kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ЕрТ?стік - халы? арманы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Я, Жоламанова Гулниса учитель казахского языка. Мангистауская область город Актау СШ №28. Я люблю свою работу. Информатика это новая технология. У меня стаж 18 лет. Я училась в институте Атырауский. Получила диплом по профессии Педагог профессионального образования. Сейчас преподаю по информатике у меня свой кабинет, первая категория.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ЕрТ?стік - халы? арманы»

Ер Төстік - халық арманы

Қазақ әдебиеті (ашық сабақ)
5 cынып
Сабақтың тақырыбы: ЕрТөстік - халық арманы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1. Білімділік: Ертегінің мазмұнын меңгеріп, әдеби талдау арқылы ертегінің көңіл толқытар тұстарын мәнерлеп, көріністер қойып, тыңдаушының жанын қозғап әңгімелеуге дағдыландыландыру, өзіндік пікір, сыни көзқарас қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорыту, оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
3. Тәрбиелік: Адал достыққа, қайырымдылыққа, адамгершілікке, батылдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: суретті қағаздар
Сабақ түрі: Жалпылау және қорытындылау сабағы.
Әдіс - тәсілдер: интерактивті әдіс, сұрақ - жауап, баяндау
Күтетін нәтижем: Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме бере алу, өз ойын еркін айту, шығармашылықпен жұмыс істей алу.

Сабақ барысы:
1. Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Мақсат қою кезеңі.
3. Білімді тексеру кезеңі.
4. Жаңа сабақтан түсінігін тексеру.
5. Үйге тапсырма.
Жалпылау және қорытындылау сабағының дидактикалық мақсаты – білімді жалпылау және қорытындылау. Бұл сабақта ең маңызды мәселелер – себеп - салдар байланыстары анықталады. Ең маңызды процестер мен құбылыстардың арасындағы қатынастар айқындалады.

2. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мақсат қою кезеңі.

Қызығушылықты ояту.
1. «Ер Төстік» ертегілердің қай түріне жатады?
«Ер Төстік» ертегісі қиял - ғажайып және ғылыми зерттеулерге сүйенсек, шыншыл ертегілерге де жатады.

Тарихи оқиға мен оның жырлану кезінің арасы неғұрлым жақын болған сайын, шығармада нақтылық көбейеді деген тұжырым, ал «Ер Төстік» ертегісі болса, осы нақты өмірлік суреттер мен деталдарға бай. Ер Төстіктің әке - шешесі аштыққа ұшырағанда күлдіреуіштен семіз биенің төстігінің табылуы... Төстіктің қайнаған құртқа шешесінің қолын күйдіріп, жұт жылы адасып кеткен ағалары туралы шындықты айтқызуы... Ағаларын іздеп барып, тауып әкелуі... Ерназардың жоғалған інгенді іздеуі... Сорқұдықтың басына баласы садағын ұштайтын егеудің тастап кетуі – бәрі - бәрі тұнып тұрған нақты суреттер, әсіресе Сыр бойының көріністерін көз алдыңа әкеледі. Ал бұл болса, ертегінің оқиғаның ізін ала шығарылғанының белгісі. (Жазушы Әнес Сараевтың «Жылан Бапы патшалығы» тарихи зерттеу мақаласынан) «Қазақ әдебиеті» газеті 1991 ж. 12 сәуір

Қандай керемет ғажайыптарын аңғардың?
I. Кіріспе - Оқушылар әр бөлімнің қысқаша мазмұнын айтады. Төстіктің
өмірге келуі.
II. Байланыстар - Төстіктің ағаларын іздеп шығуы.
III. Шиеленіс - 9 ұлды үйлендіру. (Кенжекей жасауға не алды? Енші кімге беріледі?)
IV. Шарықтау шегі - Ерназардың Сорқұдықтың басына қонуы. Құба інген қандай шөпке бұйдасынан оралып қалды?
V. Шешуі - Төстіктің жер астына түсуі және еліне оралуы

«Ер Төстік» - ең ескі дәуірде шыққан бақташылық, тарихи дәуірден қалған әңгіме, ерлік жыры. Онда кездесетін жер аттары да сондай ескі, алғашқы қоғам дәуірін көз алдымызға келтіреді. Ертегіні талдап, қағазға түсірген – қытай тарихшысы Сыма Цянь. (Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр - аңыздар» атты еңбегінен)
«Ер Төстік» ертегісінен скиф әлеміне орын берген. Бір ғажабы – олардың жыланды кие тұтатындарын да, алғашқы пір тұтатындарын да, алғашқы пір тұтқан тәңірлерінің есімі Бапы (Бапай) екенін де ұмытпай, жадтарында берік сақтаған. (С. П. Толстов. Сақ әлемін зерттеуші - ғалым)

Жүйріктер жарысы.
Тіл жүйрігін шешен дейміз.
Мал жүйріктерін ата.
Жылқы жүйрігі – тұлпар.
Түйе жүйрігі – желмая.
1. Қазіргі желаяқтар кімдер? Ольга Шишигина
2. Таусоғарлар бар ма? Қажымұқан Мұңайтпасов
XXX жазғы олимпиада чемпиондары зіл темір көтерушілер: Илья Ильин, Зульфия Чиншанло. Майя Манеза, т. б. оқушылар атап өтті.
Топтастыру стратегиясы
-------------------- ақылды
қамқоршы ←Ер Төстік→ көпшіл
---------------------- адал
Жағымды кейіпкерлер ------------Жағымсыз кейіпкерлер
1. Ер Төстік -------------------------1. Перінің қызы Бекторы
2. Кенжекей -------------------------2. Мыстан
3. Ер Төстіктің достары ----------3. Темір хан
4. Бапы хан --------------------------4. Кеще хан
5. Күңке ------------------------------5. Шойынқұлақ

Сөзжұмбақ шешу
1. Төстіктің әкесі (ЕРНАЗАР)
2. Ертегідегі жағымсыз кейіпкер (БЕКТОРЫ)
3. Төстікке көмекке келген жағымды кейіпкер (ТАУСОҒАР)
4. Баласын Төстік абайсызда өлтірген кемпірдің кәсібі? (ӨРМЕК ТОҚУ)
5. Ырымы жаман жер (СОРҚҰДЫҚ)
6. Бапы хан Төстікті қай елге жұмсады? (ТЕМІРХАН)
7. Шойынқұлақтың сырын білу үшін Ер Төстіктің жасырынған жері? (БЕСІК)
8. Төстікке Шойынқұлақты жеңуі үшін көмекке келген жан? (КҮҢКЕ)

Өмірмен байланыс.
Саққұлақ кім? – радио, телефон.
Көреген қазіргі өмірдегі не? – ғаламтор, теледидар.
Тыңшы – сөзді тыңдауға арналған арнайы құрылғылар (диктафон)
Көлтауысар – өрт сөндіретін техника
Таусоғар – бульдозер, кран.
Сөздікпен жұмыс, дәптерге орындайды.
Қорытынды. «Ер Төстіктегі» Жылан Бапы патшалығы туралы хикая әрідегі оқиға екені мифтік нақыштар етек ала бастағанынан - ақ айқын танылып тұр. «Ер Төстік» ертегісі қалыптасқан кезде оның бір тарауына айналған. Сонымен, бұл ертегі батырлық эпостарымыздың қарлығашы, жаңа дәуірдің басында дүниеге келген ең ежелгі үлгілерінің бірі деп айтуымызға әбден негіз бар.

Сабақты бекіту:
1. Ер Төстік және оның адал достары. (Темірхан қайда көшіп кетті? Адамбаспас)
2. Шойынқұлақ пен Ер Төстік. Шойынқұлақ жанын қайда сақтайды?
3. Еліктер қай жерде жүреді? (Борықбұлақ)
4. Ер Төстікке кім көмектесті? (Күңке)
5. Ер Төстіктің елге аман - есен жетуіне көмектескен кімдер?
6. Достық, ерлік, батылдық туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
7. Егер сен сол кездегі би болсаң, Шойынқұлаққа қандай жаза қолданар едің?
8. Күңкеге қандай жақсылық жасаушы едіңдер?
9. Ертегі сендерге ұнады ма?
Ертегілерде ата - бабаларымыз өмірін жеңілдету мақсатында небір қиял, армандарына қол жеткізіп келеді.
Оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Ал Көлтауысар ертегілерде суды лезде толтырып, лезде жоқ қылады. Әрине, су – тіршілік көзі. Теңіздер, көлдер, мұхиттар тартылмасын.
Сендер әлі ержетесіңдер. Мұндай қиындықтар болмас үшін сендер қандай амал ойлап табар едіңдер?
Бағалау: сабаққа жауап берген оқушыларға фишка үлестіру арқылы бағалаймын.
Үйге тапсырма. Ертегіден өздеріне ұнаған бөліміне сурет салу, ертегі құрастырып жазу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
ЕрТ?стік - халы? арманы

Автор: Жоламанова Г?лниса

Дата: 22.02.2016

Номер свидетельства: 296985


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства