kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?аза?ша?ыз ?алай?" сыныптан тыс шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Саба? 6 сыныпта ?ткізілді. саба? ? турдан т?рады.  І турда о?ушылар ?здерін таныстырып, бір біріне ?уаныш с?т тіледі. ІІ турда "С?ра? жауап" сайысы болды, о?ушылар ?ткен та?ырып бойынша ережелерді пысы?тады. "Жал?асын тап " ма?ал м?телдерді?  жал?асын теріп жазу. ІІІ турда "Адас?ан ?ріптер кезе?і" орны ауыстырыл?ан ?ріптерден с?здер шы?ару ж?не оны фонетикалы? талдау керек, о?ушылар белсене ?атысты. І? турда о?ушылар ?здеріні? ?нерлерін к?рсету болды, барлы?  о?ушылар би билеп, ?н салып, сы?а? к?лкі керуенін сахына?а шы?арып, белсенді ?атысты. саба? тартымды ?тті. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?аза?ша?ыз ?алай?" сыныптан тыс шара »


Мақсаты: 
1. Оқушыларды қазақ тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. 
2. Басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру. 
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, қазақ тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру. 


- Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты интеллектуалдық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл шарада оқушылар сайысқа түседі. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру. 
Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет


Сайыстың жалпы турлары: 
І тур. «Сәлем – сөздің бастауы» 
ІІ тур. «Дода» - сұраққа жауап беру. 
ІІІ тур. «Кім жылдам?» шашыраңқы сөздерден сөйлем құру. 
ІV тур.
«Әріптер сайысы» - тиісті әріппен сұрақтарға жауап қой.

V тур. «Өнерпаз болсаң...» - үй жұмысы. Марапаттау


Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп сайыстар кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған оқушылар «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алады. Әр сайысқа 10 ұпайдан 10 ұпай қойылады. Ең жоғары ұпай 10, ең төмен ұпай 2. 


Қазылар орнықтырар әділдікті 
Кімдердің жауаптары кәміл шықты. 
Білім мен тапқырлықтың сайысында, 
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,


деп әділ қазылар алқасын сайлаймыз. 3 әділ қазылар алқазы сайланады.


Төселген жазушы емес менің затым 
Көркемді жұмыс емес жазған хатым 
«Сергек ой – ер серігі» дейді қазақ, 
Салмақтап ел танысын ерлер атын – деп,

І сайысымызды бастаймыз: 

І кезең. «Сәлем – сөздің бастауы». Ойыншылардың сәлемдесуі. Танысу


ІІ кезең. «Дода» Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап беру керек. 
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? 
2. ҚР Мемлекеттік тілі? 
3. Қыста не жауады? 
4. Жаңылтпаштың сөздері қалай айтылады? 
5. Күздің бірінші айы? 
6. ҚР ның рәміздерін ата? 
7. Абай Құнанбаевтың ол кім? 
8. Бір тәулікте неше сағат бар? 
9. Наурызда пісірілетін басты тағам? 
10. Қазақстан туының түсі қандай? 
11. Зергерлік бұйымдарды ата? 
12. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? 
13. Қыс айларын ата: 
14. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? 
15. Ж қандай дыбыс? 
16. Тышқаннан қорқатын аң? 
17. Тамақты бұзбайтын салқын жәшік? 
18. Бір жылда неше күн бар? 
19. Ертегілердің түрлерін ата? 
20. Сөйлем неден құралады? 


ІІІ кезең. «Кім жылдам?» 
Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау керек. 
1. Бейнеленген, қанатты, жағында, екі, елтаңбаның, пырақтар. 
(Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген) 
2. Біздің, білдіреді, шаңырақ, біртұтастығын, Отанымыздың. 
(Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді) 


ІҮ кезең. «Әріптер сайысы» 
Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді. 
(а, е, т, о, с, ә, б, м, н, қ) 
1. Қазақ тілі пәні ұнай ма? 
2. Досың кім? 
3. Әдемі адамның арманы не? 
4. Бүгін қандай күн? 
5. Сенің көзің қандай? 
6. Жігіттер сырға таға ма? 
7. Бала оқытатын адам? 
8. Бос уақытыңда не істейсің? 
9. Қандай тағамдар ұнайды? 
10. Жасың нешеде? 


1. Мақал білесің бе? 
2. Есімің кім? 
3. Аспанда не бар? 
4. Колледж мұғалімдері қандай? 
5. Қар қай кезде жауады? 
6. Алма тәтті ме? 
7. Кім болғың келеді? 
8. Адамдар неден қорқады? 
9. Тобыңда неше оқушы бар? 
10. Қандай қаланы білесің? 


Ү. «Өнерпаз болсаң...» 
Оқушылардың дайындап келген өнеріне тоқталайық. 

«Қазылар орнықтырар әділдікті, 
Кімдердің жауаптары кәміл шықты. 
Білім мен тапқырлықтың сайысында, 
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты», - 
дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік. 



Қорытындылау. 
Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік. 
Кіршіксіз қардай сақтаңдар, 
Қазақтың тілін ғаламат. 
Қазақ тілі – арым, иманым, 
Аманат, саған, аманат. 
М. Әлімбаев. 
Міне, осындай өлең шумақтарымен қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арналған «Қазақшаңыз қалай?» атты интеллектуалдық ойынымызды аяқтаймыз. Келіп, көріп, баға беріп, ат салысқандарыңызға көп рахмет!!! Сау болыңыздар!!!















































Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген




Біздің, білдіреді, шаңырақ, біртұтастығын, Отанымыздың. 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
"?аза?ша?ыз ?алай?" сыныптан тыс шара

Автор: Кадрушева Анар Сансызбаевна

Дата: 04.03.2015

Номер свидетельства: 182138


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства