Мен Айтбаева Замира Жайлыбаевна Жуалы ауданы Н?рлыкент ауылы Жамбыл к?шесі №31 ?йде т?рамын. №5 Михаил Ломоносов атында?ы орта мектебінде 2010 жылдан бері ?аза? тілі мен ?дебиеті п?нінен саба? беріп келемін. Бізді? мектеп оте ?йымшыл ?рі белсенді. Мен мектептегі іс-шаралардан ?алыс ?алмай ?атысып отырамын.
Просмотр содержимого документа
«Иса Байза?ов Жаз?ы кеш ?ле?і»
Күні: Сыныбы: Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Иса Байзақов «Жазғы кеш»
Сабақ мақсаты: Иса Байзақов туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын ашу
Сабақтың міндеттері:
Иса Байзақовтың өмір жолын, шығармаларын біледі.
Өлеңді мәнерлеп оқиды, мазмұнын түсінеді.
Топпен бірлесе отырып сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Иса Байзақовтың өмір жолын біледі.
Өлеңнің мазмұнын ашып, түсінеді.
Топ ішінде бірлесе жұмыс жасайды, өз ойларымен бөліседі.
Бағалау критерийлері:
А) біледі, жазады, өлеңнің мазмұнын ашады, түсінеді, өз ойын айтады, сұрақтарға жауап береді, талдайды.
В) біледі, жазады, талдайды, өз ойын айтады, түсінеді, сұрақтарға жауап береді.
С) біледі, жазады, талдайды, сұрақтарға жауап береді.
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жұптас-оқы-талқыла, ой қозғау, мазайка әдісі, танымдық тапсырма, сұрақ-жауап, талдау, ой-пікір.
Сабақтың көрнекілігі. Кесте, форматты қағаз, стикерлер, қима қағаздар, слайд.
Сабақтың жоспары:
Кезең
Сабақ бөлімдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс- әрекеті
Қолданылған әдіс-тәсілдер
Білім
І.Ұйымдастыру кезеңі, психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1.Сәлемдеседі, шаттық шеңберін құру.
2.Түрлі-түсті парақтарды таңдау арқылы 4- топқа бөлу.
3.Мазайка әдісі. Қима қағаздар арқылы пысықтау сұрақтары: 1) Шоқан кім?
2) Мысық жасаған мүсіндерді Шоқан қалай бағалады?
3)Шоқанның қайырымдылығын, уәдеге беріктігін қандай істерінен білуге болады?
4) Шоқанның ерке, сотқар інісі кім?
5) Шоқанның бала күнгі көргендері мен үйренгендерінің болашақ өмір жолында пайдасы болды ма?
6) Балалар достықты қалай түсінесіңдер және болашақта кім болуды армандайсыңдар?
Сұрақтарға жауап беру арқылы қима қағаздардағы сурет шығады.
Ал бұл қандай сурет?Не бейнеленген?
Бір-біріне жақсы тілек айтады.
Топқа бөлінеді.Көшбасшы сайлайды.
Сұрақтарға жауап береді, топпен бірге жұмыс жасайды. Бір-бірін бағалайды.
Топпен ақылдаса отырып, сұраққа жауап береді.
Сұрақ-жауап
Ой қозғау, топтастыру
Түсіну
III. Жаңа сабақ
Өткен сабақпен байланыстыра отырып, жаңа сабақтың тақырыбын айтады. Иса Байзақовтың өмір жолы мен «Жазғы кеш» өлеңін оқып, мазмұнын ашуға
тапсырма беріледі. Әр топқа тапсырмаларды бөліп беремін.
1 – топ. Иса Байзақовтың өмір жолы мен шығармашылығы
2 – топ. «Жазғы кеш» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын айт.
3 – топ. Өлеңді ұйқас түріне талда.
4 – топ. Өлеңнен көркемдегіш құралдарды тап.
Сұрақтарға жауап береді
Қолдану
Оқулықпен жұмыс
Осы өлеңде мағынасын түсінбейтін сөздер бар ма екен? Бірлесе отырып, мағынасын ашып көрейік.
Тақта- арасын межелеп бөлшектеген жер.
Шымқаған- қып-қызыл, шымқай қызыл
Көкжиек- аспан мен жердің көз жететіндей түйіскен жері.
Сейіл құру- серуендеу
Маяк- кемелер адаспас үшін қойылған жарық белгі.(шам)
Топпен ақылдаса отырып, бірігіп жұмыс жасайды
Сергіту сәті
Табиғат туралы әсем әуенді тыңдата отырып, «Жазғы кеш» өлеңінің желісі бойынша сурет салдыру
Талдау
Жаңа сабақты бекіту
Әр топқа тапсырмаларды бөліп беремін.
1-топ. Жаз мезгілі туралы мақал-мәтелдерге ребус құрау.
2 – топ. Ой толғау жазу.
3 – Суретке қарап мәтін құрау
4 – топ. «Бес жолды өлең» әдісі.
Не? Жаз мезгілі
Қандай? Ыстық, шуақты
Не істейді? Шомылады, ойнайды,
демалады.
Идея Жазда күн ыстық
болады.
Мағыналас сөз Жаз-қыс.
Оқушылар тапсырмаларға жауап береді.
1.Топпен салған суретін әңгімелейді
2. Топтан 1,2 оқушы оқиды
3. Жазған мәтінін оқиды.
4. Топпен ақылдаса отырып, топтан бір оқушы шығып айтады.
Жинақтау
Қорыту
Рефлексия
Ауызша мадақтаулар арқылы ынталандыру, сабақты қорыту. Не білдім? Не үйрендім? Кері байланыс парағын толтыруды ұсынамын.
Жеке, топпен бірлесе отырып жауап береді. Кері байланыс парағын толтырады.
Сұрақ-жауап
Бағалау
Критерийлер арқылы өзін-өзі және өзара бағалау
Бағалаудың қорытындысын шығарады, көзқарастарын сұрайды.
Жеке жұмыс топтың ортақ шешімін бағалау
Критерийлік бағалау. Формативті бағалау