kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Есірткісіз болаша??а

Нажмите, чтобы узнать подробности

         Ток шоу “Айту?а о?ай»

Саба?ты? та?ырыбы: Есірткісіз болаша??а

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: ?лтымызды аз?ындатып, адамды кісілік ?асиетінен айыратын шылым, есірткі, ішімдікті? адамзат?а тигізетін зияны жайлы т?сіндіру ж?не олардан са?тану жолдарын баяндау.
Дамытушылы?: О?ушыларды? ?мірге деген ??штарлы?ын арттыру. Жа?сы менен жаманды айыра біліп, жаман ?деттерден бойларын аула? салу?а да?дыландыру. ?з бетінше ізденуге, зерттеуге баулу. Жауапкершілігін арттыру.
Т?рбиелік: ?о?ам?а пайда келтіретін, дені сау, салауатты, жаны таза, болаша??а ны? сеніммен ?арайтын ?рпа? т?рбиелеу. ?зара сыйласты? пен ?йымшылды??а т?рбиелеу.
К?рнекілігі: Слайд , бейнебаяндар , денсаулы?, спорт жайлы на?ыл с?здер жазыл?ан плакаттар.
Барысы:

М??алім с?зі:

«Жастар –болаша??а апаратын алтын к?пір»,-дейді халы? даналы?ы.?рбір жас ?зіні? жеке ?абілеті мен к?сіби біліміне сай ?о?амымызда ?з орнын табуы ?ажет.Олай болса,бізді? б?гінгі саба?ымыз «Есірткісіз болаша??а  та?ырыбында 8-сынып о?ушыларыны?  «Айту?а о?ай» ток-шоуына ?ощ келді?іздер.

Саба?ымызды? ма?саты-жастар мен жас?спірімдерді т?рбиелеу ж?не д?ние танымын ?алыптастыру,а?паратты? саяси  м?дениетін к?теру.

С?з ток-шоуды ж?ргізуші 8-сынып о?ушысы Н?рлыбай Берікбол?а беріледі.

Берікбол:

Есірткісіз болаша? Есірткі... ?андай ??ла??а жа?ымсыз с?з десе?ізші. ?анша адамны? т?біне жеткен, ба?ытты ?мірлерін баянсыз еткен улы зат болса да, ?лі де тиылар емес. ?азіргі та?да есірткіні? зиянын біле т?ра, о?ан ?арсы шы?у?а д?рмені жетпейтін жастар к?бейді.Осы та?ырып ?азіргі та?да шешіміні? табылуы ?иын , актуалды  м?селе болып отыр.Сонды?тан осы та?ырыпты? ау?ымында  ой б?лісу ?шін ?она?тарды ша?ырып отырмыз.

?она?тарды таныстыру?а р?хсат еті?іздер:

1.Облысты? салауатты ?мір салтын ?алыптастыру ?о?амынан-Сайлау Ба?ытк?л

2.Наркологиялы? диспансерден-Идрисова Ботаг?з

3.Ж??палы аурулар ауруханасынан-Ел?анова Айг?л

Есірткіге ?уестік  тек ?ана жастар ?ана емес ересек кісілерде, ?з жасында балаларына ?лгі болуды? орнына, кері кетіп, келешек ?рпа?ты б?зуда.. Есірткі еш?ашан жа?сы зат бола алмайды. Есірткіні? адам денсаулы?ына тигізер зияны к?п екені бетке басып айтпасада, ?уел бастан белгілі. Есірткіні? пайдасы сол, оны? д?мін тат?ан?а дейінгі ?мірі? еш?ашан ?айта оралмайды. Денсаулы?ы? да б?рын?ыдай болмайды. Ал осы есірткіні? шырмауына жастар ?алай т?седі? Біреулер ермекке д?мін к?рмек болып таблетка немесе ?нта? ?абылдаса, енді біреулер а?даусызда есірткіні? ??р?ан торына т?сіп жатады. Ал одан кейінгі ?мір б?рімізге м?лім болар.

Осы т?ста бейне баян?а к??іл б?лейік.(Наша?орлы? т???иы? т?бі)

Б?гінгі сауал т??ірегінде сіздер не айтар еді?іздер?

Келген ?она?тар пікірін ты?дау

?орыта айт?анда е? алдымен ?зі?ді жо?алтасы?, ?мірге деген ??штарлы?, болаша??а деген сенім, ж?здегі ?сем к?лкі ж?не отбасынны? са?ан деген сенімін, ?мітін жо?алтасы?. ?мірі? м?лде бас?а арна?а б?рылады.

 Осы т?ста бейне баян?а к??іл б?лейік.(Есірткі туралы а?и?ат пен жал?ан)

Сол есірткіні ?айта шегу ?шін сен не істемейсі?? Б?ріне де барасы?. ?мірі?де істемеген істі істейсі?, ойлама?ан ойды ойлайсы?. Ал осыны? б?рін к?ре т?ра достары? сенімен ?алай дос болсын? Ондай досты? олар?а керегі не?

Келесі кейіпкерімізді? сырымен таныс болайы?.

?она?тар пікірлерін ты?дау.?андай а?ыл-ке?ес берер екенсіздер?

Енді статистика?а с?йенейік (Слайдта статистика к?рсетіледі)

  • Ресми м?лімет бойынша ?аза?станда?ы наша?орлар саны ?ткен жылмен салыстыр?анда 9,5 пайыз?а арт?ан. Б?л ала?даушылы? білдіріп отыр?ан мамандар елде наша?орлар саныны? артуына ?леуметтік жа?дайды? т?мендеп кетуі себеп бол?анын айтады.

Ресми м?лімет биыл?ы жылы ?аза?станда 12-14 жас аралы?ында?ы наша?орлар саны к?бейіп, республикада?ы е? жас наша?орды? жасы 7-де болып отыр деген дерек келтіреді. Е? ?кініштісі, осы тіркелген наша?орларды? арасында 14 жас?а дейінгі 380, Ал 15-17 жас аралы?ында?ы наша?ор жас?спірімдер саны былтыр?ы жылды? осы кезе?індегі м?лімет бойынша 1068 адам болса, б?гінгі к?ні оларды? ?атары 3201 адам?а жеткен. Д?л б?гінгі к?ні ?аза?стан бойынша наркологиялы? диспансерде есепте т?р?ан наша?орлар саны 52137 адамды ??райды .

 

  • ?стіміздегі жылды? 11 айында Алматы ?аласында 146 адам есірткіден к?з ж?мды. Кейбір м?лімет бойынша, 15 мы? адам наркодиспансерде есепте т?р. Ал тіркеуге алынбай ж?рген наша?орлар саны б?дан екі есеге к?п болуы м?мкін.

Мысалы еліміз бойынша 2013 жылды? 1 шілдесіне дейінгі статистика?а ж?гінсек 40 364 наша?ор тіркелсе, б?л к?рсеткіш ?ткен жыл?ы?а ?ара?анда 9,2 пайыз?а т?мендеген. Есірткі затын т?тынушылар арасында е? жиі тіркелгені апиыншылар, оны? ішінде 18640 адам героин, ал 2499 адам апиын т?тынушы ретінде тіркелген.

 

Я?ни осыны? б?рі жант?ршігерлік м?лімет. Ал м?ндай?а жол бермеу ?шін не істеу керек? ?рине е? алдымен ?зі?е - ?зі? берік бол.Бізді? жас к?рермендер не дер екен.

  • Есірткі  ?зі? ?шін ?мір бой?ы азап
  • Ата-ана?, ту?ан-туыстары? ?шін бітпейтін ?асірет
  • Есірткі -?з бетімен емделмейтін дерт
  • ВИЧ-індетін ж??тырушылар наша?орлар
  • Наша?орлар-ж??палы індет таратушылар
  • Есірткі мен ?ылмыс –егіз ??ым
  • Есірткіні? ?ауіптілігін біл де,жауапты бол

?аза? хал?ы ерте заманнан ?з ?рпа?ыны? болаша?ына м?н беріп ,?міт арт?ан .

«Елімізді? ерте?і-жастар»десек,оларды? бойларына бала к?нінен т?рбиелік ма?ызы зор  ??гімелермен ,?ндермен сусындату керек .?мір атты белестерді? ?иыншылы?ына мойымай, ізгілік пен адалды??а талпыну?а ?гіттейік . Олай болса 11 сынып о?ушысы Раушан Г?лсезімні? орындауында «С?гірді? термесін» ?абыл алы?ыздар.

  •  

??рметті жас дос!

Сен ?з ?мірі?ді арзан?а ба?алама.Сен ата-ана?а,бауыры?а,ту?ан-туыстары?а керексі? ?з хал?ы?а керексі?.Сені? ?мірі? олардан б?рын ?зі?е керек.Себебі, ?мір са?ан сый?а берілген.Ол екінші рет берілмейді.Сені? ?мірі? сен ойла?аннан да ?ымбат.Сонды?тан есірткісіз болаша??а ?анат ?а?айы?.Мені? айтарым ?мірде жа?сылы? к?п болатынына сен, есірткісіз болаша? е? жа?сы болаша? екеніне сен!

Аман –сау болы?ыздар!

Б?ны? б?рі айту?а о?ай,?рине.

М??алім:Б?гінгі  «Есірткісіз болаша??а»  атты іс-шарамыз?а ?атыс?андары?ыз?а рахмет. Сау-саламатта болы?ыздар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Есірткісіз болаша??а »

Ток шоу “Айтуға оңай»

Сабақтың тақырыбы: Есірткісіз болашаққа

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын шылым, есірткі, ішімдіктің адамзатқа тигізетін зияны жайлы түсіндіру және олардан сақтану жолдарын баяндау.
Дамытушылық: Оқушылардың өмірге деген құштарлығын арттыру. Жақсы менен жаманды айыра біліп, жаман әдеттерден бойларын аулақ салуға дағдыландыру. Өз бетінше ізденуге, зерттеуге баулу. Жауапкершілігін арттыру.
Тәрбиелік: Қоғамға пайда келтіретін, дені сау, салауатты, жаны таза, болашаққа нық сеніммен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу. Өзара сыйластық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд , бейнебаяндар , денсаулық, спорт жайлы нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Барысы:

Мұғалім сөзі:

«Жастар –болашаққа апаратын алтын көпір»,-дейді халық даналығы.Әрбір жас өзінің жеке қабілеті мен кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет.Олай болса,біздің бүгінгі сабағымыз «Есірткісіз болашаққа тақырыбында 8-сынып оқушыларының «Айтуға оңай» ток-шоуына қощ келдіңіздер.

Сабағымыздың мақсаты-жастар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және дүние танымын қалыптастыру,ақпараттық саяси мәдениетін көтеру.

Сөз ток-шоуды жүргізуші 8-сынып оқушысы Нұрлыбай Берікболға беріледі.

Берікбол:

Есірткісіз болашақ Есірткі... Қандай құлаққа жағымсыз сөз десеңізші. Қанша адамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз еткен улы зат болса да, әлі де тиылар емес. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра, оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді.Осы тақырып қазіргі таңда шешімінің табылуы қиын , актуалды мәселе болып отыр.Сондықтан осы тақырыптың ауқымында ой бөлісу үшін қонақтарды шақырып отырмыз.

Қонақтарды таныстыруға рұхсат етіңіздер:

1.Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру қоғамынан-Сайлау Бақыткүл

2.Наркологиялық диспансерден-Идрисова Ботагөз

3.Жұқпалы аурулар ауруханасынан-Елғанова Айгүл

Есірткіге әуестік тек қана жастар ғана емес ересек кісілерде, өз жасында балаларына үлгі болудың орнына, кері кетіп, келешек ұрпақты бұзуда.. Есірткі ешқашан жақсы зат бола алмайды. Есірткінің адам денсаулығына тигізер зияны көп екені бетке басып айтпасада, әуел бастан белгілі. Есірткінің пайдасы сол, оның дәмін татқанға дейінгі өмірің ешқашан қайта оралмайды. Денсаулығың да бұрынғыдай болмайды. Ал осы есірткінің шырмауына жастар қалай түседі? Біреулер ермекке дәмін көрмек болып таблетка немесе ұнтақ қабылдаса, енді біреулер аңдаусызда есірткінің құрған торына түсіп жатады. Ал одан кейінгі өмір бәрімізге мәлім болар.

Осы тұста бейне баянға көңіл бөлейік.(Нашақорлық тұңғиық түбі)

Бүгінгі сауал төңірегінде сіздер не айтар едіңіздер?

Келген қонақтар пікірін тыңдау

Қорыта айтқанда ең алдымен өзіңді жоғалтасың, өмірге деген құштарлық, болашаққа деген сенім, жүздегі әсем күлкі және отбасынның саған деген сенімін, үмітін жоғалтасың. Өмірің мүлде басқа арнаға бұрылады.

Осы тұста бейне баянға көңіл бөлейік.(Есірткі туралы ақиқат пен жалған)

Сол есірткіні қайта шегу үшін сен не істемейсің? Бәріне де барасың. Өміріңде істемеген істі істейсің, ойламаған ойды ойлайсың. Ал осының бәрін көре тұра достарың сенімен қалай дос болсын? Ондай достың оларға керегі не?

Келесі кейіпкеріміздің сырымен таныс болайық.

Қонақтар пікірлерін тыңдау.Қандай ақыл-кеңес берер екенсіздер?

Енді статистикаға сүйенейік (Слайдта статистика көрсетіледі)

  • Ресми мәлімет бойынша Қазақстандағы нашақорлар саны өткен жылмен салыстырғанда 9,5 пайызға артқан. Бұл алаңдаушылық білдіріп отырған мамандар елде нашақорлар санының артуына әлеуметтік жағдайдың төмендеп кетуі себеп болғанын айтады.

Ресми мәлімет биылғы жылы Қазақстанда 12-14 жас аралығындағы нашақорлар саны көбейіп, республикадағы ең жас нашақордың жасы 7-де болып отыр деген дерек келтіреді. Ең өкініштісі, осы тіркелген нашақорлардың арасында 14 жасқа дейінгі 380, Ал 15-17 жас аралығындағы нашақор жасөспірімдер саны былтырғы жылдың осы кезеңіндегі мәлімет бойынша 1068 адам болса, бүгінгі күні олардың қатары 3201 адамға жеткен. Дәл бүгінгі күні Қазақстан бойынша наркологиялық диспансерде есепте тұрған нашақорлар саны 52137 адамды құрайды .



  • Үстіміздегі жылдың 11 айында Алматы қаласында 146 адам есірткіден көз жұмды. Кейбір мәлімет бойынша, 15 мың адам наркодиспансерде есепте тұр. Ал тіркеуге алынбай жүрген нашақорлар саны бұдан екі есеге көп болуы мүмкін.

Мысалы еліміз бойынша 2013 жылдың 1 шілдесіне дейінгі статистикаға жүгінсек 40 364 нашақор тіркелсе, бұл көрсеткіш өткен жылғыға қарағанда 9,2 пайызға төмендеген. Есірткі затын тұтынушылар арасында ең жиі тіркелгені апиыншылар, оның ішінде 18640 адам героин, ал 2499 адам апиын тұтынушы ретінде тіркелген.



Яғни осының бәрі жантүршігерлік мәлімет. Ал мұндайға жол бермеу үшін не істеу керек? Әрине ең алдымен өзіңе - өзің берік бол.Біздің жас көрермендер не дер екен.

  • Есірткі өзің үшін өмір бойғы азап

  • Ата-анаң, туған-туыстарың үшін бітпейтін қасірет

  • Есірткі -өз бетімен емделмейтін дерт

  • ВИЧ-індетін жұқтырушылар нашақорлар

  • Нашақорлар-жұқпалы індет таратушылар

  • Есірткі мен қылмыс –егіз ұғым

  • Есірткінің қауіптілігін біл де,жауапты бол

Қазақ халқы ерте заманнан өз ұрпағының болашағына мән беріп ,үміт артқан .

«Еліміздің ертеңі-жастар»десек,олардың бойларына бала күнінен тәрбиелік маңызы зор әңгімелермен ,әндермен сусындату керек .Өмір атты белестердің қиыншылығына мойымай, ізгілік пен адалдыққа талпынуға үгіттейік . Олай болса 11 сынып оқушысы Раушан Гүлсезімнің орындауында «Сүгірдің термесін» қабыл алыңыздар.

Берікбол:

Құрметті жас дос!

Сен өз өміріңді арзанға бағалама.Сен ата-анаңа,бауырыңа,туған-туыстарыңа керексің Өз халқыңа керексің.Сенің өмірің олардан бұрын өзіңе керек.Себебі, өмір саған сыйға берілген.Ол екінші рет берілмейді.Сенің өмірің сен ойлағаннан да қымбат.Сондықтан есірткісіз болашаққа қанат қағайық.Менің айтарым өмірде жақсылық көп болатынына сен, есірткісіз болашақ ең жақсы болашақ екеніне сен!

Аман –сау болыңыздар!

Бұның бәрі айтуға оңай,әрине.

Мұғалім:Бүгінгі «Есірткісіз болашаққа» атты іс-шарамызға қатысқандарыңызға рахмет. Сау-саламатта болыңыздар.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Есірткісіз болаша??а

Автор: Рысбаева Айгуль Сайлауовна

Дата: 30.01.2015

Номер свидетельства: 164146


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства