; тәрбиелік – тілді құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, талдау, топтастыру. Сабақтың түрі: білімді жүйелеу, жинақтау, іздендіру, қайталау, түсіндіру. Сабақтың типі – аралас. Көрнекілігі: мақал-мәтел, үлестірмелі карточкалар, тест. Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, біздің ұранымыз: Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар, қалан.
ІІ. Өткен сабақтарды еске түсіру, пысықтау. а) Пысықтау сұрақтары:
1. Сөз таптары дегеніміз не? 2. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 3. Осылардың ішінде біз қай сөз табын өттік? 4. Зат есім дегеніміз не? 5. Зат есімнің қандай мағыналық түрлерін білеміз? 6. Туынды зат есімдер қалай жасалады? 7. Сын есім дегеніміз не? 8. Жазбаша үй тапсырмасын тексеру ә) Өткен сабақты қайталау бойынша деңгейлік тапсырмалар орындау.
1-деңгей (5 балл) Берілген сөздерден сын есімдерді, зат есімдерді мағынасына қарай сәйкестендіріп теріп жаз:
он бір, қара, орындық, қағаз, бәріміз, терең, жоспар, мен, ақылды, епті, екі, құдық, адам, жүр, тұр, жылдық, ат, кеше, өлке, бәрекелді, спортшы, таулы, олар, қазір, боз, жазғы, жалтылдады, демалыс, көмір, жұмсақ, ақ. Сын есім Қандай? Қай? Зат есім Кім? Не?
Берілген сын есімдер ішінен негізгі және туынды сын есімдерді теріп жаз:
қара, бойшаң, таза, кәрі, жершіл, ағашсыз, жақсы, аудандық, биік, терең, ұйқышыл, тарихи, жылы, үйден, табыскер, суық, денелі, бәлеқор, кең, ұзын, түнгі. Негізгі сын есім Туынды сын есім Түбірі Жұрнағы
Туынды сын есімдер қай сөз табынан болып тұр? ІІІ. Жаңа сабақ 3-деңгей (9 балл+3 балл=12 балл)
Берілген сөйлемдер ішінен туынды сын есімдерді тіркесіп тұрған зат есімдермен бірге теріп жазыңдар. Туынды сын есімнің түбірі мен жұрнағын бөлек-бөлек бағанға жазыңдар. 1. Біздің көшеде бір ұрысқақ апай тұрады. 2.Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. 3.Көргіш көзім көрмейтінді көреді. 4. Өткір пышақ-өткір қару. 5.Сүріншек ат бәйгеге шаба алмас. 6.Салбыраңқы киім сымбаттыға жараспас. 7.Қапшағай – жасанды көл. 8.Бүгін көшпелі өмір салты келмеске кетті. 9.Сал-серілер қонымды киім киген. 10.Сүзеген сиырдың алдына барма. 11.Асулы қазан – тоқшылық белгісі. 12.Қызба мінез жарға жығар.
р/с Зат есімдермен тіркескен сын есімдер Туынды сын есім түбірі Жұрнағы Ұқсас жұрнақ
Оқушылардың білімдерінің деңгейін айқындауға арналған тест.
2. Туынды сын есімдерді тап. А) Ақ, көк. В) Айтқыш, таулы. С) Қатты, суық. Д) Бақыт, болашақ. Е) Биік, аласа.
3. Зат есімнен болған сын есімді тап. А) Ұрыншақ, ұшқыр. В) Үйсіз, денелі. С) Көшпелі, қысқа. Д) Ілулі, киім. Е) Қызғаншақ адам.
4. Етістіктен болған сын есімді анықта. А) Тасты жер. В) Ағашсыз аула. С) Жазғы кеш. Д) Еріншек оқушы. Е) Діни ұйым.
5. «Қаш» сөзіне сәйкес келетін сын есім жұрнағын көрсет. А) – шақ, шек. В) - аған. С) - мды. Д) - еген. Е) - кір.
Дұрыс жауаптар кілтін жаз. ІУ. Қорытынды бөлім.
Үйге тапсырма а. 142-жаттығу, жазбаша. ә. Ереже жазу, жаттау.
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері Сабақтың мақсаты: білімділік - сын есімдердің мағыналық ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту; дамытушылық - оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен жұмыс әрекеттерін дамыту, тапқырлық ізденімпаздық, алған білімдерін пайдалана білу қабілетін арттыру; тәрбиелік - сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу білім алуға, оқуға құштарлық сезімінің артуына ықпал ету. Сабақтың типі: жаңа білім беру. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, талдау, топтастыру, ойын. Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта. Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Балалармен амандасып, түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау. 1. 142 - жаттығудың орындалуын тексеру. Зымыран сұрақтарға жауап алу. 2. Сын есім дегеніміз не? 3. Тұлғасы жағынан сын есім нешеге бөлінеді? 4. Негізгі сын есім дегеніміз не? 5. Туынды сын есім дегеніміз не? 6. Құрамына қарай нешеге бөлінеді? 7. Дара сын есім дегеніміз не? 8. Күрделі сын есім дегеніміз не? 9. Сын есім жасайтын жұрнақтарды ата.
Жаңа сабақ. Төмендегі сын есімдерді негізгі, туынды сын есім деп бөлек - бөлек жазу. СЫН ЕСІМ Жаңа сабаққа жаттығу жұмыстарын орындату 146 - жаттығу (жазбаша) Сапалық сын есім Қатыстық сын есім
Сергіту сәті (Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру мақсатында) Бір сөзбен айтқанда 1. Қиыстырып, тауып сөйлейтін сөзге шебер адам 2. Айтқанға сене салатын, еш нәрсені байқамайтын адам. 3. Тез ашуланатын адам. 4. Көрінгенге соқтыға беретін адам. 5. Керексіз көп сөйлейтін адам. 6. Бойы ұзын адам. 7. Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адам. 8. Бір сыныпта, бір мектепте оқыған басқаларды бір сөзбен айтқанда.
147 - жаттығу (ауызша) Жұмбақтарды оқып шығыңдар. Қатыстық сын есімдерді тауып, қай сөз табынан жасалғанын айт. 1. Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші, Әр үйде бар, тапқышым, кәне, білші. (радио) 2. Темір қайшы - қос қайшы, Шығыршықсыз бос қайшы. Еңбектерге дос қайшы, Еріншекке қас қайшы (сағаттың тілі) 3. Ешбір тіреусіз күмбез, Ешбір сүйеусіз күмбез. Ешкім көтере алмайтын күмбез, Ешкім төңкере алмайтын күмбез. (аспан)
Ойлан, ізден, тап. 1. Оңға қарай оқысаң да, солға қарай оқысаң да сын есім болатын қай сөздер? 2. Екі әріптен ғана тұратын сын есім. 3. Құрамында үш а әрпі келетін сын есімді тап. 4. Тек қана қ әрпінен басталатын сын есімдерді ата. 5. Қара - қызыл, түкті - түсіз сын есімдерді қай жұмбақтарда кездеседі?
151 - жаттығу. Төмендегі өлең жолдарын есте сақтап жазу (берілетін уақыт 3 минут) Жайлау Жайлау қандай тамаша, Көзді тартар қараса. Қызыл - жасыл төңірек Бейне жайған алаша.
Жылдам жауап. Сын есімнің астына қатарлап сын есім жазыңдар. Тігінен оқығанда бірінші сөз шығатын болсын. Үлгі: асқақ ------- тәтті ------ жақсы ----- аласа сезім -------- ә ---------- а ----------- л қасқа --------- т ---------- қ ----------- а ақылды ----- т ---------- с ----------- с қоңыр ------- і ---------- ы ----------- а Құрамындағы қатыстық сын есімдерді табу керек. Өзімді - өзім сынаймын. Бұл ойынға 12 тестік сұрақ белгіленеді. Әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Әр сұрақтың астында белгілі ұтыс заттары бар. Дұрыс жауап берген оқушы алуға құқылы. 1. Сын есім А) заттың санын білдіреді Ә) заттың атын білдіреді. Б) заттың сапасын білдіреді. Ұтыс: дәптер 2. Сапалық сын есімді тап. А) қорқақ Ә) білгіш Б) ашушаң Ұтыс: сызғыш 3. Сын есімнің сұрақтары. А) не істеді? Ә) қандай? қай? Б) қанша? неше? Ұтыс: қалам 4. Жұмбақты шешіп, сын есімді тап. Белі бүкір, алысқа түкір. Ұтыс: кәмпит 5. Туынды сын есімді тап. А) жалтыр Ә) тәртіпті Б) биік Ұтыс: өшіргіш 6. сын есімді тап. А) кеше Ә) әлсіз Б) сары Ұтыс: күнтізбе 7. Негізгі сын есімді тап. А) таза Ә) әлсіз Б) кешкі Ұтыс: «5» баға 8. Жұмбақты шешіп, сын есімді тап. Аттан биік, иттен аласа. Ұтыс: стержен 9. Қатыстық сын есімді тап. А) заңгер Ә) ымырт Б) өнегелі 10. Төмендегі сөздерге қарсы мәндес сөздер тауып айт. А) семіз Ә) мөлдір Б) сотқар Ұтыс: маркер 11. Дара сын есімді тап. А) тап - таза Ә) ақ Б) өте жақсы Ұтыс: қаламсап 12. Құрамындағы үш т әрпі кездесетін қандай сын есім?
Сабақты бекіту: 1. Сын есімнің біздің өміріміздегі рөлі. 2. Сын есімнің мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 3. Сапалық сын есім дегеніміз не? 4. Қатыстық сын есім дегеніміз не? Қорытынды. Оқушыларды сабаққа қатысуларына қарай бағалаймын.
I. Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтар. Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар: 1. лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті; тау-лы, тас-ты, дене-лі, көрік-ті, өнер-лі т. б. 2. -сыз, -сіз: үй-сіз, жер-сіз, қызмет-сіз, жол ас-сыз, ағаш-сыз т. б. 3. -ғы, -гі, -қы, -кі: жаз-ғы, іш-кі, сырт-қы, соң-ғы, күз-гі, түн-гі т. б. 4. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: азамат-тық, жыл-дық, көлем-дік, күн-дік, өлке-лік, кәмелет-тік т. б. 5. -шыл, -шіл: жер-шіл, үйқы-шыл, күлкі-шіл, үй-шіл, сыр-шыл т. б. 6. -шаң, -шең: бой-шаң, сөз-шең, киім-шең, тер-шен т. б. 7. -дай, -дей, -тай, -тей: үй-дей, қой-дай, арыстан-дай, ат-тай, түлкі-дей т. б. 8. -кер, -қой, -қор, -паз, -ымпаз, -імпаз: табыс-кер, найза-гер, әуес-қой, сән-қой, бәле-қор, жем-қор, шай-қор, өнер-паз, әсем-паз, жеңім-паз т. б. 9. -и, -ы, -і: тарих-и, дін-и, әдеб-и, ресм-и, мәден-и, қазақ-ы, қадмақ-ы, естек-і, (башқұр-лық), алтай-ы, араб-ы т. б. Ескерту: 1. Көрсетілген жұрнақтардың кейбірі басқа сөз табында да кездеседі. Мысалы: -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнагы зат есім де жасайды: жақсы-лық, жаман-дық, дос-тық, күнде-лік, орын-дық, т. б. -сыз, -сіз, -дай, -дей, -тай, -тей, -шақ, -шеқ, т. б. үстеуде де кездеседі. Мысалы: ақы-сыз берді, ат-сыз келді, қыс-тай дайындалды, тоты-дай сайрады, көйлек-шең отырды т. б. Бұндай сөздер сөйлемде білдіретін мағынасы мен кызметі арқылы ажыратылады. Араб-иран тілдерінен енген -кер, -қой, -қор, -паз жұрнақтары үндестік заңына бағынбайды, өйткені бұл жұрнақтардын жуан — жіңішке сыңарлары жоқ.
2. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар. Етістіктен сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар: 1. -ғак,, -гек, -қак,, -кек, -ақ, -ек: ұрыс-қак, тай-ғақ, үрк-ек, қорқ-ақ, бөл-ек т. б. 2. -ық, -ік, -қ, -к: тол-ық, сын-ық, аш-ық, ақса-қ, сире-к, біт-ік т. б. 3. -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: біл-гіш, жаз-ғыш, көр-гіш, айт-қыш, бар-ғыш т. б. 4. -ғыр, -гір, -қыр, -кір: өт-кір, ұш-қыр, ал-ғыр, тап-қыр, біл-гір т. б. 5. -шақ, -шек: ұрын-шақ, жасқан-шақ, сүрін-шек, қызған-шак, мақтан-шақ т. б. 6. -ыққы, -іқкі, -ңқы, -қкі: бас-ыңқы, көтер-іңкі, шаш-ыңқы, салбыра-ңқы т. б. 7. -ынды, -інді, -нды, -нді: жаса-нды, кұра-нды, түй-інді, т. б. 8. -малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі: көтер-мелі, таңда-малы, айнал-малы, жылжы-малы, ауыс-палы, көш-пелі т. б. 9. -ымды, -імді, -мды, -мді: жара-мды, шыда-мды, қон-ымды, келіс-імді т. б. 10. -аған, -еген: қаш-аған, сүз-еген, теб-еген, қаб-аған т. б. 11. -улы, -улі: қаңтар-улы, іл-улі, ая-улы, ас-улы т. б. 12. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: қыз-ба, бұра-ма, бас-па, боя-ма т. б.
Күні: 18.11.15
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сын есімнің мағыналық ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен жұмыс әрекеттерін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Сөз мағынасына мән беруге тәрбиелеу, білімге, оқуға құштарлық сезімінің артуына ықпал ету.
150- жаттығу. Өз сыныптасыңды бейнелеп мінездеме жазу
XIV.Бағалау. Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалаймын.
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сын есімнің иағыналық ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту, теориялық білімі практикамен ұштастыру. Дамытушылығы: Оқушылардың ой қабілеттеріне әсер ету арқылы өздігінен жұмысәрекеттерін арттыру, білім, іскерлік, дағдыны дамыту. Тәрбиелігі: Мақал – мәтелдерді негізге ала отырып, өнер – білімге құштарлықтарын арттыру, Отанды сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, талдау, деңгейлік тапсырма. Пәнаралық байланысы: әдебиет. Көрнекілігі: тірек-сызба, интерактивті тақта құрылғылары. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару (амандасу, түгендеу). Психологиялық дайындық. Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім. Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені. Балалығым, бақытым қазақ тілім –деп ақындармыз жырлағандай рухани қазынамыз тіл мәртебесін көтеру,сөз сырын тереңірек ұғыну мақсатында қазақ тілі сабағымызды бастаймыз. Үй тапсырмасын тексеру. Сын есімнің жасалуы. 145 – жаттығу. Мінездеме беру. Бекіту сұрақтары: 1. Сын есімнің белгілері. 2. Сын есімнің құрамына қарай бөлінуі. 3. Күрделі сын есімдер қалай жасалады. 4. Етістіктен жасалған сын есімдер.
Тест жұмысы (Тақтамен жұмыс) 1. Сын есімді тап. А) жарық б) айна в) түк г) гүл 2. Дара сын есімді белгіле а) қонымды ә) шөп в) бәрі г) көбелек 3. Күрделі сын есімді тап: А) сұра, сөйле Б)қышқыл В) кең маңдайлы Г) гүлді 4. Сын есімді тұрақты сөз тіркесін көрсет: А) жым болу Б) кірпігі айқаспайды В) қасы-көзі қиылған Г) ала жібін аттамады 5. Т� �ынды сын есімді тап: А) жылтыр Б) момын В) кенді Г) қызыл 6. Сөз таптарын зерттеген қазақ ғалымы: А) М.Әуезов Б) Ы.Алтынсарин В) А.Байтұрсынов 7. Берілген сөйлемде сын есім қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр. Дастарханға сықпа құрт пен сары ірімшік шашылды. А) бастауыш Б) анықтауыш В) баяндауыш Г) пысықтауыш Жаңа сабақ Сын есімнің мағыналық түрлері. «Ой қозғау » әдісі. «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті.Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». «Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға бәрі де оның тұрмай ма аңдағанда». Абай Берілген Абайдың нақыл сөздерінің мағынасын ашып, сын есімдерді табу.Сын есімнің жасалуына назар аудару . Сын есімнің мағынасы грамматикалық ерекшелігіне қарай: Сапалық сын есім заттың түр-түсін,сын-сапасын тікелей анықтайтын сын есім. Заттың сын-сипатын басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есім.
Жасыл,ыстық,әдемі Темірдей,мейірімді,кестелі
Мақал-мәтелдерді сәйкестендіру 1.-ағаш жерге иіліп тәжім етеді еріншек — елге иіліп тәжім етер жемісті 2.-сөз жан сүйіндіреді жақсы 3.-адамның ертеңі бітпес жетім 4.-өрге жүзер талапты 5.-ерге нұр жауар өнерлі 146-жаттығу Сапалық сын есімдерді бір бөлек,қатыстық сын есімдерді бір бөлек жазу. Сапалық қатыстық Жасыл,тәтті, сазды,балалы, үлкен,қымбат жігерлі,отты Екі жақты күнделік «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» бойынша оқушылар өлеңді оқып,қай өлеңнен алынғанын айту. Сын есімдердің мағыналық түрлерін ажырату. 1.Топтанып тұрған кәпірге Қобыланды жалғыз келеді. Бөлек-бөлек қылады, Бөлінген қойдай қырады. 2.Шығамын тірі болсам,адам болып Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе? Жүргенше бұл дүниеде жаман болып. 3.Жамнның кеудесі үлкен,сөзі кісен, Ақылы ауысқан адамның жындысындай. Екеуін шатастырып әдейі айттым, Қажетті қолданарсыз тұрмысыңа-ай. 148-жаттығу.Деңгейлік тапсырмалар. 1-топ.Қатыстық сын есімдерді теріп жаз.Берілген сөйлемнен зат есім мен сын есімге тұлғалық талдау жаса. Жесір әйел керемет өнерлі,шебер кісі-еді. 2-топ Сапалық сын есімдерді теріп жаз.Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне ажырат. Бір күніжібекпен кестеленген үлкен орамал дайын болды. 3-топ Сапалық,қатыстық сын есімдерді ажырат.Ертегіні әрі қарай жалғастыр. Топшамамен жұмыс 1-топшама.Біріккен атау болу үшін қандай сын есім керек. -бөкен,-сақал,-өзек,-адыр,-көз (ақ,сары,қара, көне) 2-топшама. Қосарланған сын есім сыңарларын толықтыр. -байтақ,-кіші,-жас,құсқы 3-топшама.Сөз тіркестерін бір сөзбен ауыстыр. пейілі кең,еті тірі,б ас бұзар,атқан оқтай Бекіту Семантикалық кесте негізгі туынды дара күрделі Сапалық қатыстық Биік Таулы Ірілі-ұсаөты Ұялшақ Жылы Ажарлы Момын Топтастыру Қатыстық ———— Сын есім——————Сапалық Үйге тапсырма:Сын есімнің мағыналық түрлері. 149-жаттығу. Көркем шығармалардан сапалық,қатыстық сын есімдерге мысал жазу. Бағалау
Күні: 18.11.15 Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері Сабақтың мақсаты: а) Білімдік: Сын есімдердің мағыналық ерекшеліктерін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту. ә)Дамытушылық: Оқушылардың ой қабілетіне әсер ету арқылы өздігінен жұмыс әрекеттерін дамыту, тапқырлық, іздемпаздық, алған білімдерін пайдалана білу қабілеттерін арттыру. б) Тәрбиелік: Сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу, білім алуға, оқуға деген құштарлық сезімінің артуына ықпал ету. Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, топтастыру Сабақтың көрнекілігі: кеспелер, интерактивті тақта Пәнаралық байланыс: әдебиет Сабақ барысы Ұйымдастыру оқушылармен амандасып, түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару Үй тапсырмасын сұрау 133, 137, 141-жаттығуларды тексеру Үй тапсырмасын бекіту 1. Сын есім дегеніміз не? 2. Тұлғасы жағынан сын есім нешеге бөлінеді? 3. Негізгі сын есім дегеніміз не? 4. Туынды сын есім дегеніміз не?
Жаңа сабақ Мұғалім: -Балалар, ендеше мына сызбадағы сын есімдерді тұлғасына қарай ажыратып көрелік. өнерлі, жақсы, ашық, аспалы, үлкен ,қызылдау, сұр, бойшаң
Мұғалім: - Ал, енді осы сөздерді қалай түсінеміз? Оқушы: - Мағынасына қарап ажыратамыз. Мұғалім: - Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Сын есімнің мағыналық түрлері» деп аталады Мағынасына қарай сын есім сапалық сын есім және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді. Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнің айырмасы, ең алдымен, білдіретін мағынасына байланысты болады. Заттың түр-түсін, сын-сапасын тікелей анықтайтын сын есімді сапалық сын есім дейміз. Мысалы: жақсы сөз Ал заттың сын сипатын, әр түрлі белгісін басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есімді қатыстық сын есім дейміз.
Мысалы: өнерлі жігіт - өнердің неше түрін білетін жігіт.
Сын есіммағынасына қарай
Сапалық сын есім Қатыстық сын есім
Түбір күйінде заттың сы- Басқа сөз таптарынан жа- нын тікелей білдіретін салған сын есімдер сын есім өнер-лі, аш-ық, ас-палы, жақсы, үлкен, сұр, қызылдау бой-шаң
Мұғалім: -Ал енді кітапқа назар аударайық 146-жаттығу Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек екі баған етіп жазыңдар.
«Кім жылдам» ойыны. Сын есімнің астына қатарлап сын есім жазыңдар. тігінен оқығанда бірінші сөз шығатын болсын. Қатыстық сын есімді тап.
Үлгі: Асқақ тәтті жақсы аласа Семіз Қысқа Ақылды Қоңыр
147-жаттығу Жұмбақтарды оқып, қатыстық сын есімдерді теріп жаз.
Қатыстық сын есімдер: тап-қыш-ым, шығыршық-сыз, еңбек-кер-ге, ер-ін-шек-ке, тіре-у-сіз, сүйе-у-сіз. «Екі жақты күнделік» Өлеңдерді оқып, тақырыбын анықтап, соған қатысты мақал жазу, сын есімдерді ажырату.
1-қатар Шығамын тірі болсам, адам болып, Жүрмеймін бұл өмірде жаман болып, Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе? Жүргенше өмір сүріп надан болып.
2-қатар Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа, Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
3-қатар Топтанып тұрған кәпірге, Қобыланды жалғыз тиеді. Бөлек-бөлек қылады, Бөлінген қойдай қылады.
«Бір сөзбен айтқанда» Сын есімдерді тауып, мағынасына қарай ажырату.
1. Айтқанға көне салатын, еш нәрсені байқамайтын адам (аңқау – сапалық сын есім) 2. Тез ашуланатын адам (ашушаң – қатыстық сын есім) 3. Көрінгенге соқтыға беретін адам (сотқар – сапалық сын есім) 4. Керексіз көп сөйлейтін адам (мылжың – сапалық сын есім) 5.Бойы ұзын адам (бойшаң – қатыстық сын есім) Кеспемен жұмыс
Мақал-мәтелдерден сын есімдерді тауып, мағынасына қарай ажырат
1. Талапты ерге нұр жауар.
2. Алыс жол атты сынайды, Ауыр жол ерді сынайды.
3. Ақылды жігіт атқа да мінер, Таққа да мінер
Төмендегі сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра
Салмақты, ұзақ, көрікті, бағалы.
Төмендегі сөздерді тиісті сын есіммен тіркестір Жазғы үй Сары ырым Ауыр бала Биік дауыс Жаман балапан Әдепті демалыс Көтеріңкі жүк
Өлең шумағынан сын есімдерді тауып, мағынасына қарай ажырат. Жақсының жүзі жылы, сөзі майда, Халқымның қалың жүнді көрпесіндей. Жақсы болар баланың жүзі жақсы, Орыстың күймей піскен бөлкесіндей. Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы, Жасынан бірге өскен еркесіндей.
Шығармашылық жұмыс. Сын есімдерді қатыстыра отырып, суретті бейнелеп жазу, сын есімдерді мағынасына қарай ажырату.(Қазақстан, Б. Момышұлы, мектеп)
Сабақты бекіту Мұғалім: - Ал, балалар, өткен және бүгінгі сабақтардан сын есімнің қандай түрлерін білдік? Мысал келтіріп, топтастырып көрелік.
Негізгі Туынды
Дара Күрделі Қатыстық Сапалық
Венн диаграммасы. Сапалық және қатыстық сын есімдерді салыстыру
Сапалық сын есім Ортақ Қатыстық сын есім
Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды біліміне қарай бағалау.
Күні: 16.11.15 Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Тақырыбы: Анықтауыш
Сабақтың мақсаты. Білімділік. Анықтауыш туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық.Түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушының ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын,байқағыштық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік.Оқушылардыңтапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу.
Сабақтың түрі жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдістері. оқу құралдарымен,дидактикалық материалдармен жұмыс т.б.
Сабақтың көрнекілігі кесте,
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі II.Өткенді еске түсіру
1.Қазақ тілінде қанша сөйлем мүшесі бар?
2.Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
3.Тұрлаусыз мүшелерді атаңдар?
4.Толықтауыш дегеніміз не?
5.Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілерін атаңдар.
6Дара толықтауышқа мысал келтір.
7.Күрделі толықтауыш дегеніміз не? Мысал келтір.
8.Жасалу жолдарын мысалдармен дәлелде.
9.Үйірлі толықтауыш дегеніміз не?
III Жаңа сабақты түсіндіру.1.Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2.Сөйлемде зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сындық,сандық,сапалық,иелік жағынан сөз таптарынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше.
Сұраулары:Қандай?Қай?Қанша?Неше?Кімнің?Ненің?
Мысалдармен дәлелденеді.
Анықтауыш өзі анықтайтын мүшесімен қабыса,матаса байланысады.Анықтауыштың жасалу жолдары кесте арқылы түсіндіріліп, мысалдармен дәлелденеді.
Оқулық бойынша ерілген жаттығуларды орындау.
49-жаттығу.Анықтауыштардың сұрақтарын қою.
50-жаттығу.Анықтауыш қызметін атқарып тұрған сөз таптарын ажырату.
51-жаттығу.
I-топ.Дара анықтауыштар
II-топ.Күрделі анықтауыштар
III-топ.Үйірлі анықтауыштарды табу.
Тапсырма: Өлең жолдарынан анықтауыштарды тауып,құрылысына талдау және анықтауыш болып тұрған сөз таптарын табу.
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз,қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
Ауру жүрек ақырын соғады жай,
Шаршап қалған кеудемде тулай алмай.
Кейде ыстық қан кетеді басып оны,
Дөңбекшіген түндерде тынши алмай. Абай.
I-топ.Өлең жолдарынан анықтауышты табу.
II-топ.Құрылысына қарай талдау.
III-топ.Сөз таптарына анықтап,байланыс түрін табу.
Ой шақыру.Мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастыру. Оқушылар өздері білетін мақал-мәтелдер айтады,қалған оқушылар мақал-мәтелдерден анықтауыштарды табады.
Қолдану.Кодоскоптан көрсетілген мақал-мәтелдердің орнына анықтауышты тауып қою.
Сабақты қорыту.-Бүгінгі сабағымыз арқылы ойымызды жинақтап қорытайық..
Топтастыру.Оқушыларды еркін ойлау арқылы жұмылдыру.
Үйге тапсырма. «Адамның жақсы, жаман болмағы-өзінен» деген тақырыпта ойтолғау жазу. Бағалaу.
І Сабақтың тақырыбы: Бірыңғай мүшелер, байланысы, тыныс белгілері. ІІ Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: оқушыларға бірыңғай мүшелер туралы, олардың байланысы, оған байланысты қойылатын тыныс белгілері туралы түсінік беру; Б) Дамытушылық: оқушыларды синтаксистік талдау жасай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту, пунктуациялық сауаттылықтарын арттыру, компьютермен жұмыс жасай білуге баулу; В) Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу; ІІІ Түрі: интегралды сабақ; ІVӘдісі: түсіндіру, талдау, суретпен жұмыс, сызбамен жұмыс, графикалық кесте сызу, компьютермен жұмыс; V Көрнекіліктер: компьютердегі тапсырмалар, таратпа картотекалар, сызбалар, суреттер; VІСабақтың барысы: 1 Ұйымдастыр кезеңі / жоқ оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару/ 2 Үй тапсырмасы: 61-жаттығу / қатар бойынша қосарлы айқындауыштарды қатыстырып, сөйлем құрау/ 3 Ережелерді пысықтау: Айқындауыш мүше дегеніміз не? Айқындауыш мүше нешеге бөлінеді? Оңашаланған айқындауыш деп нені айтамыз? Қосарлы айқындауыш дегеніміз не? 4 Жаңа тақырып: бүгінгі тақырыбымызға көшейік. Біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты – бірыңғай мүшелер, олардың байланысы және оларға байланысты қойылатын тыныс белгілері жайлы түсінік алу. Сөйлемде белгілі бір мүше сан жағынан біреу ғана емес, екі я одан да көп болып, бірыңғайласып айтылуы да мүмкін. Досан, Есен, Әлмен, Бәрмен де аса сүйсінген ажар танытты. Бұл сөйлемде төрт бастауыш бар, бәрі де бір ғана ажар танытты деген баяндауышпен байланысып, кім? деген ортақ бір сұрауға жауап берген.Бірыңғай мүше түрінде тек бастауыш қана емес, басқа мүшелер де — баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш — айтыла береді. Бірыңғай баяндауыш Сүгірәлиева Алтын — жақсы әнші, әсем биші. Сызбасы: О /О Бірыңғай толықтауыш Аңшы, мергендер, жортуылдар — күнделік аңыз тудырған қайратты, өнерді, қастық-араздықты да баян етеді. Нелерді? Сызбасы: |О|О|О| Бірыңғай анықтауыш Ораз орта бойлы, кең жауырынды, төстек кеуделі, ақ сақалды, дөңестеу мұрынды, дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қас, кең маңдайлы адам еді. Сызбасы: |О|О|О|О| О|О|О| Бірыңғай пысықтауыш Көктемде, жазда және күзде ауыр тікұшақтар тайгадағы бұрғылардың үстінде қалықтап жүреді. Сызбасы: [О] О және [О] Бірыңғай мүшелердің негізгі белгілері: 1. Бірыңғай мүшелер өзара салаласа байланысып, біркелкі сарындағы дауыс ырғағымен бөлініп айтылады, басқаша айтқанда, санамалау интонациясымен айтылады. 2. Ортақ бір сұрауға жауап береді. 3. Бірыңғай мүшелер көбінесе бірыңғай тұлғада болып, бір сөз табына жатады. 4. Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады. ▲ Қызметі мен сұраулары ортақ болып, өзара салаласа байланысқан екі я одан да көп мүшелерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісі Жазуда бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады. Бірақ үтір бірыңғай мүшенің бәріне қойыла бермейді. Үтір мынадай жағдайда қойылады: 1. Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса, араларына үтір қойылады. Аспан айқын, ашық. [О, О]. 2. Егер жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшенің әрқайсысымен қайталанып айтылса, араларына үтір қойылады. Инженер де, мұғалім де, еңбегі асқан екпінді де осы үйден табылады. (О де, О де, Оде). Кейде шортан, кейде шабақтар ілігіп қалады. (кейде О, кейде О.) Егіс мәдениетін әрі өсірем, әрі кеңейтем. (әрі О, әрі О). 3. Бірыңғай мүшелер бірақ деген қарсылық жалғаулығы арқылы байланысса, араларына үтір қойылады: Орта бойлы, бірақ толықша қара сұр жігіт еді. (О, бірақ О). Мынадай жағдайда бірыңғай мүшелердің арасыта үтір қойылмайды : 1. Бірыңғай мүшелердің арасын пен, және жалғаулықтары бір-ақ рет байланыстырса, үтір қойылмайды. Күні-түні қолынан кітап пен қарындаш түспейтін. (О пен О). Қарағандының өзінде орысша және қазақша драмалық театр, бірнеше кинотеатр бар. (О және О). 2. Да, әрі, не, немесе, яки жалғаулықтары қайталанбай, бірыңғай мүшелердің арасында бір-ақ рет келіп тұрса, үтір қойылмайды. Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы. (О да О). Көбінің жүзі ақшыл не қызғылт сарғыш келген. (О не О). 5 Сурет бойынша жұмыс: компьютерде жылдың төрт мезгіліне байланысты табиғат көріністері /пейзаж: қыс, көктем, жаз, күз/ бейнеленген. Тапсырма шарты – бірыңғай мүшелерді қатыстырып, сөйлем құрау; 6 Оқулықпен жұмыс: 64-жаттығу /ауызша/ Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тіркескен сөздерімен тауып, қандай сұрақтарға жауап беретінін, қай сөз табы болатынын анықтау:дәуірдің, халықтың тізгінін; жамандардан, зұлымдардан қорғады; ең биік, ыңғайлы, өлкелеріне; ең таза, шұрайлы өлкелеріне; көркемдік, жарқын жүзділік, әдептілік, жүректілік, үлкендерді, қарияларды құрметтеу, сөзінде тұру, мәрттік, кішіпейілділік қасиеттерге ие; лайықты да парызды іске; өз дертін айту үшін және түркілерге жақын болу үшін ; қамқорлық, пана табады; 7 Жорамалдау тәсілі: компьютерден дыбысы алынып, үнсіз кинофильмдер көрсетіледі. Оқушылар олардың қимыл, іс-әркеттеріне қарап, өздерінің сөйлемдерін айтады. Олардың ойлары фильмдегі оймен сәйкес келе ме, келмей ме дауысын шығарып тексереміз. /«Көксерек» және «Менің атым - Қожа» фильмдері/ 8 Компьютердегі тапсырманы орындатып, өз жауаптарын бірден тексерту; /Жаттығу жұмысы/ 9 Сабақты бекіту: сызбамен жұмыс: /оқушылар берілген сызба бойынша бірыңғай мүшелерді қатыстырып сөйлемдер құрайды. Осы арқылы жаңа тақырыпты түсінген-түсінбегендерін тексеру/ [О, О, О] [О,О – О] [О,О және О] [әрі О, әріО] 10 Үйге: 63-жаттығу /Бірыңғай мүшелердің арасына тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу/ VІІ Оқушылар білімін бағалау;