Білімділік – Ілияс шығармалары арқылы оқушыларды қазақ халқының бастан кешкен сан қилы тағдырына назар аударту;Ақан образын жан-жақты ашу;өнердің құдіреттілігіне көз жеткізу;қазақ өнерінің құдіреті мен киесін таныту. Тәрбиелік - өнер адамына,еліне,тарихына,табиғатына,туған тіліне деген ыстық сүйіспеншілігін ояту,ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу,ұлттық рухын ояту.Дамытушылық – Оқушыларды ой еркіндігіне баулу;тіл байлықтарын тереңдету;мәнерлеп оқу мәдениетін жетілдіру;өз ойларын айта білуге дағдыландыру.
Қазақ тарихында Ақан сері мен оның сәйгүлігі Құлагер ерекше орын алады. Құлагер тағдыры бүкіл қазақтың тағдыры десе де болады.
Жылқы десе ішкен асын жерге қоятын, делебесі қозатын қазақпыз.Кейде тұлпарға қиянат жасап, жеке басты күйттейтін де кезіміз бар. Бірақ тұлпарды қазақтай құрметтейтін әлемде ешкім жоқ десем артық болмас...
Олай болса, аты аңызға айналған Құлагер неліктен Ақанның трагедиясына айналды?
Ақанның Құлагерді жоқтауы оқылады.
- Ақан трагедиясының сыры неде?
Ой қозғау жүргізу.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ақан бейнесін жан-жақты ашудағы шығармашылық ізденіс. . І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы бойынша Ақан образына талдау жасау.
Дәйектеме
Қорытынды
1.Қайырып қыстай баптап Құлагерді,
Осы астың дақпыртына Ақан келді.
бапкер
2.Ақ отау топырлады Ақан түскен,
Қалың жұрт кетті кіріп сырттан, іштен.
Шығады Ақан даусы әнге толып,
Безелген ғашық жармен, қыран құспен.
Әнші, ақын
3. Десеңдер қайда Ақандай қыран құсты,
Ол тастап аста тұрған жиылысты,
Болғанын бір сұмдықтың іші сезіп,
Қылаң ат қылт еткенде-ақ бермен ұшты.
сезімтал
4.Шынымен кеткенің бе, Құлагерім!
Қасымда қасынысып тұрар едің.
Баспа-бас қызға бермес жануарым,
Басылар өлгенімше қайтіп шерің.
Өмірі мұң
5.Кетіпті елдің аузы әуезе қып:
“Жын құшып, жалғыз жүрген Ақан - пері”
Елден безген – Ақан.
6.Көңіліне Құлагердің құйылып мұз,
Күйініп отыр таста Ақан байғыз.
Жан тынышын елде емес, жерден тапқан,
Сондай бір адам бопты жаны жалғыз.
Ақан - пері
Топтастыру
Ақан
Ақан рухымен сырласу
Оқушылар Ақан өмірі мен қиыншылықтары туралы сыр бөліседі.
Салыстыру
Ақан сері мен Ілияс арасындағы ұқсастық.
Ақан сері
Ілияс
1.Сал – серіліктің Құлагері
2.
1. Көзі тірісінде ақындықтың Құлагері атанып, 1938 жылы жазықсыз жазаға ұшырады.
Тоталитарлық жүйенің құрбаны болды.
2.
Оқушылар әрі қарай жалғастырады.
« Мини-дебат» бағдарламасы бойынша Батырашқа бүгінгі күн тұрғысынан баға беру.
Поэмада «Кір көңіл сарайының батпағы бар» деп ақын Батыраштың іші тар,ақылсыз,арам пиғылды жан екенін өте бейнелі жеткізе білген.Жұлдыздай ағып келе жатқан жүйрікті жолда тосып, тұрып айбалтамен шауып өлтірткен Батыраш – нағыз қаныпезер жауыз адам.Өр көңіл,жуан кеуде Батыраш арам ойын жүзеге асыруда шімірікпейді.Батыраш – Ақандай сұңғыла өнер иесінің серілігіне,сезіміне,жүйріктігіне,заманнан озып туған тума талантына қол көтерген,қараңғылықта шырмалған пасық,ақылсыз,ашуын ақылға жеңдіре білмейтін үстем тап өкілінің бейнесі. Батыраш – мәңгілік халық қарғысын арқалаған азғын адам.Батыраштың азғындық әрекетін келер ұрпақ кешіре алмайды,оған лағынет айтады.Батыраш сияқтылар өмірге келеді,кетеді,оларда қарғыстан басқа із қалмайды.Ақан өмірі – мәңгілік.Ақан өнері еш уақытта ұмытылмайды,мәңгі жасайды,ұрпақтар жалғастығын табады! Адал пәк адамдар өміріне қара түнек төндіріп зар жылатқан Батыраш сияқты қара ниетті сүйреп өлтіру керек еді.Батыраштар өмірден мәңгі аластатылсын,өмірге келмей-ақ қойсын!
Батыраш- тұлпар баптаған,сыншы,атбегі адам.Алтайдың даңқын асырған,алдынан ұшқан құс өтпеген жүйрігі Көктұйғын атты баптап асқа әкеледі.Су орнына сүт беріп, сәбидей мәпелеп әкелген жүйрігінің топ жарып,бас бәйге алуын тілейді.Шаршы топтың алдында Ақанның:
Би болсаң,би шығарсың Алтайыңа,
Тілімді терезем тең тартайын ба?!
Көгіңді бөктермесем,атым сенікі,
Шапса да әкең мініп байталына, - деген ащы тілі Батыраштың ызасын келтіріп,намысына тиеді.Құлагердің даңқын естіп,кісі салып Құлагерді қанша сұраса да бермеген Ақанға ренжіп жүр еді,енді ащы тілі сүйегін тіліп өткендей болды,ашу-ызасын қамшылай түсті.Әрі алдынан жүйрік озбаған Көктұйғынын ойлағанда,көзіне қан толды.Батыраштың жүрегіне сүңгідей қадалған улы тілдің ызасы мыңнан озған тұлпарға қол көтертті,мерт қылды.Батыраш Құлагердің өліміне егілді,езілді.Құлагер Батыраштың қолы жетпей жүрген арманы емеспе еді?!Не істегенін өзі де білген жоқ.Өз қатесін түсінді,бірақ кеш еді. «Осы аста сағы сынып бағы тайса,Ол өзін дап-дайын тұр өлдім деуге» деп ақынның өзі айтқандай,өзін-өзі өлімге қиюға дайын. Батыраштың бойында намыс,ер қанатына деген сүйіспеншілік оты маздайды.Ол - өлсең де намысты қолдан берме деген мақсатты берік ұстанған жан.
Қорытындылау.
Дала символы, аңызға айналған, талай бәйгеде дес бермеген қазақтың Құлагеріне арнап мүсін де тұрғызылды.
1989 жылы Ерейментау қаласы мен Павловка ауылының ортасындағы дөңеске Құлагерге арналған ескерткіш қойылды. Алайда, 1996 жылы ұрылар осы ескерткішті ұрлап кетті.
Екінші Құлагеріміз 2009 жылы желтоқсанда өз тұғырына қайта қонды. «Астана - Көкшетау» тас жолының бойында бой көтерді. Мүсіннің ұзындығы –
8 метр, биіктігі – 5 метр, салмағы – 5 жарым тонна, таза мыстан құйылған.
Құлагер ескерткішін қоюдағы мақсат: ізгілікті баян ету, жер бетіндегі әділдіктің бар екенін дәлелдеу, азаматтың серігі, досы қазақ жылқысының жүйріктігін, төзімділігін көрсету, тіпті, Құлагер бейнесі арқылы дүниежүзіндегі озық мемлекеттердің бірі Қазақстанды бейнелеу болып табылады.
Екінші Құлагеріміз де Батыраш, Қотыраштардың қолына тағы да ілікпес деген сенімдеміз.
Бүгін Ақан, Құлагер туралы қаншама мәлімет алдық.Бүгінгі сабағымды Ілиястың мына сөзімен аяқтасам деймін:
Тұсында пері болсын, сері болсын,
Ұнайды өмірімен Ақан маған...
Оқушылар, осы пікірге бәріміз қосыламыз ғой...
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Құлагер – Ақан трагедиясы» - ойтолғау жазу
Сабақ соңында қол жеткізілетін нәтиже:
Оқушылар І.Жансүгіровтің өмірі, Құлагер поэмасы туралы мағұлмат алды,дәуірдің шындығын білді ,кейіпкерлер әлемін талдау арқылы өз ойын еркін жеткізуге, пікір алмасуға,сөзін дәлелдей білуге үйренді, .Батыраштың бойындағы көре алмаушылық, іштарлық,ақылсыз,арам пиғылдылық сияқты жаман қасиеттерінен аулақ болуға үйренді.