kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?астерлі мені? хал?ымны? мереке Наурыз жыл басы!» ашы? т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

«?астерлі мені? хал?ымны? мереке Наурыз жыл басы!»

 Ма?саты: О?ушылар?а ?лысты? ?лы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толы? ма?л?мат беру, хал?ымызды? салт – д?ст?рін, ?дет – ??рпын ?йрете отырып, «Наурыз» ?аза?ты? ?лтты? мейрамы екенін ашып к?рсету.
К?рнекілігі: На?ыл с?здер жазыл?ан плакат, ?нтаспа, ?лтты? киімдер, ?лтты? та?амдар, шарлар, суреттер.
Ж?ргізуші: ??рметті ?стаздар, о?ушылар, ата – аналар! Сіздерді ?аза?ты? ?лтты? мерекесі ?лысты? ?лы – Наурыз Мерекесімен шын ж?ректен ??тты?таймыз. Б?гінгі бол?алы отыр?ан «?астерлі мені? хал?ымны? мереке Наурыз жыл басы!» атты
т?рбие са?атымыз?а ?ош келді?іздер! Сіздерді келіп жеткен к?ктем мерекесімен ??тты?тап, сіздерге шатты? тілей отырып, мерекелі т?рбие са?атымызды ашы? деп жариялаймыз! Жа?а ?мірді? ?айта басталатын к?н есебіні? басы, к?ктемні? к?шбасшысы, ?анатына маржан та?ып ?аратор?ай жеткенде к?ктемні? ал?аш?ы жа?быры себелейді. Сіресіп жат?ан ?ар еріп, к?л – к?сір су болып а?ады. ?сімдік ?й?ыдан оянады, б?йшешек ?аулайды. Жер ?лемді жайнатып, ?нші ??старды сайратып, Наурыз тойын
тойлайтын ?лысты? ?лы к?ні келді. Той ??тты болсын, ?лыс о? болсын!
?н: «Наурыз айы тол?анда»
Ж?ргізуші: К?ттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастархан?а елімні?,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата – бабам тойла?ан
?з – Наурызым, армысы?!
?дІл: Армысы? Наурыз,
?уаныш боп, кір т?рлет!
Ел болып са?ан,
К?рсетіп жатыр сый – ??рмет!

Дамир: Т?уелсіз биік хал?ымны? желбіреп туы шал?ысын,
?з Наурыз келіп еліме, Жер – Ана бойы бал?ысын.
Жа??ырар д?ст?р - салтымны? к?сілсін б?ла? жал?асып,
?астерлі мені? хал?ымны? мереке Наурыз жыл басы!


Т?рсынбай: Жар?ыра?ан жас н?рлы,
Жаса, Наурыз д?ст?рлі.
Ба?ытыма шал?ыдым,
Ашылады н?рымыз
Осынау байта? елімде
Айтылады жырымыз
Ж?рі?дер Наурыз той?а басып ая?
?алыс адам ?алмасын некен – сая?.
?н шыр?ап, би билейік, ?ауым болып,
Т?рмайтын уа?ыт келді ?нерді аяп.
 

М?хамбет: ?ош келді? Наурызым Арда?ты,
Хал?ым са?ан бар ?мітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Г?лге б?леп, н?р?а б?леп айма?ты.

С?улесі бар Наурызда та??ы ?мітті?,
Басын ?ос?ан сан адам сан ??рыпты?.
?лысты? ?лы к?ні паш етейік,
Белгісін досты?пенен м??гілікті?.
 

Аида: Наурыз – шыр айнал?ан жылды? басы,
Адамны? ?лшенеді ?мір жасы.
?аза?ты? пейіліне жарасады,
?р ?йде дастархан?а тол?ан асы.
Наурыз ?айтып оралады, аты да а?ыз,
С?рамаймыз ал?ыста, а?ы да біз.
Ке? дастархан, даламны?, сахнамыз,
?лы мейрам – Наурыз?а ша?ырамыз.
 

1-Ж?ргізуші: ?аза?ымны? салт – д?ст?рі жа??ыр?ан,
Т?лімді ой сына?ы, т?рбие к?зі ?алдыр?ан.
Салт – д?ст?рді арда?тайы?, а?айын,
?аза? атты ?лкен, кіші балдыр?ан.
Жиналыппыз с?тті к?ні б?рімізде,
?лкен, кіші, жасымыз, к?рімізде.
Т?рлеті?із ?адірменді ?она?тар,
Г?л – г?л жайнап мына бізді? т?рімізге

2-Ж?ргізуші: Бауырлас?а т?нтіміз,
Б?зылма?ан салтымыз.
Ке? даламны? ежелгі,
?аза? деген хал?ымыз.
?зге ?лттай бізді? де
Бар д?ст?р мен салтымыз. – деп ендігі кезекті Наурызда?ы салт – д?ст?рлерге берсек.

?аза? хал?ыны? атадан бала?а жал?асып келе жат?ан керемет- шілдехана бесік той, т?сау кесу, с?ндет той ж?не та?ы бас?а салт-д?ст?р мерекелері бар. Соларды? ?асиетті де ?астерлісі бесікке салу мерекесінен 9 «в» сынып о?ушыларыны? дайында?ан к?рінісіне назар аударайы?.

І-к?рініс: «Бесік сатып алу»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?астерлі мені? хал?ымны? мереке Наурыз жыл басы!» ашы? т?рбие са?аты »

Тақырыбы: «Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!»

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, үнтаспа, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар, суреттер.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы – Наурыз Мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі болғалы отырған «Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!» атты
тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз! Жаңа өмірдің қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы, қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп жатқан қар еріп, көл – көсір су болып ағады. Өсімдік ұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын
тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын, ұлыс оң болсын!
ән: «Наурыз айы толғанда»
Жүргізуші: Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата – бабам тойлаған
Әз – Наурызым, армысың!
ӘдІл: Армысың Наурыз,
Қуаныш боп, кір төрлет!
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый – құрмет!

Дамир: Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,
Әз Наурыз келіп еліме, Жер – Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр - салтымның көсілсін бұлақ жалғасып,
Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!


Тұрсынбай: Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз
Осынау байтақ елімде
Айтылады жырымыз
Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам қалмасын некен – саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.


Мұхамбет: Қош келдің Наурызым Ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін достықпенен мәңгіліктің.


Аида: Наурыз – шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы.
Наурыз қайтып оралады, аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз.
Кең дастархан, даламның, сахнамыз,
Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз.


1-Жүргізуші: Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге

2-Жүргізуші: Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз. – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт – дәстүрлерге берсек.

Қазақ халқының атадан балаға жалғасып келе жатқан керемет- шілдехана бесік той, тұсау кесу, сүндет той және тағы басқа салт-дәстүр мерекелері бар. Солардың қасиетті де қастерлісі бесікке салу мерекесінен 9 «в» сынып оқушыларының дайындаған көрінісіне назар аударайық.

І-көрініс: «Бесік сатып алу»

Әкесі: - Саламатсыз ба, қария! Мына бесігіңіз қанша тұрады?

Қария: - ә, шырағым, ала ғой. 20 мың теңге.

Әкесі: - қойыңыз, ол қымбат емес пе, атай? 15 мыңға беріңіз.

Қария: - әй, көргенсіз, бесіктің бағасын ешқашан саудаламайды қазақта.

Әкесі: - ой, қария, сіз ренжімеңіз, шынымен қымбатсып тұрмын.

Қария: - балам, есіңде болсын: бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына алып жүре береді. Әкесі: - қымбат болса ше?

Қария: - бесік жасайтын шеберлер аса ынсапты, ниетті келеді. Олар киелі дүниенің бағасын аспандатпау керегін жақсы біледі, балам.

Әкесі: - мына бесік неден жасалған?

Қария: - Қазақтар бесікті қарағайдан, қайыңнан, көбіне талдан жасайды. Бесікті «тал бесік» деп атаудың сыры осында. Бесік көшіп-қонатын қазақ тіршілігіне өте ыңғайлы. Оны түйе үстіне, өзге жүктермен қоса артып жүре береді. Кейде бала бөленген бесікті де осылай алып жүретін болған. Себебі «баланың ұйқысын бұзған періштенің үйін бұзғанмен барабар» деп ұққан.

Әкесі: - ал мынау не ілініп тұрған.

Қария: - ол бесіктің бір түрі – аспалы бесік.

Әкесі: - мақұл, ата. Әңгімеңізге рахмет. көп нәрсені білдім. Алайын бесікті. Мінеки 20 мың теңге.

Қария: - мынауың жөн. Сәбиің ғұмырлы болсын, халқының қалаулысы, елінің елеулісі, қоғамның бетке ұстар азаматы болсын.

Әкесі: - рахмет ата, сау болыңыз.

ІІ-көрініс: «Бесікке салу»

Үйдің ішінде дастархан жаюлы. Қыз-келіншектер кәде-жораларын, шашуларын алып келіп жатыр. Келгендер: - Сәбидің бауы берік болсын! Үйдегілер: - Төрлетіңдер, төрлетіңдер! Дастархан басындағы әңгіме: Келгендер: - Апа, баланы неге бесікке салатын болдыңыздар? Апасы: - Қызым, саудың асын ішіп, жындының сөзін сөйлегенді қашан қоясыңдар, осы? Бесік деген қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

Әжесі: - Бесік туралы мынадай әфсана бар. Ертеде жоңғарлар шапқыншылығынан соң тоз-тоз болған ел тау жаққа қарай босып, үдере көшкенде аяғы ауыр жас келіншек бос бесікті арқалап бара жатқан көрінеді. Сонда Төле бимен қатар келе жатқан кісі: "Мына бейшараның көрпе-жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқаны-ай!" - дегенде, Төле би: "Баланың бесігі - кең дүниенің есігі ғой", -деген екен.

Келіншектердің біреуі: - «Бесікке салған бала өспейді, оның бойында қан жүгірмейді, аяқ-қолы қисық болады» дейді ғой. Әжесі: - тек /жекіп/, оның бәрі бекер айтылып жүрген әңгіме. Бесікке баланы қазақ ешқашан да күндіз-түні матап байлап тастамаған. Бесіктегі сәбидің дене бітімі түзу, қол-аяғы түзу, ширақ болады.

Апасы: - қой, баланы бесікке салайық. Баланы алғашқы бөлеу ұрпақ өсірген, үбірлі-шүбірлі қадірмен әйелге тапсырылатын ырым бар. Ендеше, Әмина апа, сіз көпті көрген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қадірменді өнегелі тәтесіз. Бесікке сіз салыңыз баланы. Сіздің жолыңызды берсін мына отырған жас қыз-келіншектерге.

Әмина апа: - жақсы, баланы шомылдырып болыңдар онда. Апасы мен анасы кетеді, баланы шомылдырып, өс-өс жасайды: Өс-өс! (балдырғанның қол-аяғын созу) Өс-өс, балам, өсе бер, Батыр бол – балуан білекті, Батыл бол – таймас жүректі. Аяғыңды созайық, Саусағыңды жазайық. Етті болсын балтырың, Епті боп өс, жарқыным. Анасы баланы бөлеген соң, апасы: - Шақыр кісілерді. Қыз-келіншектер бөлмеге кіреді. Әмина апа: қане, бесікті әкел. Бесік – өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы, оның ер жеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы, мұны білген абзал. Бір балалар: апа, мына бесік тесік қой.

Әмина апа: ол әдейі жасалған тесік. Бұл тесік балаға тазалық, алаңсыз ұйқы сыйлайды. Алдымен тыштырма жасайық. /тыштырма ырымы - түбектің тесігінен» тышты ма» деп тәтті тағамдар өткізіп, балаларға үлестіреді./ Бұл жас нәрестенің ішкі ағзалары ауырмасын дегендік. Енді бесік кертпе деген бар. Бесік кертпе – отқа табыну дәуірінен қалған ырым. / шымшуырды отқа қыздырып, сонымен бесіктің басын, арқалығын қарып кетеді. Оттан жын-шайтан, дерт-дербезе қашады-мыс. Бұл алаумен аластаудың бір түрі./ Осыдан кейін отпен аластайды, баланы бөлейді.

Әмина апа: Енді бесікті аластайық. Бесікті аластау Алас, алас, баладан алас, Иесі келді, пәлесі көш! Алас, алас, бәледен алас, Көзі жаманның көзінен алас! Тілі жаманның тілінен алас! Қырық қабырғасынан алас, Отыз омыртқасынан алас! Алас, алас, аласы, Келді, міне, баласы. Көш, көш, пәлесі, Келді, міне, егесі. Аталарың ақырса, одан қорықпа, Аналарың, ағаларың шақырса, одан қорықпа, Ойнақтаған лақтан қорықпа, Сылдыраған бұлақтан қорықпа. Тулаған тайдан, Қуалаған ботадан қорықпа! Маң төбеттей ұйқылы бол, Түлкінің баласындай күлкілі бол. Алас, алас, аласы, Келді, міне, баласы. Ұйықтап дем алсын, Қунап оянсын! Осыдан кейін бір-екі қыз-келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды. Балалардың біреуі /шүмекті нұсқап/: мынау не?

Әмина апа: Мынаны шүмек дейді, шүмекті қойдың асықты жілігінен жасаған, ол айрықша аппақ болу үшін сүтке қайнатылады. Балалардың біреуі /түбекті нұсқап/: ал мынау не? Әмина апа: Ал мынаны түбек дейді. Түбектің түбіне күл салып қоятын болған, оның бір себебі бесікті тербеткенде нәрестенің зәрі шайқатылмау үшін, ал екіншісі оның күлге төгіліп, жылы бу шығарып тұруы үшін жасайды.

Балалар: олар не үшін керек?

Әмина апа: Мұның бәрі сәбидің денсаулығына пайдасы өте зор. Ол баланың тазалығына өте қолайлы, мына арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың дәретін жаймай, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл анаға да қолайлы. Бала да өзінің құрғақ, ұядай жылы жатын орнында алаңсыз ұйықтайды. Әмина апа: ал енді бесікке бөлейік. Осы кезде бір балалар бесікті тербетеді.

Әжесі: қой балам, бос бесікті тербетуге болмайды.

Балалар: мыналарды қарашы. Кіп-кішкентай көрпелер. Қандай әдемі!

Әмина апа: Бесіктің жабдықтарын барынша әдемілеп жасаған. Түбегі мен шүмегінен басқа, құс төсек, жастық, қолтық жастық, тізе жастық, жөргек, қолбау, тізебау, екі тартпасы дегені болады және олар ешқашан сүреңсіз сұр түсті маталардан тігілмеген. Кішкентай көрпешелері де мүмкіндігінше ашық түсті маталардан тігіледі.

Апасы: Бесіктің басына үкі тағады. Өйткені бала әсемдікке, әдемілікке бесікте жатқан кезден бастап үйренуі керек. Бала бесікте көп жатады. Бесік - баланың жылы ұясы.

Әжесі: Бесік - баланың ұйқысын ғана күзетіп қоймайды, оны халық сенімі бойынша, жын-шайтаннан да қорғайды. Сол үшін де халқымыз бесікті 7 затпен жабдықтаған. Олар - көрпе, қамшы, жүген, шапан, тон, кебенек, шекпен. Баланы әруақтар қорғап жүрсін деп, ата-бабадан қалған сырт киім, ел тізгінін ұстар азамат болсын деп, аттың тізгінін, ел арасында айбынды болсын деп, қамшы қояды.

Апасы:Сондай-ақ бесік баланы кездейсоқ құлаған заттан, суық пен ыстықтан қорғайды. Пәле-жаладан сақтасын деп ырымдап, оған үкі тұяғы, жыланның бас сүйегі, кірпі терісі сияқты заттар да тағып қояды.

Әмина апа: Егер баланы бесікке бөлемесе, ол анасының жанында ұйықтағасын оның иісін алып, онсыз ұйықтай алмайды. Ұйқысы жиі бұзылады. Ал ұйқының дұ­рыс болмауы баланың психикасына кері әсерін тигізеді. Анасының ұйқысы да жиі бұзылады. Ағзасы дұрыс демалмаған ана шаршайды.

Әжесі: Ал, Әмина, мынау сенің сыйың. /Әмина апаға және оның көмекшілеріне көйлек-жабдық сияқты сый тартылады. Әжесі: бата береді:

Көтерейік білекті, Нұрға бөлеп жүректі.

Бөбекке бата берейік, Ағынан айтып тілекті:

Сәбиіміз сүйкімді болсын, Өнер-білімге икемді болсын,

Бәйтеректей бойшаңданып, Өрен, өршіл, өркенді болсын!

Жақсы жолды таңдасын, Жамандық тәлім алмасын!

Даналардың дәстүрін, Жаңаласын, жалғасын,

Шұғылалы шуақты күн кешсін, Басын сұр бұлт шалмасын,

Қос топшысы талмасын, Қырандай биік самғасын!

Апасы: - Ал енді, қызым бесік жырыңды айтып, сәбиіңді ұйықтата ғой.

Анасы бесіктің теріс жағынан отырады.

Апасы: бесіктің теріс жағынан отыруға болмайды. Оң жағынан отыру керек.

Анасы жай уілдете бастайды.

Апасы: жоқ, қызым, бесік жырын үйренгенің жөн. Бесік жыры баланың дүние танымының ерте кеңеюіне жол ашады. Қазақ халқының балаларының тілі ерте шығып, жатық сөйлеуінің кілті - осы бесік жырында жатыр. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. Ана баланы әннің ырғағымен тербетеді. Өкініштісі, бүгінде бесік жырын әндететін ана аз.

Әжесі: Ардагер ұстаз-ғалым Рамазан Жәшиевтің айтуынша, бесік жырында түрлі фонетикалық дыбыс кездеседі. Ашық-қысаңы да, жуан-жіңішкесі де, қатаң-ұяң, үндісі де бар. «Әлди-әлди, ақ бөпем, ақ бесікке жат бөпем...» бәрі бар. Оның үстіне сазды, әуенді болып келеді.

Әмина апа: Сәби бесікте жатқанда анасының ұлағатты әнін естіп, бойына тәрбиелік мазмұндағы, рухани өнерді өз ана тілінде қабылдайды.

Қыз-келіншектер: рахмет сіздерге. Бүгін біз сіздерден көп нәрсе үйрендік.

Әжесі: Біз сіздерге үйретеміз, сіздер балаларыңызға үйретіп отырыңыздар. Сонда ата-бабамыздан қалған қазақтың әдет-ғұрпы, дәстүрі, мәдениеті, тілі өлмейді.

1-Жүргізуші: Төле би «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі» десе, дана халқымызда «Туған жер – алтын бесік» деген даналық бар. Қазақ халқы бесікті киелі, қасиетті, құтты мүлік санаған. Туған жерді бесікке теңеу де бесікке деген құрметінен. «Сымбатыңа қарасам – асылдан таңдап кигендей» дегендегі Алпамыс батыр да, Қазыбек, Төле, Әйтеке сынды ақылгөй даналар да, елді аузына қаратқан небір шешен билер, төрелер жатып өскен бесік ешқашан ескірмек емес. Бесікті аялайық, ағайын!!! Бесік жыры үзілмесін. Сәбилердің ұйқысы тыныш, аналар алаңсыз болсын! Халқымыз өсіп-өркендей, өрістей берсін!

2-жүргізуші: Бесік басында М.Мақатаев /қазақтың әдемі күйі ойнап тұрады\.

Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,

Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.

Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ

Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге.

Ұйықта, ұлым, ұйықта, бөпем, қасыңдамын,

Керек емес, дүния, асылдарың!

Бақыт, байлық - барлығы менің үшін

Сенің бір кеп мойныма асылғаның.

Аймалайсың жанымды күлкіңменен,

Тамағыңнан айналдым бүлкілдеген.

He дейсің сен бұртиып, айтшы, сәулем,

Қытықтаған жүректі бір тілменен? ...

Қандай ғана анадан туады адам,

Сәбилердің ұйқысын куалаған?!

О, тыныштық! Тыныштық қандай рақат!

Қандай рақат сәбилер жыламаған!


Би: «Дала сазы» орындайтындар: Атағази Салтанат, Унгарбекова Жансая

Айдана: Наурызкөк – Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Сонымен қатар,Наурызша – Наурыз айында жұп – жұқа қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «Наурызша» деп атайды.


Гүлдана: Наурызнама – шат – шадыман, ойын – сауық. Тойда ат – жарыс, түрлі ойындар өткізіліп, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада Қыз – жігіттер жиналып, бас қосып ұйқыашар әзірлейді. Ол уыз, ет сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды.

Данияр: Наурызға қатысты тыйымдар Наурыз мейрамында мал сойылмайды, жалпы қан шығармайды. «Өсер төлге, көбейер малға кесірі тиеді, мал басы кемиді» деген тыйым бар. Сонымен бірге Наурыз күні шаш, тырнақ алмайды. Өйткені адамның қара тырнағынан бастап, шашына дейін жаңарып, түлейді. Наурыздың бірінші күні, яғни Ұлыстың ұлы күні кір жумайды, жолға шықпайды, құрылыс бастамайды, іс тікпейді, мылтық атпайды, қақпан құрмайды, тұзақ салмайды. Бұл күн – тіршілік әлемінің тойы.

Әділ: Наурызға қатысты өсиет. Наурызкөкті көргенде шошытып қумаңдар, «Наурызкөгім келдің бе?» деп шақырып, жем шашыңдар Наурызшешек - өте әдемі көпжылдық гүлді өсімдік. «Биыл біреуін үзсең, келесі жылы он гүл шықпай қалады» - деседі. Бұлақтың көзін ашу – Меккеге сапар шеккендей сауабы үлкен, қасиетті іс. Су бар жерде тіршілік бар, бұлақтың көзі ашылса, су мол болады. Су мол болса, шөп те, гүл де жайқалып өседі, егін бітік шығады. Адамдар мен жануарлар тоқ болады, тоқ болса бір-біріне қастық жасамай, бейбіт жүреді. Бастау-бұлақтардың көзін ашқандарың - өмір-тіршіліктің де көзін ашқандарың.

Айдынай: Наурыз күнгі амандасу «Ұлыс оң болсын, қайда барса жол болсын!», «Ұлыс береке әкелсін!», «Наурыз құтты болсын!», «Қызыр дарысын, бақ қонсын!», «Ұлыс береке берсін, пәле-жала жерге енсін!», «Ақ мол болсын!», «Бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де бар, айдан – аман, жылдан есен өтейік» - деп жатады.

Серік: Наурызды қалай қарсы алған Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Бұл күні - аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеліп, жан-жануарлар төлдеп, адамзат баласының аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық пен бейбітшілік орнаған күн. Ұлыстың ұлы күнінде әрбір жүрекке үкілеген үміт оты маздап, бақыт есігі ашылғандай болып, «аурулар айығамын, аштар тойынамын, лыпасыздар киінемін» деп келешекке сеніммен қараған. Себебі, күн мен түн теңелгенде, жаңа ай толықсып толғанда, тұрмыс пен табиғат жаңарғанда жер жүзі жайнап, көк құт көзін (өсімдік) ашқан. Жер бетіне жақсылық ұялағанда, ұзақ пен жылқышы торғай (Нәуірзек) ұшып келген, жыл жерге түскен, Жер-ана тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген, Самарқанның көк тасы еріген. Түнгі даланы адамдарға бақ-дәулет дарытатын Қызыр АТА аралаған.

Гүлжазира: «Қызыр түні» мен «Әз» деген сөздің мағынасы туралы. «Әз болмай, мәз болмайды» деп осы күндері естіп жатамыз... - Ертең Наурыз деген түні әрбір шаңырақ үйінің төріне шырақ жағып, Қызыр баба түнін күзетіп, тілек тілеген. Бұл түні оты маздап, жарығы жанып тұрған үйге Қызыр бабаның мейірі түседі, көз қырын салады, назарынан тыс қалмай, сол үйге құт-береке қонады деп сенім білдірген. Халқымыздың ертедегі таным-нанымы бойынша күн мен түн тепе-теңдікке жеткен кезде аспанды жарып бір ғажайып гуіл естіледі. Сол үнді «әз» дейді. Наурыз біздің сағат уақытымен айтсақ, түнгі үште келеді. Наурыз күні күннің алғашқы сәулесіне маңдай тосып, шұғыласына бөленсе, адамның ойына күш-қуат тарайды дейді.

Жүргізуші: Ортаға сөз ізгі ниет, «Ақ бата» беру үшін Қыдыр атаға беріледі.
Армысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт – түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін»
Ұлы халқым тоқ болсын»
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы – уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
(Әумин)

Мұғалім: Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке, бақыт, бейбітшілік дарытатын Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз құтты болсын. Осымен «Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Өмір жастарыңыз ұзақ, ұлыс бақты, төрт – түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін. Наурыз құтты болсын!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
«?астерлі мені? хал?ымны? мереке Наурыз жыл басы!» ашы? т?рбие са?аты

Автор: Касымбекова Жамиля Рысбек?ызы

Дата: 31.03.2015

Номер свидетельства: 194743


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства