kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

IX ?асырды? ?нші-сазгер а?ындары - ?кілі Ыбырай, Балуан Шола?, Жаяу М?са.

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                            Жиенаева Балсулу,

                                                                       А?т?бе облысы,Темір ауданы,

                                                                       Ке??ия? орта мектебіні?

                                                                       ?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні?

                                                                       м??алімі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«IX ?асырды? ?нші-сазгер а?ындары - ?кілі Ыбырай, Балуан Шола?, Жаяу М?са.»

Жиенаева Балсулу,

Ақтөбе облысы ,Темір ауданы,

Кеңқияқ орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі.



Қазақ әдебиеті

10 класс

IX ғасырдың әнші-сазгер ақындары - Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса.

Мақсаты: 1. Тақырыпты меңгерту. Өлеңдерінің құндылығы мен мазмұндылығы туралы мағлұмат беру.

Міндеттері: 1.Аталған әнші- сазгерлердің әндерімен таныстыра отырып, өнер туралы танымдарын кеңейтіп, әндерін тыңдату.

Дамытушылық : 2. Қазақ әндерінің сазын, құдіретін таныту.

Тәрбиелік: 3. Өнерді қадірлеп, сүюге тәрбиелеу.

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, музыка.

Көрнекілігі: Ақын-сазгерлердің суреттері, қағаздар, ноутбук, кеспелер.

Барысы: а) Ұйымдастыру бөлімі

ә) Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақ.

І. Кіріспе: «Сайын даланы әндерімен тербеткен серілер-ай» ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиетіне өзгеше үлгіде үлес қосқан ерекше бір топ бар. Олар- Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Әсет және т.б әнші- ақындар.



Дәптермен жұмыс.

Кең далада еркін жүрген халықтың жанына ең жақыны сөз өнері, саз өнері еді.

Төрт жол өлең құрастырмайтын, екі ауыз ән әуелетпейтін қазақ кемде-кем. Бұл жөнінде Г.Потанин: «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көріеді»- деген еді.

Әнші – ақындар дегенде тек әншілікті, сазгерлікті ғана емес, олардың бойынан саз, актерлікті де, тағы басқа өнер түрлері молынан табылған:

Әнші – ақындардың барлығына ортақ бір мәселе өз шығармалары арқылы заман шындығын, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті, шыншылдықпен жырлады.Тақтадағы көрнекілікпен жұмыс: ән

сазгер

әнші

Өнер би

ақын

театр әртіс

Осы аталған өнер түрлерінің қазақша, орысша, ағылшынша оқылуы

Би – танец – dance.

Ән—музыка – music.

Әнші—певец – singer.

Әртіс- артист—artist.

Сазгер—композитор – composer.

Театр—театр—thather.

Ақын—поэт – poet.

Оқушылар оқып, дәптерлеріне жазып алады

Оқушыларды Үкілі Ыбырай ауылы, Балуан Шолақ ауылы, Жаяу Мұса ауылы деп үш топқа бөліп, тапсырмалар беру.

І тур І топ. Үкілі Ыбырай ауылы.

  1. Үкілі Ыбырайдың өміріне қысқаша шолу.

  2. Ыбырайдың ән- өлеңдерін ата.

  3. Ол қандай дастандарды жатқа айтатын болды.

ІІ топ. Балуан Шолақ ауылы.

  1. Балуан Шолақ Баймырзаұлының өміріне қысқаша шолу.

  2. Балуан Шолақтың ән-өлеңдерін ата.

  3. Бүгінгі күн тұрғысынан айтқанда қандай өнерді толық меңгерген?

ІІІ топ. Жаяу Мұса ауылы.

  1. Жаяу Мұса Байжанұлының өміріне қысқаша шолу.

  2. Жаяу Мұсаның ән-өлеңдерін ата.

  3. Жаяу Мұсаның шығармашылығында ең көп қозғалған мәселе не болды?

Жоғарыда талданған сұрақтарға мұғалім қорытынды жасап, оқушылар ІІ турға көшеді.

ІІ тур І топ. Үкілі Ыбырай ауылы.

  1. «Гәкку» әнінің шығуына қандай жағдай себеп болды?

  2. «Маңмаңгер» өлеңі мен « Қалдырған» деп аталатын толғауы не туралы екенін айтып бер.

  3. Өлеңдерінен үзінді оқу.

Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» толғауын үнтаспадан тыңдату.

ІІ топ. Балуан Шолақ ауылы.

  1. «Сентябрь» өлеңінде өзі туралы қандай сипаттама береді?

  2. «Қынжыл» өлеңінде не туралы айтады?

  3. Балуан Шолақтың бір өлеңін мәнерлеп оқы.

Балуан Шолақтың «Ғалия» әнін үнтаспадан тыңдату.

ІІІ топ. Жаяу Мұса ауылы.

  1. «Ақ сиса» атты әйгілі өлеңінің шығу тарихын айт.

  2. «Сәулем қыздар» өлеңін оқы.

  3. Жаяу Мұса Байжанұлы қай жылы дүниеден озды?

Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнін үнтаспадан тыңдату.

ІІ тур бойынша мұғалім қорытындылайды.

Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

  1. Аталған әнші –сазгерлердің әндері мен қазіргі заман әндерінің қандай айырмашылығы бар?

  2. Қай әншілердің әндерін сүйіп тыңдайсың?

  3. Қандай әндер сіздерді ерекше сезімге бөлейді?

  4. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Бекіту сұрақтары.

Ұпай жүйесі бойынша бағалау.

Үйге тапсырма. « Сайын даланы әнімен тербеткен серілер-ай!» тақырыбында шығарма жазу.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
IX ?асырды? ?нші-сазгер а?ындары - ?кілі Ыбырай, Балуан Шола?, Жаяу М?са.

Автор: Жиенаева Балсулу

Дата: 28.04.2016

Номер свидетельства: 323270


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства