Күтілетін нәтиже | Тіл мәдениеті, сөз байлығы, сөздік қорын молаяды, шығармашылық қабілеті артады, өздігінен жұмыс жасауға дағдыланады. Ана тілін қастерлеуге, сөз өнерін дәріптеуге, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, білімділікке тәрбиеленеді |
Кіріспе | Топқа бөлу Топқа бөлу/Бойлары бойынша тұрады, 3 -ке дейін санайды/, Топ ережесі: Уақытты тиімді пайдалану, Тыныштық сақтау , Сөзді бөлмеу,кезектесіп сөйлеу , т.б топ басшысы сайланады; Үй жұмысын тексеру /Зымыран сұрақтар/ | Оқушылар амандасады, топқа бөлінеді.Үй тапсырмаларын орындайды, сұрақтарға жауап береді |
Тұсаукесер | Қызығушылықты ояту. Ойын «Таныс болайық» Ойынды жүргізудің мақсаты: Әр баланың өмірде өз жолы, өз тағдыры, өз таңдауы бар екендігіне көңіл аударту.Шарты: Әр бала өз есімін атайды да, оның немен байланысты қойылғаны жөнінде мәлімет береді.Балалар жеке жұмыс жасайды. Барлығы өз есімдерінің тарихын айтып шығады. | Топтар қойылған сұрақтар бойынша топта жұмыстанады. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтады; Бағалау парағына аты-жөндерін толтырады |
Негізгі бөлім | 1 - тапсырма. Топтық жұмыс (берілген мәтінді бірігіп оқып,, түсінігі бойынша негізгі тақырыбын ашып айтып бірін бірі оқытады) Джиксо әдісі 2-тапсырма. І топқа: "Іскерлік әңгіме" 4 сұрақтан тұратын сұхбаттасудың үлгісін көрсету (мәнді, ұтымды сұрақтар мен толық, дұрыс жауаптар бағаланады) ІІ топқа: Аудармашы арқылы сөйлесудің үлгісін көрсету. ІІІ топқа: «Сөйлеу мәдениетін білудің іскерлік ортадағы маңызы» туралы постер толтыру. (диолог түрінде тақтада қорғау) 3- тапсырма. "Талдау- табыстың кілті." 76 -жаттығуды шартына сәйкесті орындау. Лексика-грамматикалық мағынасына, сөз құрамына талдау жасау. І топ. Сұлу, көрікті, жайдары. ІІ топ. Жақсы, келбетті, көркем ІІІ топ. Білімді, тапқыр, құрметті. | 1. Әр оқушы өзіне берілген тапсырма бойынша жауап береді; Топ басшысы сәйкес бағаларын бағалау парағына түсіреді; 2. Топта оқушылар рөлдерде ойнайды; Нәтижесін басқа топ түйіндеп айтады Топта көшбасшыны, белсенді оқушыны, ұсынысты дайындап барлық оқушылар алдында айта отырып формативті бағаларын береді; |
Қорытынды | Кері байланыс «Ата -ананың баланы іскерлік ортада сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудегі орны» тақырыбында бүгінгі сабақта алған білім туралы эссе жазу (2-3 балаға оқыту) Бағалау. Сабақты пысықтау үшін, топтар бірін-бірі бағалайды. Үш түрлі смайликтер арқылы әр топтан ең жақсы қатысқан оқушыларды топ ішінде ақылдаса отырып, марапаттайды. Бағалау:топ басшыларынан бағалау парақтары бойынша қорытынды бағаларын түсіру Үй тапсырмасы: 1)Сын есімнен өткенді қайталау. 2)Іскерлік әдеп нормаларына сай сөз орамдары. | Топ басшысы топ мүшелерімен ақылдасып өзара бір-бірін бағалайды; топ басшысы бағалау парағына қорытынды бағасын қойып, таныстырып өтеді |