Алдына бір буын қосыпты да, есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты. (белгісіздік)
III.Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту. Шаттық шеңберін құру.
Оқушылар жаңа ғана өздерің білдірген тілектердің ішінде өлшенбейтін жақсылық, сөнбес достық, күлімдеген күн, жадыраған ауа райы, төгер тілегім мол, айтпақ тілегім шексіз деген керемет құлаққа жағымды жаныңа жылы тиетін тілектерді естідім. Енді осы тілектердің мазмұнына назар аударсақ түбір сөздерге жалғанған есімше жұрнақтарын байқаймыз.
- Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалатын еді? 1) - ған,- ген,- қан,- кен; мысал: ал - ған, көр - ген, айт - қан, кет - кен 2) - ар,- ер,- р және етістіктің болымсыз тұлғасынан кейін – с; мысал: бар - ар, кел - ер, оқы - р, айтпа - с, көрме - с 3) - атын,- етін,- йтын,- йтін; мысал: айт - атын, кел - етін, тыңда - йтын, сөйле - йтін 4) - мақ,- мек,- бақ,- бек,- пақ,- пек. мысал: бар - мақ, кел - мек, жаз - бақ, без - бек, шаш - пақ, төк - пек - Иә, есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол бірде жіктеліп, етістік қызметін атқарса, енді бірде есімдерше түрленіп, яғни септеліп, көптеліп, тәуелденіп есім қызметін атқарады. Есімше, яғни есімдер сияқты деп аталуының өзі осы қасиетіне байланысты. Тақтадағы мысалдарға назар аударайық: 1. Ұлт әдебиетін Шоқан, Абай, Ыбырай сияқты алыптардың орнықтырғаны белгілі.(тәуелденіп тұр) 2. Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан, Жалыналық Абайға, жүр баралық! (септеліп тұр) 3. Шиқанымды езгендей шықты жаным, Айтқанда естігендер ұғып келіп. (септеліп, көптеліп тұр) 4. «Қойың қыстан әбден титықтады, малыңнан айрыларсың» деді.(жіктеліп тұр)
«Ойлан, тап!» айдары (Көркем әдебиет сабағында өткен тақырыптар бойынша сөйлем беріледі, сол сөйлемнің ішінен есімшені табу және оны түрлендіру) 1. Балалары үлкендерін сыйлайтын болғаны ғой (септеледі) Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі 2. – Барарсың, азырақ ән салып кет...(жіктеледі) Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі 3. Көңілі бос кәрінің, көкейлерің ұғынар. Көтермей жан жалынын, Көзден жасы құйылар.(жіктеледі) Ж. Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой»
4. Жаудың саусағы және бір қимыл етіп қалса, мылтық тағы да атылмақ. (жіктеледі)
«Кім тапқыр?» айдары
Оқушы жасырын тұрған мамандық иелерін қимылмен көрсетуі тиіс және есімше қатыстырып сөйлем құрау.
Жаңа сабақты бекіту. «Жедел жауап» айдары
Оқушыларға етістік оқылады соны есімшеге айналдыруы тиіс.
Егін орылды - Орылған егін Көз көрді - Көрер көз Жұмыс істелді - Істейтін жұмыс
Әңгіме тыңдалды - Тыңдалған әңгіме
Ән шырқалды - Шырқалған ән Құс ұшты - Ұшқан құс
Тау басылды - Басар тау
Ас пісті - Піскен ас IV.Қорытынды. - Қорыта келе, есімшенің бірде жіктеліп келіп етістік қызметін атқарса, енді бірде септеліп, көптеліп, тәуелденіп келіп есім қызметін атқаратынын түсіндік. Есімшенің есімше, яғни есімдер сияқты деп аталуының өзі осы қасиетіне байланысты екен.
V.Үйге тапсырма: «Әдептілік әліппесі» деген тақырыпта есімшені қатыстыра отырып, шағын әңгіме жазу.
VI.Бағалау
Бекітемін ОІМ: А.Кулекеева
Күні:
Сыныбы: 7
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Есімшенің сөйлемдегі қызметі Сабақтың мақсаттары:
есімшенің түрленуі мен жасалуы жайында алған білімін жаңа тақырыпты өту барысында жүзеге асыру, теориялық білімін тәжірибеде пайдалана білуге үйрету, синтаксистен білімін толықтыру.
оқушының өз бетінше ойлануы арқылы жаңа тақырыпты проблемалық сұрақтарға жауап беру барысында меңгеруіне жағдай жасау, ойлау белсенділігін арттыру.
рухани қазынасын байыту, еліміздің тәуелсіздігіне қатысты сөйлемдерді пайдалану барысында оқушының патриоттық сезімін ояту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, жаттығу, шығармашылық ізденіс. Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Түгендеу.
3. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
II.Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тапсырма «Әдептілік әліппесі» деген тақырыпта есімшелерді қатыстырып ой толғау жазып келу.
Өткен тақырып бойынша бекіту сұрақтары: 1. Есімше дегеніміз не? 2. Қай сөз табына ұқсас боп келеді? 3. Есімшенің жұрнақтарын атау және мысал келтіру. 4. Жалғаулардың есімшеге қатысы бар ма? 5.- мақ,- мек,- бақ,- бек,- пақ,- пек жұрнақтары қай етістікке жалғанбайды? (болымсыз етістікке жалғанбайтынын есте сақтау) III.Жаңа сабақ:
Өзі әрі есім, әрі етістік мәнінде қолданылатын есімше барлық сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.
Сөйлем мүшелері
Ережесі
Мысалдар
Анықтауыш
Есімше зат есіммен тіркесіп немесе ілік септігінде тұрып анықтауыш болады.
Болатын бала бесігінде бұлқынар.
Бастауыш
Есімше сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады.
Көрмес – түйені де көрмес.
Толықтауыш
Есімше атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында заттанып қолданса, толықтауыш болады.
Оны атарға оқ таппады.
Пысықтауыш
Есімше барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп немесе көмекші есіммен, септеулік шылаулармен тіркесіп пысықтауыш болады.
Мен оны көргенде таң қалдым.
Баяндауыш
Есімше жіктеліп келіп сөйлемде баяндауыш болады.
Сыпай сырын сақтар.
Оқулықпен жұмыс.
199 – жаттығу. Мәтіндегі қарамен жазылған сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.
Сондай – ақ қыздар гауһар, теңге қадаған алқа таққан.
Байланған, болатын, жатқан, қойғандай, құйған, жасалған, ұзатылған.
201 – жаттығу. Мәтіннен есімше тұлғалы етістіктерді атап көрсетіп, қарамен жазылған сөйлемдерді талдап, есімшелердің қандай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын көрсетіңдер.
Бургунд патшалығы сән – салтанат, ойын сауықтар, серілік үрдістердің орталығы болатын.
Рим әскерін кезінде есімі әйгілі болған даңқты қолбасшы Аэций бастап келеді.
Жирен атқа мінген Рим әскерінің қолбасы Аэций ту ұстаған күйінде тырп етпей мелшиіп тұра берді.
IV.Қорытындылау.
Есімше қандай сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады?
Сөйлемде есімше атау септігінде келетін болса қандай сөйлем мүшесі болады?
Үйге тапсырма: Ережелерді оқып келу.
V. Бағалау.
Бекітемін ОІМ: А.Кулекеева
Күні: 28.12.15
Пән аты: Қазақ тілі
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Көсемшенің түрленуі Сабақтың мақсаты: 1) Көсемше – етістіктің ерекше бір түрі. Көсемшенің екі түрлі мәнде, қызметте қолданылуын, өзіндік ерекшеліктерін таныту. 2) Оқушылардың көсемше туралы түсінігін кеңейту, көсемшенің жасалу жолына қарай, қызметіне байланысты қолдана білуге іс – әрекет қылу. 3) Оқушыларды елін, жерін құрметтеуге. Үлкенді сыйлай білуге, досына адал болуға, мейірімділікке үйрету. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Зейіндерін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау.
Есімшенің сөйлемдегі қызметіне үш сөйлем талдап келу.
204 – жаттығу. Мәтіннен көсемше тұлғалы етістіктерді тауып көрсетіп, талдау.
Қорытындылау.
Көсемше – етістіктің ерекше бір түрі болып келетін біз мысалдар арқылы, өз ойымыз арқ., танып білдік. Яғни, көсемше тікелей жіктеліп н - е күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары болып, шақты қимылды білдіріп, етістік қызметін атқарады, енді бірде қимылдың амалын білдіріп, үстеу қызметінде жұмсалады. Үйге тапсырма: 205 – жаттығу.
V. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Көсемшенің сөйлемдегі қызметі Сабақтың мақсаты: бірлескен жұмыс негізінде көсемшенің сөйлемдегі қызметін меңгеру, өзіндік тұжырым жасауға дағдылану, АКТ - ны тиімді пайдалану, сыни ойлауға дағдылану. Күтілетін нәтиже: • Жаңа тақырыпты меңгереді; • Сөйлем талдау машығы қалыптасады; • Сыни ойлау дағдысы дамиды.
Іс - әркеттер Психологиялық тренинг «Сәлемдесу» - Сәлеметсің бе, Көк аспан? - Сәлеметсіңбе жер – ана? - Сәлеметсіңбе, қонақтар? - Сәлеметсіңбе, ұстазым? - Сәлеметсіңбе, достарым? Класты топқа бөлу / анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш/
Үй тапсырмасын тексеру. 181 - жаттығу. Үш топтан 3 оқушы шығып, берілген көсемшелерді жіктейді. Ой шақыру. - балалар, бүгін сіздер неге анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш қарай топқа бөлініп отырсыздар? - бұлар – сөйлем мүшелері. - жақсы, оның сабаққа қандай қатысы бар? - Бүгін біз «Көсемшенің сөйлемдегі қызметі» тақырыбымен танысамыз. - Жақсы, балалар, олай болса, алдарыңызда берілген мысалдарды сөйлем мүшесіне талдап, көсемшенің сөйлемдегі қызметін анықтаймыз.
Топтық жұмыс. 1 - топқа мысал: Алып та халықтан үйренеді. 2 - топқа мысал: Көре – көре көсем боларсың, Сөйлей - сөйлей шешен боларсың, 3 - топқа мысал: Түнде жаңбыр жауыпты.
Слайд арқылы қосымша түсіндіріледі. Оқулықпен жұмыс 188 - жаттығу. Берілген мақал - мәтелдерден көсемшелерді тауып, сөйлемнің қай мүшесі екенін анықта. Әр топқа 2 мысалдан бөліп беремін.
Сергіту сәті. Топтарға «А», «Ә», «Б» әріптері жазылған қима қағаздар таратылады. топтар сол әріптен басталатын 1 шумақ «Ана» туралы ән айту керек. «Әдебиет әлеміне саяхат» Берілген үзіндінің қай шығармадан алынғанын, авторын табу, көсемшелерді тауып, морфологиялық талдау жасау. 1 - топ: Өзге емес, өзім айтам, өз жайымда, Жүрегім жалын атқан сөз дайында. Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді, Тербетіп, тулатын бір қозғайын да. 2 - топ: - Байды шапқаның шапқан, малды алғаның алған, жылқышының жалғыз қызын қайтесің, батыр... Еркек десең өзімді әкет, қызымды қайтарып бер. Сорлы анасы аңырап қалды ғой. 3 - топ: Үй ішінен шықпайды. Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады. Топтастыру
Кері байланыс орнату. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін бағдаршам түстері рақылы көрсету. Үйге тапсырма
Бекітемін ОІМ: А.Кулекеева
Күні: 21.12.15
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 7
Тақырыбы: Есімшенің сөйлемдегі қызметі. Мақсаты: 1. Есімшенің сөйлемдегі қызметі тақырыбын бекіту. Оқушылардың синтаксистік талдау жұмысын жетілдіру. 2. Оқушылардың ойлау дағдысын, сөйлеу тілін, шығармашылық жұмысын дамыту. 3. Оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: бекіту сабағы Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу.
Түгендеу.
Зейіндерін сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты пысықтау Келтірілген мысалдар арқылы есімшенің сөйлемдегі қызметін анықтау ережесін қайталау. 1 - сөйлем. Баланың қытығына тиетіні - осы жері. 2 - сөйлем. Жұмыскерлерге барақтар салынған. Сұрақтар: 1. Атау септігінде тұрып есімшелер қандай сөйлем мүшесі болады?( бастауыш) 2. Ілік септігінде тұрып, есімшелер қандай сөйлем мүшесі бола алады?(анықтауыш) 3. Іздегенді, көргенді есімшелері қай септікте тұр?(табыс) 4. Барыс, табыс, жатыс септігінде тұрып, есімшелер қандай сөйлем мүшесі болады? ( толықтауыш) III.Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабақ өткен тақырып бойынша тапсырмалар орындаймыз.